Ескертулер параметрлерін орнату

Бірнеше Lync - параметрлер диалогтық терезелері Lync ескертулерін реттеуге мүмкіндік береді.

Не істегіңіз келеді?

Ескертулердің әсерін азайту немесе күшейту

Мазаламаңыз параметрлерін орнату

Контакт ретінде қосылғанда көрсетілетін ескертуді орнату

Ескертулердің әсерін азайту немесе күшейту

Сізге жіберілген жедел хабар ескертулері байқалмаса, олардың әсерін күшейту үшін келесі әрекеттердің орындаңыз:

  • Дисплейді Lync әрдайым үстіңгі бетте ашылатындай етіп орнатыңыз. Ол үшін «Параметрлер» түймешігінің жанындағы ашылмалы көрсеткіні басып, Құралдар, содан кейін Әрқашан ең үстіңгі терезе параметрін таңдаңыз.

  • Lync қызметінде дыбыстың ескертулер жіберу мүмкіндігі қосулы екенін тексеріңіз. Ол үшін Параметрлер түймешігін басып, Рингтондар мен дыбыстар пәрменін таңдап, содан кейін Дыбыстарды Lync бағдарламасында ойнату (кіріс қоңырауларының рингтондарын және жедел хабар ескертулерін қоса) параметріне құсбелгі қойып, тақтадағы басқа параметрлер таңдалмағанын тексеріңіз.

  • Компьютер мен басқа да дыбыс құрылғы(лар)дағы үндеткіштердің қосулы екенін тексеріңіз.

  • Бірнеше монитормен жұмыс істесеңіз, Lync негізгі терезесін әрдайым жұмыс жасалып жатқан мониторға жылжытыңыз.

  • Әдепкі орнатылғаннан басқа айқынырақ және нақтырақ шығатын дыбыстарды орнатып көріңіз.

  • «Параметрлер» түймешігін басып, Рингтондар мен дыбыстар тармағын таңдап, Дыбыс параметрлері түймешігін басыңыз да, Дыбыстар қойындысын басыңыз.

  • Бағдарламалық оқиғалар көрсету тақтасының жүгірткісі Microsoft Lync 2010 тізімдерінің төменгі бөлігіне қарай айналдырыңыз.

  1. Кіріс жедел хабары түймешігін басыңыз. Терезенің төменгі жағындағы «Дыбыстар» дисплейінде «COMMUNICATOR_iminvite.wav» жазуы оқылуы керек.

  2. Енді соның жанындағы ашылмалы көрсеткіні басып, тізімдегі дыбыстарды тыңдап көріңіз.

  3. Кіріс жедел хабарлар үшін пайдалану керек дыбысты тапқанда Қолдану түймешігін басыңыз. (Енді «Бағдарламалық оқиғалар» көрсету тақтасында «Кіріс жедел хабары» және «Дыбыстар» дисплейінде таңдалған «.wav» файлы көрсетілуі керек.) Содан кейін ОК түймешігін басыңыз. (Сондай-ақ, өз «.wav» файлыңызды жүктеп, жедел хабар ескертуі ретінде таңдауға болады.)

Кіріс қоңыраулары мен жедел хабар сұрауларының дыбыстық ескертулерін өшіру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:

  • «Параметрлер» түймешігін басып, Рингтондар мен дыбыстар тармағын таңдап, Дыбыстарды Lync бағдарламасында ойнату (кіріс қоңырауларының рингтондарын және жедел хабар ескертулерін қоса параметріне құсбелгі қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Мазаламаңыз параметрлерін орнату

Егер қолыңыз бос болмаса, Мазаламаңыз күйін орнату арқылы мазалаушылар санын шектеуге болады. Алайда, маңызды контактілер байланысты үзбеу қажет болуы мүмкін. Жұмыс тобы байланысын орнатқан контактілерді (әдетте ең жақын әріптестеріңіз) ерекшелеуге болады.

Ескертілер параметрлері терезесін ашып, келесі қадамдарды орындаңыз:

  • Мазаламаңыз күйі орнатылғанда барлық Lync ескертулерін жасыру үшін, Ескертулерді көрсетпеу параметріне құсбелгі қойыңыз.

  • Мазаламаңыз күйі орнатылғанда тек Жұмыс тобы мүшелерінен сөйлесу шақыруларын көру үшін, Жұмыс тобымның құпиялылық қатынасындағы адамдардан ғана алынған сөйлесу ескертулерін көрсету параметріне құсбелгі қойыңыз.

  • Мазаламаңыз күйі орнатылғанда барлық ескертулерді көру, бірақ сөйлесу шақыруларын тек Жұмыс тобы мүшелерімен шектеу үшін, Барлық ескертулерді, жұмыс тобымның құпиялылық қатынасындағы адамдардан ғана алынған сөйлесу ескертулерін көрсету параметріне құсбелгі қойыңыз.

Ескерту : Мазаламаңыз күйін орнатқаннан кейін 911 нөміріне қоңырау соққанда, күйіңіз автоматты түрде Қатынаулы етіп өзгертіледі. Оны кез келген уақытта қайта орнатуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Контакт ретінде қосылғанда көрсетілетін ескертуді орнату

Әдепкі параметр бойынша біреу сізді контакті ретінде қосқанда, мақұлдау сұралатын ескерту ашылады. Содан кейін контактіні Контактілер тізіміне қосып, құпиялылық байланыс тағайындауға болады. Қаласаңыз, осындай шақыруларды автоматты түрде мақұлдайтындай етіп орнатуға болады. Бұл параметр бойынша контактіге автоматты түрде Әріптестер байланысы тағайындалады.

  • Ескертулер параметрлері терезесін ашып, сізді контакт ретінде қосқанда ескерту жасалуын тоқтату үшін Біреу мені контактілер тізіміне қосқанда хабарлаңыз параметріне құсбелгі қойыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×