Диаграммаға қосымша білік қосу немесе оны жою

Егер диаграммадағы мәндер бір деректер қатары мен екінші деректер қатары арасында кең ауқымда ауытқитын болса немесе деректердің аралас түрлері болса (мысалы, баға мен көлем), қосымша тік (мән) білікке бір немесе бірнеше деректер қатарын салуға болады. Қосымша тік біліктің масштабы қосымша деректер қатарының мәндерін көрсетеді.

Диаграммаға қосымша тік білік қосылғаннан кейін, xy (нүктелік) диаграммада немесе көпіршік диаграммада пайдалы болуы мүмкін қосымша көлденең (санат) білік те қосуға болады.

Қосымша білікте орналасқан деректерді айырып тану үшін тек қана бір деректер қатары үшін диаграмма түрін өзгертуге болады. Мысалы, бір деректер қатарын сызықтық диаграммаға өзгертуге болады.

Не істегіңіз келеді?

Қосымша тік білік қосу

Қосымша көлденең білік қосу

Деректер қатарының диаграмма түрін өзгерту

Қосымша білікті жою

Қосымша тік білік қосу

  1. Диаграммадағы қосымша тік білікте салынатын деректер қатарын нұқыңыз немесе диаграмма элементтерінің тізімінен деректер қатарын таңдау үшін, келесі әрекетті орындаңыз:

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Сонда бейнебетке Жасақтама, Орналасу және Пішім қойындыларын қамтитын Диаграмма құралдары шығады.

    2. Пішін қойындысындағы Ағымдық бөлектелген элемент тобынан Диаграмма элементтері жолағының жанындағы көрсеткіні нұқып, қосымша тік білікте салынатын деректер қатарын нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

  2. Пішім қойындысындағы Ағымдық бөлектелген элемент тобынан Бөлектелген элементті пішімдеу түймешігін басыңыз.

  3. Егер таңдалмаған болса, Қатардың параметрлері пәрменін таңдап, Қатарды тұрғызу тобының астынан Қосымша білік және Жабу түймешіктерін басыңыз.

  4. Орналасу қойындысындағы Біліктер тобынан Біліктер түймешігін басыңыз.

  5. Қосымша тік білік түймешігін басып, қажетті бейнелеу параметрін таңдаңыз.

Кеңес : Қосымша білікті айырып тану үшін тек қана бір деректер қатары үшін диаграмма түрін өзгертуге болады. Мысалы, бір деректер қатарын сызықтық диаграммаға өзгертуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша көлденең білік қосу

  1. Қосымша тік білікті көрсететін диаграмманы нұқыңыз.

    Сонда бейнебетке Жасақтама, Орналасу және Пішім қойындыларын қамтитын Диаграмма құралдары шығады.

    Кеңес : Қосымша тік білік қосу қажет болса, Қосымша тік білік қосу бөлімін қараңыз.

  2. Орналасу қойындысындағы Біліктер тобынан Біліктер түймешігін басыңыз.

    Excel таспа кескіні

  3. Қосымша көлденең білік түймешігін басып, қажетті бейнелеу параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректер қатарының диаграмма түрін өзгерту

  1. Диаграммадағы өзгертілетін деректер қатарын нұқыңыз немесе диаграмма элементтерінің тізімінен деректер қатарын таңдау үшін келесі әрекетті орындаңыз:

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Сонда бейнебетке Жасақтама, Орналасу және Пішім қойындыларын қамтитын Диаграмма құралдары шығады.

    2. Пішім қойындысындағы Ағымдық бөлектелген элемент тобынан Диаграмма элементтері жолағының қасындағы көрсеткіні, одан кейін өзгертілетін диаграмма қатарын нұқыңыз.

      Excel таспасының суреті

  2. Жасақтама қойындысындағы Түрі тобынан Диаграмма түрін өзгерту түймешігін басыңыз.

    Excel таспаның Түрі тобы

  3. Бірінші жолақтағы бір диаграмма түрін, одан кейін екінші жолақта пайдаланылатын диаграмма түрін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша білікті жою

  1. Жойылатын қосымша білікті бейнелейтін диаграмманы нұқыңыз.

    Сонда бейнебетке Жасақтама, Орналасу және Пішім қойындыларын қамтитын Диаграмма құралдары шығады.

  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Орналасу қойындысындағы Біліктер тобынан Біліктер параметрін таңдап, Қосымша тік білік немесе Қосымша көлденең білік түймешігін, одан кейін Ешбірі түймешігін басыңыз.

      Excel таспа кескіні

    • Жойылатын қосымша білікті нұқып, DELETE пернесін басыңыз.

    • Қосымша білікті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірдегі Жою пәрменін таңдаңыз.

      Кеңес : Сондай-ақ, қосымша біліктерді қосқаннан соң оларды дереу жою үшін, Жылдам қатынау тақтасы ішінен Болдырмау түймешігін Түймешік кескіні немесе CTRL+Z пернелер тіркесімін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×