Есептелетін басқару элементін жасау

Есептелетін басқару элементтерін есептеу нәтижесін көрсету үшін қолдануыңызға болады. Мысалы, сатылған заттардың санын және әр заттың бағасын көрсететін баяндамаңыз болса, сол екі өрістің мәндерін көбейтетін есептелетін мәтін жолағын қосу арқылы қорытынды бағасын шығаруыңызға болады. Есептелетін мәтін жолағының Басқару элементінің көзі сипатында екі өрісті көбейтіп (заттардың санын заттың бағасына) қорытындыны шығаратын өрнек бар.

Не істегіңіз келеді?

Есептелетін басқару элементін жасау

Байланыстырылған басқару элементін есептелетін басқару элементіне өзгерту

Есептелетін басқару элементтері ретінде қолдануға болатын басқару элементтерінің түрлерін білу

Есептелетін басқару элементін жасау

Бұл іс рәсімі басқару элементінің шеберін қолданбай есептелетін басқару элементін жасауға көмектеседі.

  1. Шарлау аумағында пішінді немесе баяндаманы тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Құрастырушы көрінісі Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

  2. Құрастыру қойындысындағы Басқару элементтері тобында жасағыңыз келетін басқару элементінің түріне құралды таңдаңыз.

    Access таспасының суреті

    Есептелетін басқару элементтері ретінде қолдануға болатын басқару элементтер түрлерінің тізімін Есептелетін басқару элементтері ретінде қолдануға болатын басқару элементтерінің түрлерін білу бөлімінде қараңыз.

  3. Пішінде не баяндамада басқару элементіңізді енгізгіңіз келетін орынға меңзерді орналастырып, сол пішінді не баяндаманы нұқыңыз.

  4. Егер басқару элементінің шебері ашылса, оны Болдырмау түймешігін басып жабыңыз.

  5. Басқару элементін таңдап, F4 пернесін басу арқылы сипаттар кестесін ашыңыз. Содан соң, Басқару элементінің көзі сипат жолағына өрнек жазыңыз. Өрнек жасауға Өрнек құрастырғыш қолдану үшін, Басқару элементінің көзі сипат жолағынының қасындағы Builder button түймешігін нұқыңыз.

  6. Пішін не Баяндама көрінісіне өтіп, есептелген басқару элементі ойдағыдай жұмыс істейтінін растаңыз.

Ескерту : 

  • Әр өрнектің алдына = амалдағышын қойыңыз. Мысалы: =[UnitPrice]*.75.

    Өрнектер жасау жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Өрнек жасау мақаласын қараңыз.

  • Басқару элементінің көзі сипат жолағында өрнекті жазуға көбірек орын қажет болса, SHIFT+F2 пернелерін басып, Ұлғайту жолағын ашыңыз.

  • Егер пішініңіз немесе баяндамаңыз сұранысқа негізделсе, өрнекті есептелген басқару элементіне емес, сұрауға қойғыңыз келуі мүмкін. Бұл әрекет өнімділікті жоғарылатады және жазбалар тобының қорытындысын есептейтін болсаңыз, есептелген өріс атын топтастыру функциясы қолдану оңайлау болады.

  • Егер пішінде немесе баяндамада есептелетін басқару элементін іріктейтін болсаңыз, басқару элементінің Пішім сипаты дұрыс қойылғанын тексеріңіз. Әйтпесе, есептелген сандық немесе күн-ай мәндері сан бойынша емес, алфавит бойынша іріктеледі.

Беттің жоғарғы жағы

Байланыстырылған басқару элементін есептелетін басқару элементіне өзгерту

Есептелетін басқару элементін жасаудың тәуір әдісі - алдымен, байланыстырылған басқару элементін жасап (мысалы, өрісті Өрістер тізімі аумағынан пішініңізге немесе баяндамаңызға сүйреп апару арқылы), содан кейін, байланыстырылған басқару элементінің Басқару элементінің көзі сипатын өңдеу арқылы өрнекті жасау болады. Басқару элементінің аты өрнектегі ешбір өріс аттарына қайшы келгізбесеңіз, бұл әдіс жақсы жұмыс істейді. Өрістер тізімі аумағынан өрісті сүйреп апару арқылы байланыстырылған басқару элементін жасау жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Пішінге немесе баяндамаға өріс қосу мақаласын қараңыз.

Байланыстырылған басқару элементіңізді жасап қойған болсаңыз, келесі іс рәмімін қолдану арқылы оны есептелетін басқару элементіне өзгертіп, аттардың ешқайсысын бір біріне қайшы келтірмеңіз.

  1. Шарлау аумағында пішінді немесе баяндаманы тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Құрастырушы көрінісі Түймешік суреті түймешігін нұқыңыз.

  2. Өзгерткіңіз келетін өрісті таңдап, F4 пернесін басу арқылы сипаттар кестесін ашыңыз.

  3. Сипаттар кестесінің Бәрі қойындысында Аты сипаты Басқару элементінің көзі сипатына сәйкес келсе, Аты сипатын өзгертіңіз. Енгізетін атыңыз дерекқорыңыздағы сақталған немесе басқа өрістің сөзі емес екенін тексеріп алыңыз. Сақталған сөздер туралы қосымша ақпарат алу үшін, Access 2007 бағдарламасының сақталған сөздері мен нышандары мақаласын қараңыз.

  4. Басқару элементінің көзі сипат жолағына сізге қажетті өрнекті енгізіңіз.

  5. CTRL+S пернелерін басу арқылы өзгерістеріңізді сақтаңыз.

  6. Орналасу не Пішін көрінісіне өтіп, есептелетін басқару элементі ойдағыдай жұмыс істейтінін растаңыз.

Егер басқару элементі қажетті деректеріңізді көрсетпесе (мысалы, егер Access бағдарламасы басқару элементінде #Аты? дегенді көрсетсе), пішіннің немесе баяндаманың жазбалар көзін тексеріп, өрнекте қолданған өрістеріңіздің барлығы бар екеніне көз жеткізіңіз. Егер жазбалар көзі сұрау болса, өрнекті жұмыс істету үшін сұрауға бір не бірнеше өрісті қосуыңыз қажет болуы мүмкін.

Ескерту : 

  • Әр өрнектің алдына = амалдағышын қойыңыз. Мысалы: =[UnitPrice]*.75.

  • Басқару элементінің көзі сипат жолағында өрнекті жазуға көбірек орын қажет болса, SHIFT+F2 пернелерін басып, Ұлғайту жолағын ашыңыз.

  • Егер пішініңіз немесе баяндамаңыз сұрауға негізделсе, өрнекті есептелетін басқару элементіне емес, сұранысқа қойғыңыз келуі мүмкін. Бұл әрекет өнімділікті жоғарылатады және жазбалар тобының қорытындысын есептейтін болсаңыз, есептелетін өріс атын статистикалық функцияда қолдану оңайлау болады.

  • Егер пішінде немесе баяндамада есептелетін басқару элементін іріктейтін болсаңыз, басқару элементінің Пішім сипаты дұрыс қойылғанын тексеріңіз. Әйтпесе, есептелген сандық немесе күн-ай мәндері сан бойынша емес, алфавит бойынша іріктеледі.

Беттің жоғарғы жағы

Есептелетін басқару элементтері ретінде қолдануға болатын басқару элементтерінің түрлерін білу

Мәтін жолақтары есептелетін басқару элементтері үшін ең кең тараған таңдау болып табылады. Себебі, олар деректердің көптеген түрлерін көрсете алады. Алайда,Басқару элементінің көзі сипаты бар басқару элементін есептелетін басқару элементі ретінде қолдануға келеді. Көп жағдайларда, белгілі бір басқару элемент түрін есептелетін басқару элементі ретінде қолдану мағынасыз болады, өйткені, сол басқару элементін байланыстырылған не бос басқару элементі сияқты жаңарта алмайсыз. Мысалы, құсбелгі көзінің басқару элементін пішінге орналастырып, құсбелгі көзінің Басқару элементінің көзі сипатында өрнек енгізсеңіз, онда сол құсбелгі көзін енді таңдай алмайсыз және таңдалғанын қайтара алмайсыз. Құсбелгі көзі өрнектің нәтижелеріне байланысты таңдалады немесе таңдалғаны қайтарылады. Егер құсбелгі көзін қойсаңыз, Access бағдарламасы Access күй жолағында ескерту көрсетеді: Басқару элементі өшірілмейді; ол өзіңіздің өрнегіңіз өрнегіне байланыстырылған. Бірақ, баяндамада құсбелгі көзінің басқару элементін есептеу нәтижелеріне негіздеу пайдалы болуы мүмкін, өйткені, баяндамаларға қойылатын басқару элементтері мәліметті көрсетуге ғана қолданылады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×