Жиналысты шақыртудағы қатысушылар тізімін басып шығару

Жиналысқа шақыртылған тұлғалардың аттарын басып шығарудың тікелей жолы жоқ. Дегенмен, сіз бірнеше пәрменді пайдалана отырып аттарға қол жеткізіп, басып шығара аласыз.

Қатысушылар мен ұйымдастырушы аттарын көшіріңіз

  1. Күнтізбе ішінде жиналысқа шақыртуды ашыңыз.

  2. Жиналыс қойындысындағы Жоспарлау бойынша көмекші түймешігін нұқыңыз.

  3. Барлық қатысушылар тізіміндегі барлық аттарды таңдап, одан кейін Мәтінді пішімдеу қойындысында Көшіру түймешігін нұқыңыз.

    Жиналысқа қатысушылар мен ұйымдастырушы аттары ғана көшіріледі.

    Кеңес : Осы адамдарды жоспарлап отырған жаңа жиналысқа шақыру үшін жаңа жиналысқа шақыртуды ашып, аттарды Кімге терезесіне қосу үшін Мәтінді пішімдеу қойындысындағы Қою түймешігін нұқыңыз.

Атарды пішімдеу және басып шығару

  1. Жаңа Word құжатын ашыңыз.

  2. Өзіндік мәзіріндегі Қою пәрменін таңдаңыз.

    Жиналысқа қатысушылар мен ұйымдастырушы аттары ешбір тасымалдаусыз үтір-нүктемен немесе үтірмен бөлінеді.

  3. Осы тізімді бір бапғанды аттар тізіміне түрлендіру.

    Қалай?

    1. Барлық аттарды таңдаңыз.

    2. Кірістіру қойындысында Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз.

    3. Мәтінді кестеге түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

    4. Мәтінді кестеге түрлендіру тілқатысу терезесіндегі Кесте өлшемі тармағының астында бағандар санын 1 етіп белгілеңіз.

    5. Мәтінді кестеге түрлендіру тілқатысу терезесіндегі Мәтінді бөлу тармағының астында аттар үтірмен бөлінетін болса Үтір тармағын нұқыңыз. Аттар үтір-нүктемен бөлінетін болса Басқасы түймешігін нұқып, көрші жолақты үтір-нүктені (;) теріңіз.

    6. OK түймешігін нұқыңыз.

      Кеңес : Атарды жұмыс парағындағы ұяшық бағаны түрінде басып шығару үшін аттар тізімін көшіріп, оларды Microsoft Office Excel жұмыс парағына қойыңыз.

  4. Аттар тізімін басып шығару.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×