Жаңалық топтары және жаңалық топ оқырманын бастау

Жаңалық топ оқырмандары немесе жаңалық оқырмандары әр түрлі жаңалықтар тобы қатынауға рұқсат алу үшін жаңалық хабарларын қотару және оқу үшін және оларға жауап жазу үшін қолданылады. Жаңалық топтары сіз қолданатын өнімдер мен технологияларды қолданатын адамдардан келетін құнды мәліметтерді ұсынады немесе оларды бір тақырып туралы не ойлайтындарын білу үшін қолдануға болады. Интернеттен немесе компанияның жергілікті желісінен қандай да болсын тақырыпқа арналған жаңалық топтарын табуыңызға болады.

Егер жаңалық оқырманы орнатылмаған болса, Microsoft Office Outlook бағдарламасы өздіктік түрде Windows Mail Newsreader немесе Outlook Express Newsreader бағдарламасын орнатады. Бұл жаңалық оқырманы жаңалық топ мазмұнын қотарып, Интернетке қосылмаған кезде онымен жұмыс істеу үшін қолдануыңызға болатын Желілік жаңалықтар тасымалдау протоколы бойынша істейтін (NNTP) жаңалық оқырманы болып табылады. Және де, көптеген жаңалық топтарын Веб-шолғышыңыз арқылы шолуыңызға да болады.

Ескерту : Windows Vista жүйесінде Outlook Express бағдарламасы Windows Mail болып аталды. Егер Microsoft Windows XP операциялық жүйесін қолданатын болсаңыз, Outlook Express атауын көресіз. Осы электрондық пошта бағдарламаларының екеуі де жаңалық оқырманын қамтамасыз етеді.

Windows Mail немесе Outlook Express Newsreader бағдарламасын бірінші рет қолданатын болсаңыз, Жаңалықтар пәрменін Outlook терезесіне қосуыңыз керек. Алғашқы орнатқаннан кейін Windows Mail немесе Outlook Express бағдарламасын сол пәрменмен ашып, жаңалық оқырманын іске қосасыз.

Төмендегіні іске асырыңыз:

  • Жаңалықтар пәрменін мәзір тақтасына немесе Өту мәзіріне қосыңыз.

    1. Стандартты құралдар тақтасыҚұралдар тақтасының параметрлері көрсеткісін Құралдар тақтасы параметрлерінің көрсеткісі нұқыңыз.

    2. Түймешіктерді қосу немесе жою тармағына барып, Теңшеу түймешігін басыңыз.

    3. Пәрмендер қойындысын ашыңыз.

    4. Санаттар тізімінде Өту түймешігін басыңыз.

    5. Пәрмендер тізімінде Жаңалықтар түймешігін басып ұстап тұрып, келесінің біреуін орындаңыз:

      • Жаңалықтар пәрменін Outlook мәзір тақтасына апарып, тінтуірдің түймешігін босатыңыз.

      • Жаңалықтар пәрменін Outlook құралдар тақтасына апарып, тінтуірдің түймешігін босатыңыз.

      • Жаңалықтар пәрменін Өту мәзіріне апарыңыз. Мәзір пәрмендер тізімін көрсетке кезде, оны шығарғыңыз келетін жерді нұқып, тінтуірдің түймешігін босатыңыз.

  • Жаңалық оқырманын іске қосу

    1. Сіз Жаңалықтар пәрменін қосқан мәзір тақтасында, құралдар тақтасында немесе Өту мәзірінде Жаңалықтар пәрменін таңдаңыз.

Жаңалық оқырманын бірінші рет іске қосқан кезде, Windows Mail немесе Outlook Express бағдарламасы ашылып, сізден Жаңалық топтары тіркелгісін орнату сұратылады. Интернет байланыс шебері бір не бірнеше электрондық пошта не жаңалықтар серверіне қосылуға көмектеседі. Сізге Интернет провайдерінен (ISP) немесе жергілікті желі (LAN) әкімшісінен келесі мәліметтер қажет болады:

  • Электрондық пошта тіркелгісін қосу үшін сізге тіркелгі атауыңыз, құпия сөзіңіз және келетін және жіберілген шығыс электрондық пошта серверлерінің аттары қажет болады.

  • Жаңалық тобын қосу үшін сізге қосылғыңыз келетін жаңалықтар серверінің аты және тіркелгіңіздің атауы мен құпия сөзіңіз қажет болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×