Жаңа дерекқорыңызды қалай өзгерту керек туралы

Microsoft Office Access 2007 бағдарламасына енгізілген әрбір үлгі құрамында алдын ала енгізілген кестелері, пішіндері, есепхаттары, сұраулары, макростар және қатынастар бар толық мүмкіндіктерге ие бағдарлама. Бұл үлгілер, жаңа болса да тиімділігі үлкен қылып жасалған яғни Сіз үлгіге негізденіп жедел түрде жаңа дерекқоры жасап оны пайдалануыңызға болады. Алайда, жаңа дерекқорыңызды кейінірек өзгертулер енгізуіңізге болады  (мысалы үшін, өрісті қайта атау немесе қосу немесе есепхатты өзгерту).

Бұл мақала үлгіге негізденіп жасалған дерекқорысын қолданбақшы болған кең қолданылатын өзгертулерді қалай енгізу керектігін түсіндіреді. Белгілі салалары туралы егжей-тегжейлі ақпараттарға ие болу үшін мақала сілтемелерін көріңіз.

Сіз не істеуді қалайсыз?

Кестелер және өрістер туралы негізгі ақпараттар

Кестеге өріс қосу

Кестеден өрісті жойып тастау

Өріс немесе кестені қайта атаңыз

Пішінге немесе есепхатқа өріс қосу

Құжаттарды, файлдарды немесе суреттерді сақтайтын өрісті қосу

Өрістің көрінісін өзгерту

Кестелер және өрістер туралы негізгі ақпараттар

Дерекқоры жасағаныңызда, деректеріңіз кестелерде сақталады (тақырыптарға негізделген жолдар мен бағандар тізімдері). Бақылайтын ақпараттар элементін өрісте сақталады ("бағандар" деп де аталады). Мысалы үшін, Байланыстар кестесінде "Фамилия, Аты, Телефон нөмірі және Мекенжайы" деген өрістерді жасауыңызға болады. "Өнімдер кестесі үшін, Өнімдер атауы, Өнім коды және баға" деген өрістерді жасауыңызға болады.

Өрістерді ұқыптылықпен жасаңыз. Мысалы үшін,есептелген мәндерді сақтау үшін өріс жасау әдетте дұрыс қадам болып есептелмейді. Көптеген кездерде, Office Access 2007 бағдарламасын мәнді қажет болған кезде ғана есептейтін қылып орнатуыңызға болады. Өрістерді таңдаған кезде, ақпарттарды кішкентай тиімді бөлектерінде сақтауға тырысыңыз. Мысалы үшін, бір өрістегі толық атаудың орнына фамилия мен аттарды бөлек-бөлек сақтағаныңыз жөн болады. Жалпы алғанда, ақпарат элементінде есептеуді жіберу, іздеу, сұрыптау немесе орныдау қажет болса, оны өрісте бір өзін қалдырыңыз.

Деректерді жасау және өрістерді таңдау туралы көбірек ақпарат алу үшін Дерекқор жасақтаудың негіздері мақаласына қараңыз.

Әрбір өрістің анықтама сипаттары болады. Мысалы үшін, кестеде әрбір өрістің бірегей атауы болады. Ақпараттарды сақтау үшін таңдалатын әрбір өрістің деректер түрі болады. Деректер түрі осы өрісте сақтауға мүмкін болған мәндерді анықтайды және осы мәндерді үстінен қандай әрекеттер орындауға болатынын және әрбір мәнге қанша орны ажырату керектігін анықтайды. Әрбір мәнде өрістің сипаттмасын және мінез-құлығын анықтайтын "сипаттар" деп аталатын байланысты парамтерлер тобы да болады. Мысалы үшін, Пішім сипаты өрістің бейнелеу орналасуын анықтайды (яғни бейнелегенде ол қалай көрсетілу керектігін анықтайды).

Беттің жоғарғы жағы

Кестеге өріс қосу

Кестеге өрісті Деректер кестесі көрінісінен жеңілдікпен енгізуіңізге болады. Алайды, кестеге өрісті Құрастырушы көрінсінен де енгізуіңізге болады. Құрастырушы көрінісінде өріс Жаңа өріс қосу баған тақырыбының астындағы ұяшыққа деректерді теру арқылы енгізіледі.

Жаңа өрісті қосу бағаны бар Access бағдарламасындағы деректер кестесі

1. Жаңа бос өріс

Өрісті деректер кестесінің көрінісінен қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында кестені екі рет нұқыңыз. яғни жаңа өріс қосылатын кестені екі рет нұқыңыз.

    Кесте Деректер кестесі көрінісінде ашылған.

  4. Жаңа өріс қосу баған тақырыбының астындағы ұяшыққа деректеріңізді теріңіз.

    Егер кесте өрістердің саны көп болса, Жаңа өріс қосу баған тақырыбын көру үшін, жылжыту көрсеткісін оң жаққа қарай жылжытуыңыз қажет болып қалу мүмкін.

Деректерді жаңа бағанға енгізіп жатқан кезде, Office Access 2007 бағдарламасы өрісмен сәйкес келетін деректер түрін анықтау үшін, Сіз терген ақпартты пайдаланады. Мысалы үшін, егер бағанға 01.01.2007 сияқты күн-айды теретін болсаңыз, Office Access 2007 бағдарламасы енгізіліп жатқан ақпаратты анықтап өріс үшін деректер түрін Күн-ай/Уақыт параметріна ауыстрыда. Егер Access бағдарламасы Сіз енгізгеніңізден деректер түрін анықтауға жеткіліксіз болса, деректер түрі "Мәтін" деп орнатылады.

Егер өріс үшін Office Access 2007 бағдарламасы әдепкі бойынша орнататын таңдауларды өзгертіп, деректер түрін және пішімді жаңадан орнатпақшы болсаңыз, Деректер кестесі қойындысындағы, Деректер түрі & Пішімдеу тобында әмірлерді пайдаланып осыны жүзеге асыруыңызға болады.

Деректерді анық етіп орнату

  • Кесте қойындысының Дерек түрі& Пішімдеу тобында Дерек түрі ашпалы шарысының қасындағы меңзерді нұқып, дерек түрін таңдаңыз. Дерек түрі мен Пішімдеу тобының таспа кескініне кіру

  • Орнатылатын деректер түрін таңдаңыз.

Пішімді анық етіп орнату

  1. Кесте қойындысының Дерек түрі& Пішімдеу тобында Пішім ашпалы шарысының қасындағы меңзерді нұқып, пішімді таңдаңыз. Дерек түрі мен Пішімдеу тобының таспа кескініне кіру

  2. Орнатылатын пішімді таңдаңыз.

Өрісті Жаңа өріс қосу тақырыбының астында ұяшыққа ақпарат енгізу арқылы жасағаныңызда, Office Access 2007 бағдарламасы автоматты түрде сол өріске атау тағайындайды. Бұл аттар, бірінші өріс үшін "1-Өріс" деген, екінші өріс үшін "1-Өріс" деген т.т. атаулар қойылады. Сипаттама беретін аттарды пайдаланатын болсаңыз дұрыс болады. Өріс тақырыбын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып содан соң мәтіниәндік мәзірде Бағанды қайта атау пәрмені арқылы өзгертуіңзге болады.

Деректер кестесі көрінісінде өрістерді қосумен бірге, Құрастырушы көріністе де өріс қоса аласыз. Себебі Деректер кестесі көрінісінде тек қана кең қолданылатын өріс сипаттарын орнатуға мүмкіндік береді, Деректер кестесі көрінісінде жоқ сипаттарды Құрастырушы көріністе орната алатындығыңызды байқап қалуыңыз мүмкін.

Өрісті Құрастырушы көрінісінен қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында, жаңа өріс енгізілетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеҚұрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

    Кесте Құрастырушы көрінісінде ашылған.

  4. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да, жаңа өріс үшін атау енгізіңіз.

  5. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де тізімнен деректер түрін таңдаңыз .

  6. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

Жаңа өріс қосу туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, Кестеде жаңа өрісті енгізу, қосу немесе жасау.

Ескерту : Кестеге жаңа өріс қосып болған соң, бар пішіндер мен есепхаттарға ол автоматты түрде қосылмайды. Оның үшін яғни өрістер осы пішіндер мен есепхаттарда пайда болу үшін өрістерді қолдан қосуыңыз керек.

Беттің жоғарғы жағы

Кестеден өрісті жойып тастау

Бағдарламаға енгізілген үлгіне негізделген түрде жасалған дерекқорылардан өрістерді лаж болса жоймау керек (себебі оны пішіндер немесе есепхаттар сияқты өзге дерекқоры нысандар пайдаланып тұрған болу мүмкін). Демек, егер жойып тастайтын болсаңыз, осы өрісті пайдаланатын өзге дерекқоры нысандар дұрыс істемей қалу мүмкін.  (мысалы үшін, дерекқоры нысандар көңілдегідей істемей тұру мүмкін). Сол өзге дерекқоры нысандар дұрыс істеу үшін, осы өріске жасалған барлық сілтемелерді жойып тастауыңыз керек.

Үлгімен жасалған дерекқорысында өрісті жоюға шешім қабылдасаңыз, ол әрекетті Деректер кесте көрінісінде немесе Құрастырушы көрінісінде орындауыңыз қажет. Есіңізде болсын егер өзге дерекқоры нысандарда осы өріске сілтемелері болса, осы нысандардан сол сілтемелерді жойып тасауыңыз қажет. Мысалы үшін, егер есепхат құрамында жойылған өрісмен байланыстырылған басқару элемент болса, қате туралы хабар пайда болады, себебі Access бағдарламасы осы өрістің деректерін таба алмай қалады.

Өрісті жойғаныңызда, оның құрамындағы барлық ақпараттар жойылады. Сол себептен, өрістерді жойған кезде ескертулерді пайдалануыңыз қажет және өрісті жоюдан алдын дерекқорыңыздың сақтық көшірмесін жасауыңыз қажет.

Өрісті жоюдан алдын, ол өзге кестелерімен байланыстырылмағанына көз жеткізіңіз. Егер қатынасы бар өрісті жоятын болсаңыз, Access бағдарламасы алдымен қатынастарды жою керектігі туралы ескертеді. Кесте қатынастарда жою туралы бірте-бірте нұсқауларына қол жеткізу үшін, Кестедегі қатынасты жою мақаласын көріңіз.

Өрісті деректер кестесінің көрінісінен жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқоры таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында кестені екі рет нұқыңыз. яғни өріс жойылатын кестені екі рет нұқыңыз.

    Кесте Деректер кестесі көрінісінде ашылған.

  4. Жойылатын өрісті (бағанда) таңдаңыз.

    Кеңес : Өрісті (бағанды) таңдау үшін, өріс таңдауышты нұқыңыз (баған тақырыбы).

  5. DELETE пернесін басыңыз.

    -немесе-

    Кесте қойындысының Жолақтар& Бағандар тобында Жою түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Деректер кестесі көрінісіндегі кестенің негізгі кілтінің бөлегі болып табылатын өрісті жоюға мүмкіндік жоқ. Оны жою үшін, Құрастырушы көрінісін пайдалануыңыз керек.

Негізгі кілттер туралы қосымша ақпаратарға ие болу үшін, Негізгі кілтті қосу, орнату немесе жою мақаласын көріңіз.

Өрісті Құрастырушы көрінісінен жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында, жойылатын өріс кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеҚұрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

    Кесте Құрастырушы көрінісінде ашылған.

  4. Жойылатын өрісті (жолды) таңдаңыз.

    Кеңес : Жолды таңдау үшін, жол таңдауышты нұқыңыз.

  5. DELETE пернесін басыңыз.

    -немесе-

    Жасақтама қойындысының Құралдар тобында Жолдарды жою түймешігін нұқыңыз.

  6. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

Өрісті жоюдан алдын, ол өзге кестелерімен байланыстырылмағанына көз жеткізіңіз. Егер қатынасы бар өрісті жоятын болсаңыз, Access бағдарламасы алдымен қатынастарды жою керектігі туралы ескертеді. Кесте қатынастарды жою үшін, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз.

Кесте қатынасты жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқоры таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Кесте қатынастары бар кестелер ашық болса, оларды жабыңыз. Ашық кестелер арасындағы кесте байланысын жоя алмайсыз.

  4. Дерекқор құралдары қойындысының Көрсету/Жасыру тобында Байланыстар түймешігін нұқыңыз.

  5. Егер кесте қатынастары бар кестелер көрінбейтін болса, келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Жасақтама қойындысының Көрсету/Жасыру тобында Кесте атаулары түймешігін нұқыңыз.

    2. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде, қосылатын кестелерді таңдаңыз, Қосу парамтерін таңдаңыз да, Жабу параметрін нұқыңыз.

  6. Жойылатын кесте қатынасының қатынас жолын нұқыңыз (жол таңдалған қалың әріптерлерімен бейнеленеді), содан соң DELETE пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өріс немесе кестені қайта атаңыз

Бағдарламаға енгізілген үлгіне негізделген түрде жасалған дерекқорыларда өрістерді немесе кестелерді лаж болса қайта атамау керек  (себебі оны пішіндер немесе есепхаттар сияқты өзге дерекқоры нысандар пайдаланып тұрған болу мүмкін). Демек, егер өрісті немесе кестені қайта атайтын болсаңыз, осы өрісті пайдаланатын өзге дерекқоры нысандар дұрыс істемей қалу мүмкін. Егер олар ескі аттарға сүйенетін болса, дерекқоры нысандар көңілдегідей істемей тұру мүмкін. Сол өзге дерекқоры нысандар дұрыс істеу үшін, ескі аттар жаңартылуы тиіс. Егер Access параметрлері тілқатысу терезесіндегі, Ағымдық дерекқоры санатда, Атау АвтоДұрыстау әрекетін орындау құсбелгі қойылған болса, осы жұмыстың басым көпшілігі автоматты түрде орнатылады.

Деректер кестесі көрінісінде баған тақырыптарын өзгертуді қалауыңыз мүмкін. Оны орындау үшін өрісті қайта атау қажет емес. Егер тек баған тақырыбы мәтінін ғана өзгерnпекші болсаңыз және өрісті қайта атағыңыз келмесе, Баған тақырыбындағы мәтінді өзгерту бөлімін көріңіз.

Қажет болғанда кестені Шарлау аумағынан қайта атауыңызға болады немесе Деректер кестесі көрінісінде немесе Құрастырушы көрінісінде қайта атауыңызға да болады. Оны істеуден алдын, егер Атау АвтоДұрыстауы параметрі қоcыkмаған болса қосып көрсеңіз болады.

Атау АвтоДұрыстауы параметрі

Өріс, кесте, пішін немесе сияқты дерекқоры нысандарды қайта атаған кезде, әдетте өзгерген атау бүкіл дерекқоры бойынша тарағанын қалайсыз. Әйтпесе, ескі атқа сілтеме жасалған нысандар көңілдегідей істемей қалады. Office Access 2007 бағдарламасында Атау АвтоДұрыстау мүмкіндігі бар, яғни ол өзгерген атты дерекқоры бойынша таратады. Әдепкі бойынша, Атау АвтоДұрыстау мүмкіндігі барлық жаңа Office Access 2007 дерекқорлары үшін автоматты түрде қосылады. Алайда, егер ол ажыратылған болса, оны қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз.

Атау АвтоДұрыстау параметрі

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Access параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Сол жақ бөлегінде Access параметрлері тілқатысу терезесі пайда болады Ағымдық дерекқоры.

  3. Атау АвтоДұрыстау парамтерлері астындағы, Атау АвтоДұрыстау ақпаратын бақылау құсбелгіні қойыңыз да, Атау АвтоДұрыстау құсбелгіні қойыңыз.

  4. Атау АвтоДұрыстау мүмкіндігімен атқарылатын әрекеттреді арнайы журналға жазып алатын кестені де жасауыды қаласаңыз, Атау АвтоДұрыстау өзгертулер журналы құсбелгіні қойыңыз.

  5. ОК батырмасын басыңыз.

  6. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

Ескерту : Атау АвтоДұрыстау мүмкіндігі мен АвтоДұрыстау мүмкіндіктер арасында айырмашылықтар бар. Атау АвтоДұрыстау мүмкіндігі нысандар арасындағы сілтемелерді дұрыстайды. АвтоДұрыстау мүмкіндігі сөздер мен фразалардағы жиі қойылатын қателерді ғана дұрыстайды.

Өрісті Деректер кестесі көрінісінен қайта атау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқоры таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында кестені екі рет нұқыңыз. яғни қайта аталатын өрісі бар кестені екі рет нұқыңыз.

    Кесте Деректер кестесі көрінісінде ашылған.

  4. Қайта аталатын өрістің баған тақырыбын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірде Бағанды қайта атау тармағын таңдаңыз.

  5. Өріс үшін жаңа атауды теріңіз да ENTER пернесін басыңыз.

Өрісті Құрастырушы көрінісінен қайта атау

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында, қайта аталатын өрісі бар кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеҚұрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

    Кесте Құрастырушы көрінісінде ашылған.

  4. Қайта аталатын өрісі бар Өріс атауы бағанындағы ұяшықты нұқыңыз.

    Кеңес : Өріс толығымен таңдау үшін, жүгіргі көрсеткіге айналғанға дейін жүгіргімен бірінші таңбаның сол жағын көрсетіңіз де, нұқыңыз.

  5. Өрісті қайта атау үшін өңдеу.

  6. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

Кестені қайта атау

Кестені және дерекқоры нысандардың басым көпшілігін тура Шарлау аумағынан өгертуіңізге де болады.

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында, қайта аталатын кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеҚұрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Қайта атаудан алдын барлық ашық нысандырды жабып тастауыңыз қажет.

  4. Жаңа атауды енгізіп "ENTER" пернесін басыңыз.

  5. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

Баған тақырыбында пайда болатын мәтінді өзгерту

Тақырып аты - бұл өріскеТақыоып аты сипатын пайдаланып тағайындалатын тақырып болып есептеледі. Тақырып аты өріс атауынан бөлек болады (әрбір өрістің тақырыбы мен тақырып аты болуы мүмкін). Мысалы үшін, өрісіңіз бос орындарсыз біріегей атау қойылғанын қалауыңыз мүмкін. Кейінірек сипаттайтын атау қоймақшы болсаңыз Тақырып аты сипатын пайдалануыңызға болады. Access бағдарламасы Деректер кестесі көрінісінде тақырып атын өріс тақырыбының орнына бейнелейді және сұрауларда, пішіндерде және есепхаттарда жазбалар мен тақырыптарда бейнелейді.

Егер Тақырып аты сипаты үшін мәтін енгізбесеңіз, әдепкі өріс атауы орнатылады.

Деректер кестесі көрінісінде баған тақырыбындағы атауды өзгертуді қаласаңыз, оны өріс атауын өзгертпестен-ақ орындауыңызға болады яғни ол үшін өрістің Тақырып аты сипатына қежетті өзгертулер енгізіңіз. Өрістің Тақырып аты сипатын өзгертетін болсаңыз, келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқоры таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында, тақырып аты өзгеретін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеҚұрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

    Кесте Құрастырушы көрінісінде ашылған.

  4. Тақырып аты қойылатын өрісі орналасқан Өріс атауы бағанындағы ұяшықты нұқыңыз.

  5. Төменгі бөлімде, Жалпы қойындысындағы Өріс сипаттары парамтерінің астында Тақырып аты парамтерін нұқыңыз.

  6. Өріс үшін жаңа тақырып атын енгізіңіз.

  7. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

Келесі рет кестені Деректер кестесі көрінісінде ашқаныңызда, баған тақырыбында өріс атауының орнына тақырып аты пайда болады.

Беттің жоғарғы жағы

Пішінге немесе есепхатқа өріс қосу

Үлгіге негізделген дерекқорыны жасағаныңызда, кез келген уақытта пайдалануға мүмкін болған дерекқорыңыздың құрамында енгізілген яғни алдын-ала жасалған пішіндер мен есепхаттар бар. Оған қалағаныңызда қосымша өрістерді қоса аласыз. Пішінге немесе есепхатқа өріс қосатын болсаңыз, басқару элемент енгізіледі.

Басқару элементтерді енгізу

Басқару элементтер - бұл деректерді бейнелейтін, әрікеттерді орындайтын және жазбалар және суреттер сияқты пайдаланушы тілқатысуны жақсартатын ақпараттарды көруге және жұмыс істеуге мүмкіндік беретін нысандар. Басқару элементтер байланыстырылған, байланыстырылмаған және есептелген болуы мүмкін.

  • Байланыстырылған басқару элементтер    Бұл кестедегі немесе есепхаттағы өріс деректер көзі болып саналатын басқару элемент. Байланыстырылған басқару элементтер дерекқорыңыздағы өрістердегі мәндерді бейнелеу үшін пайдаланылады. Мәндер - бұл мәтіндер, күн-ай, сандар, Иә/Жоқ мәндер, суреттер немесе сызбарлар болу мүмкін. Мәтін ұялар - бұл басқару элементтердің ең кең тарқалған түрі. Мысалы үшін, пішінде жұмысшының фамилиясын бейнелейтін мәтін ұя, бұл ақпараттарды Жұмысшылар кестесіндегі Фамилиялар өрісінен алу мүмкін.

  • Байланыстырылмаған басқару элементтер    Басқару элементтердің бұндай түрлерінде деректер көздері болмайды (яғни өріс немесе өрнек). Байланыстырылмаған басқару элементтер ақпараттарды, жолдарды, тік бұрыштарды және суреттерді бейнелеу үшін пайдаланылады. Мысалы үшін, пішіндің тақырыбын бейнелейтін жазба байланыстырылмаған басқару элемент болып саналады.

  • Есептелетін басқару элементтер    Бұл басқару элементтердің деректер көзі өріс емес өрнек болып табылады. Бұл елементті орнату үшін, өрнекті деректер көзі етіп орнатуыңыз қажет. Өрек - бұл (= және + ) сияқты амалдағыштар, басқару элементтер аттарының, өріс атауларының және жетелердің тіркесімі және олар бірегей мән және тұрақты ман қайтарады. Мысалы үшін, келесі өрнек 25 процент жеңідігі бар бағаны, "Өнімдің бағасы" деген өрістегі мәнді тұрақты мәнге (0,75) көбейту арқылы есептейді.

= [Өнім бағасы] * 0.75

Өрнек пішіннің негізге кесте немесе сұрауындағы өріс деректерін немесе пішіндегі басқа басқару элементінің деректерін қолдана алады. Өрнектер туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, осы мақаланың Т.б. көріңіз бөліміндегі сілтемелерді көріңіз.

Мәтін ұяны байланыстырылған басқару элементке, байланыстырылмаған басқару элементке немесе есептелген басқару элементке байланыстыруға болады. Байланыстырылған, байланыстырылмаған және есептелген басқару элеметтерді пайдаланатын пішінді жасағаныңызда, бірінші болып барлық байланыстырылған басқару элементтерді қосып және реттеп қойғаныңыз дұрыс болар, әсіресе пішінде олардың саны басқаларға қарағанда басым көпшілік болғанда. Содан соң жасақтаманы аяғына жеткізетін Жасақтама қойындысындағы, Басқару элементтері тобында құралдарды пайдаланып байланыстырылмаған және есептелген басқару элементтерді қосуыңызға болады.

Мәтін ұя басқару элементін өріске байланыстыру үшін, басқару элемент деректерді алатын өрісті анықтауыңыз керек. Таңдалған өріске байланыстырылған басқару элементті жасау үшін, Өріс тізімі бөлігіндегі өрісті пішінге сүйреуіңіз қажет. Өріс тізімі бөлегі пішінмен байланыстырылған кестедегі немесе сұраудағы өрістерді бейнелейді. Өрісі тізімі бөлегін бейнелеу үшін, Жасақтама қойындысындағы, Құралдар тобында Бар өрістерді қосу парамтерін нұқыңыз. Әдепкі бойынша, Өріс тізімін пішіндің жасақтама торына сүйреп апарғаныңызда, Access бағдарламасы мәтін ұяны енгізеді.

Сондай-ақ, басқару элементтің өзінде немесе басқару элементтің сипаттар терезесіндегі Басқару элемент көзі мәнінің ұяшығында өріс атауын теру арқылы өрісті байланыстыру элементке байланыстыруыңызға болады. Сипаттар терезесі басқару элементтің атауы, деректер көзі және пішімі сияқты сипаттарын орнатады.

Байланыстырылған мәтін ұя Өріс тізімі бөлегі арқылы жасау ең дұрыс жол екенін екі себебі бар:

  • Байланыстырылған мәтін ұяда тіркестірілген жазба бар және жазба өрістің атауын әдепкі қылып алады (немесе тақырып аты байланыстырылған кестемен немесе сұраумен тағайындылады) яғни тақырып енгізуіңізге қажеті жоқ болып қалады.

  • Байланыстырылған мәтін ұя байланысты кестедегі немесе сұраудағы өрістің параметрлерін мұралайды (Пішім, ОңдықОрындар және ЕнгізуБүркеніші сипаттары). Демек, өріске байланыстырылған мәтін ұяны жасағаныңызда, өрістің сипаттары бірдей болатындығына сенімді боласыз.

Егер байланыстырылмаған басқару элемент жасап қойған болсаңыз және оны өріске байланыстмақшы болсаңыз, басқару элементтің БақылауКөзі сипатын өрістің атауына орнатыңыз.

Орналасу көрінісінде пішінге немесе есепхатқа өріс қосу

Пішінді немесе есепхатты жасап болған соң, Орналасу көрінісін пайдаланып оны жедел түрде жақсартып жіберуіңізге болады. Нақты тікелей деректерді анықтама ретінде пайдаланатын болсаңыз, өрістің енін және өрістің өзін қайта реттеуіңізге болады. жаңа өрістерді пішінге немесе есепхатқа орналастыруыңызға болады және пішіндің немесе есепхаттың және олардың басқару элементтерінің сипаттарын орнатуыңызға болады.

Орналасу көрінісіне өту үшін, Шарлау аумағында пішінді немесе есепхатты тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірінде Орналасу көрінісі тармағын таңдаңыз. Немесе, Access күй тақтасындағы Орналасу көрінісі түймешігін басып немесе пішіндің немесе есепхаттың құжат қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірде Орналасу көрінісі параметрін таңдауыңызға да болады.

Орналасу көрінісіне өту

  • Шарлау аумағында, пішінді немесе есепхатта тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеДеректер кестесінің көрінісі параметрін таңдаңыз.

    -немесе-

    Access күй тақтасында Орналасу көрінісі түймешігін басыңыз.

    -немесе-

    Пішіндің немесе есепхаттың құжат қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірде Орналасу көрінісі пәрменін таңдаңыз .

Пішін немесе есепхат Орналасу көрінісінде пайда болады.

Сипаттар терезесін ашыңыз

  • Реттеу қойындысындағы Құралдар тобында Сипаттар терезесі дегеніне нұқыңыз.

    Пернетақта лақабы  F4 пернесін басыңыз.

Жасақтамаңызға байланысты кестеден немесе сұраудан өрістерді қосу үшін, Өріс тізімін бөлігін пайдалануыңызға болады. Өріс тізімі бөлегін бейнелеу үшін, Пішімдеу қойындысындағы, Басқару элементтер тобында Бар өрістерді қосу параметрін нұқыңыз. Содан соң, өрістерді тура Өріс тізімі бөлігінен жасақтамаңызға сүйреп апаруыңызға болады.

Өріс тізімі бөлегін бейнелеу

  • Пішім қойындысының Басқару элементтері тобында Бар жолақтарды қосу түймешігін нұқыңыз.

Өрісті Өріс тізімі бөлегінен қосу

  • Бір өріс қосу үшін, өрісті Өріс тізімі бөлігінен пішінде немесе есепхатта бейнелейтін бөлімге сүйреп апарыңыз.

  • Бірнеше өрісті бір уақытта қосу үшін, CTRL пернесін басып ұстап тұрып қалаған өрістерді таңдаңыз. Таңдалған өрістерді пішінге немесе есепхатқа сүйреп апарыңыз.

Өрістерді бөлімге апарып тастағаныңызда, Access бағдарламасы әрбір өріс үшін байланыстырылған мәтін ұя жасайды да, әрбір өрістің қасына автоматты түрде жазба басқару элемент орналастырады.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттарды, файлдарды немесе суреттерді сақтайтын өрісті қосу

Бір немесе бірнеше құжаттарды, файлдарды немесе суреттерді сақтау мақсатында Тіркеме деректер түрі бар өрісті қосу үшін, Office Access 2007 бағдарламасын пайдалануыңызға болады. Бірнеше файлдарды бір файлда сақтау үшін, тіркеме өрісін пайдалануыңызға болады. Одан ары осы өрісте бірнеше файл түрлерін сақтауыңызға болады. Мысалы үшін, жұмысқа қабылдаушылар дерекқорыысында, суреттерге, әрбір байланыстың жазбаларына қоса бір немесе бірнеше түйіндеме қосуыңызға болады.

Кестеге теркеме өрісін қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында, қосылатын өрісі бар кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеҚұрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

    Кесте Құрастырушы көрінісінде ашылған.

  4. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да, жаңа өріс үшін атау енгізіңіз.

  5. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де, тізімде Тіркеме дегенін таңдаңыз .

  6. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

    Access бағдарламасы "кестені сақтап болған соң өзгертулерді болдырмауға мүмкіндік болмайды" сияқты хабарды бейнелеу мүмкін. Бұл өрісті өзге деректер түріне айналдыра алмайсыз дегені, алайда қате істеп қойдым деп ойласаңыз өрісті жойып тастауыңызға болады.

  7. Жоюды растау үшін Иә түймешігін басыңыз.

Кестеге Тіркеме өрісін қосып болған соң, құжаттарды, файлдарды, немесе суреттер үшін жазбалар қосу үшін, Тіркемелер тілқатысу терезесін пайдалануыңызға болады.

Өріске теркеме қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында кестені екі рет нұқыңыз. яғни тіркеме қосылатын кестені екі рет нұқыңыз.

    Кесте Деректер кестесі көрінісінде ашылған.

  4. Кестеде, тіркеме өрісін екі рет нұқыңыз.

    Тіркемелер тілқатысу терезесі пайда болады.

  5. Қосу белгісіне нұқыңыз.

    Файлды таңдау тілқатысу терезесі пайда болады.

  6. Жазбаларға қосылатын файлға немесе файлдарға өту үшін, Таңдау тізімін пайдаланыңыз, файл немесе файлдарды таңдаңыз да, Ашу түймешігін басыңыз.

    Бірнеше кез келген ары қолданылатын деректер түрлеріндегі файлдарды таңдауыңызға болатындығына назар аударыңыз.

  7. Кестеңізге осы файлдарды қосу үшін, Тіркемелер тілқатысу терезесінде ОКбатырмасын басыңыз.

    Access бағдарламасы файлды өріске қосады және тіркемелер санын көрсетіп тұратын санды да көбейтеді.

  8. Кестеңіздегі ағымдық өріске немесе өзге өрістерге қосымша файлдарды қосу үшін осы қадамдарды қайталаңыз.

Тіркеме өрістері туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, Дерекқорыңыздағы жазбаларыңызға файлдарды қосу мақаласын көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Өрістің көрінісін өзгерту

Өрістің көрінісін баптауыңызға болады. Мысалы үшін, бейнелеу пішімін бүкіл дерекқоры бойынша қолданылатын қылып орнатуыңызға болады, мысалы үшін пішімдер мен есепхаттарда немесе кесте Деректер кестесі көрінісінде ашылғанда. Бейнелеу пішімін орнату үшін, өрістің Пішім сипатын орнатуыңыз қажет. Өрістің Пішім сипатын сіз жаратып жатқан жаңа пішіндер мен есепхаттар автоматты түрде мұралайды.

Деректер кестесі көрінісінде бейнелеу пішімін орнату

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқоры таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында кестені екі рет нұқыңыз. яғни құрамында пішімі өзгеретін өрісі бар кестені екі рет нұқыңыз.
    Кесте Деректер кестесі көрінісінде ашылады.

  4. Бейнелеу пішімі өзгеретін өрісті нұқыңыз.

  5. Кесте қойындысының Дерек түрі& Пішімдеу тобында Пішім ашпалы шарысының қасындағы меңзерді нұқып, пішімді таңдаңыз. Дерек түрі мен Пішімдеу тобының таспа кескініне кіру

    Өріс жаңа бейнелеу пішімінде бейнеленеді.

Құрастырушы көрінісінде бейнелеу пішімін орнату

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да, оны ашыңыз .

  3. Шарлау аумағында, құрамында бейнелеу пішімі өзгеретін өрісі бар кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдеҚұрастырушы көрінісі параметрін таңдаңыз.

    Кесте Құрастырушы көрінісінде ашылған.

  4. Бейнелеу пішімі өзгеретін өрісті нұқыңыз.

  5. Өріс сипаттары астынан,Жалпы қойындысында Пішім ұясын нұқыңыз.

  6. Ашылмалы тізімді ашып, бейнелеу пішімді таңдаңыз.

  7. Өзгертулерді сақтау үшін, Жылдам қатынау тақтасында Сақтау пәрменін басыңыз.

Өрістің көрінісін өзгерту туралы қосымша ақпараттарға ие болу үшін, Деректерді жолдар мен бағандарда пішімдеу мақаласын көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×