Жарияланған пішін үлгіні құжаттық жинаққа көшіру

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Жалпы шолу

Бастамас бұрын

Пішін үлгіңіздің жұмыс көшірмесін алу

1-қадам: Пішін үлгіні жана құжаттық жинаққа жариялау

2-қадам: Бар үлгілерді көшіру және қайтадан байланыстыру

Жалпы шолу

Пішін үлгіні құжаттық жинаққа пайдаланушылар толтыру үшін жариялап болғандан кейін оны басқа құжаттық жинаққа көшіру қажет болып қалу мүмкін. Мысалы үшін бір уақытта одан да көбірек пайдаланушылар үлгілерді толтыру мүмкіншілігіне ие болу үшін, пішін үлгіңізді сыйымдылығы үлкенірек құжаттық жинаққа көшіру қажет болып қалу мүмкін. Кейбір пайдаланушылар бастапқы құжаттық жинақта сақталған Сіздің пішін үлгіңізге негізделген үлгіңізді толтыруға да үлгеріп қою мүмкін. Пішін үлгіңізді жаңа құжаттық жинаққа көшіргеніңізде оларды да көшіруді қалауыңыз мүмкін. Оған қоса бұрынғы құжаттық жинақты мұрағаттаудан немесе жоюдан алдын жаңа құжаттық жинақтағы үлгілер дұрыс істеп тұрғанына көз жеткізуді қалауыңыз мүмкін.

Кеңес : Пішін үлгіні жаңа құжаттық жинаққа көшіруден алдын пайдаланушыларды олардың үлгілері басқа құжаттық жинаққа көшірілгені туралы хабарландыруды өз ішіне алатын жоспар жаратыңыз. Сіз пайдаланушыларыңыз жаңа құжаттық жинақтан жаңа үлгілерін сақтау үшін немесе бар үлгіледі өзгерту үшін пайдалануын қалайсыз. Жоспар бастапқы құжаттық жинақты мұрағаттауын немесе жойып тастауын да өз ішіне алуы тиіс.

Пішін үлгіні жаңа құжаттық жинаққа көшіру үшін, біріншіден Сіз пішін үлгіңіздің жұмыс көшірмесін жаңа құжаттық жинаққа көшіруіңіз қажет. Жұмыс көшірмесі дегеніміз бұл Сіздің компьютеріңізде немесе Microsoft Visual SourceSafe сияқты нұсқа басқару бағдарламасында сақталатын пішін үлгінің көшірмесі.

Кеңес : Егер пішін үлгіңіздің жұмыс көшірмесі болмаса бастапқы құжаттық жинақтан компьютеріңізге сақтап алуыңызға яғни одан жұмыс көшірмесі ретінде пайдалануыңызға болады.

Пішін үлгіңіздің жұмыс көшірмесін жаңа құжаттық жинаққа жариялап болғандан соң, бұрынғы құжаттық жинақтағы кез келген үлгілерін жаңа құжаттық жинаққа көшіріп ол жерде оларды жаңадан жарияланған пішін үлгімен байланыстыруыңыз қажет.

Пішін үлгіңізді көшіру себептерінен кез келген өзгертулерді енгізу қажет болса, ол өзгертулерді үлгіні жариялаудан алдын енгізіңіз. Мысалы үшін осы пішін үлгіге негізделген үлгілер пайдаланатын сыртқы деректер көздерінің орналасуы да көшірунің нәтижесінде өзгеру мүмкін. Ондай кездерде, пішін үлгіні жариялаудан алдын пішін үлгідегі деректер қосылуын сыртқы деректер көзінің жаңа орналасуына өзгертуіңіз қажет. Деректер қосылымын өзгерту туралы қосымша ақпараттарға сілтемелерді табу үшін Т.б. қараңыз көріңіз.

Ескерту : Пішін үлгісін жаприялау пішін үлгісін сақтаумен бірдей емес. Пішін үлгісін жариялағаныңызда, Жариялау шебері жариялау орны мен үдеріс нұсқауларын пішін үлгілеріне қосады, сонда пайдаланушылар осы пішін үлгісіне негізделген пішіндерді аша алады. Пішін үлгісін сақтағаныңызда, файлды компьютеріңізге сақтаған кездегі сияқты сіз пішін үлгісінің көшірмесін сақтайсыз. Пішін үлгіңізді толтыратын пайдаланушыларыңызға қол жеткізетін еткеніңізде, сізге әрдайым Жариялау шеберін пайдалану керек.

Беттің жоғарғы жағы

Бастамас бұрын

Пішін үлгіні және оған негізделген кез келген үлгілерді жаңа құжаттық жинаққа көшіруден алдын келесілерді орындауыңыз қажет:

  • Пішін үлгінің жұмыс көшірмесі    Бұл Сіз бірінші өзгертіп содан соң құжаттық жинаққа жариялайтын пішін үлгінің жұмыс көшірмесі. Жұмыс көшірмесі компьютеріңізде немесе Visual SourceSafe сияқты нұсқа басқару бағдарламасында сақтауға болады.

  • Кез келген жаңа сыртқы деректер көздерінің орналасуы    Егер пішін үлгілерге негізделген үлгілердің сыртқы деректер көзі өзгерген болса, үлгіні осы деректер көзінің жаңа орналасуымен байланыстыруыңыз қажет. Сыртқы деректер көздеріден пайдалануға қажетті рұқсаттары барма, жоқпа желі әкімшісімен хабарласыңыз. Егер пішін үлгі сыртқы деректер көзіне қосылу үшін деректерді қосу файлыдағы параметрлеріден пайдаланып жатқан болса, деректерді қосу файлы сыртқы деректер көзінің жаңа орналасуымен жаңартылғанына көз жеткізіңіз.

  • Пайдаланып тұрған серведегі қажетті құқықтарға қол жеткізуWindows SharePoint Services 3.0    Пішін үлгіні жариялау үшін және кез келген үлгілерін бұрынғы құжаттық жинақтан жаңа құжаттық жинаққа көшіру үшін серверде қажетті құқықтарға ие болуыңыз қажет. Сізде осы құқықтар бар, жоқтығын анықтау үшін сервер әкімшесімен хабарласыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгіңіздің жұмыс көшірмесін алу

Құжаттық жинақта немесе ортақ желі орналасуда жарияланған пішін үлгіні өзгертпекші болсаңыз, бірақ Сізде жұмыс көшірмесі болмаса пішін үлгі жариялау орналасуыдан жұмыс көшірмесін сақтап алуыңызға болады.

Кеңес : Жұмыс көшірмелерін басқару үшін Microsoft Visual SourceSafe нұсқа басқару бағдарламасы сияқты бағдараламалардан пайдалануыңызға болады.

Компьютеріңізге құжаттық жинақтағы осы пішін үлгінің көшірмесін сақтап алу.

  1. Веб шолғышында пішін үлгісі жарияланған құжат кітапханасын ашыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Параметрлер түймешігін нұқыңыз, содан кейін Пішін кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  3. Жалпы параметрлер астындағы Қосымша параметрлер түймешігін нұқыңыз.

  4. Құжат үлгісі бөлімінде Үлгіні өңдеу түймешігін нұқыңыз.

    Пішін үлгісі Microsoft Office InfoPath бағдарламасында ашылады.

  5. Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Иә түймешігін нұқыңыз.

  6. Файл мәзірінде Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  7. Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  8. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде пішін үлгісінің көшірмесін сақтағыңыз келген орынды шолыңыз, содан кейін Сақтау түймешігін нұқыңыз.

Ортақ желі қалтасыдан пішін үлгінің көшірмесін сақтап алу.

  1. Файл мәзірінде Пішін үлгісін құрастыру түймешігін нұқыңыз.

  2. Пішін үлгісін ашу астындағы Менің компьютеріме түймешігін нұқыңыз.

  3. Жарияланған пішін үлгісінің ортақ желі қалтасын шолыңыз, пішін үлгісін нұқыңыз, содан кейін Ашу түймешігін нұқыңыз.

  4. Файл мәзірінде Басқаша сақтау түймешігін нұқыңыз.

  5. Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  6. Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде пішін үлгісінің жұмыс көшірмесін сақтағыңыз келген бастапқы жариялау орнынан басқа орынды таңдаңыз, Сақтау түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

1-қадам: Пішін үлгіні жана құжаттық жинаққа жариялау

  1. Пішін үлгінің жұмыс көшірмесін дизайн күйінде ашыңыз

  2. Файл мәзірінде Жариялау түймешігін нұқыңыз.

  3. Басылым шеберінде InfoPath пішін қызметтері бар немесе жоқ SharePoint серверіне түймешігін нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

  4. SharePoint немесе InfoPathEnter үлгілер қызметі торабыңыздың орналасуын енгізу жолағында пішін үлгіні көшірмекші болған жаңа құжаттық жинағы бар SharePoint веб-торабы орналасуын енгізіп Келесі батырмасын басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде Құжаттық жинақ дегенін таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Жаңа құжаттық жинақты жарату таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде жаңа құжаттық жинағының аты мен оның сипаттамасын енгізіп Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Пішін үлгіде құжаттық жинағының әдепкі көрінісінде Сіз баған ретінде пайда болатынын қалаған өрісті таңдаңыз.

    Қалай?

    1. Қосу түймешігін нұқыңыз.

    2. Құжат кітапханасындағы баған ретінде қосқыңыз келген жолақты таңдаңыз, содан кейін төмендегілердің біреуін орындаңыз:

      • Баған атауы жолағында бағанның атауын теріңіз.

      • Торап бағанының тобы тізімінде торап бағанын таңдаңыз, Баған атауы тізімінде атау таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

        Ескерту : Егер сіз құжат кітапханасында деректерді бейнелеу үшін қайталанатын жолақты таңдасаңыз, сіз Функция тізіміндегі мәнді нұқу арқылы құжат кітапханасындағы жолақты қалай бейнелегіңіз келетінін анықтай аласыз. Сіз жолақтағы бірінші мәнді немесе жолақтағы соңғы мәнді немесе жолақтың барлық қайталану есебін бейнелеуді немесе барлық мәндерді біріктіруді таңдай аласыз.

    3. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    Құжаттық жинақтағы бағандарда деректерді бейнебетте көрсету туралы қосымша ақпарат үшін Т. б. көріңіз бөлімін көріңіз.

  9. Келесі батырмасын басыңыз.

  10. Шебердің келесі бетінде көрсетіліп тұрған ақпарат дұрыс екеніне көз жеткізіп Жариялау батырмасын басыңыз.

  11. Құжаттық жинағын ашып осы пішін үлгіге негізделген үлгіні толтыру барысын тексеріп көру үшін Осы құжаттық жинақты ашу құсбелгі көзін белгілеңіз, содан соң Жабу. батырмасын басыңыз.

    Құжаттық жинақ веб-жолғышта ашылады. Тізім құрал үстелінде Жаңа параметрін таңдайтын болсаңыз осы пішін үлгіге негізделген үлгі Microsoft Office InfoPath бағдарламасында ашылады.

Пішін үлгіні жаңа құжаттық жинаққа жариялап болғандан соң бұрынғы құжаттық жинактағы пішін үлгінің ескі нұсқасын жаңа құжаттық жинаққа көшіруіңізге болады. Үлгілерді көшіріп болғандан соң оларды пішін үлгінің жаңа нұсқасымен қайта байланыстыруыңызға болады. Егер осыны істемесеңіз пайдаланушылар ол үлгілерді аша алмай қалады.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: Бар үлгілерді көшіру және қайтадан байланыстыру

Бұл процедураны сәтті орындау үшін құжаттық жинақтардың екеуде бір серверде болуы тиісWindows SharePoint Services 3.0.

  1. Бұрынғы құжаттық жинағын шолғыш арқылы ашыңыз.

  2. Көру мәзірінде Жетектегіш көрінісін таңдаңыз.

  3. CTRL басып ұстап тұрыңыз, көшірілетін үлгілерді таңдап үлгіледің біреуінде тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз.

  4. Internet Explorerтілқатысу жолағында Иә батырмасын басыңыз, содан соң мәтінмәндік мәзірде Көшіру батырмасын басыңыз.

  5. Жаңа құжаттық жинақты ашыңыз.

  6. Көріністі таңдау параметрінің астында Жетектегіш көрінісі параметрін таңдаңыз.

  7. Қалта терезенің бос аумағында тінтуірдің оң жақ түймешігін нұқыңыз.

  8. Internet Explorerтілқатысу жолағында Иә батырмасын басыңыз, содан соң мәтінмәндік мәзірде Қою батырмасын басыңыз.

  9. Көру мәзірінде Құжаттарды қайтадан байланыстыру параметрін таңдаңыз.

  10. Қайтадан байланыстыру бағаныда жаңа пішін үлгімен байланыстырылатын әр бір үлгі үшін құсбелгі көзін белгілеңіз.

  11. Тізім құрал үстелінде Таңдалған құжаттарды қайтадан байланыстыру параметрін таңдаңыз.

Үлгілерді қайтадан байланыстырып болғандан соң пайдланушылар жаңа құжаттық жинаққа көшірілген үлгілерін өзгерте алады немесе жаңадан жарияланған пішін үлгіге негізделген үлгілерін толтыра алады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×