Жазбаларыңызды реттеу

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасы қағаз жазу кітапшалары немесе үш сақиналы түптегіш сияқты беттерден және бөлімдерден тұратын жазу кітапшасы ішіндегі мәліметті реттеуге көмектеседі. Қажетті жерінде және керек уақытында беттерді, бөлімдерді және қосымша жазу кітапшаларды қосуға болады, сондай-ақ олардың атауларын оп-оңай өзгерте де, жылжыта да, жоя да аласыз.

Қарапайым OneNote бағдарламасының жазу кітапшасы бір не бірнеше жазу кітапшасы бөлімінен жасалған. Әр бөлімде жазба жасауыңызға болатын жеке беттер және бағыныңқы беттер бар. OneNote бағдарламасы кез келген жеке реттеу мәнерімен шектелмеген. Өз қалауыңызша жазбаларды реттей аласыз, ал өз ойыңыздан айнысаңыз, жазбаларды реттеу жолын да оңай өзгертуге болады.

Не істегіңіз келеді?

Жұмыс беттерімен және бағыныңқы беттермен жұмыс істеу

Бөлімдермен жұмыс істеу

Жұмыс беттерімен және бағыныңқы беттермен жұмыс істеу

OneNote бағдарламасында беттің кез келген жерінен жазба жасай аласыз. Бет терезесін бойлай орналасқан бет қойындысынан сізге қажет бетті оңай таба алады. Бет қойындылары жазу кітапшаңыздың кез келген жеріне жаңа бетті қосуды жеңілдетеді.

Бағыныңқы беттерді қосу арқылы байланысты беттер тобын жасай аласыз. Әр топта бастапқы бет және қажетті көптеген бағыныңқы беттер болады. Беттің тапсырмаларын пайдалануды жеңілдету (мысалы, оларды көшіру, жылжыту немесе электрондық пошта арқылы жіберу) үшін топты элемент ретінде оңай таңдай аласыз. Бағыныңқы бет тақырыптары да мәліметтерді реттеуге көмектеседі.

Жаңа бет немесе бағыныңқы бет жасау

Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Жаңа бет жасау үшін бет қойындылары үстіндегі Жаңа бет түймешігін басыңыз.

  • Жаңа бағыныңқы бет жасау үшін Жаңа бет көрсеткісін таңдап, Жаңа ішкі бет түймешігін басыңыз.

    Кеңес : Сонымен қатар бет қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Жаңа ішкі бет пәрменін таңдау арқылы жаңа бағыныңқы бет жасауға болады.

Беттің тақырыбын қосу немесе өзгерту

  • Тақырыпты тікелей беттің жоғарысында орналасқан тақырып аумағына енгізіңіз. Әр беттің тақырыбы өзіне сәйкес бет қойындысында пайда болады. Егер тақырып аумағын бос қалдырсаңыз, жазбаның бірінші жолы автоматты түрде беттің тақырыбына айналады.

    Беттің атын өзгерту үшін сол бет қойындысын нұқыңыз да, тақырып аумағына басқа тақырыпты теріңіз.

Бетті және бағыныңқы бетті жою

  • Бетті немесе бағыныңқы бетті жою үшін бет қойындысына тінтуірдің оң жақ түймешігін басып, Жою пәрменін таңдаңыз.

Беттің мерзімін өзгерту

  1. Беттің тақырыбы астындағы мерзімді нұқып, пайда болатын күнтізбе белгішесін нұқыңыз.

  2. Күнтізбе ішінде бетте көрсеткіңіз келген мерзімді нұқыңыз. Ағымдық мерзімді таңдау үшін Бүгін түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Таңдалған жаңа мерзім ескі беттің мерзімін автоматты түрде ауыстырады. Жазбаларды іздегенде жаңа бет мерзімі пайдаланылады.

Бір немесе бірнеше бетті таңдау.

  • Бетті таңдау үшін сол бетке өту қойындысын нұқыңыз да, бет қойындысын қайта нұқып, бетті таңдай аласыз.

  • Бет тобын таңдау үшін сол топтағы бастапқы топты таңдаңыз және оның қойындысын екі рет нұқыңыз.

  • Топтың бөлігіне жатпайтын бірнеше беттерді таңдау үшін сол беттердің қойындыларын нұқығанда, CTRL немесе SHIFT пернелерін жібермей басып тұрыңыз.

Беттерді топтау

  1. Топтағыңыз келетін беттер тізімінде бірінші болуы үшін, топтың негізгі беті болуын қалаған бет қойындысын тізім басына нұқып апарыңыз.

  2. CTRL немесе SHIFT пернелерін жібермей басып тұрып, топтағыңыз келетін беттердің қойындыларын нұқыңыз.

  3. Таңдалған беттерді тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Беттерді топтау пәрменін таңдаңыз.

Беттерді топтан тарату

  • Бет тобын жеке беттерге ажырату үшін, бет қойындысын немесе кез келген бағыныңқы бет қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Беттер тобын тарату пәрменін таңдаңыз.

Бөлім ішіндегі бетті немесе бағыныңқы бетті жылжыту

  1. Жылжытқыңыз келетін беттің қойындысын нұқыңыз және оны жаңа орынға апарыңыз. Кішкене үшбұрыш беттің қай жерге орналасатынын көрсетеді.

    • Бірнеше бетті немесе бағыныңқы беттерді таңдау үшін, жылжытқыңыз келген беттердің қойындыларын нұқыған кезде, CTRL немесе SHIFT пернесін жібермей басып тұрыңыз.

    • Егер бағыныңқы бетті жаңа жерге апарсаңыз, ол негізгі бетке айналады. Негізгі бетті және оның бағыныңқы беттерін жылжыту үшін, оларды таңдап, бірге жылжытыңыз.

  2. Бет қойындысын жоғарыға немесе төменге апарыңыз, орналастырғыңыз келген жерге үшбұрыш анықтауышы барғанда ғана тінтуірдің түймешігін босатыңыз.

Бетті немесе бағыныңқы бетті басқа бөлімге жылжыту.

  1. Жылжытқыңыз келген беттің қойындысын нұқыңыз да, жылжытқыңыз келген бөлім қойындысына апарыңыз.

    Кеңес : Сонымен қатар жылжытқыңыз келген беттің немесе бағыныңқы беттің қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Бетті жылжыту пәрменін таңдап, Басқа бөлім пәрменін таңдаңыз.

    • Бірнеше бетті немесе бағыныңқы бетті таңдау үшін, жылжытқыңыз келген бет қойындыларын нұқыған кезде, CTRL немесе SHIFT пернесін жібермей басып тұрыңыз.

    • Егер бағыныңқы бетті жаңа орынға жылжытсаңыз, ол негізгі бетке айналады. Негізгі бетті және оның бағыныңқы беттерін жылжыту үшін, оларды таңдап, бірге жылжытыңыз.

  2. Беттерді жылжыту немесе көшіру тілқатысу терезесінде бетті немесе бағыныңқы бетті жылжытқыңыз келетін бөлімді таңдаңыз да, Жылжыту түймешігін басыңыз.

Ағымдық бетке еренсілтемені көшіріп қою

Жазу кітапшасының кез келген бетіне таңдалған мәтіннен басқа бетке өту үшін, еренсілтеме қоса аласыз. Бұл айқас сілтеме жазбаларына және жазу кітапшасындағы әр бөлімінің бірінші бетінде мазмұн жасауға пайдалы.

  1. Жақтау жолақта еренсілтеме көрсететін бет қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Мәтінмәндік мәзірде Осы бетке еренсілтемені көшіру пәрменін таңдаңыз.
    Таңдалған бетке еренсілтеме және беттің тақырыбы аралық сақтағышқа көшіріледі.

  3. Еренсілтемені қамтитын беттегі орынды нұқыңыз.

  4. Өңдеу мәзірінде Қою пәрменін таңдаңыз.
    OneNote бағдарламасы нұқыған кезде сол бетті көрсететіндей етіп, еренсілтемені кірістіреді.

    Кеңес : Еренсілтемені нұқығаннан кейін алдыңғы бетке тез қайта өту үшін, Стандартты құралдар тақтасындағы Артқа түймешігін басыңыз.

Бетте жазбаларды қайта реттеу

  • Жылжытқыңыз келетін жазба контейнерінің үстіңгі жиегін нұқыңыз да, контейнерді беттің қалаған жеріне апарыңыз.

    Кеңестер

    • Ежені жылжыту үшін, меңзерді еже тұтқасында жылжытып, меңзер төрт бағытты көрсеткі болғанда, ежені беттегі жаңа орынға апарыңыз. Егер жылжытқан ежеңізде шегінген ежелер болса, онда олар таңдалған ежемен бірге жылжытылады. Тек үстіңгі ежені таңдау үшін, оның тұтқасын қайта нұқыңыз.

    • Бір жазба контейнерін екіншісіне апару кезінде, SHIFT пернесін басу арқылы жазба контейнерлерін біріктіре аласыз.

    • Әдепкі бойынша беттің айналасымен беттегі контейнерлер мен басқа элементтерді жылжытқанда, олар көрінбейтін торға байланыстырылады. Бұл жазба контейнерлерін, суреттерді және беттегі басқа элементтерді түзеуді оңайлатады. Жазба контейнерін апарғанда ALT пернесін жібермей басып тұру арқылы параметрді уақытша елемеуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Бөлімдермен жұмыс істеу

Кейбір үш сақиналы түптегіштерде жазбалар бөлімдерге әртүрлі тақырып не бөлімге жатқызылған бөлгіштер арқылы реттеледі. OneNote бағдарламасында ағымдық беттің үстіндегі көлденең қойындылар жазу кітапшасының қазір ашылып тұрған бөлімдерін (қалталарын) көрсетеді. Жазу кітапшасындағы әр бөлім компьютердегі әдепкі Құжаттар қалтасында орналасқан OneNote жазу кітапшасы қалтасындағы бір файлда сақталады.

Жаңа бөлім жасау

  1. Файл мәзірінде Жаңа пәрменін таңдаңыз да, Бөлім пәрменін таңдаңыз.

    Кеңес : Сонымен қатар бөлім қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірде Жаңа бөлім пәрменін таңдау арқылы жаңа бөлімдер жасауға болады.

  2. Таңдалған бөлім қойындысында жаңа тақырыпты теріңіз және ENTER пернесін басыңыз.

Бөлімді ашу

  1. Файл мәзірінде Ашу пәрменін, одан кейін Бөлім пәрменін таңдаңыз.

  2. Файлды ашу тілқатысу терезесінде ашқыңыз келген файл бөлімін таңдаңыз да, Ашу түймешігін басыңыз.

Бөлімді жылжыту

Уақыт өткен сайын жазу кітапшасы көлемінің өсуі қосылған бөлімдер қойындыларының тәртібін өзгертуді қажет етуі мүмкін.

Ағымдық жазу кітапшасында бөлім қойындысын жаңа орынға тез жылжыту үшін, мыналардың бірін орындаңыз:

  • Ағымдық беттің үстінде бөлім қойындысын солға немесе оңға нұқып апарыңыз. Жаңа жерді көрсететін кішкене үшбұрыш пайда болады.

  • Әр ашылған жазу кітапшасы бөлімдерін көрсету үшін, сол жақтау жолағындағы Шарлау жолында Шарлау тақтасын жаю (қос көрсеткі) түймешігін басыңыз және кез келген бөлім қойындысын жоғары не төмен жылжытып, оның жаңа орнына апарыңыз. Бөлімді апарғанда жаңа орынды көрсететін көлденең сызық пайда болады.

Бөлімді жазу кітапшасынан қалтаға немесе басқа жазу кітапшасына жылжыту үшін, мыналарды орындаңыз:

  1. Ағымдық беттің үстіндегі жылжытқыңыз келетін бөлім қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Жылжыту пәрменін таңдаңыз.

  2. Бөлімді жылжыту тілқатысу терезесінде мыналардың бірін орындаңыз:

    • Басқа бөлім қойындысының алдына ағымдық бөлімді жылжыту үшін, тізімдегі мақсатты бөлім қойындысын нұқып, Алдына жылжыту түймешігін басыңыз.

    • Басқа бөлім қойындысының артына ағымдық бөлімді жылжыту үшін, тізімдегі мақсатты бөлім қойындысын нұқып, Кейін жылжыту түймешігін басыңыз.

    • Ағымдық бөлімді бөлім тобына немесе жазу кітапшасына бөлімдерсіз жылжыту үшін, тізімдегі мақсатты бөлім тобын немесе жазу кітапшасын нұқып, Ішіне жылжыту түймешігін басыңыз.

      Кеңес : Жаңа бөлім тобын жасау үшін, тізімде орынды таңдаңыз және ағымдық бөлімді жылжытпас бұрын Жаңа бөлімдер тобын жасау түймешігін басыңыз.

Бөлімді қайта атау

  1. Қайта атағыңыз келген бөлім қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдегі Қайта атау пәрменін таңдаңыз.

  2. Бөлімнің жаңа атауын теріп, ENTER пернесін басыңыз.

Бөлімді жою

  • Жойғыңыз келген бөлім қойындысын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да, мәтінмәндік мәзірдегі Жою пәрменін таңдаңыз.

Ағымдық бөлімге еренсілтемені көшіру немесе қою

Жазу кітапшасының кез келген бетіне таңдалған мәтіннен басқа бөлімге өту үшін, еренсілтемені қоса аласыз. Бұл айқас сілтеме жазбаларына және жазу кітапшасындағы әр бөлімінің бірінші бетінде мазмұн жасауға пайдалы.

  1. Жақтау жолақта еренсілтеме көрсететін беттің қойындысын оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Мәтінмәндік мәзірде Осы бетке еренсілтемені көшіру пәрменін таңдаңыз.
    Таңдалған бетке еренсілтеме және беттің тақырыбы аралық сақтағышқа көшіріледі.

  3. Еренсілтемені қамтитын беттегі орынды нұқыңыз.

  4. Өңдеу мәзірінде Қою пәрменін таңдаңыз.
    OneNote бағдарламасы нұқыған кезде сол бөлімді көрсететіндей етіп, еренсілтемені кірістіреді.

    Кеңес : Еренсілтемені нұқығаннан кейін алдыңғы бетке тез қайта өту үшін, Стандартты құралдар тақтасындағы Артқа түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×