Ескертулер параметрлерін орнату

Ақаулар пайда болған кезде Microsoft Lync Online байланыс бағдарламалық жасақтамасы көрсететін кейбір ескертулерді теңшеу үшін Lync - Параметрлер диалогтық терезесін пайдаланыңыз.

Не істегіңіз келеді?

Ескертулер параметрлерін ашу

Контакт ретінде қосылған кезде ескерту орнату

Мазаламаңыз параметрлерін орнату

Ескертулер параметрлерін ашу

Lync бағдарламасының негізгі терезесінен ескертулер параметрлерін келесі екі әдістің бірін пайдаланып ашуға болады:

  • Параметрлер түймешігін, сонан соң Ескертулер түймешігін басыңыз.

  • Параметрлертүймешігінің жанындағы Мәзірді көрсету көрсеткісін басыңыз, Құралдар, Параметрлер түймешігін басыңыз, онан соң Ескертулер түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Контакт ретінде қосылған кезде ескерту орнату

Әдепкі мәні бойынша біреу сізді контакт ретінде қосқан кезде, растауды сұрайтын ескерту аласыз. Сонан соң контактіні Контактілер тізіміне қосып, құпиялылық деңгейін тағайындауға болады. Егер қаласаңыз, мұндай шақыру хабарландыруларын автоматты түрде мақұлдауды таңдауға болады. Бұл параметрдің көмегімен контактіге автоматты түрде Әріптестер қатынасы тағайындалады.

  • Ескертулер параметрлерін ашыңыз және біреу сізді контакт ретінде қосқан кезде хабарландыру алуды тоқтату үшін Біреу мені өзінің контактілер тізіміне қосқан кезде маған хабарлаңыз ұяшығынан белгіні алып тастаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мазаламаңыз параметрлерін орнату

Егер қолыңыз бос болмаса, күйіңізді Мазаламаңыз түрінде орнату келетін кедергілер санын азайту үшін ыңғайлы. Бірақ сіздің маңызды контактілермен байланысты сақтағыңыз келуі мүмкін. Жұмыс тобы қатынасы тағайындалған контактілер үшін ерекшеліктер жасауға болады (әдетте сіздің ең жақын әріптестеріңіз).

Ескертулер параметрлерін ашып, келесілердің бірін орындаңыз:

  • Мазаламаңыз күйі орнатылғанда мазаламайтындай етіп барлық Lync ескертулерін жасыру үшін Ескертулерді көрсетпеу түймешігін басыңыз.

  • Мазаламаңыз күйі орнатылғанда, тек Жұмыс тобының мүшелерінен келген сөйлесуге шақыруларды көріп, басқа барлық ескертулерді жасыру үшін Жұмыс тобының жеке қатынасындағы адамдардан келген сөйлесу туралы ескертулерді ғана көрсету пәрменін таңдаңыз.

  • Мазаламаңыз күйі орнатылғанда, барлық ескертулерді көру үшін, бірақ сөйлесуге шақыруларды Жұмыс тобының мүшелері жіберген шақырулармен шектеу үшін Барлық ескертулерді, бірақ Жұмыс тобының жеке қатынасындағы адамдардан келген сөйлесу туралы ескертулерді ғана көрсету пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×