Жаңа жұмыс кітабын жасау

Microsoft Office Excel бағдарламасының жұмыс кітабы — әр түрлі байланысқан ақпаратты реттеу үшін пайдалануға болатын бір немесе бірнеше жұмыс парағы бар файл болып табылады. Жаңа жұмыс кітабын жасау үшін, бос жұмыс кітабын аша аласыз. Сондай-ақ, жаңа жұмыс кітабын бар жұмыс кітабы—жұмыс кітабының әдепкі үлгісі немесе кез келген басқа үлгінегізінде жасай аласыз.

Не істегіңіз келеді?

Жаңа бос жұмыс кітабын ашу

Жаңа жұмыс кітабын бар жұмыс кітабы негізінде жасау

Жаңа жұмыс кітабын үлгі негізінде жасау

Жаңа бос жұмыс кітабын ашу

  1. Microsoft Office Түймешігін Түймешік суреті нұқып, Жаңа пәрменін таңдаңыз.

  2. Үлгілер тармағы астында Бос және соңғы параметрі жанына құсбелгі қойылғанын тексеріп, оң жақ аймақтағы Бос және соңғы тізімі астындағы Бос жұмыс кітабы параметрін екі рет нұқыңыз.

    Пернетақта лақабы  Сондай-ақ, жаңа, бос жұмыс кітабын жасау үшін CTRL+N пернелерін басуға болады.

Кеңестер

  • Әдепкіде, жаңа жұмыс кітабы үш жұмыс парағын қамтиды, бірақ жаңа жұмыс кітабы қамтитын жұмыс парақтарының санын Excel параметрлері тілқатысу терезесінде, Танымал қойындысындағы Жаңа жұмыс кітаптарын жасағанда параметрі астынан өзгертуіңізге болады (Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті , Excel параметрлері түймешігі).

  • Сондай-ақ, қажетіңіз бойынша жұмыс парақтарын қосуыңызға және жоюыңызға болады.

    Жұмыс парақтарын қосу немесе жою тәсілдері туралы қосымша ақпарат алу үшін Жұмыс парағын кірістіру немесе жою бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа жұмыс кітабын бар жұмыс кітабы негізінде жасау

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті нұқып, Жаңа пәрменін таңдаңыз.

  2. Үлгілер тармағы астында Бардан жасау түймешігін басыңыз.

  3. Бар жұмыс кітабынан жасау тілқатысу терезесінде жұмыс кітабы орналасқан диск, қалта немесе Интернетті ашыңыз.

  4. Жұмыс кітабын таңдап, Жаңадан жасау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа жұмыс кітабын үлгі негізінде жасау

  1. Microsoft Office түймешігін Түймешік суреті нұқып, Жаңа пәрменін таңдаңыз.

  2. Үлгілер тармағы астында Орнатылған үлгілер немесе Менің үлгілерім түймешігін басыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Орнатылған үлгілерді пайдалану үшін, Орнатылған үлгілер тармағы астындағы қалаған үлгіні таңдап, Жасау түймешігін басыңыз.

    • Өз үлгіңізді пайдалану үшін, Менің үлгілерім қойындысында қалаған үлгіні екі рет нұқыңыз.

      Ескерту : Менің үлгілерім қойындысында өзіңіз жасаған үлгілер тізімі беріледі. Егер пайдаланғыңыз келетін үлгіні көрмесеңіз, оның дұрыс қалтада орналасқандығына көз жеткізіңіз. Пайдаланушы үлгілері әдетте Windows Vista жүйесінде C:\Users\пайдаланушы_аты\Application Data\Microsoft\Үлгілер мекен-жайы бойынша орналасатын Үлгілер және Microsoft Windows XP жүйесінде C:\Documents and Settings\пайдаланушы_аты\ Application Data\Microsoft\Үлгілер қалтасында сақталады.

Кеңестер

  • Жұмыс кітабының қосымша үлгілерін алу үшін, оларды Интернеттегі Microsoft Office Online торабынан қотарып ала аласыз. Жаңа жұмыс кітабы тілқатысу терезесінің Microsoft Office Online параметрінің астында арнайы үлгі санатын нұқып, қотарып алғыңыз келген үлгіні таңдап, Қотару түймешігін басыңыз.

  • Өз үлгілеріңізді жасау тәсілдері туралы қосымша ақпарат алу үшін Excel үлгісін жасау және қолдану бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×