Жай мәтінді Word бағдарламасына қою

Кейде сіз Microsoft Office Word 2007 бағдарламасындағы құжатқа басқа бір жерден мәтінді қойған кезде, қандай да бір күрделі пішімдеуді көшіргіңіз келмейді. Мысалы, сіз өз ұжымыңыз үшін жазып жатқан жазбахатқа компанияңыздың веб-торабынан қандай да бір ақпаратты көшіргіңіз келеді делік. Веб-тораптың мазмұнын жаңа, таза Word құжатына қойған кезде, веб-торапта дерекатаулар, қаріптер мен еренсілтемелер үшін пайдаланылған пішімдеуді көшіргіңіз келмейді.

Мұның бір шешімі - мәтінді Блокноттағы файлдың ішіне қойып, содан соң мәтінді Блокноттан көшіріп алып, Word файлына қою. Бірақ бұдан әлдеқайда оңайырақ бір жол бар.

Тек мәтінді сақтау параметрін пайдалану

  1. Жылжытқыңыз немесе көшіргіңіз келетін мәтінді таңдаңыз, содан кейін мәтінді жылжыту үшін CTRL+X пернелерін басыңыз немесе мәтінді көшіру үшін CTRL+C пернелерін басыңыз.

  2. Мәтінді қойғыңыз келген жерден таңдаңыз, содан кейін CTRL+V пернелерін басыңыз.

  3. Қою параметрлері Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз, ол сіз мәтінді қойғаннан кейін пайда болады.

    Мен мәтінді қойған кезде Қою параметрлері түймешігі көрінбейді.

    Егер сіз мәтінді қойған кезде Қою параметрлері түймешігі көрінбесе, оны бейнебетке шығаруға арналған параметрді іске қосыңыз.

    1. Қоюды болдырмау үшін CTRL+Z пернелерін басыңыз.

    2. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Word параметрлері түймешігін нұқыңыз.

    3. Қосымша түймешігін басыңыз, содан кейін Қырқу, көшіру және қою тарауына қарай төмен айналдырыңыз.

    4. Қою параметрлері түймешіктерін көрсету құсбелгі көзін таңдаңыз.

    5. ОК түймешігін басыңыз.

    6. Мәтінді қою үшін CTRL+V пернелерін басыңыз.

  4. Тек мәтінді сақтау түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер таңдалған бөлікте мәтіннен басқа мазмұн болса, Тек мәтінді сақтау параметрі мазмұнды жояды немесе оны мәтінге айналдырады. Мысалы, егер сіз Тек мәтінді сақтау параметрін суреттері мен кестесі бар мазмұнды қою үшін пайдалансаңыз, суреттер қойылған мазмұннан шығарып тасталады, ал кесте ежелер тобына айналады.

Байрақшалы немесе нөмірленген тізімдерді жай мәтін тізімдеріне айналдыру

Егер таңдалған бөлікте байрақшалы немесе нөмірленген тізім болса, Тек мәтінді сақтау параметрі Word бағдарламасына мәтінді қоюға арналған әдепкі параметріне қарай, байрақшаларды немесе нөмірлерді жойып жіберуі мүмкін. Мәтінді қойған кезде, байрақшалы немесе нөмірлі таңбаларды сақтау үшін төмендегіні іске асырыңыз:

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Word параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Қосымша түймешігін басыңыз, содан кейін Қырқу, көшіру және қою тарауына қарай төмен айналдырыңыз.

  3. Мәтінді Тек мәтінді сақтау параметрі арқылы қойған кезде байрақшалар мен нөмірлерді сақтау құсбелгі көзін қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×