Дыбыс және бейне жазбаларды жазу

Microsoft Office OneNote 2007 бағдарламасы дыбыс және бейне клиптерді жазбалар ретінде жазып алуға мүмкіндік береді. Дыбысты жазу үшін микрофон қажет. Қолкомпьютер мен ықшам компьютердің көптеген модельдерінде OneNote бағдарламасында дыбысты қосымша аппараттық құрылғыны пайдаланбай жазуға мүмкіндік беретін бекітілген микрофон болады. Егер сіздің компьютеріңізде бекітілген микрофон жоқ болса, сандық немесе аналогтық сыртқы микрофон сатып алып, компьютеріңіздегі дыбыс ұяшығына жалғаңыз. Бейне жазу үшін желілік камера сияқты фильм жазатын сандық камераны қосу керек.

Әр түрлі жағдайларда, мысалы, жиналыстар мен лекцияларда дыбыс және бейне жазбалар пайдалы жазба құралдары қызметін атқара алады. Мәселен, дыбыс жазбаны аудиторияда жазған жазбаларыңызды тексеру жолы ретінде пайдалана аласыз. Маңызды демонстрацияны жазып алу үшін, бейне жазуды пайдалана аласыз. Егер көп анықтамалық материалдар жасайтын болсаңыз, дыбыс және бейне жазбалар жолақ ескерімдерімен қатар жақсы жұмыс істейді. Анықтамалық материалдар ақпаратын Интернеттен жолақ ескерімдерге апару барысында әрбір элементті оның маңыздылығын кейін еске түсіру үшін, дыбысты жазбамен белгілей аласыз.

Не істегіңіз келеді?

Дыбыс және бейне жазбаларды жазу

Дыбыс және бейне жазбаларды ойнату

Дыбыс және бейне жазбаларды басқалармен бөлісу

Дыбыс немесе бейне жазбалардың параметрлерін лайықтау

Дыбыс және бейне жазбаларды жазу

OneNote бағдарламасында жасалған дыбыс және бейне жазбалар жазу кезінде жасалған жазбаларға тікелей байланысты. Бұл кейін жазбаларыңызды құпия сөздер немесе өзіңізге белгілі мәтін арқылы іздеуге мүмкіндік береді. Мысалы, жиналыста болып, баяндамашы күрделі жұмыс үрдісін түсіндіріп жатса, көрмені жазып алып, одан кейін жазбаларыңызда жазбаның тақырыбын көрсету үшін, «жұмыс үрдісі» сөзін теріңіз. Жазбаны ойнатқан кезде, OneNote бағдарламасы жазған ілеспе жазбаларды көрсетеді.

OneNote бағдарламасында дыбыс немесе бейне клиптер жазу үшін, Microsoft DirectX 9.0a және Microsoft Windows Media Player 9 бағдарламалары немесе олардан кейінгі нұсқалары қажет.

  1. Жазбаны бетке қойғыңыз келген жерді нұқыңыз , мысалы, түсініктеме беретін еже немесе сурет жаны.

  2. Стандартты құралдар тақтасындағы Жазу түймешігінің жанында орналасқан көрсеткіні нұқыңыз және Тек дыбыс жазу немесе Бейне жазу түймешігін басыңыз.

    Бетте уақыт белгісі орналасқан.

  3. Дыбыс немесе бейне жазбаларды жазуды бастаңыз.

  4. Жазуды тоқтату үшін, Дыбыс пен бейне жазу құралдар тақтасындағы Түймешік суреті Тоқтату түймешігін басыңыз.

Ескерту : 

  • Тек дыбыс жазу түймешігін таңдасаңыз, OneNote бағдарламасы дыбысты клипті .wma файлы ретінде жазады. Бейне жазу түймешігін таңдасаңыз, микрофон компьютерге жалғанған немесе камераның бір бөлігі ретінде қатынаулы болған жағдайда, OneNote бағдарламасы дыбыс және бейне жазбаларды .wmv файлында жазып біріктіреді. OneNote бағдарламасында бейне жазу жасалғаннан кейін, жазбаларыңыздағы дыбыс бөлігін бейне бөлігінен ажырата алмайсыз.

  • Егер OneNote бағдарламасы жұмыс істемей тұрса, Windows тапсырмалар тақтасының оң жағындағы OneNote белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқу арқылы және Дыбысты жазуды бастау түймешігін басу арқылы дыбыс жазуды іске қоса аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дыбыс және бейне жазбаларды ойнату

  1. Ойнатқыңыз келген дыбыс немесе бейне жазбалары бар бетті ашыңыз.

  2. Сол жазбалармен байланысқан жазбаның бөлігін көру немесе есту үшін, жазбалардың жанындағы белгішені нұқыңыз.

  3. Дыбыс пен бейне жазу құралдар тақтасындағы Тоқтату Түймешік суреті немесе Үзіліс түймешігін басу арқылы ойнатуды кез келген уақытта тоқтатып немесе үзіліске қоя аласыз.

Ескерту : 

  • Әдетте Дыбыс пен бейне жазу құралдар тақтасындағы Орындауды қараңыз түймешігі қосулы тұрады. Бұл OneNote бағдарламасына жазу кезінде жасаған әр элементті кезекпен таңдауға мүмкіндік береді. Егер жазбаларға ермей тыңдағыңыз келсе, оны сөндіру үшін Орындауды қараңыз түймешігін басыңыз.

  • Бейне жазбаның тек дыбыс бөлігін ойнату үшін, Дыбыс пен бейне жазу құралдар тақтасындағы Бейне терезесін жасыру түймешігін басыңыз. .

Беттің жоғарғы жағы

Дыбыс және бейне жазбаларды басқалармен бөлісу

Өзіңіз жасаған дыбыс және бейне жазбаларды басқа адамдармен олардың компьютеріне OneNote бағдарламасы орнатылмаса да бөлісе аласыз.

Дыбыс және бейне файлдарды электрондық пошта хабары арқылы жіберу.

  1. Құралдар мәзіріндегі Параметрлер пәрменін таңдаңыз.

  2. Санат тізіміндегі Параметрлер тіл қатысу терезесінде орналасқан Электрондық пошта түймешігін басыңыз.

  3. Электрондық пошта хабарына ендірілген файлдарды жеке файлдар ретінде тіркеу параметрін таңдап, OK түймешігін басыңыз.

  4. Жібергіңіз келген дыбыс және бейне файлдары бар беттің қойындысын нұқыңыз.

  5. Файл мәзіріндегі Бетті жіберу пәрменін көрсетіп, Хат алушы (тіркеме ретінде) пәрменін таңдаңыз.

  6. Электрондық пошта пішінін толтырып, одан кейін Жіберу түймешігін басыңыз.

Ескерту : 

  • Электрондық пошта хабарында алушыларға дыбыс пен бейнені беттен тікелей ойнату мүмкін болу үшін, .wma немесе .wmv файлдарын OneNote файлы орналасқан жерге сақтау керектігін хабарлаңыз.

  • Сонымен қатар, тек .wma немесе .wmv жіберу арқылы да дыбыс немесе бейне жазбаларды жібере аласыз.

Дыбыс және бейне файлдары бар беттерді жариялау

  1. Жариялағыңыз келген беттің қойындысын нұқыңыз.

  2. Файл мәзіріндегі Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

  3. Басқаша сақтау тіл қатысу терезесінде .one файлын және .wma немесе .wmv файлдарын жариялағыңыз келген ортақ орналасу жеріне ауысыңыз.

  4. Файл түрі жолағындағы OneNote бөлімдері түймешігін басыңыз.

  5. Сақтау түймешігін басыңыз.

Ортақ дыбыс жазбаларды тыңдау үшін немесе ортақ бейне жазбаларды көру үшін, алушы төмендегі әрекетті орындауы қажет:

  • Компьютеріне Microsoft Windows Media Player 9 бағдарламасы немесе оның кейінгі нұсқасы орнатылған болуы тиіс. Ойнатқыш Microsoft Windows амалдық жүйесімен бірге орнатылады және оны Microsoft веб-торабынан қотарып алуға болады.

  • OneNote бетін және Windows ойнатқыш файлын (дыбысқа арналған .wma немесе бейнеге арналған .wmv) бір орналасу жеріне сақтаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дыбыс немесе бейне жазбалардың параметрлерін лайықтау

Егер OneNote бағдарламасындағы жазбалардың сапасы көңіліңізден шықпаса, әдеттегі дыбыс және бейне параметрлерін лайықтай аласыз.

  1. Құралдар мәзіріндегі Параметрлер пәрменін таңдаңыз.

  2. Санат тізіміндегі Параметрлер тіл қатысу терезесінде орналасқан Дыбыс пен бейне түймешігін басыңыз.

  3. Қажет параметрлерді таңдаңыз.

Кеңес : Камераның, микрофонның немесе үндеткіштердің дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін, Теңшеу шебері түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×