Жазу кітапшасын үндестіру күйін көру және қайшылықтарды шешу

Компьютеріңізде сақталған жазу кітапшасымен жұмыс істегенде Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасы өзгерістерді тұрақты және автоматты түрде сақтайды да, Сақтау пәрменін пайдалануды қажет етпейді. Бірақ, сіз және басқа адамдар ортақ жазу кітапшасына  — ортақ жерде орналасқан жазу кітапшасына  — бір уақытта жұмыс істегенде, әркімнің өзгерістерін сақтау және басқару өте күрделі болып табылады.

Бір уақытта жасалған өзгерістерді ортақ жазу кітапшасында сақтау үшін, OneNote бағдарламасы жазу кітапшасын әр пайдаланушы компьютерінде ортақ орында сақталатын жазу кітапшасы файлдарымен уақытылы үндестіреді. Осы үрдісті басқаратын параметрлерді лайықтай аласыз. Ортақ жазу кітапшасын әркімнің өзгерістерін дұрыс жинап жатқанын қамтамасыз ету үшін, пайда болатын қайшылықтарды шеше аласыз.

Не істегіңіз келеді?

Үндестіру күйін көру

Үндестіру параметрлерін өзгерту

Үндестіру қайшылықтарын шешу

Сәйкес емес бөлімдерді қарап шығу

Үндестіру күйін көру

Қалыпты жағдайларда OneNote бағдарламасы ортақ жазу кітапшасын тұрақты аралықпен автоматты түрде үндестіреді. Жазу кітапшалары шарлау тақтасында OneNote бағдарламасы әр ортақ жазу кітапшасының ағымдық үндестіру күйін бейнелейтін үндестіру күйі белгішесін көрсетеді.

Белгіше бейнесі  OneNote бағдарламасы өзгерістерді үндестіруде    Бұл белгіше OneNote бағдарламасы бір уақытта жазу кітапшасын өңдеп жатқан басқа пайдаланушылармен бірге жасаған өзгерістерді үндестірмек болған кезде көрінеді. Үндестіру кезінде желіден ажыратпаған және компьютерді сөндірмеген жөн.

Белгіше бейнесі  OneNote бағдарламасы өзгерістерді үндестіруді аяқтады    Бұл белгіше ортақ жазу кітапшасы жасалған өзгерістер ортақ орындағы жазу кітапшасы файлдарымен үндестірілген кезде көрінеді. Үндестіру сәтті болғанда ғана, басқа пайдаланушылар жазбаларыңыздың соңғы нұсқасын көре алады.

Белгіше бейнесі  OneNote бағдарламасы өзгерістерді толық үндестіре алмайды    Бұл белгіше ортақ жазу кітапшасы сақталған орынға қосылмағанда және соңғы үндестіру кезінде қате болғанда көрінеді. Қате кету себебін көру үшін, Жазу кітапшалары шарлау тақтасындағы жазу кітапшасы атауының үстіндегі меңзерді уақытша тоқтатыңыз да, бейнебетте Қалқыма көмек шыққанша күтіңіз. Егер ортақ орынға қосылмаған болсаңыз, компьютеріңізде таңдалған жазу кітапшасының жергілікті көшірмесін жасай аласыз. Дербес күйде жасалған өзгерістер ортақ орынға қосылған кезде автоматты түрде үндестіріледі.

Ескерту : Ортақ жазу кітапшасын үндестіру үшін, OneNote бағдарламасы ашу қажет. Егер компьютеріңіз желідегі ортақ орынға қосылған болса, бірақ OneNote бағдарламасы жабық болса, ортақ жазу кітапшалары компьютеріңізде үндестірілмейді.

Үндестіру қателерін көру

  1. Файл мәзірінде Үндестіру пәрменін, одан кейін Жазу кітапшасын үндестіру күйі пәрменін таңдаңыз.

  2. Ортақ жазу кітапшасын үндестіру тілқатысу терезесінде Қателер қойындысын нұқыңыз.

Ескерту : Егер ортақ жазу кітапшасының белгілі бір бөлімі дұрыс үндестірілмесе, OneNote бағдарламасы сол жазу кітапшасындағы басқа бөлімдерді үндестіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Үндестіру параметрлерін өзгерту

Көп жағдайларда жазу кітапшасын автоматты түрде үндестірген дұрыс болады. ОneNote бағдарламасы ортақ орындағы жазу кітапшасына өзгерістеріңізді үндестіргенін басқара аласыз. Бұл үндестірудің тез болуын қамтамасыз етуде пайдалы (мысалы, компьютеріңізді сөндірер алдында). Басқа жазу кітапшасы пайдаланушылары өзгерістерді немесе қосымшаларды жариялауға дайын болғанға дейін көрмеуі үшін, автоматты түрде үндестіруді кідірте аласыз.

Ортақ жазу кітапшасын қолмен үндестіру

  • Файл мәзірінде Үндестіру пәрменін таңдап, төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жазу кітапшалары шарлау тақтасында тізімделген ортақ жазу кітапшаларын үндестіру үшін Барлық жазу кітапшаларын үндестіру түймешігін басыңыз.

    • Қазір өңдеп жатқан жазу кітапшаларын үндестіру үшін, Ағымдық жазу кітапшаларын үндестіру түймешігін басыңыз.

Жазу кітапшасын автоматты түрде үндестіруді өшіру

Ортақ жазу кітапшаларын автоматты түрде үндестіру әдепкі бойынша қосылады. Егер ортақ жазу кітапшаларын өңдегенге дейін (мысалы, фактілерді тексеріп жатсаңыз) оларға жасалған өзгерістерді басқалар көрмегенін қаласаңыз, автоматты түрде үндестіруді ажыратып тастай аласыз.

  1. Компьютер мен ортақ жазу кітапшасы файлдары арасындағы автоматты түрде үндестіруді ажырату үшін, ортақ жазу кітапшасын ашыңыз.

  2. Файл мәзірінде Үндестіру пәрменін, одан кейін Дербес жұмыс пәрменін таңдаңыз.

    Маңызды : Сіз дербес жұмыс істеген кезде OneNote бағдарламасынан шығып, оны кейін қайтадан қоссаңыз да, компьютерде жасалған жазу кітапшасын өзгерістері үндестірілмейді. Жазу кітапшасын автоматты түрде үндестіруді қайта қосқанға дейін, жазу кітапшаларындағы өзгерістеріңізді ешкім көре алмайды.

Жазу кітапшасы автоматты түрде үндестіруді қайта қосу

  1. Компьютер мен ортақ жазу кітапшасы файлдары арасындағы автоматты түрде үндестіруді қосу үшін, ортақ жазу кітапшасын ашыңыз.

  2. Файл мәзірінде Үндестіру пәрменін, одан кейін Жазу кітапшасын үндестіру күйі пәрменін таңдаңыз.

  3. Ортақ жазу кітапшасын үндестіру тілқатысу терезесінде Автоматты түрде үндестіру дегенді таңдап, Жабу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Үндестіру қайшылықтарын шешу

Ортақ жазу кітапшасы орналасуына және желі күйіне байланысты үзілуі жазу кітапшасы иесі мен басқа пайдаланушыларға үндестіру қайшылықтарын қолмен шешуіне тура келеді.

Нұсқа қайшылықтары туралы хабарлары сіз немесе басқа пайдаланушы бір уақытта жазбалардың бір ежесін өзгертпек болғанда немесе басқа пайдаланушы өзгерістері үндестіріліп жатқанда өзгеріс жасағыңыз келгенде пайда болады. Егер сіз де, басқа пайдаланушы да дербес күйде бір ежені өзгерткен жағдайда да, қате туралы хабар пайда болады.

Бұл жағдайларда қате туралы хабар сары Мәлімет үстелінде пайда болады. Сонымен қатар қайшылығы бар бетте белгішені көресіз.

OneNote бағдарламасындағы ортақ жазу кітапшасы қайшылығын басқару үшін, мыналарды орындаңыз:

  1. Қайшылықтағы өзгерістерді (қызылмен бөлектелген) тізімдейтін бетті көру үшін, беттің үстіңгі жағында орналасқан сары Мәлімет үстелін нұқыңыз .

  2. Егер қажет болса, өзгерістерді негізгі бетке біріктіріңіз.

  3. Өзгерістерді қосуды аяқтаған кезде, «Қайшылықтар» бет қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірде Жою пәрменін таңдау арқылы оны жойыңыз.

Ескерту : Қайшылықтарды бірден шешу қажет емес. Нақты қайшылықтарға себеп болған беттер сіз не басқа пайдаланушылар жазу кітапшасына қосымша өзгертулер жасағанда да, үндестіруді жалғастыра береді. Қайшылықтарды тізімдейтін беттер қайшылықтармен не әрекет жасайтыныңызды шешкенге дейін жазу кітапшасы бөлімінде сақталады. Белгілі бір ортақ жазу кітапшасының қайшылықтар беті сол жазу кітапшасын қолданып отырған барлық пайдаланушы компьютерінде көрінеді, сондықтан олардың кез-келгені қайшылықтарды шеше алады.

Беттің жоғарғы жағы

Сәйкес емес бөлімдерді қарап шығу

OneNote бағдарламасы бөлім файлы табылмайтын жазу кітапшасы бөліміне жасалған өзгертулерді үндестірмекші болғанда, сәйкес емес бөлімдер пайда болады. Бұл жағдайда Жылжытылған бөлімдер түймешігі Барлық жазу кітапшалары белгішесі үстіндегі Жазу кітапшалары шарлау тақтасының қасында пайда болады.

Сәйкес емес бөлімдер мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

  • Ортақ орындағы басқа пайдаланушы арқылы жойылған бөлімге өзгерту жасасаңыз.

  • Басқа пайдаланушы арқылы басқа орынға жылжытылған бөлімге өзгерту жасасаңыз. Егер бөлім компьютеріңізде ашылатын басқа ортақ жазу кітапшасына жылжытылған болса, OneNote бағдарламасы осы бөлім файлын тауып, өзгертулерді жаңа орынға жөндеп үндестіріледі. Бұл жағдайда үндестірілген өзгертулерден кейін Жылжытылған бөлімдер белгішесі жоғалады.

OneNote бағдарламасы бөлімнің жаңа орнын тапқанға дейін немесе сіз не басқа пайдаланушы сәйкес емес бөлімді жойғанға, я болмаса жылжытқанға дейін, сәйкес емес бөлімдер ортақ жазу кітапшасында қала береді.

Сәйкес емес бөлімді жою

Егер ортақ жазу кітапшасындағы бөлім жойылса және сізге өзгертулерді үндестіру не сақтау қажет емес болса, мынаны орындаңыз:

  1. Жазу кітапшалары шарлау тақтасының астында Жылжытылған бөлімдер түймешігін басыңыз.

  2. Сәйкес емес бөлімдер тізімінде жойғыңыз келген бөлімді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Жою пәрменін таңдаңыз.

    Маңызды : Сәйкес емес бөлімді жойған кезде құрамындағы ақпарат та мүлдем жойылады. Егер сәйкес емес бөлімді мүлдем жойғыңыз келетініне сенімді болмасаңыз, оны жоймай, жазу кітапшасының басқа бөлігіне жылжыта аласыз.

Сәйкес емес бөлімді басқа жазу кітапшасына жылжыту

Ортақ жазу кітапшасындағы бөлім үндестірілмейтін болса, бірақ оның құрамындағы мәліметті сақтап қалғыңыз келсе, үндестірілмеген бөлімді басқа жазу кітапшасына жылжыта аласыз. Мазмұнын сақтап жатқанда ол ортақ жазу кітапшасынан жойылады.

  1. Жылжытқыңыз келген сәйкес емес бөлімнің қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Жылжыту пәрменін таңдаңыз.

  2. Бөлімді жылжыту тілқатысу терезесінде мыналардың бірін орындаңыз:

    • Басқа бөлім қойындысының алдына ағымдық бөлімді жылжыту үшін, тізімдегі нысандық қойындыны нұқыңыз да, Алдына жылжыту түймешігін басыңыз.

    • Басқа бөлім қойындысының артына ағымдық бөлімді жылжыту үшін, тізімдегі нысандық қойындыны нұқыңыз да, Артқа жылжыту түймешігін басыңыз.

    • Ағымдық бөлімді бөлім тобына немесе ешбір бөлімі жоқ жазу кітапшасына жылжыту үшін, нысаналық бөлім тобын немесе тізімдегі жазу кітапшасын нұқыңыз да, Ішіне жылжыту түймешігін басыңыз.

      Кеңес : Жаңа бөлім тобын жасау үшін, тізімде орналасу орнын таңдаңыз да, ағымдық бөлімді жылжытпай тұрып, Жаңа бөлімдер тобын жасау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×