Екі кестені салыстырып, сәйкестігі жоқ жазбаларды табу

Кейде екі кестені салыстырып, бір кестеден екінші кестеде ешқандай сәйкестігі жоқ жазбаларды анықтағыңыз келуі мүмкін. Бұл жазбаларды анықтаудың ең оңай жолы — Сәйкессіздікті табуды сұрау шеберін пайдалану. Шебер сұрауыңызды құрғаннан кейін, өрістер қосу немесе жою үшін, не болмаса екі кестенің арасына қосылыстар қосу үшін (мәндері сәйкес болуы тиіс өрістерді көрсету үшін) сұраудың жасақтамасын өзгертуіңізге болады. Сонымен қатар, сәйкестігі жоқ жазбаларды табу үшін шеберді пайдаланбастан өз сұрауыңызды жасай аласыз.

Бұл бөлімде сәйкессіздіктерді табуды сұрау шеберін бастау және іске қосу, шебердің шығысын өзгерту және сәйкестігі жоқ жазбаларды табу үшін өз сұрауыңызды жасау жолдары көрсетіледі.

Бұл бөлімде

Сәйкестігі жоқ жазбаларды қашан пайдаланған жөн?

Екі кестені салыстыру үшін Сәйкессіздіктерді табуды сұрау шеберін пайдалану

Бірнеше өрісті салыстыру үшін сәйкессіздіктерді табуды сұрау шеберін жасау және өзгерту

Сәйкестігі жоқ жазбаларды табу үшін өзіндік сұрау жасау

Сәйкестігі жоқ жазбаларды қашан пайдаланған жөн?

Келесілер екі кестені салыстырып, сәйкес жоқ жазбаларды тапқыңыз келетін жалпы жағдайлар болып табылады. Жағдайға қарай, сәйкестігі жоқ жазбаларды табу жасалатын бірнеше әрекеттің біріншісі болуы мүмкін. Бұл бөлімде тек сәйкестігі жоқ жазбаларды табу қамтылады.

  • Бір кестені бір зат (тауар сияқты) туралы деректерді сақтау үшін, ал екінші кестені сол затпен байланысты әрекеттер (тапсырыстар сияқты) туралы деректерді сақтау үшін пайдаланасыз.    

    Мысалы, Northwind 2007 дерекқор үлгісінде тауарлар туралы деректер "Тауарлар" кестесінде сақталады, ал әрбір тапсырысқа қандай тауарлар кіретіні туралы деректер "Тапсырыс мәліметтері" кестесінде сақталады. "Тауарлар" кестесінде тапсырыстар туралы деректер болмайтындықтан (жасақтамасына орай), жалғыз "Тауарлар" кестесіне қарап, қай тауарлардың сатылғанын анықтау мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл ақпаратты жалғыз "Тапсырыс мәліметтері" кестесіне қарап анықтау да мүмкін емес, себебі "Тапсырыс мәліметтері" кестесіне тек сатылған тауарлар туралы деректер кіреді. Қай тауарлар сатылғанын анықтау үшін екі кестені салыстыруыңыз керек.

    Егер екінші кестеде сәйкес әрекеттері жоқ бірінші кестедегі заттардың тізімін қарап алғыңыз келсе, Сәйкессіздіктерді табуды сұрау шеберін қолдануыңызға болады.

  • Сізде қабаттасқан, керексіз немесе үйлесімсіз ақпараты бар екі кестеңіз бар, оларды бір кестеге біріктіргіңіз келеді.    

    Мысалы, сізде "Тұтынушылар" деп аталатын бір кесте және "Клиенттер" деп аталатын екінші кесте бар дейік. Кестелер ұқсас десе де болады, бірақ бір кестеде немесе екі кестеде де екіншісінде жоқ жазбалар болады. Кестелерді біріктіру үшін алдымен бір немесе екі кестедегі бірегей жазбаларды анықтап алу керек.

    Егер осындай жағдайға тап болсаңыз, осы мақалада сипатталған әдістер көмектесуі мүмкін, бірақ тағы да басқа қадамдар орындауыңыз мүмкін. Сәйкессіздіктерді табу сұрауы шеберін сәйкестігі жоқ сұрауларды анықтау үшін іске қосуыңызға болады, бірақ аралас жазбалар жиынын шығарып алғыңыз келсе, бірігу сұрауын жасау үшін нәтижелерді пайдаланасыз. Егер SQL тіліндегі (құрылымды сұрау тіліндегі) мәлімдемелерді оңай жаза алсаңыз, онда тіпті сәйкессіздіктерді табуды сұрау шеберін пайдаланудан бас тартып, бірігу сұрауын қолмен жазғанды тәуір көруіңіз мүмкін.

    Ақпараттың қабаттасу, керексіз болу немесе сыйыспауымен байланысты ақауларға жиі екі немесе бірнеше кестедегі қайталанбалы деректерден іздеу амалын қолдана аласыз.

Бірігу сұраулары туралы немесе қайталанбалы деректерді табу, жасыру немесе жою туралы қосымша ақпарат алу үшін анықтамадан іздеңіз немесе Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Ескерту : Осы бөлімдегі мысалдарда Northwind 2007 дерекқор үлгісінің көмегімен жасалған дерекқор пайдаланылады.

Northwind 2007 дерекқоры қалай теңшелетінін көрсету

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Жаңа түймешігін нұқыңыз.

  2. Сол жақ аймақтағы Үлгі санаттары астынан Жергілікті үлгілер тармағын таңдаңыз.

  3. Жергілікті үлгілер астынан Northwind 2007 тармағын, одан кейін Жасау пәрменін таңдаңыз.

  4. Дерекқорды ашу үшін Northwind сатушылары бетіндегі (Іске қосылу бейнебеті нысан қойындысында) нұсқауларды орындаңыз да, "Жүйеге кіру" тілқатысу терезесін жабыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Екі кестені салыстыру үшін Сәйкессіздіктерді табуды сұрау шеберін пайдалану

  1. жасау қойындысының Басқа тобында Сұрау шебері түймешігін нұқыңыз.

  2. Жаңа сұрау тілқатысу терезесіндегі Сәйкессіздіктерді табуды сұрау шебері тармағын екі рет басыңыз.

  3. Шебердің бірінші бетінде, сәйкестігі жоқ жазбалары бар кестені таңдап алыңыз да, Келесі түймешігін басыңыз. Мысалы, әлі сатылмаған Northwind 2007 өнімдерінің тізімдерін көргіңіз келсе, "Тауарлар" кестесін таңдаңыз.

  4. Екінші бетте, байланысты кестені таңдап, Келесі түймешігін басыңыз. Мысалға сәйкес болу үшін "Тапсырыс мәліметтері" кестесін таңдаңыз.

  5. Үшінші бетте, кестелерді байланыстыратын өрістерді таңдап, < = > белгісін, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз. Әрбір кестеден тек бір өрісті таңдауыңызға болады. Мысалға сәйкес болу үшін "Тауарлар" кестесіндегі "Код" тармағын, ал "Тапсырыс мәліметтері" кестесінен "Тауар коды" тармағын таңдаңыз. Дұрыс өрістердің сәйкестігін Сәйкес өрістер жолағындағы мәтінді сараптау арқылы тексеріңіз.

    Үлгіге кірістірілген байланыстар бар болғандықтан, "Код" пен "Тауар коды" өрістері таңдап қойған болуы мүмкін екендігін ескеріңіз.

  6. Төртінші бетте, бірінші кестеден көргіңіз келетін өрістерді екі рет нұқып, Келесі түймешігін басыңыз. Мысалға сәйкес болу үшін "Код" және "Тауар атауы" өрістерін таңдаңыз.

  7. Бесінші бетте, нәтижелерді көруді немесе сұраудың жасақтамасын өзгертуді таңдауыңызға болады. Бұл мысалда, Нәтижелерді көру пәрменін таңдаңыз. Сұраудың ұсынылған атауын қабылдап, Дайын түймешігін басыңыз.

    Басқа шарттар қосу үшін сұраудың жасақтамасын, сұрыптау тәртібін өзгертуді, өрістерді қосуды не жоюды қалауыңыз мүмкін. Сәйкессіздіктерді табу сұрауын өзгерту туралы ақпаратты келесі бөлімнен оқыңыз, не болмаса, сұраулар жасау және өзгерту туралы қосымша жалпы ақпарат алу үшін Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бірнеше өрісті салыстыру үшін сәйкессіздіктерді табуды сұрау шеберін жасау және өзгерту

  1. жасау қойындысының Басқа тобында Сұрау шебері түймешігін нұқыңыз.

  2. Жаңа сұрау тілқатысу терезесіндегі Сәйкессіздіктерді табуды сұрау шебері тармағын екі рет нұқыңыз.

  3. Шебердің бірінші бетінде, сәйкестігі жоқ жазбалары бар кестені таңдап алыңыз да, Келесі түймешігін басыңыз. Мысалы, әлі сатылмаған Northwind 2007 өнімдерінің тізімдерін көргіңіз келсе, "Тауарлар" кестесін таңдаңыз.

  4. Екінші бетте, байланысты кестені таңдаңыз да, Келесі түймешігін басыңыз. Мысалға сәйкес болу үшін "Тапсырыс мәліметтері" кестесін таңдаңыз.

  5. Үшінші бетте, кестелерді байланыстыратын өрістерді таңдап, < = > белгісін, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз. Әрбір кестеден тек бір өрісті таңдауыңызға болады. Мысалға сәйкес болу үшін "Тауарлар" кестесіндегі "Код" тармағын, ал "Тапсырыс мәліметтері" кестесінен "Тауар коды" тармағын таңдаңыз. Дұрыс өрістердің сәйкестігін Сәйкес өрістер жолағындағы мәтінді сараптау арқылы тексеріңіз. Шеберді аяқтағаннан кейін, қалған өрістерді біріктіріп қосуыңызға болады.

    Үлгіге кірістірілген байланыстар бар болғандықтан, "Код" пен "Тауар коды" өрістері таңдап қойған болуы мүмкін екендігін ескеріңіз.

  6. Төртінші бетте, бірінші кестеден көргіңіз келетін өрістерді екі рет нұқып, Келесі түймешігін басыңыз. Мысалға сәйкес болу үшін "Код" және "Тауар атауы" өрістерін таңдаңыз.

  7. Бесінші бетте, Жасақтаманы өзгерту пәрменін таңдап, Дайын түймешігін басыңыз.

    Сұрау жасақтама көрінісінде ашылады.

  8. Сұрау жасақтамасы тор сызығындағы екі кесте шебердің үшінші бетінде көрсетілген өрістерде (бұл мысалда, "Код" және "Тауар коды") біріктірілетіндігін ескеріңіз. Байланысты өрістердің қалған әрбір жұбының біріктірулерді бірінші кестеден (сәйкестігі жоқ жазбалары бар кесте) екінші кестеге апару арқылы жасаңыз. Бұл мысалда, "Тауарлар" кестесіндегі "Бағалар тізімі" өрісін "Тапсырыс мәліметтері" кестесіндегі "Бірлік бағасы" өрісіне апарыңыз.

  9. Біріктіруді (өрістерді байланыстыратын сызықты) екі рет нұқып Біріктіру сипаттары тілқатысу терезесін ашыңыз. Әрбір біріктіру үшін "Тауарлар" кестесіндегі барлық жазбаларды қамтитын параметрді таңдап, OK түймешігін басыңыз.

    Сұрау жасақтамасы тор сызығындағы әрбір біріктіру ұшында көрсеткі болатынын ескеріңіз.

    Біріктіру түрі жол үлгісімен көрсетіледі.

    1. "Бағалар тізімі" мен "Бірлік бағасы" өрістерінің арасында біріктіру жасаған кезде, ол екі кестеден шығатын нәтижелерді шектейді. Сұрау нәтижелеріне екі кестедегі өрістердің ішіндегі деректері сәйкесетін жазбалар ғана қосылады.

    2. Біріктіру сипаттарын өңдегеннен кейін, біріктіру тек көрсеткі нұсқап тұрған кестелерді шектейді. Сұрау нәтижелеріне көрсеткі нұсқап тұрған кестедегі жазбалардың барлығы қосылады.

    Ескерту : Біріктірудегі көрсеткілердің барлығы бірдей бағытты нұсқап тұрғанын тексеріңіз.

  10. Байланысты жазбалары бар кесте үшін (бұл мысалда "Тапсырыс мәліметтері" кестесі), шебердің үшінші бетінде таңдалғаннан (бұл жағдайда, "Тауар коды" өрісі) басқа бірінші кестемен байланысқан әрбір өрісті екі рет нұқыңыз. Бұл өрістердің әрқайсысы үшін Көрсету жолындағы құсбелгілерді алып тастаңыз да, Шарттар жолына Нөлге тең сөзін теріңіз.

  11. Басқа сұрау өрістеріне шарттар қосуды немесе бірінші кестедегі мәндерге негізделген есептелген өрістер жасауды қалауыңыз мүмкін.

  12. Жасақтама қойындысының Нәтижелер тобында Жегу түймешігін нұқыңыз.

    Сұрау қандай да бір бар тапсырыстардың бөлігі болып табылмайтын тауарлардың атауларын береді.

Беттің жоғарғы жағы

Сәйкестігі жоқ жазбаларды табу үшін өзіндік сұрау жасау

  1. жасау қойындысының Басқа тобында Сұрау жасақтамасы түймешігін нұқыңыз.

  2. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде сәйкестігі жоқ жазбалары бар кестені, одан кейін байланысты жазбалары бар кестені екі рет нұқыңыз.

  3. Кестені көрсету тілқатысу терезесін жабыңыз.

  4. Сұрау жасақтамасы тор сызығындағы екі кестені олардың байланысты өрістері арқылы біріктіретін қосылыстар деп аталатын сызықтар болуы тиіс. Егер біріктірулер болмаса, әрбір байланысты өрісті бірінші кестеден (сәйкестігі жоқ жазбалары бар кесте) екінші кестеге (байланысты жазбалары бар кесте) апару арқылы оларды жасаңыз.

  5. Біріктіруді екі рет нұқып Біріктіру сипаттары тілқатысу терезесін ашыңыз. Әрбір біріктіру үшін 2-параметрді таңдап, OK түймешігін басыңыз.

    Сұрау жасақтамасы тор сызығында біріктірулер ұшында көрсеткі пайда болғанша өзгереді.

    Ескерту : Біріктірулердің барлығы бірдей бағытты нұсқап тұрғанын тексеріңіз. Біріктірулер әр түрлі бағыттарды нұсқап тұрса, сұрау жұмыс істемейді және қандай да бір қосылыс көрсеткі болмаса, іске қосылмауы мүмкін. Біріктірулер сәйкестігі жоқ жазбалары бар кестеден кері қарай нұсқап тұруға тиіс.

  6. Сәйкестігі жоқ жазбалары бар кестеде сұрау беретін өрістерді екі рет нұқыңыз.

    Таңдауыңыз бойынша, осы кез келген өрістерге шарттар енгізіңіз немесе есептелген өрістер жасаңыз.

  7. Байланысты жазбалары бар кесте үшін, бірінші кестеге қосылған әрбір өрісті екі рет нұқыңыз. Бұл өрістердің әрқайсысы үшін Көрсету жолындағы құсбелгілерді алып тастаңыз да, Шарттар жолына Нөлге тең сөзін теріңіз.

  8. Жасақтама қойындысының Нәтижелер тобында Жегу түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×