Ескі RSS элементтерін автоматты түрде жою

Кейбір RSS арналарындағы мазмұнның көлемі өте жоғары болуы мүмкін. Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасына қосымша RSS арналарын қосқан кезде, Microsoft Exchange пошта жәшігі немесе Жеке қалталар файлы (.pst) өлшемінің жылдам артуына әкелуі мүмкін.

Microsoft Outlook бағдарламасындағы автомұрағаттау мүмкіндігі белгілі бір мерзімнен ескіріп кеткен элементтерді жоюдың автоматты жолын ұсынады. Көптеген RSS арналарына жаңалықтар немесе басқа да уақытқа тәуелді ақпарат кіреді. Ескі элементтерді сақтау қажеттігі әдетте электрондық пошта хабарламаларын сақтау сияқты маңызды бола бермейді.

Ескерту : Осы мақаладағы іс рәсімдері автомұрағаттау мүмкіндігін пайдалануды қажет етеді. Егер компьютердегі Outlook профайлдарының біреуінде хабар мәтінін қадағалаумен бірге Exchange тіркелгісі бар болса, автомұрағаттау мүмкіндігі қолданылмауы мүмкін.

Бұл мақалада

Автомұрағаттау туралы қосымша ақпарат

RSS элементтері үшін автомұрағаттауды теңшеу

Автомұрағаттауды қосу

Әрбір RSS арналар қалтасы үшін автомұрағаттау параметрлерін белгілеу

Қолмен мұрағаттау немесе жою

Автомұрағаттау туралы қосымша ақпарат

Автомұрағаттау әдепкіде қосылып, жоспарланған уақыт аралықтарында автоматты түрде мұрағаттауды, көрсетілген жағдайда, Outlook қалталарының барлығынан ескі элементтерді жоюды іске қосады. Ескі элементтер — белгілі бір мұрағаттау мерзіміне жеткен элементтер.

Әдепкіде Outlook бағдарламасында мұрағат файлдарын мына жерде жасалады:

  • Windows Vista жүйесінде    

    дискі:\пайдаланушы\AppData\Local\Microsoft\Outlook\Archive.pst

    Егер Жергілікті қалтасы көрінбесе, ол жасырын тұруы мүмкін. Жасырын қалталарды көрсету туралы ақпаратты Microsoft Windows анықтамасынан қараңыз.

  • Microsoft Windows XP немесе Microsoft Windows Server 2003 жүйесінде    

    дискі:\Documents and Settings\пайдаланушы\Local Settings\Application Data\Microsoft\Outlook\Archive.pst

    Егер Жергілікті стандарттар қалтасы көрінбесе, ол жасырын тұруы мүмкін. Жасырын қалталарды көрсету туралы ақпаратты Windows анықтамасынан қараңыз.

Outlook бағдарламасында элементтер мұрағатталғаннан кейін, элементтерге Outlook бағдарламасының шарлау аумағындағы Мұрағат қалталары арқылы тікелей қатынауға болады. Шарлау аумағындағы Мұрағат қалталары тізімін көру үшін Өту мәзіріндегі Қалта тізімі параметрін таңдаңыз.

Мұрағат қалталары ашылған кезде, Outlook бағдарламасында қолда бар қалталар құрылымы сақталатынын көресіз. Егер мұрағаттау үшін таңдалған қалтадан жоғары бір тектік қалта бар болса, тектік қалта мұрағат қалтасының ішінде жасалады, бірақ тектік қалтаның ішінде тек автомұрағаттау шарттарына сай келетін элементтер мұрағатталады. Егер мұрағатталған элементтерді қайтадан негізгі пошта жәшігіне жылжытуды ұйғарылса, мұрағат файлындағы барлық элементтерді өздерінің бастапқы қалталарына немесе көрсетілген басқа қалталарға импорттауға, не болмаса элементтерді қолмен, соның ішінде қалталардың арасында апару әдісі арқылы жылжытуға немесе көшіруге болады.

Беттің жоғарғы жағы

RSS элементтері үшін автомұрағаттауды теңшеу

Автомұрағаттау параметрлерінің екі жиыны бар — жаһандық параметрлер мен жеке қалта параметрлері:

  • Жалпы параметрлер    Әдепкі параметрлер деп те аталатын жаһандық параметрлер автомұрағаттаудың іске қосылатын-қосылмайтынын және әдепкіде автомұрағаттауға жатпайтын Істес кісілер қалтасынан басқа кез келген Outlook қалтасындағы элементтердің не істейтінін анықтайды.

  • Жеке қалта параметрлері    Бұл параметрлер әдепкі параметрлерді алмастыратындықтан, жекелеген қалталарды басқаша мұрағаттауға болады.

Егер белгілі бір қалта үшін автомұрағаттау параметрлері көрсетілмесе, қалта мұрағатталмайды. Автомұрағаттау параметрлері тек ағымдағы пошта жәшігіне қолданылады. Бұл Exchange тіркелгісінде бір қалта таңдалып, одан кейін автомұрағаттаудың жаһандық параметрлері белгіленген жағдайда, параметрлер тек Exchange тіркелгісіне қолданылатынын білдіреді.

Ескерту : Автомұрағаттау параметрлеріне қоса, пошта жәшігіндегі элементтер ұйымда күшіне енгізілген сақтау саясаттарына немесе хабар мәтінін қадағалауға бағынуы да мүмкін. Сақтау саясаттарына және хабар мәтінін қадағалау пайдаланушылардың элементтерді ұйым саясатында анықталған белгілі бір мерзім бойы сақтап қалуын шектейді. Бұл саясаттардың күші автомұрағаттау параметрлерінен басым болады. Компьютердегі кез келген Outlook профайлының Exchange тіркелгісінде хабар мәтінін қадағалау іске қосылған кезде, автомұрағаттау компьютердегі кез келген Outlook профайлынан толығымен жойылады.

Беттің жоғарғы жағы

Автомұрағаттауды қосу

Автомұрағаттау әдепкіде қосылғанымен, мүмкіндікті қажет кезінде ажыратып, қосуға болады. Автомұрағаттау осы мақаладағы іс рәсімдерін орындау үшін қосылуы керек.

Автомұрағаттау тек RSS арналары қалталары үшін пайдаланылса, автомұрағаттау қосулы болып, бірақ теңшелген нақты қалталардан басқа жағдайларда ешқандай әрекет жасалмайтындай етіп әдепкі параметрлерді өзгерту ұсынылады. Бұл өзгеріске ұшырамаған қалталарды абайсызда мұрағаттаудың немесе жойып жіберудің алдын алады.

  1. Құралдар мәзірінен Параметрлер тармағын нұқыңыз.

  2. Қоысмша қойындысындағы Автомұрағаттау параметрін таңдаңыз.

    Автомұрағаттау параметрлері

  3. Автомұрағаттауды әрбір n күн сайын іске қосу параметрі жанына құсбелгі қойыңыз.

  4. Автомұрағаттаудың іске қосылу жиілігін белгілеу үшін 1 мен 60 арасындағы бір санды енгізіңіз.

    Автомұрағаттауды RSS арналары қалталарымен бірге тиімді түрде пайдалану үшін, 1 мен 7 күн арасындағы бір мәнді пайдалану ұсынылады. Бұл — элементтер сақталатын күндер саны емес, автомұрағаттаудың іске қосылу жиілігі. Автомұрағаттау жиі іске қосылса, сақтау кезеңдері де дәл болады.

  5. Мұрағаттау барысында астындағы Мерзімі біткен элементтерді жою (тек электрондық пошта қалталарында) және Ескі элементтерді мұрағаттау немесе жою параметрі жанынан құсбелгілерді алыңыз.

    Бұл құсбелгілерді алу өзгеріске ұшарамаған қалталарға автомұрағаттау әрекеттерін абайсызда қолданудың алдын алуға көмектеседі. Кейінірек осы мақалада автомұрағаттау параметрлерін әрбір қалтаға белгілеу жолы көрсетіледі.

    Егер автомұрағаттау әлдеқашан пайдаланылып жүрсе, ал кейбір қалталарда әдепкі жаһандық параметрлер қолданылса, параметрлерді өзгертуіңіздің қажеті жоқ.

Беттің жоғарғы жағы

Әрбір RSS арналар қалтасы үшін автомұрағаттау параметрлерін белгілеу

Автомұрағаттау параметрлерін әрбір RSS арналары қалтасы үшін белгілеу қажет. Автомұрағаттау сипаттары рекурсивті емес,  яғни сипаттар тектік қалтадан алынбайды.

  1. Шарлау аумағында параметрлері анықталатын RSS арналары қалтасын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Сипаттар параметрін таңдаңыз.

  2. Автомұрағаттау қойындысын нұқыңыз.

    RSS арналары қалтасына арналған автомұрағаттау параметрлері

  3. Бұл қалтаны осы параметрлер арқылы мұрағаттау пәрменін таңдаңыз.

  4. n кезең мерзімінен ескі элементтерді жою жолақтарына RSS элементтері сақталатын ең ұзақ уақыт мерзімін енгізіңіз. Мұндағы n жолағы 1 мен 999 арасындағы бір сандық мәнді көрсетеді, ал кезең жолағы ай, күн немесе апта мәніне тең болады.

  5. Ескі элементтерді мүлдем жою пәрменін таңдаңыз.

  6. OK түймешігін басыңыз.

  7. Ішінде автоматты түрде жойылатын элементтер бар әрбір RSS арналары қалтасы үшін әрекетті қайталаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қолмен мұрағаттау немесе жою

  1. Файл мәзіріндегі Мұрағаттау пәрменін таңдаңыз.

  2. Не Автомұрағаттау параметрлері (яғни, жекелеген қалталар үшін көрсетілген не әдепкі параметрлер, не жеке қалта параметрлері) арқылы барлық қалталарды мұрағаттау керектігін, не осы тілқатысу терезесінде көрсетілген параметрлер арқылы жеке бір қалтаны мұрағаттау керектігін көрсетіңіз.

Ескерту :  Әдепкіден басқа бір файлға мұрағаттау үшін Мұрағат файлы жолағында басқа бір атауды көрсетіңіз. Outlook таңдалған қалтадағы элементтер үшін автоматты түрде басқа бір мұрағат файлын жасайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×