Жазбалар жазу және пішімдеу

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасында жазбалар жазу қағаз жазу кітапшасына жазғандағыдай оңай, бірақ OneNote бағдарламасын қолдану арқылы өзіңіз қалаған кезде мәтінді беттің кез келген жеріне немесе басқа бетке жылжыта аласыз, қалаған жерде бос орын жасап, беттерді қоса аласыз, сондай-ақ кейін орындау үшін маңызды жазбаларды белгілей аласыз.

Жазбаларыңыз терілген мәтін, суреттер және сызбалардың тіркесімдерінен,  сондай-ақ веб-беттерден жинаған мәтіндер мен суреттерді қоса алғанда , сандық қолжазбалардан, дыбыс және бейне жазбалардан және т.б. тұруы мүмкін.

Не істегіңіз келеді?

Жазбаларды бетте теру немесе қолмен жазу

Беттегі мәтінді жылжыту

Бетке бос орын қосу

Жаңа бет жасау

Беттердің ретін өзгерту

Жазбаларды сақтау

Уақыт пен мерзімді кірістіру

Байрақшалы немесе нөмірленген тізім жасау

Еренсілтеме қосу немесе оны өңдеу

Кесте жасау

Сурет кірістіру

Маңызды жазбаларға жазба тегтерін қосу

Жазбаларды бетте теру немесе қолмен жазу

  • Терілген жазба жазу үшін, беттің жазба орналасуын қалаған кез келген жерін нұқып, мәтінді теріңіз. OneNote бағдарламасы теретін немесе жазатын мәтіннің әрбір бұғатына жазба контейнерін жасайды.

  • Егер енгізу құрылғысын қолдансаңыз, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Қаламұш Түймешік суреті түймешігін басып, одан кейін беттің кез келген жеріне жазбаны қолмен енгізіңіз. Кез келген уақытта пернетақтадан теруді қайта қосу үшін, Жазу құралдары құралдар тақтасындағы Теру не таңдау құралы Теру не таңдау құралы түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Беттегі мәтінді жылжыту

Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Мәтінді бет ішінде жылжыту үшін, меңзерді мәтіннің үстіне апарыңыз. Жазба контейнері пайда болғанда оның үстіңгі жиегін нұқып, контейнерді беттің жаңа орналасу жеріне апарыңыз.

  • Мәтінді бір беттен басқа бетке көшіру немесе жылжыту үшін, жазба контейнерінің үстіңгі жиегін оң жақ пернемен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Көшіру немесе Қиып алу пәрменін таңдап, жазбаларды өзіңіз қалаған бетке қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бетке бос орын қосу

  1. Стандартты құралдар тақтасындағы Түймешік суреті Жазбалар үшін қосымша бос орынды кірістіру түймешігін басыңыз.

  2. Беттегі қосымша орын қосқыңыз келетін жерді нұқып, одан кейін қажетінше бос орын қосу үшін, меңзерді көрсеткі белгілеген бағытқа апарыңыз.

Бетке қосымша орын қосу үшін, нұқу және апару

1-шақыру Беттің жиектеріне немесе мәтін жолдары арасына бос орын қосу үшін апарыңыз.

Кеңес : Беттің төменгі жағына қосымша бос орын қосу үшін, тік жылжыту жолағындағы Жарты бетке төмен қарай айналдыру түймешігін басыңыз. Түймешік суреті

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа бет жасау

  1. Лезде жаңа бет жасау үшін, бет қойындыларының үстіндегі Жаңа бет түймешігін басыңыз. (Бос бет таңдау, бет тобында бағыныңқы бет жасау немесе үлгіден бет жасау үшін, Жаңа бет түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқыңыз.)

  2. Беттің үстіңгі жағындағы Тақырып жолағында беттің тақырыбын теріңіз. Терілген тақырып OneNote бағдарламасының терезесі жанындағы бет қойындысында пайда болады.

Беттің жоғарғы жағы

Беттердің ретін өзгерту

  • Бетті бөлім ішінде жылжыту үшін, бет қойындысын кішкентай көрсеткі пайда болғанға дейін, нұқып кішкене оңға апарыңыз және ағымдық бөлімде бет қойындысын жаңа жерге жоғары не төмен апарыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жазбаларды сақтау

OneNote бағдарламасы жазба жазылып жатқанда, басқа бетке немесе бөлімге ауысқанда, бөлімдерді және жазу кітапшаларын жапқан кезде жұмысты өздіктік және тұрақты түрде сақтап отырады. Жазбаларды аяқтаған соң, оларды қолмен сақтаудың қажеті жоқ.

Кеңес : Жазбалар бөлімінің көшірмесін басқа жерлерге сақтау үшін, Файл мәзіріндегі Басқаша сақтау пәрменін пайдаланыңыз. OneNote бағдарламасы жазбаның жаңа жердегі кез келген өзгерісін сол бөлімде автоматты түрде сақтайды.

Беттің жоғарғы жағы

Уақыт пен мерзімді кірістіру

OneNote бағдарламасын қалай пайдалануыңызға байланысты хронологиялық оқиғаларды белгілеу және бақылау үшін, компьютердегі ағымдық мерзім мен уақытты пайдалана аласыз. Мысалы, күні бойы белгілі уақытта қабылданған телефон қоңырауларын тіркей аласыз немесе OneNote веб-тіркеуінде енгізбені немесе ағымдық мерзімдегі тіркеу журналын белгілей аласыз.

  1. Көрсеткіні мерзім және уақыт белгісін қосқыңыз келетін жерге қойыңыз.

  2. Төмендегі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Кірістіру мәзіріндегі Күні және уақыт пәрменін таңдаңыз.

    • Ағымдық мерзім мен уақытты кірістіру үшін, ALT+SHIFT+F пернелерін басыңыз.

    • Тек мерзімді кірістіру үшін, ALT+SHIFT+D пернелерін басыңыз.

    • Тек уақытты кірістіру үшін, ALT+SHIFT+T пернелерін басыңыз.

Кеңес : OneNote бағдарламасы жаңа бет жасалғанда, бет тақырыбының астына мерзім мен уақыт белгісін автоматты түрде қосады. Беттің мерзім немесе уақыт белгісін өзгерту үшін, мерзім мен уақытты нұқып, одан кейін пайда болған күнтізбені немесе сағат белгішесін нұқыңыз. OneNote бағдарламасы беттерді іздеу кезінде жазбаға жаңа мерзім мен уақыт белгісін пайдаланады.

Ескерту : Әдетте OneNote бағдарламасы Microsoft Windows жүйесіндегі басқару мәзірінде орнатылған мерзім мен уақыт пішімін пайдаланады. OneNote бағдарламасында көрсетілетін мерзімдер мен уақыттардың жолын өзгерту үшін, Windows жүйесіндегі басқару мәзірінде орналасқан Тіл және жергілікті стандарттар белгішесін екі рет нұқыңыз, таңдалған жергілікті жер үшін Теңшеу түймешігін басып, Уақыт және Күн пішімдерін таңдаңыз. Өзгертулер тек жаңа жазба беттеріне қолданылады, ал жаңа ғана жасалған беттерге қолданылмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Байрақшалы немесе нөмірленген тізім жасау

Байрақшалы тізім жасау

  1. Стандартты құралдар тақтасындағы Таңбалауыштар түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  2. Тізімдегі бірінші элементке қалаған мәтінді теріп, ENTER пернесін басыңыз.

    Келесі тізім элементіне арналған жаңа байрақша автоматты түрде жасалады.

  3. Байрақшалы тізімді аяқтау және қалыпты ежені теруді жалғастыру үшін, ENTER пернесін екі рет басыңыз немесе тізімдегі соңғы байрақшаны жою үшін, BACKSPACE пернесін басыңыз.

Кеңес : Байрақшалы тізімді автоматты түрде бастау үшін * (жұлдызша) теріп, БОС ОРЫН немесе TAB пернелерін басыңыз.

Нөмірленген тізім жасау

  1. Стандартты құралдар тақтасындағы Нөмірлеу түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

  2. Тізімдегі бірінші элементке қалаған мәтінді теріп, ENTER пернесін басыңыз.

    Келесі тізім элементіне арналған жаңа нөмір автоматты түрде жасалады.

  3. Байрақшалы тізімді аяқтау және қалыпты ежені теруді жалғастыру үшін, ENTER пернесін екі рет басыңыз немесе тізімдегі соңғы нөмірді жою үшін, BACKSPACE пернесін басыңыз.

Кеңес : Нөмірленген тізімді автоматты түрде бастау үшін 1. теріп, БОС ОРЫН немесе TAB пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Еренсілтеме қосу немесе оны өңдеу

OneNote бағдарламасы жазбаға URL-мекен-жайы теріліп немесе қойылған сайын еренсілтемені автоматты түрде жасап отырады.

Еренсілтеме қосу

Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Жазбаңызда еренсілтеме көрсететін URL-мекен-жайын теріңіз немесе қойыңыз. Мысалы, Microsoft веб-торабына еренсілтеме қосу үшін, http://www.microsoft.com мекен-жайын теріңіз.

  • Кірістіру мәзіріндегі Еренсілтеме пәрменін таңдап, одан кейін Еренсілтемені кірістіру тілқатысу терезесінде еренсілтеме көрсететін URL-мекен-жайын белгілеп, жазбаларда еренсілтеме пайда болатын Мәтін пәрменін таңдаңыз.

Кеңес : Жазу кітапшасына басқа жерлерге тез ауысуға арналған еренсілтемелер жасау үшін, құрамында байланыс орнатқыңыз келетін беті бар жазу кітапшасы бөлімін таңдап, жақтау жолақтағы бет қойындысын оң жақ түймешікпен нұқып, Осы бетке еренсілтеме көшіру түймешігін басып, еренсілтемені орналастырғыңыз келген жерге қойыңыз.

Еренсілтемені өңдеу

  • Еренсілтемені оң жақ пернемен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Еренсілтемені өзгерту пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кесте жасау

  1. Кесте кірістіргіңіз келген жерді нұқыңыз.

  2. Кесте мәзіріндегі Кестені кірістіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Кесте кірістіру тілқатысу терезесіне қалаған бағандар мен жолдар санын енгізіңіз.

Кеңес : Кестені суретін салу арқылы тез жасай аласыз. Стандартты құралдар тақтасындағы Кестені кірістіру түймешігін басып, қалаған жолдар мен бағандар нөмірін белгілеу үшін, меңзерді төменге және оңға апарыңыз. Кесте жасау және оған жаңа бағандар қосу үшін TAB пернесін, ал кестеге жаңа жолдар қосу үшін ENTER пернесін қолдануыңызға аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сурет кірістіру

Жазбаларға суреттер, сызбалар және кескіндер кірістіре аласыз.

Компьютеріңіздің файлынан суретті кірістіру үшін, төмендегі әрекетті орындаңыз:

  1. Кірістіру мәзіріндегі Сурет пәрменін көрсетіп, одан кейін Файлдан пәрменін таңдаңыз.

  2. Суретті кірістіру тілқатысу терезесінде файл орналасқан жерге ауысыңыз да, файлды таңдау үшін нұқып, Кірістіру түймешігін басыңыз.

Интернеттен сурет кірістіру үшін, төмендегі әрекетті орындаңыз:

  1. Кірістіру мәзіріндегі Сурет пәрменін көрсетіп, одан кейін Файлдан пәрменін таңдаңыз.

  2. Суретті кірістіру тілқатысу терезесіндегі Файл аты жолағында сурет файлының толық URL-мекен-жайын теріңіз немесе қойыңыз (мысалы, http://www.microsoft.com/images/logo.gif), одан кейін Кірістіру түймешігін басыңыз.

Ескерту : Жазбалардың үстіне мәтін теру арқылы оларға кірістірілген суреттерге түсініктеме бере аласыз. OneNote бағдарламасының Microsoft Office көптеген қолданбаларынан айырмашылығы – кірістірілген суретті нұқу арқылы суретті белгілеу мүмкін емес. Оның орнына мәтін теруге арналған кірістіру жолы қойылады. Кірістірген суретті белгілегіңіз келсе, меңзерді оның үстіне жылжытыңыз. Суреттің айналасында үзік сызықты көк жиек және суреттің қасында көк айқас тұтқа пайда болады. Суретті таңдау үшін, жиекті немесе тұтқаны таңдаңыз. Сурет таңдалған соң, оны беттегі жаңа орынға нұқып апарыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Маңызды жазбаларға жазба тегтерін қосу

OneNote бағдарламасы жазбаларыңызға байланыстыра алатын Маңызды және Орындау сияқты жазба тегтерін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, өзіңіздің қолданбалы жазба тегтеріңізді жасап, тегі бар элементтерді іздеуіңізге де болады.

Жазба тегін қосу

  1. Белгілегіңіз келген ежеге меңзерді қойыңыз.

  2. Стандартты құралдар тақтасында орналасқан Тегтер түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін қалаған жазба тегін нұқыңыз. Мысалы, орындағыңыз келген бір нәрсеге жалауша тіркеу үшін, Істер түймешігін Түймешік суреті басыңыз.

Жазбаларға тегтерді қосқаннан кейін, жазбалардан белгіленген элементтерді іздей аласыз және оларды тег атауларына сәйкес топтастыра аласыз.

Белгіленген жазбаларды іздеу

  1. Стандартты құралдар тақтасында орналасқан Тегтер түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін Тегі бар барлық жазбаларды көрсету түймешігін басыңыз.

  2. Жазба тегтерінің нәтижесі бөлігінде қажет болған жағдайда Іздеу аумағын қысқартып, Нәтижелерді жаңарту түймешігін басыңыз.

Ескерту : Белгіленген элементке әрекет қолданылған-қолданылмағандығын көрсететін жалауша ретінде Орындау жазба тегін қолдана аласыз. Жазба тегтерінің нәтижесі тапсырмалар аймағындағы немесе жазба тегі бар беттегі жолақты белгілеңіз немесе алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×