Ережені қосу

Пішін үлгіні құрастырған кезіңізде, сіз ережелерді пайдалану арқылы тілқатысу терезесі өздігінен ашылатындай етуіңізге, өрістің мәнін қоюыңызға, деректер байланысын сұрауыңызға немесе жіберуіңізге, көрініс ауыстыруыңызға немесе белгілі бір оқиғалар мен шарттар орындалғанда пішінді ашуыңызға немесе жабуыңызға болады. Оқиғалар деген деректер көзі ішінде белгілі өріске немесе топқа ауысу, батырманы басу, қайталанатын кесте ішінде қайталанатын бөлім немесе қатарды енгізу, пішінді ашу немесе жіберу болады. Шарттар деген есептеулер, XPath мәндері, пайдаланушы рөлі және өрістің мәні бар-жоқ екенін, белгіленген диапазонның ішінде екенін, басқа өрістің мәніне тең екенін немесе белгілі бір таңбалардан басталатынын немесе құрамында сол таңбалары бар екенін тексеру болады.

Әр ережеге бірнеше әрекет қосуыңызға да болады. Мысалы, жаңа пішіннің көрінісі шығатынын, пішіннің көрінісін өзгертетін және пайдаланушы өріске бекітілген басқару құралын толтырған кезінде деректер байланысын пайдаланатынын ескертетін тілқатысу терезесінің хабарын көрсететін ережені қосуыңызға болады.

Бұл мақалада келесі талқыланады:

Шолу

Сыйымдылық талдаулары

Пайдаланушы пішінді ашқан кезде орындалатын ережені қосу

Басқару құралына ережені қосу

Ережені өріске немесе топқа қосу

Шолу

Пішін үлгіңізге бизнес логикасын қолдану қажет болған кезде, ережелерді пайдалануызға болады. Ереже келесіні орындай алады:

  • Тілқатысу терезесінің хабарын көрсетіңіз    Пішінде белгілі бір шарттар орындалған кезде пайдаланушыға тілқатысу терезесін шығаратын ережені қосуыңызға болады. Мысалы, пайдаланушы белгілі бір саннан асатын мәнді енгізген кезде, шығындар баяндамасының пішінінде хабарды көрсетуіңізге болады.

  • Тілқатысу терезесінің мәнерін көрсету    Пішіндегі әр-түрлі өрістердің мәндерін есептейтін XPath мәнерінің нәтижелерін көрсететін ережені қосуыңызға болады. Мысалы, осы әрекетті құрама есепті орындауға қолданылатын бірнеше ережелердің ортасында пайдалануыңызға болады. Осы әрекетті пайдаланып, есептің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын есептеу кезіндегі мәндердің әр өзгеруін бақылау арқылы тексеруіңізге болады.

  • Көріністерді ауыстыру    Ережені қосып, бірнеше көріністерді шарлауға немесе пішінді ашатын пайдаланушыға бекітілген пайдаланушының роліне негізделген пішіннің көрінісін өзгертуге болады. Мысалы, батырмаға ережені қосып, пайдаланушыларға сол батырманы басқан кездерінде алғашқы немесе келесі көрініске өтулеріне мүмкіндік бересіз.

  • Өрістің мәнін қою    Өрістің мәнін есептейтін ережені қосуыңызға болады. Мысалы, басқа өрістен алынған күн-айына негізделген жобаның аяқталу күн-айын және қойылған күндердің санын көрсететін өріске ережені қосуыңызға болады.

  • Деректер байланысы арқылы сұраныс беру    Пішіндегі шарт орындалған кезде деректер байланысы арқылы сұраныс жіберетін ережені қосуыңызға болады. Мысалы, пайдаланушы шығындар баяндама пішініне өзінің немесе қызметкерінің нөмірін енгізген кезде, деректер байланысы арқылы сұраныс жіберетін ережені қосуыңызға болады.

  • Деректер байланысы арқылы жіберу    Пішіндегі барлық деректерді деректер байланысы арқылы сыртқы деректер көзіне жіберетін ережені қосуыңызға болады. Мысалы, пайдаланушы пішінде Жіберу батырмасын басқан кезінде, Веб-қызметіне және дерекқорына деректерді пішінмен жіберетін рұқсат арызы үшін пішін үлгіге ережені қосуыңызға болады.

  • Толтырылатын жаңа пішінді ашу    Осы немесе басқа пішін үлгісіне негізделген пішіннің жаңа көшірмесін ашатын ережені қосуыңызға болады. Мысалы, келесіні орындайтын рұқсат арызы үшін пішін үлгісіне ережені қосуыңызға болады: егер өрістегі мән бекітілген саннан асып кетсе, ереже электр және құрылыс жасау рұқсат арыздарына қолданылатын басқа пішін үлгісіне негізделген жаңа пішінді ашады.

  • Пішінді жабу    Пішінде оқиға болған кезде, оны жабатын ережені қосуыңызға болады. Мысалы, пайдаланушы пішінді жіберіп, сыртқы дерекқоры пішіннің сәтті жіберілгенін растағаннан кейін, пішінді жабатын ережені қосуыңызға болады.

Ескерту : Пішін үлгіңізге қолдануға болатын ережелердің түрлері пішін үлгіңіздегі басқару құралдары мен өрістеріне байланысты.

Өріске бекітілген басқару құралындағы ережелер сол өріске өздігінен қолданылады, ал өрістегі ережелер сол өріске бекітілген басқару құралына өздігінен қолданылады. Егер басқару құралды ережелері бар өріске бекітсеңіз, ережелер басқару құралына қолданылады. Егер ережені басқару құралына қоссаңыз, ереже сол басқару құралына бекітілген өріске өздігінен қолданылады.

Егер пішін үлгіңізге бірнеше ережелер қоссаңыз, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы әр ережені Ережелер тілқатысу терезесінде берілген кезегі бойынша орындайды. Ілгергі ережені орындағаныңыздан кейін, қалған ережелерді өңдеуді тоқтатуға мүмкіндігіңіз бар.

Беттің жоғарғы жағы

Сыйымдылық талдаулары

Пайдаланушыларыңызға тілқатысу терезесін көрсететін пішін үлгіңізге ережені қосуыңызға болатын болса да, тілқатысу терезелері пайдаланушылар Веб-шолғышта толтыратын браузерге үйлесімді форма үлгісі өрісінде жұмыс істемейді. Тілқатысу терезелері тек InfoPath бағдарламасында толтырылатын пішіндерде көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы пішінді ашқан кезде орындалатын ережені қосу

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат тізімінен Ашу мен Сақтау батырмасын басыңыз.

  3. Мінезқұлықты ашу тармағынан Ережелер дегенді шертіңіз.

  4. Ережелер тілқатысу терезесінен Қосу дегенді шертіңіз.

  5. Аты терезесінде ереженің атын теріңіз.

  6. Ереже орындалатын шартты қою үшін, Шартты қою дегенді таңдап, шартты енгізіңіз. Содан соң, ОК батырмасын басыңыз. Ереже, осы қадамда қойған шартыңыз қанағаттандырылған кезде, орындалады.

  7. Әрекетті қосу батырмасын басыңыз.

  8. Әрекет тізімінде қалаған әрекетті таңдап, сол әрекетке таңдауларды енгізіңіз.

  9. Осы ережеге орындағыңыз келетін әр әрекетке 7-ші мен 8-ші қадамдарды қайталаңыз.

  10. Осы ереженің шарты қанағатталып, ереже орындалғаннан кейін басқа ережелердің орындалуын болдырмау үшін, Осы ереже орындалып болған соң, ережелерді өңдеуді тоқтату құсбелгі көзін таңдаңыз.

  11. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқару құралына ережені қосу

Егер басқару құралы бір не бірнеше ережелері бар өріске бекітілген болса, өрістің ережелері басқару құралына өздігінен қолданылады. Сол басқару құралына қосатын кез келген ережеңіз сол өріске да қосылады. Егер басқару құралды пішін үлгісіндегі көрініске қосып, ережелері бар өріске бекітсеңіз, ережелер сол басқару құралына өздігінен қолданылады. Егер өріске ереже қосып, сол өріс басқару құралына бекітілген болса, ережелер сол басқару құралына да өздігінен қолданылады.

  1. Басқару құралды екі рет шертіңіз.

  2. Деректер қойындысын таңдаңыз.

  3. Ережелер дегенді шертіңіз.

  4. Ережелер тілқатысу терезесінен Қосу дегенді шертіңіз.

  5. Аты терезесінде ереженің атын теріңіз.

  6. Ереже орындалатын шартты қою үшін, Шартты қою дегенді таңдап, шартты енгізіңіз. Содан соң, ОК батырмасын басыңыз. Ереже, осы қадамда қойған шартыңыз қанағаттандырылған кезде, орындалады.

  7. Әрекетті қосу батырмасын басыңыз.

  8. Әрекет тізімінде қалаған әрекетті таңдап, сол әрекетке таңдауларды енгізіңіз.

  9. Осы ережеге орындағыңыз келетін әр әрекетке 7-ші мен 8-ші қадамдарды қайталаңыз.

  10. Осы ереженің шарты қанағатталып, ереже орындалғаннан кейін басқа ережелердің орындалуын болдырмау үшін, Осы ереже орындалып болған соң, ережелерді өңдеуді тоқтату құсбелгі көзін таңдаңыз.

  11. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ережені өріске немесе топқа қосу

Егер басқару құралы ережелері бар өріске бекітілген болса, сол ережелер басқару құралына да өздігінен қолданылады. Өріске қосатын кез келген ереже басқару құралына да қосылады.

  1. Егер Деректер көзі тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Көрініс мәзіріндегі Деректер көзі түймешігін нұқыңыз.

  2. Өрісті екі рет шертіңіз.

  3. Ережелер және Біріктіруқойындысына өтіңіз.

  4. Қосу батырмасын басыңыз.

  5. Аты терезесінде ереженің атын теріңіз.

  6. Ереже орындалатын шартты қою үшін, Шартты қою дегенді таңдап, шартты енгізіңіз. Содан соң, ОК батырмасын басыңыз. Ереже осы қадамда қойған шартыңыз қанағаттандырылған кезде орындалады.

  7. Әрекетті қосу батырмасын басыңыз.

  8. Әрекет тізімінде қалаған әрекетті таңдап, сол әрекетке таңдауларды енгізіңіз.

  9. Осы ережеге орындағыңыз келетін әр әрекетке 7-ші мен 8-ші қадамдарды қайталаңыз.

  10. Осы ереже орындалғаннан кейін басқа ережелердің орындалуын болдырмау үшін, Осы ереже (ағымдағы оқиғаға) орындалып болған соң, ережелерді өңдеуді тоқтату құсбелгі көзін таңдаңыз.

  11. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×