Ескертулерге жауап беру

SharePoint Workspace бағдарламасы әр түрлі ескертулерді көрсетеді. Бұл ескертулер төмендегі әрекеттердің кез келгенін орындайды:

  • Жаңа хабарламалар мен шақырулар туралы хабар береді.

  • Жұмыс кеңістігіндегі немесе жұмыс кеңістігі құралындағы оқылмаған ақпарат туралы хабар береді.

  • Жіберілген хабарламалардың немесе жіберілген немесе қабылданған жұмыс кеңістігіне шақырулардың күйі туралы хабар береді.

Қатысты хабарламаға немесе ақпаратқа шарлау үшін хабарландырушы ескертулерге нұқыңыз. Ескертуді жабу үшін ақпараттық ескертулерді нұқыңыз.

Сондай-ақ, мәзір параметрлерін көру үшін ескертуді тінтуірдің оң жақ түймешігімен басуға болады:

  • Хабарлама ескертуі үшін Ашу немесе Жою пәрменін таңдаңыз.

  • Шақыру ескертуі үшін Ашу, Жою немесе Қабылдамау пәрменін таңдаңыз.

    Шақыруды қабылдамасаңыз, жіберушіге шақыруы қабылданбағаны туралы ескерту жіберіледі.

  • Оқылмаған ақпарат ескертуі үшін Ашу пәрменін таңдап оқылмаған ақпаратты қамтитын құралға өтіңіз немесе Қабылдамау пәрменін таңдап ескертуді жабыңыз.

  • Хабарламалар мен шаұырулардың күйін бақылайтын ескертулер үшін Қадағалауды доғару пәрменін таңдап бұл ескертулерді біржола жабыңыз.

Ескертулерді шығаруды болдырмау

SharePoint Workspace бағдарламасындағы ескертулердің көрсетілуін тоқтатуға болады. Көптеген ескерту алсаңыз және олар мазаңызды алса, бұл мүмкіндік пайдалы.

Ескертулерді шығаруды болдырмау үшін, Файл қойындысында Ақпарат пәрменін, Ескертулерді басқару пәрменін, одан кейін Ескертулерді шығаруды болдырмау пәрменін таңдаңыз.

Ескертулердің шығарылуы болдырылмаған кезде де деректерді аласыз (жаңа хабарламалар мен шақырулар сияқты), оған қоса, ескерту көрсеткіші Windows хабарландыру аумағындағы SharePoint Workspace бағдарламасы белгішесінің үстінде жай ғана жыпылықтап тұрады және ешбір ескерту көрсетілмейді.

Ескертулерді көрсетуді жалғастыру үшін, «Файл» қойындысында Ақпарат пәрменін, Ескертулерді басқару пәрменін, одан кейін Ескертулерді шығаруды болдырмау пәрменін таңдаңыз.

Кеңес : Егер ескертулерге тыйым салғаныңызға сенімсіз болсаңыз, Windows тапсырмалар тақтасындағы SharePoint Workspace белгішесін басыңыз. Бұл мүмкіндік қосылғанда, құсбелгі Ескертулерді шығаруды болдырмау параметрінің жанынан пайда болады. Сондай-ақ, тапсырмалар тақтасы белгішесінен бұл мүмкіндікті қосуға немесе ажыратуға болады.

Ескертулерді шығаруды болдырмау параметрі қосылған

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×