Дерекқор құпия сөзін пайдалану арқылы дерекқорды шифрлау

Microsoft Office Access 2007 дерекқоры қаламаған пайдаланушылардың деректерді ашу немесе дерекқорды ашудың алдын алу қажет болған кезде шифрланады. Осы бөлімде ақпаратта дерекқор құпиясөзі арқылы дерекқорды шифрлау жолы түсіндіріледі.

Ескерту : Осы бөлімдегі ақпарат Office Access 2007 бағдарламасы Access 2007 дерекқорының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөліміндегі мақаланың көлемді әрі толық бөлігі болып табылады. Қауіпсіздік құрылысы мен басқа да жаңа қауіпсіздік мүмкіндіктері туралы ақпаратты сол бөлімнен қараңыз.

Не істегіңіз келеді?

Шифрлау мен дерекқор құпиясөздерін түсіну

Құпия сөз арқылы дерекқорды шифрлау

Дерекқорды ашу және шифрын алып тастау

Дерекқордан құпиясөзді жою

Шифрлау мен дерекқор құпиясөздерін түсіну

Office Access 2007 бағдарламасындағы шифрлау құралы деректерді басқа құралдар арқылы оқу мүмкіндігін жойып, дерекқорды пайдалану үшін пайдаланушыларды құпиясөз енгізуге мәжбүрлейді. Жұмысты жалғастыру кезінде мына ережелерді есте сақтаңыз:

  • Жаңа шифрлау мүмкіндігі тек .accdb файл пішіміндегі дерекқорларға қолданылады.

  • Office Access 2007 шифрлау құралында алдыңғы шифрлау құралдарына қарағанда күштірек алгоритм қолданылады.

  • Ескі дерекқорды (.mdb файлы) шифрлағыңыз немесе құпиясөз қолданғыңыз келсе, Office Access 2007 бағдарламасы Microsoft Office Access 2003 нұсқасындағы кодтау және құпиясөз мүмкіндіктерін пайдаланады.

Беттің жоғарғы жағы

Құпия сөз арқылы дерекқорды шифрлау

Осы бөлімдегі қадамдарда Office Access 2007 дерекқорына құпиясөз жасау және қолдану жолдары түсіндіріледі.

Дерекқорды шифрлау

  1. Шифрланатын дерекқорды жеке иелік күйінде ашыңыз.

    Дерекқор жеке иелік күйінде қалай ашылады?

    1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    2. Ашу тілқатысу терезесінде ашылатын файлдың орналасқан жерін шолып тауып алып, файлды таңдаңыз (тінтуірмен бір рет басыңыз).

    3. Ашу түймешігінің жанындағы көрсеткіні басып, одан кейін Жеке иелік қатынас параметрін таңдаңыз. Мәзір келесі суретте бейнеленген.

      Файлды монополиялық режимде ашу

  2. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Кілт сөзбен шифрлау түймешігін нұқыңыз.

    Access таспа суреті

    Дерекқор құпиясөзін орнату тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Құпия сөзді Құпия сөз жолағына теріп, оны Растау жолағына қайтадан теріңіз де, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

    Ескертулер : 

    • Бас және кіші әріптерден, сандардан және таңбалардан тұратын қиын кілт сөздерді пайдаланыңыз. Жеңіл кілт сөзде ондай қасиеттер жоқ. Қиын кілт сөз үлгісі: Y6dh!et5. Жеңіл кілтсөз: Үй27. кілт сөздердің ұзындығы 8 немесе одан да көп таңбадан тұруы тиіс. 14 немесе одан да көп таңбадан тұратын кілт сөйлемдер ең жақсы шешім болып табылады. Көбірек ақпарат алу үшін Жеке ақпаратыңызды қиын кілт сөзбен қорғауға көмектесу (Ағылшын тілінде) тармағын қараңыз.

    • Кілт сөзіңізді жатқа білген өте маңызды. Кілт сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, Microsoft корпорациясы оны қалпына келтіре алмайды. кілт сөзіңізді жазып қойып, өзі қорғауға арналған ақпараттан аулақ, қауіпсіз жерде сақтаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дерекқорды ашу және шифрын алып тастау

Ескертуші сияқты, құпиясөзді есте сақтау аса маңызды, себебі құпиясөзді ұмытып қалсаңыз, оны шығарып алатын ешқандай әдіс жоқ.

Дерекқор шифрын алып тастау

  1. Шифрланған дерекқорды кез келген басқа дерекқор сияқты ашыңыз.

    Құпия сөз қажет тілқатысу терезесі пайда болады.

  2. Құпия сөзді Дерекқор құпиясөзін енгізіңіз жолағына теріп, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дерекқордан құпиясөзді жою

Дерекқордан құпиясөзді жойған кезде, оны кез келген уақытта осы бөлімде аталып өткен Құпия сөз арқылы дерекқорды шифрлау бөліміндегі қадамдарды қайталай отырып қалпына келтіруге (немесе басқа бір құпиясөз қолдануға) болады.

Құпия сөзді жою

  1. Дерекқорды жеке иелік күйінде ашыңыз.

    Дерекқор ерекше күйде қалай ашылады?

    1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

    2. Ашу тілқатысу терезесінде ашылатын файлдың орналасқан жерін шолып тауып алып, файлды таңдаңыз (тінтуірмен бір рет басыңыз).

    3. Ашу түймешігінің жанындағы көрсеткіні басып, одан кейін Жеке иелік қатынас параметрін таңдаңыз. Мәзір келесі суретте бейнеленген.

      Файлды монополиялық режимде ашу

  2. Дерекқор құралдары қойындысының Дерекқор құралдары тобында Дерекқор шифрын шешу түймешігін нұқыңыз.

    Дерекқор құпиясөзін алып тастау тілқатысу терезесі пайда болады.

  3. Құпия сөзді Құпия сөз жолағына теріп, одан кейін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×