Жаңа құжаттар жинағының мазмұн түрін жасау және реттеу

Жаңа құжаттар жинағының мазмұн түрін жасау және реттеу

Бұл тақырыпта тораптар жинағы үшін «Құжаттар жинақтар» мүмкіндігін іске қосып, одан кейін құжаттар жинағының мазмұн түрін реттеу жолы түсіндіріледі.

Не істегіңіз келеді?

Тораптар жинағы үшін «Құжаттар жинақтары» мүмкіндігін іске қосу

Жаңа құжаттар жинағының мазмұн түрін жасау

Құжаттар жинағының мазмұн түрін реттеу

Тораптар жинағы үшін «Құжаттар жинақтары» мүмкіндігін іске қосу

Құжаттар жиыны мүмкіндігі тораптар жинағы үшін белсендірілмеген болса, оны жаңа құжаттар жиының мазмұн түрлерін жасау немесе реттеу алдында белсендіру керек. Құжаттар жиыны мүмкіндігін белсендіру үшін, тораптар жинағының әкімшісі болуыңыз керек.

  1. «Құжаттар жинақтары» мүмкіндігін іске қосу үшін тораптар жинағындағы жоғарғы деңгейдің торабына өтіңіз.

  2. Торап мәзірінде Торап параметрлері түймешігін басыңыз.

  3. Тораптар жинағын басқару тармағының астынан Тораптар жинағының мүмкіндіктері параметрін таңдаңыз.

  4. Тізімнен «Құжаттар жинақтары» мүмкіндігін тауып, одан кейін Белсендіру пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа құжаттар жинағының мазмұн түрін жасау

Бірнеше құжатпен жұмыс істеу өнімдерінің жаңа даналарын жасау мақсатында торап пайдаланушыларына Құжаттар жиынын қолдануға мүмкіндік беру үшін, алдымен басқарылатын әрбір жұмыс істеу өнімінің құжаттар жинағы мазмұнының түрін жасап, реттеңіз де, одан кейін оны қолданылатын құжаттар кітапханасына қосыңыз. Құжаттар жиынының мазмұн түрін жасап, реттегеннен кейін, оны пайдаланушылар өздерінің құжаттар жинақтарын жасайтын кітапханаға қосыңыз.

Құжаттар жинағының мазмұн түрін жасау немесе реттеу үшін, тораптар жинағының әкімшісі немесе торап иесі болуыңыз керек.

  1. Торап мәзірінде Торап параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Веб құрастырушы жиынтықтары бөлімі астынан Торап мазмұнының түрлері түймешігін басыңыз.

  3. «Торап мазмұнының түрлері» бетінде Жасау пәрменін таңдаңыз.

Атау және сипаттама бөлімінде Атауы жолағына жаңа құжаттар жиынына берілетін атаутеріңіз. Бұл — пайдаланушылар құжаттар жиынының жаңа данасын жасағанда көретін атауы.

  1. Сипаттамасы жолағына құжаттар жинағының сипаттамасын енгізіңіз.

  2. Тізімдегі мазмұнның тектік түрін таңдау тармағының астынан Құжаттар жиынының мазмұн түрлері түймешігін басыңыз. (Егер Құжаттар жиынының мазмұн түрлері параметрге жатпаса, Құжаттар жиындары мүмкіндігі бұл тораптар жинағы үшін белсенідірілмеуі мүмкін.)

Топ бөлімінде жаңа құжаттар жиынының мазмұн түрін жаңа немесе қолданыстағы топта реттеу керек-керек еместігін көрсетіңіз.

  1. ОK түймешігін басыңыз.

Жаңа құжаттар жиынының мазмұн түрі жасалғанда, мазмұн түрі үшін Торап мазмұнының түрі ақпараттық бетін көресіз және ол жерде оның қосымша параметрлерін реттей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттар жинағының мазмұн түрін реттеу

  1. Торап мәзірінде Торап параметрлері түймешігін басыңыз.

  2. Веб құрастырушы жиынтықтары бөлімі астынан Торап мазмұнының түрлері түймешігін басыңыз.

Торап мазмұнының түрлері бетінде реттелетін құжаттар жиынының мазмұн түрінің атауын басыңыз.

  1. Торап мазмұнының түрлері бетінде Параметрлер бөлімі астынан Құжаттар жиыны параметрлері тйүмешігін басыңыз.

Рұқсат етілген мазмұн түрлері бөлімінде пайдаланылатын мазмұн түрлері тобын таңдаңыз. Сонан соң, қол жетімді торап мазмұнының түрлері тармағының астынан құжаттар жиынының ішінде рұқсат етілетін мазмұн түрін таңдаңыз. Одан кейін оны Құжаттар жиынына рұқсат етілген мазмұн түрлері жолағына жылжыту үшін, Қосу пәрменін таңдаңыз. Бұл қадамды құжаттар жиынына қосылатын әрбір мазмұн түрі үшін қайталаңыз.

  1. Әдепкі мазмұн бөлімінде, әдепкі мазмұнды жібергіңіз келген мазмұн түрін таңдап, жіберілетін файлды орналастыру үшін Шолу түймешігін басыңыз.
    Әдепкі мазмұн дегеніміз не?

    Әдепкі мазмұн дегеніміз құжаттар жиынының данасын жасаған кезде, автоматты түрде жасалатын мазмұн. Мысалы, өнім құрастыру процесін басқару үшін құжаттар жиынын қажет болды. Бұл құжаттар жиыны Product Design Document (Microsoft Word құжаты), Design Drawing (Microsoft Visio сызбасы) және Performance Specs (Microsoft Excel жұмыс парағы) құжаттарын қамтиды. Ұйымның автор аяқтайтын ақпаратпен толтырылған Product Design құжатына стандартты құжат үлгісі болуы мүмкін. Сонан соң, автор өнім құрастыру құжаттары жиынының данасын аяқтаған кезде, Product Design құжатының көшірмесі автоматты түрде жасалады. Қосымша ақпаратты қосу үшін жаңа көшірмені өңдеуге болады. Егер параметр құжаттар жиынындағы мазмұн түрлеріне әдепкі мазмұнды қамтымаса, ешқандай файл автоматты түрде жасалынбайды. Авторлар құжаттар жиынында көмекшіден жасай алады немесе құжаттар жиынына құжаттарды жібере алады.

  2. Бірнеше әртүрлі мазмұн түрлеріне әдепкі мазмұнды жіберуге болады. Осыны орындау үшін, Жаңа әдепкі мазмұн қосу параметрін таңдап, әдепкі мазмұнды көрсету үшін келесі мазмұн түрін таңдаңыз. Жіберілетін файлды орналасытру үшін Шолу түймешігін басыңыз. Бұл қадамды осы құжаттар жиынындағы жеке мазмұн түрлері үшін қалаған әдепкі мазмұнның барлығын көрсетіп болғанша қайталаңыз.

  3. Құжаттар жиынының атауын құжаттар жиыны данасының ішіндегі жеке файлдардың атауларына қосуды қаласаңыз, Құжаттар жиынының атауын әрбір файл атауына қосу параметріне құсбелгісін қойыңыз. Бұл ақпаратты қосу пайдаланушыларға кітапхананың нақты көріністерінде, әсіресе кітапханада бірнеше құжаттар жиыны бар болған жағдайда, файлдарды анықтауға көмектесуі мүмкін.

Құжаттар жиынында ортақтасуға әрбір мазмұн түрі үшін Ортақ бағандар бөлімінде, Бағандар түймешігін басыңыз.
Ортақ бағандар құжаттар жиынындағы құжаттарға оқылады және олар тек құжаттар жиынына өңделеді. Құжаттар жиынындағы ортақ бағандардың мәндеріне өзгертулер жасалған кезде, бұл жаңартулар ортақ бағандар мәндеріне синхрондалады.

Бастапқы бет бағандары бөлімінде құжаттар жиынының бастапқы бетінде көрінетін бағандар көрсетіңіз.

  1. Бастапқы бет бөлімінде құжаттар жинағының әрбір данасы үшін пайдаланушыларға көрсетілетін бастапқы беттің көрінісін реттеу үшін, Бастапқы бетті реттеу параметрін таңдаңыз.

  2. Бастапқы бетіне енгізілген өзгертулерді осы құжаттар жинағынан алынған кез келген құжаттар жинағына қолдану үшін, Осы мазмұн түрінен алынған құжаттар жинақтарының бастапқы бетін жаңарту параметріне құсбелгісін қойыңыз.

Тізімдер мен тораптар мазмұнының түрлерін жаңарту бөлімінде жасалған өзгертулері бар осы құжаттар жиынынан алынатын кез келген мазмұн түрін жаңарту керек керек еместігін көрсетіңіз.

  1. OK түймешігін басыңыз.

Құжаттар жинағының мазмұн түрін жасап, реттегеннен кейін, оны пайдаланушылар өздерінің құжаттар жинақтарын жасайтын кітапханаға қосуыңыз керек.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×