Есептеу амалдағыштары мен басымдығы

Амалдағыштар өрнек элементтерімен орындағыңыз келетін есептеу түрін анықтайды. Есептеудің әдепкі орындалу реті белгіленген, бірақ жақшаны пайдалана отырып, бұл ретті өзгертуге болады.

Бұл мақалада

Амалдағыштардың түрлері

Excel бағдарламасының өрнектердегі әрекеттерді орындайтын реті

Амалдағыштардың түрлері

Төрт түрлі есептеу амалдағыштары бар: арифметикалық, салыстыру, мәтіндік тізбектеу және сілтеме.

Арифметикалық амалдағыштар

Қосу, алу немесе көбейту сияқты негізгі математикалық амалдарды орындау; сандарды біріктіру; және сандық нәтиже алу үшін төмендегідей арифметикалық амалдағыштарды пайдаланыңыз.

Арифметикалық амалдағыш

Мағынасы

Мысал

+ (қосу таңбасы)

Қосу

3+3

– (алу таңбасы)

Алу
Теріс сан

3–1
–1

* (жұлдызша)

Көбейту

3*3

/ (қиғаш сызық)

Бөлу

3/3

% (пайыз таңбасы)

Пайыз

20%

^ (екпін дәйекшесі)

Дәрежеге келтіру

3^2

Салыстыру амалдағыштары

Екі мәнді төмендегі амалдағыштарымен салыстыруға болады. Екі мән осы амалдағыштармен салыстырылғанда, нәтижесі TRUE немесе FALSE логикалық мәні болады.

Салыстыру амалдағышы

Мағынасы

Мысал

= (теңдік белгісі)

Тең

A1=B1

> (таңбадан үлкен)

Үлкен

A1>B1

< (таңбадан аз)

Аз

A1<B1

>= (таңбадан үлкен немесе тең)

Таңбадан үлкен немесе тең

A1>=B1

<= (таңбадан аз немесе тең)

Таңбадан аз немесе тең

A1<=B1

<> (таңбаға тең емес)

Тең емес

A1<>B1

Мәтіндік тізбек амалдағышы

Мәтіннің бір бөлігін шығару үшін бір не одан көп мәтін жолдарына қосу немесе біріктіру үшін амперсанд (&) таңбасын пайдаланыңыз.

Мәтіндік амалдағыш

Мағынасы

Мысал

& (амперсанд)

Бір ұзын мәтін мәнін шығару үшін екі мәнді қосады немесе біріктіреді

("Солүстік" және "жел")

Сілтеме амалдағыштары

Ұяшықтар ауқымын төмендегі амалдағыштардың көмегімен есептеу үшін тіркестіреді.

Сілтемелік аламдағыш

Мағынасы

Мысал

: (қос нүкте)

Екі сілтеме арасындағы екі сілтемені қамтитын барлық ұяшықтарға жасалған бір сілтемені шығаратын ауқым амалдағышы

B5:B15

, (үтір)

Бірнеше сілтемені бір сілтемеге біріктіретін бірлестік амалдағышы

SUM(B5:B15,D5:D15)

(бос орын)

Екі сілтемеге тән ұяшықтарға сілтеме жасайтын қиылысу амалдағышы

B7:D7 C6:C8

Беттің жоғарғы жағы

Excel бағдарламасының өрнектердегі әрекеттерді орындайтын реті

Кейбір жағдайларда, есептеудің орындалу реті өрнектің қайтарылатын мәніне әсер етуі мүмкін, сондықтан ретті анықтау әдісі мен қалаған нәтижеге қол жеткізу үшін ретті қалай өзгертуге болатынын түсінген маңызды болып табылады.

Есептеу реті

Өрнектер мәндерді белгілі бір ретпен есептейді. Excel бағдарламасындағы өрнек әрқашан теңдік белгісінен (=) басталады. Теңдік белгісі Excel бағдарламасында кейінгі таңбалардың өрнекті құрайтынын білдіреді. Теңдік белгісінен кейін есептеу амалдағыштарымен бөлінген есептеулі элементтер (операндтар) келеді. Excel бағдарламасы өрнекті солдан оңға қарай, өрнектегі әр амалдағыштың белгілі ретіне сәйкес есептейді.

Амалдағыш басымдылығы

Егер түрлі амалдағыштарды бір өрнекте біріктіретін болсаңыз, Excel бағдарламасы амалдарды төмендегі кестеде көрсетілген ретпен орындайды. Егер өрнек құрамында басымдылығы бірдей амалдағыштар болса — мысалы, өрнекте көбейту мен бөлу амалдағышының екеуі де болса — Excel бағдарламасы амалдарағыштарды солдан оңға қарай есептейді.

Амалдағыш

Сипаттама

: (қос нүкте)

(бір аралық)

, (үтір)

Сілтеме амалдағыштары

Теріс сан (мысалы, –1)

%

Пайыз

^

Дәрежеге келтіру

* және /

Көбейту және бөлу

+ және –

Қосу және алу

&

Мәтіннің екі жолын байланыстырады (тізбек)

=
< >
<=
>=
<>

Салыстыру

Жақшаларды пайдалану

Есептеу ретін өзгерту үшін өрнектің жақшаға жабылған бір бөлігі бірінші есептелінеді. Мысалы, келесі өрнек нәтижесінде 11 саны шығады, себебі Excel бағдарламасы көбейту амалын қосу амалынан бұрын орындайды. Өрнек 2 санын 3 санына көбейтіп, алынған нәтижеге 5 санын қосады.

=5+2*3

Керісінше, синтаксисті өзгерту үшін жақшаларды пайдаланатын болсаңыз, Excel бағдарламасы 5 пен 2 сандарын қосын, 21 саны шығу үшін алынған нәтижені 3 санына көбейтеді.

=(5+2)*3

Төменде келтірілген мысалда өрнектің бірінші бөлігінің сыртындағы жақша Excel бағдарламасын B4+25 амалын бірінші есептетіп, алынған нәтижені D5, E5 және F5 ұяшықтарындағы мәндер қосындысына бөлгізеді.

=(B4+25)/SUM(D5:F5)

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×