Жазба кітапшаны OneDrive қызметінде ортақ пайдалануды тоқтату

Егер OneDrive қызметінде жазба кітапшасын ортақ пайдаланып, басқа пайдаланушылардың оны қарап, өңдей алуын қаламасаңыз, жазба кітапшасын OneDrive ішінде сақтап, ортақ пайдалану параметрлерін өзгертуге болады.

Белгілі бір адамға жазба кітапшасын қарап немесе өңдеуге етпеу үшін «Келесі адамдармен ортақ пайдалануда» рұқсаттарын өзгертуге болады.

  1. Файл > Ортақ пайдалану > Пайдаланушыларды шақыру тармақтарын басыңыз.

  2. Келесі пайдаланушылармен ортақ пайдалнуда параметрінің астында пайдаланушының атын тінтуірдің оң жағымен басыңыз.

  3. Пайдаланушыны толық жою немесе рұқсаттарын өзгертуді таңдаңыз.

    Рұқсаттарды жою және жазба кітапшасын біреумен ортақ пайдалануды тоқтату

Ескерту :  Біреуден жазба кітапшаларыңызды өңдеуге рұқсатын алып тастап, бірақ қарауға рұқсатын қалдыру үшін олардың рұқсаттарын Өңдей алады немесе Қарай алады параметрлерінен өзгертіңіз.

Ортақ пайдалану сілтемесін ажырату

Егер жазба кітапшаңызды сілтеме арқылы ортақ пайдалансаңыз, пайдаланушылар жазба кітапшаңызды қарап немесе өңдей алмас үшін ол сілтемені жұмыстан ажыратуға болады. Сілтемені ажыратқаннан кейін, оны басатын пайдаланушылар сілтеменің жойылған немесе мерзімі өткен жайлы хабар алады, немесе оларға сілтемені қарауға рұқсат берілмеуі мүмкін.

  1. Файл > Ортақ пайдалану > Ортақ пайдалану сілтемесін алу пәрмендерін басыңыз.

  2. Көру сілтемесі немесе Өңдеу сілтемесінен кейін Сілтемені ажырату пәрменін басыңыз.

    Ортақ пайдалану сілтемесін қосу немесе ажырату

Ескерту :  Егер Сілтемені жасау түймешігін көріп, сілтеме болмаса, жазба кітапшаңызға сілтеме жасамағансыз немесе оны ажыратып қойғансыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×