Есепті басып шығару

Бұл бөлім Microsoft Office Access 2007 арқылы жасалған немесе ішінде ашылған есепті қарап алу және басып шығару жолдарын түсіндіреді. Бөлім, сонымен қатар, Бет параметрлері тілқатысу терезесі  — жақтау аралары немесе басылатын беттегі бағандар саны сияқты басып шығару параметрлерін орнату және өзгерту құралын қолдану туралы негізгі ақпаратты қамтамасыз етеді.

Не істегіңіз келеді?

Есепті басып шығару

Толық есепті жылдам басып шығару

Есепті қарап алу

Бет параметрлерін өзгерту

Есепті басып шығару

Есептен бірнеше бетті басып шығарғыңыз келгенде немесе басып шығарғышты таңдау немесе жақтау арасы немесе бағандар сияқты параметрлерді өзгертуді қажет еткеніңізде осы бөлімдегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Шарлау аумағында басып шығарғыңыз келетін есепті таңдаңыз. Орналасу мәселесін тексеру немесе ағымдық бетті басып шығарып жатқаныңызға көз жеткізу қажет болған кезде есепті ашу мүмкіндігіңіз болса да, есепті ашу қажеттігі жоқ.

  2. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті басып, Басып шығару пәрменін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы  CTRL+Р пернелерін басыңыз.

    Басып шығару тілқатысу терезесі шығады.

  3. Тілқатысу терезесіндегі параметрлерді қажетінше орнатыңыз немесе өзгертіңіз, одан соң есепті басып шығару үшін Басып шығару пәрменін нұқыңыз.

    Параметрлер бойынша көмек алу үшін Анықтама түймешігін басып, одан соң анықтама қажет болған өріс немесе басқару элементін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Толық есепті жылдам басып шығару

Егер есебіңіз дурыс басып шығарылатынына сенімді болсаныз және есептегі барлық бетті Басып шығару тілқатысу терезесін немесе Басып шығару қойындысындағы пәрмендерді қолданбастан басып шығару үшін оларды Жылдам қатынау құралдар тақтасынан тікелей басып шығаруыңызға болады. қадамдарды орындаған кезде Access бағдарламасы есеп үшін белгіленген жақтау араларын, үстіңгі деректемелерді, төменгі деректемелерді және бағытты (кітаптық немесе альбомдық) пайдалана отырып толық есепті басып шығарады. Бұл сипаттардың ешқайсысын осы бөлімдегі қадамдарды орындау арқылы өзгерту мүмкін емес. Егер басып шығару алдында жақтау арасы немесе басқа сипаттарды өзгерту қажет болса, келесі Есепті қарап алу бөлімін қараңыз.

Есепті жылдам басып шығару

  1. Шарлау аумағынан есепті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және Басып шығару пәрменін нұқыңыз.

    -не-

    Жылдам қатынау тақтасы ішіндегі Жылдам Басып шығару Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

    -не-

    Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті басып, Басып шығару жанындағы көрсеткіні көрсетіп, одан соң Жылдам басып шығару пәрменін нұқыңыз.

    Ескерту : Жылдам басып шығару түймешігін Жылдам қатынау құралдар тақтасына қосу қажеттігі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда құраллдар тақтасындағы төмен көрсеткіні нұқыңыз және Жылдам басып шығару түймешігін басыңыз.

Access есептегі барлық беттерді басып шығарады.

Беттің жоғарғы жағы

Есепті қарап алу

Есеп дұрыс басып шығарылу үшін Басып шығаруды қарап алуды пайдаланыңыз. Office Access 2007 ішінде және Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған есептерді қарап шығу үшін Басып шығаруды қарап алулы қолдануыңызға болады. Егер Access бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында жасалған есепті қарап алатын болсаныз, есеп бөлек терезеде шығады. Терезе жазбаны шарлау түймешігімен қамтамасыхз етеді. Егер Office Access 2007 ішінде жасалған есепті қарап алатын болсаңыз, жазбаны шарлау түймешіктері әдепкі орын Access терезесінің төменгі бөлігінен шығады.

Басып шығаруды қарап алуды іске қосу

  1. Шарлау аумағынан қарап алғыңыз келген есепті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірдегі Басып шығаруды қарап алу Түймешік түрі түймешігін басыңыз

    -не-

    Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті басып, Басып шығару жанындағы көрсеткіні нұқып, одан соң Басып шығаруды қарап алу түймешігін басыңыз.

    -не-

    Егер есеп ашық болса, есепке арналған құжат қойындысын тінуірдің оң жақ түймешігімен басып, одан соң Басып шығаруды қарап алу түймешігін басыңыз.

  2. Есептегі беттер бойымен жылжу үшін жазбаны шарлау түймешіктерін нұқыңыз.

Шарлау түймешіктерін қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін Жазбаларды табу әдістерін үйрену бөлімін қараңыз.

Екі немесе одан да көп беттерді қарап алу

  1. Шарлау аумағынан қарап алғыңыз келген есепті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірдегі Басып шығаруды қарап алу пәрменін нұқыңыз.

    -не-

    Microsoft Office түймешігі Түймешік суреті басып, Басып шығару жанындағы көрсеткіні нұқып, одан соң Басып шығаруды қарап алу түймешігін басыңыз.

    -не-

    Егер есеп ашық болса, есепке арналған құжат қойындысын тінуірдің оң жақ түймешігімен басып, одан соң Басып шығаруды қарап алу түймешігін басыңыз.

  2. басып шығаруды қарап алу қойындысындағы Қарап алу тобынан есептегі екі бетті бір мезгілде қарап алу үшін Екі бет түймешігін басыңыз.

    -не-

    Басып шығаруды тобынан Қосымша беттер түймешігін басып, одан соң параметрді таңдаңыз.

  3. Есептегі беттер бойымен жылжу үшін жазбаны шарлау түймешіктерін нұқыңыз.

  4. Бір беттік қарап алуға оралу үшін Қарап алу тобынан Бір бет түймешігін басыңыз.

Шарлау түймешіктерін қолдану туралы қосымша ақпарат алу үшін Жазбаларды табу әдістерін үйрену бөлімін қараңыз.

Қарап алу ішінен деректі жаңарту

  • Басып шығаруды қарап алу қойындысындағы Деректер тобынан Бәрін жаңарту пәрменін нұқыңыз.

    Ескерту : Қарап алу ішінен деректі өзгерту нәтижесінде қарап алуды қайта бір беттік етіп қосады.

Басып шығаруды қарап алуды болдырмау

  • Басып шығаруды қарап алу қойындысындағы Қарап алуды жабу тобынан Бәрін жаңарту пәрменін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бет параметрлерін өзгерту

Жоғарғы және төменгі жақтау арасын және Access есептегі деректі ғана басып шығаруын қоса алғанда, әртүрлі басып шығару параметрлерін өзгерту үшін Бет параметрлері тілқатысу терезесін қолданыңыз. Access бағдарламасы Бет параметрлері тілқатысу терезесін бейнелеудің екі жолын көрсетеді. Оны Басып шығару тілқатысу терезесінен немесе Басып шығаруды қарап алу іске қосылған кезде Басып шығаруды қарап алу қойындысынан іске қосуыңызға болады.

Бұл бөлімдегі қадамдар Бет параметрлері тілқатысу терезесін көрсету жолдарын түсіндіреді. Тілқатысу терезесі қамтамасыз ететін пәрмендер мен параметрлер бойынша көмек алу үшін Анықтама түймешігін басып, одан соң пәрмен немесе параметрді нұқыңыз.

Бет параметрлері тілқатысу терезесін Басып шығару тілқатысу терезесінен іске қосу

  1. Шарлау аумағында басып өзгерткіңіз келетін есепті таңдаңыз. Орналасу мәселесін тексеру немесе басып шығарылатын дерек ағымдық болып табылатынына көз жеткізу қажет болған кезде есепті ашу мүмкіндігіңіз болса да, есепті ашу қажеттігі жоқ.

  2. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті басып, Басып шығару пәрменін таңдаңыз.

    Пернетақта лақабы  CTRL+Р пернелерін басыңыз.

    Басып шығару тілқатысу терезесі шығады.

  3. Бет параметрлері тілқатысу терезесін көрсету үшін Орнату түймешігін басыңыз.

  4. Тілқатысу терезесіндегі параметрлерді қажетінше орнатыңыз немесе өзгертіңіз.

    Параметрлер бойынша көмек алу үшін Анықтама түймешігін басып, одан соң анықтама қажет болған өріс немесе басқару элементін нұқыңыз.

Бет параметрлері тілқатысу терезесін Басып шығаруды қарап алу қойындысынан іске қосу

  1. Шарлау аумағынан өзгерткіңіз келген есепті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және Басып алуды қарап алу пәрменін нұқыңыз.

    Access есепті Басып шығаруды қарап алу ішіне ашады.

  2. Басып шығаруды қарап алу қойындысындағы Бетті белгілеу тобының төменгі сол жақ немесе оң жағында орналасқан Бет параметрлері түймешігін басыңыз. Түймешіктің орналасу орны компьютердегі Windows Аймақтық және Тілдік параметрлеріне тәуелді.

  3. Тілқатысу терезесіндегі параметрлерді қажетінше орнатыңыз немесе өзгертіңіз.

    Параметрлер бойынша көмек алу үшін Анықтама түймешігін басып, одан соң анықтама қажет болған өріс немесе басқару элементін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×