Еренсілтеме жасау

Word бағдарламасы http://www.contoso.com/?lc=kk-kz секілді URL мекенжайы тергілген кейін, ENTER немесе БОС ОРЫН пернесі басылған соң автоматты түрде гиперсілтеме жасайды.

Алайда, кейде суретке не мәтінге, немесе құжаттағы белгілі бір жерге гиперсілтеме жасау қажет болады, мұндай гиперсілтемелерді жасау қадамдары төменде берілген.

Құжатқа, файлға, веб-парақа не бос электрондық пошта хабарламасына гиперсілтеме жасау

  1. Еренсілтеме түрінде көрсету қажет мәтінді не суретті таңдап, суретті не мәтінді оң басыңыз да, тіркесімдер мәзіріндегі Еренсілтеме түймешігін басыңыз.

    Гиперсілтемені кірістіру

  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Бар файлға немесе веб-параққа сілтеме жасау үшін Байланыстыру астындағы Бар файл немесе веб-бет пәрменін таңдаңыз да, Мекенжай өрісіне сілтеме жасалатын мекенжайды теріңіз. Егер файлдың мекенжайын білмесеңіз, Келесінің ішінен іздеу тізіміндегі көрсеткіні басып, содан кейін керекті файлға барыңыз.

    • Әлі жасалып үлгермеген файлға сілтеме жасау үшін Байланыстыру астындағы Жаңа құжат жасау пәрменін таңдаңыз да, жаңа файлдың атауын Жаңа құжат атауы өрісіне теріп, содан кейін Өңделетін кезі астындағы Жаңа құжатты кейін өңдеу немесе Жаңа құжатты қазір өңдеу пәрменін таңдаңыз.

    • Бос электрондық пошта хабарламасына сілтеме жасау үшін Байланыстыру жолағының астындағы Электрондық пошта мекенжайы пәрменін таңдаңыз. Қажетті электрондық пошта мекенжайын Электрондық пошта мекенжайы ұяшығына енгізіңіз немесе Соңғы пайдаланылған электрондық пошта мекенжайлары тізімінен таңдаңыз. Тақырып ұясына электрондық пошта хабарламасына арналған тақырыпты енгізіңіз.

      Note: Меңзерді гиперсілтеменің үстіне қойғанда пайда болатын қалқыма сөз көмекті өзгерту үшін Қалқыма сөзкөмек пәрменін таңдап, керекті мәтінді теріңіз. Егер сөз көмекті көрсетпесеңіз, Word файлға апаратын жолды немесе мекенжайды сөз көмек ретінде пайдаланады.

Tip: Сонымен қатар, мекенжайды құжатта теру арқылы бос электрондық пошта хабарламасына сілтеме жасай аласыз. Мысалы, егер someone@example.com сөзі терілгенде, гиперсілтемені автоматты түрде пішімдеу ажыратылмағанға дейін Word гиперсілтеме жасайды.

Құжаттағы белгілі бір орынға гиперсілтемесін жасау

Еренсілтемеге өтетін жерді белгілеп, содан соң гиперсілтеме қосу үшін осы екі қадамды пайдаланыңыз. Еренсілтеме құжаттың ішінде не құжаттар арасында болуы мүмкін.

1-қадам: Еренсілтеме орнын белгілеу

Орынды белгілеу үшін, алдымен, bookmark кірістіріңіз не үстіңгі деректеме мәнерін пайдаланыңыз. Үстіңгі деректеме мәнерін ағымдағы құжаттағы орынға сілтеме жасаған жағдайда ғана пайдалануға болады.

Бетбелгі кірістіру

Ағымдағы құжатта не сілтеме жасағыңыз келетін келесі әрекетті орындаңыз:

  1. Бетбелгіні тағайындағыңыз келген мәтінді таңдаңыз немесе бетбелгіні кірістіргіңіз келген орынды басыңыз.

  2. Кірістіру > Байланыстырулар > Бетбелгі пәрменін таңдаңыз.

    Бетбелгі кірістіру

  3. Бетбелгі атауы астына бір атауды теріңіз.

    Бетбелгі атаулары әріппен басталуы керек және оның ішінде сандар болуы мүмкін. Бетбелгі атауының ішіне бос орындар қосуға болмайды, дегенмен, сөздерді бөлу үшін төменгі сызық таңбасын қолдануыңызға болады, мысалы, Бірінші_тақырып.

  4. Қосу түймешігін басыңыз.

Үстіңгі деректеме мәнерін қолдану

Дәлсол құжаттағы орынға сілтеме жасап отырсаңыз, өткіңіз келетін орындағы мәтін үшін бекітілген үстіңігі деректеме мәнерілерінің бірін қолдана аласыз. ағымдағы құжатт:

  1. Үстіңгі деректеме мәнері қолданылатын мәтінді таңдаңыз.

  2. Басты >Мәнерлер пәрменін басып, қажетті мәнерді таңдаңыз.

    Үстіңгі деректеме мәнерін кірістіру

    Мысалы, егер негізгі тақырып түрінде мәнерленетін мәтінді таңдаған болсаңыз, жылдам мәнерлер жиынтығындағы 1-тақырып мәнерін таңдаңыз.

2-қадам: Ағымдағы құжаттағы не өзге құжаттағы орынға сілтеме қосу

  1. Еренсілтеме ретінде көрсету қажет мәтінді не нысанды таңдаңыз.

  2. Оң басып, мәтінмәндік мәзірдегі Еренсілтеме түймешігін басыңыз.

    Гиперсілтемені кірістіру

  3. Байланыстыру астындағы Бар файл немесе веб-бет не Осы құжаттағы орын түймешігін басыңыз.

  4. Сілтеме жасалатын файлды басып, Бетбелгі түймешігін басыңыз.

  1. Тізімнен сілтеме жасалатын бетбелгіні немесе үстіңгі деректемені таңдаңыз.

Автоматты гиперсілтемелерді ажырату

Word бағдарламасының құжатта мәтін енгізілген кезде оларды гиперсілтемеге автоматты түрде ауыстыруы қажет болмаса, оларды ажырата аласыз.

  1. Файл>Параметрлер>Емлені тексеру түймешігін басыңыз.

  2. Автоауыстырғыш параметрлері түймешігін басыңыз, Енгізу кезіндегі автопішім қойындысын басыңыз.

  3. Гиперсілтемелері бар Интернет мекенжайлары және желілік жолдар құсбелгісін алыңыз.

Еренсілтемелерге арналған толық жолды көрсету

Автоматты байланыстар пайдаланылып жатса және Word бағдарламасында сілтеме жолының бір бөлігі ғана көрсетіліп жатса, гиперсілтеме жолын толық көрсету үшін параметрді өзгертуге болады.

  1. Фйал>Параметрлер>Қосымша түймешігін басыңыз.

  2. Жалпы жолғының астындағы Веб параметрлері >Файлдар түймешігін басыңыз.

  3. Сақтау кезінде сілтемелерді жаңарту ұяшығындағы құсбелгіні алыңыз.

Еренсілтемге өту үшін CTRL + нұқуды ажырату

Word бағдарламасы гиперсілтемеге өту үшін CTRL+нұқуды орындауды сұрайды. Бұл қосымша қадам сіз құжатты өңдеп жатқанда Word бағдарламасының сізді гиперсілтеме апаратын жерге жіберунен сақтайды.

Егер CTRL пернесін баспай-ақ, сілтемелерді нұқуды қаласаңыз, келесі әрекетті орындаңыз:

  1. Файл>Параметрлер>Қосымша түймешігін басыңыз.

  2. Өңдеу параметрлері астынан Еренсілтемеге өту үшін CTRL пернесін басу құсбелгісін алып тастаңыз.

CTRL басу ұяшығынан құсбелгіні алу

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×