Жарияланған пішін үлгіні өзгерту

Жарияланған пішін үлгіге өзгертулер енгізу үшін, осы пішін үлгінің жұмыс көшірмесін өзгертіп олмен жарияланған пішін үлгіні ауыстырыңыз.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Шолу

Пішін үлгіңіздің жұмыс көшірмесін алу

Өзгертілген пішін үлгіні құжаттық жинаққа қайта жариялау

Өзгертілген пішін үлгіні ортақ желі қалтасына қайта жариялау

Шолу

Жарияланған пішін үлгіні өзгертуден алдын өзгертулер пішін үлгіге негізделген кез келген үлгілерге қандай әсерлер тигізу мүмкіндігін ойластырып қойыңыз. Мысалы үшін егер пішін үлгіңізде деректер көзін өзгертетін болсаңыз, бұл өзгертулер осы пішін үлгіге негізделген бар үлгілерде деректерді мүлде жойып тастау мүмкін.

Пішін үлгіге келесі өзгертулерді енгізуі деректер жоғалып кетуіне себеб болуы мүмкін:

  • Қайталанатын өрісті немесе топты қайталанбайтын етіп өзгерту

  • пішімделген мәтін жолағы түрдегі деректерді өзгерту

  • Деректер көзінден топтың немесе өрістердің атауын өзгерту, басқа жерге көшіру немесе жойып тастау.

    Ескерту : Пішін үлгіден басқару элеметті жойып тастағыныңызда осы басқару элементке байланысты өріс немесе топ және осы өрістегі немесе топтағы деректер сол деректер көзінде қалады. Алайда осы өрістегі немесе топтағы деректер көрінбейді себебі Сіз осы өріс пен топқа байланысты басқару элементін жойып тастадыңыз. Егер пішін үлгіден басқару элементін жоятын болсаңыз және пайдаланушылар жойып тасталған басқару элементімен байланысты өріс немесе топтағы деректерді көре алатынын қаласаңыз пішін үлгіңізге басқа басқару элементін қосып оны бар өріспен немесе топмен байланыстырыңыз.

Жарияланған пішін үлгіні өзгертпекші болсаңыз бірінші оның жұмыс көшірмесін өзгертіп алыңыз. Жұмыс көшірмесі дегеніміз бұл Сіздің компьютеріңізде немесе Microsoft Visual SourceSafe сияқты нұсқа басқару бағдарламасында сақталатын пішін үлгінің көшірмесі. Жұмыс көшірмесін өзгертіп болғандан соң оны жарияланатын орналасуға орналастыруыңызға болады. Егер Сізде пішін үлгінің жұмыс көшірмесі болмаса яғни ол пішін үлгіні Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасыдан пайдаланатын серверде немесе ортақ желі қалтасында жариялаған болсаңыз осы пішін үлгінің көшірмесін компьютеріңізге сақтап алуыңызға болады. Осы көшіріп алынған пішін үлгінің нұсқасы жұмыс көшірмесі деп аталады. Содан соң жұмыс көшірмесіне өзгертулер енгізіп оны жариялау орнына орналастыруыңызға болады. Өзгертірілген пішін үлгіні бастапқы жариялау орнына орналастырып жатқаныңызда бастапқы жарияланған пішін үлгісі өзгертілген нұсқасымен ауыстырылады.

Пішін үлгісін жаприялау пішін үлгісін сақтаумен бірдей емес. Пішін үлгісін жариялағаныңызда, Жариялау шебері жариялау орны мен үдеріс нұсқауларын пішін үлгілеріне қосады, сонда пайдаланушылар осы пішін үлгісіне негізделген пішіндерді аша алады. Пішін үлгісін сақтағаныңызда, файлды компьютеріңізге сақтаған кездегі сияқты сіз пішін үлгісінің көшірмесін сақтайсыз. Пішін үлгіңізді толтыратын пайдаланушыларыңызға қол жеткізетін еткеніңізде, сізге әрдайым Жариялау шеберін пайдалану керек.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгіңіздің жұмыс көшірмесін алу

Құжаттық жинақта немесе ортақ желі орналасуда жарияланған пішін үлгіні өзгертпекші болсаңыз бірақ Сізде жұмыс көшірмесі болмаса, пішін үлгі жариялау орналасуыдан жұмыс көшірмесін сақтап алуыңызға болады.

Кеңес : Жұмыс көшірмелерін басқару үшін Microsoft Visual SourceSafe нұсқа басқару бағдарламасы сияқты бағдараламалардан пайдалануыңызға болады.

Компьютеріңізге құжаттық жинақтағы осы пішін үлгінің көшірмесін сақтап алу.

  1. Веб шолғышында пішін үлгісі жарияланған құжат кітапханасын ашыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Параметрлер түймешігін нұқыңыз, содан кейін Пішін кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  3. Жалпы параметрлер астындағы Қосымша параметрлер түймешігін нұқыңыз.

  4. Құжат үлгісі бөлімінде Үлгіні өңдеу түймешігін нұқыңыз.

    Пішін үлгісі Microsoft Office InfoPath бағдарламасында ашылады.

  5. Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Иә түймешігін нұқыңыз.

  6. Файл мәзірінде Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  7. Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  8. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде пішін үлгісінің көшірмесін сақтағыңыз келген орынды шолыңыз, содан кейін Сақтау түймешігін нұқыңыз.

Ортақ желі қалтасыдан пішін үлгінің көшірмесін сақтап алу.

  1. Файл мәзірінде Пішін үлгісін құрастыру түймешігін нұқыңыз.

  2. Пішін үлгісін ашу астындағы Менің компьютеріме түймешігін нұқыңыз.

  3. Жарияланған пішін үлгісінің ортақ желі қалтасын шолыңыз, пішін үлгісін нұқыңыз, содан кейін Ашу түймешігін нұқыңыз.

  4. Файл мәзірінде Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  5. Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  6. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде пішін үлгісінің жұмыс көшірмесін сақтағыңыз келген бастапқы жариялау орнынан басқа орынды таңдаңыз, Сақтау түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Пішін үлгіні бастапқы жарияланған ортақ желі қалтасына пішін үлгіні сақтамаңыз. Егер пішін үлгіні ортақ желі қалтасына сақтайтын болсаңыз бар пішін үлгі үстінен жазып жібересіз. Егер оны үстіне жазып жіберетін болсаңыз пайдаланушылар осы пішін үлгіне негізделген бар үлгілерін аша алмай қалады.

Беттің жоғарғы жағы

Өзгертілген пішін үлгіні құжаттық жинаққа қайта жариялау

Егер құжаттық жинақта жарияланған пішін үлгімен істеп жатқан болсаңыз, жұмыс көшірмесіне қажетті өзгерістерді енгізіп болғандан соң оны құжаттық жинаққа қайтадан жариялауыңызға болады.

  1. Файл мәзірінде Жариялау түймешігін нұқыңыз.

  2. Басылым шеберінде InfoPath пішін қызметтері бар немесе жоқ SharePoint серверіне түймешігін нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

  3. Шебердің келесі бетінде пішін үлгінің бастапқы жариялаған SharePoint веб-торабының мекен-жайын теріп Келесі батырмасын басыңыз.

  4. Шебердің келесі бетінде Құжаттық жинақ дегенін таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  5. Шебередің келесі бетінде Бар құжаттық жинақта пішін үлгіні жаңарту дегенді таңдаңыз, пішін үлгіні бастапқы жариялаған құжаттық жинағын таңдап Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Пішін үлгіде құжаттық жинағының әдепкі көрінісінде Сіз баған ретінде пайда болатынын қалаған өрісті таңдаңыз.

    Қалай?

    1. Қосу түймешігін нұқыңыз.

    2. Құжат кітапханасындағы баған ретінде қосқыңыз келген жолақты таңдаңыз, содан кейін төмендегілердің біреуін орындаңыз:

      • Баған атауы жолағында бағанның атауын теріңіз.

      • Торап бағанының тобы тізімінде торап бағанын таңдаңыз, Баған атауы тізімінде атау таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

        Ескерту : Егер сіз құжат кітапханасында деректерді бейнелеу үшін қайталанатын жолақты таңдасаңыз, сіз Функция тізіміндегі мәнді нұқу арқылы құжат кітапханасындағы жолақты қалай бейнелегіңіз келетінін анықтай аласыз. Сіз жолақтағы бірінші мәнді немесе жолақтағы соңғы мәнді немесе жолақтың барлық қайталану есебін бейнелеуді немесе барлық мәндерді біріктіруді таңдай аласыз.

    3. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    Құжаттық жинақтағы бағандарда деректерді бейнебетте көрсету туралы қосымша ақпарат үшін Т. б. көріңіз бөлімін көріңіз.

  7. Өзгерпелі басқару элементін қосу шеберінің келесі бетінде Жариялау батырмасын шертіңіз.

    Егер пішін үлгі жарияланған болса шебердің ең соңғы бетінде растау хабарын аласыз.

  8. Мынаулардың біреуін орындаңыз:

    1. Құжаттық жинағын ашып осы пішін үлгіге негізделген үлгіні толтыру барысын тексеріп көру үшін Осы құжаттық жинақты ашу құсбелгі көзін белгілеңіз, содан соң Жабу. батырмасын басыңыз. Құжаттық жинақ веб-жолғышта ашылады. Тізім құрал үстелінде Жаңа параметрін таңдайтын болсаңыз осы пішін үлгіге негізделген үлгі InfoPath бағдарламасында ашылады.

      Кеңес : Егер пайдаланушыларыңызға пішін үлгіні толтыруға дайын деп хабар бермекші болсаңыз осы пішін үлгіні жариялаған құжаттық жинағына сілтемесі бар хат жіберіңіз.

    2. Пішіні және пішін үлгісі бар электронды пошта хабарын пайдаланушыларыңызға жіберу үшін Пішінді электрондық пошта қабылдаушыларына жіберу қанатшасын таңдаңыз, содан кейін Жабу түймешігін нұқыңыз.

      Хабардың негізгі мазмұнындағы пішіні бар электрондық пошта сіз үшін толтыруға және пайдаланушыларға жіберуге ашылады. Егер пайдаланушыларыңызда Microsoft Office Outlook 2007 болса, олар электрондық пошта хабарын ашқанда, олар пішінді толтыра алады. Outlook немесе басқа электрондық пошта қосымшаларының ескілеу нұсқалары бар пайдаланушылар қосымша ретінде берілген пішіні мен пішін үлгісі бар электрондық пошта хабарын алады. Пайдаланушылар пішін үлгісін компьютерлеріне орнату үшін пішін үлгісінің тіркемесін аша алады. Содан кейін пайдаланушылар пішін тіркемесін аша және InfoPath бағдарламасында пішінді толтыра алады..

      Кеңес : Электрондық пошта хабарындағы Кіріспе жолағы тек тіркемелерді сенімді жіберушіден электрондық пошта хабарларында ашу туралы пайдаланушыларыңыздың есіне салады.

Беттің жоғарғы жағы

Өзгертілген пішін үлгіні ортақ желі қалтасына қайта жариялау

Егер ортақ желі қалтасында жарияланған пішін үлгімен істеп жатқан болсаңыз, жұмыс көшірмесіне қажетті өзгерістерді енгізіп болғандан соң оны ортақ желі қалтасына қайтадан жариялауыңызға болады.

  1. Файл мәзірінде Жариялау түймешігін нұқыңыз.

  2. Жариялау шеберінде Жаңа желі орналасуына дегенді нұқыңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  3. Өзгертпелі басқару элементін қосу шеберінің келесі бетінде Шолу батырмасын басыңыз.

  4. Бастапқы пішін үлгіні жариялаған ортақ желі қалтасына шолу үшін пішін үлгінің атын нұқып OK батырмасын басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде Пішін үлгінің атау жолағында енгзілген жол мен пішін үлгінің аты дұрыс екенін көз жеткізіңіз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Шебердің келесі бетінде, егер қоғамдық Бірыңғай ресурс көрсеткіші (URL) бар болса оны жолаққа енгізіңіз.

  7. Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Өзгерпелі басқару элементін қосу шеберінің келесі бетінде Жариялау батырмасын шертіңіз.

    Егер пішін үлгі жарияланған болса шебердің ең соңғы бетінде растау хабарын аласыз.

  9. Келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Құжаттық жинағын ашып осы пішін үлгіге негізделген үлгіні толтыру барысын тексеріп көру үшін Осы құжаттық жинақты ашу құсбелгі көзін белгілеңіз, содан соң Жабу. батырмасын басыңыз. Құжаттық жинақ веб-жолғышта ашылады. Параметрлер мәзірінде Жаңа батырмасын таңдайтын болсаңыз осы пішін үлгіге негізделген үлгі InfoPath бағдарламасында ашылады.

      Кеңес : Егер пайдаланушыларыңызға пішін үлгіні толтыруға дайын деп хабар бермекші болсаңыз осы пішін үлгіні жариялаған құжаттық жинағына сілтемесі бар хат жіберіңіз.

    • Пішіні және пішін үлгісі бар электронды пошта хабарын пайдаланушыларыңызға жіберу үшін Пішінді электрондық пошта қабылдаушыларына жіберу қанатшасын таңдаңыз, содан кейін Жабу түймешігін нұқыңыз.

      Хабардың негізгі мазмұнындағы пішіні бар электрондық пошта сіз үшін толтыруға және пайдаланушыларға жіберуге ашылады. Егер пайдаланушыларыңызда Microsoft Office Outlook 2007 болса, олар электрондық пошта хабарын ашқанда, олар пішінді толтыра алады. Outlook немесе басқа электрондық пошта қосымшаларының ескілеу нұсқалары бар пайдаланушылар қосымша ретінде берілген пішіні мен пішін үлгісі бар электрондық пошта хабарын алады. Пайдаланушылар пішін үлгісін компьютерлеріне орнату үшін пішін үлгісінің тіркемесін аша алады. Содан кейін пайдаланушылар пішін тіркемесін аша және InfoPath бағдарламасында пішінді толтыра алады..

      Кеңес : Электрондық пошта хабарындағы Кіріспе жолағы тек тіркемелерді сенімді жіберушіден электрондық пошта хабарларында ашу туралы пайдаланушыларыңыздың есіне салады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×