Дерекқор жасақтамасы элементтерін сақтау және қайта пайдалану

Access 2010 бағдарламасында дерекқор жасақтамасын қайта пайдаланудың алуан түрлі жолдары беріледі. Бүкіл дерекқорды үлгі ретінде сақтауға, дерекқордың бір бөлігін бағдарлама бөлігі ретінде сақтауға, не болмаса бір өрісті немесе өрістер жиынын деректер түрі үлгісі ретінде сақтауға болады. Әрбір жағдайда, Access бағдарламасы кейіннен басқалармен ортақ пайдалануға болатын файл жасайды. Сол сияқты, үшінші тараптардан алынған осындай файлдарды да пайдалануға болады.

Бұл мақалада әртүрлі дерекқор нысандарын, кейбір жағдайларда деректерді де қосып үлгі ретінде сақтау жолдары талқыланады. Сондай-ақ, онда әртүрлі үлгі файлдары және оларды ортақ пайдалану жолдары талқыланады. Бұл мақалада Access бағдарламасымен бірге келетін бағдарлама бөліктері туралы біраз мәліметтер беріледі.

Бұл мақалада дерекқор жасақтамасы және Access бағдарламасымен бірге келетін немесе Office.com торабында бар әртүрлі дерекқор үлгілері талқыланбайды. Access дерекқор жасақтамасы принциптеріне негізгі кіріспені Дерекқор жасақтамасы негіздері атты мақаладан қараңыз. Access 2010 бағдарламасымен бірге келетін дерекқор үлгілерін пайдалану туралы қосымша ақпаратты Access 2010 үлгілеріне кіріспе атты мақаладан қараңыз.

Бұл мақалада:

Жалпы шолу

Дерекқор жасақтамасы элементтерін қайта пайдалану үшін сақтау және ортақ пайдалану

Дерекқорды дерекқор үлгісі немесе бағдарлама бөлігі (*.accdt) етіп сақтау

Өрісті деректер түрі үлгісі (*.accft) етіп сақтау

Үшінші тараптың дерекқор жасақтамасын қайта пайдалану

Жалпы шолу

Кейде, жаңадан бірдеңе бастағыңыз келмейді. Дұрыс жасақтамаға қол жеткізу үшін көп уақытыңызды жұмсаған кезде, оның барынша пайдаланғыңыз келеді, мысалы, қайта пайдалану арқылы. Не болмаса, басқалар жасап қойған жасақтау жұмысын пайдаланғыңыз келуі мүмкін. Access бағдарламасында дерекқор жасақтамасын қайта пайдаланудың үш негізгі жолы беріледі:

  • Дерекқор үлгілері    — жаңа дерекқор жасау үшін пайдалануға болатын файлдар (файл түрі — *.accdt). Әдетте, үлгіден жасалған дерекқор пайдалануға дайын болады, бірақ оны нақты қажеттіліктерге сәйкес қалауыңызша өзгертуіңізге болады. Мысалы, Активтер веб-дерекқор үлгісі негізгі активтерді басқару мүмкіндіктерін ұсынады, бірақ оған ұйымыңызға қатысты бөлім немесе бюджет туралы біраз ақпарат қосу арқылы оны толықтыру керек болуы мүмкін. Access бағдарламасында әртүрлі дерекқор үлгілері болады және оларды Access ашылғанда Backstage көрінісінен көруге болады.

  • Бағдарлама бөліктері — дерекқор үлгілері сияқты файлдар, бірақ олар жаңа дерекқорға негіз болғаннан гөрі, қолданыстағы дерекқорға жасақтама элементтерін қосу үшін пайдаланылады. Мысалы, Аңғартпалар бағдарлама бөлігінде аңғартпаларды, соның ішінде күн/уақыт өрісін қамту үшін орнатылған кесте беріледі. Кейбір бағдарлама бөліктері бағдарлама бөлігінің қолданыстағы кестелерге қиыстырылу жолдарын анықтау үшін қатынас жасау мақсатында шебердің жұмысын бастайды. Access бағдарламасында Жасау қойыншасында көрінетін бірнеше бағдарлама бөліктері болады.

  • Деректер түрі үлгілері    — жаңа өрістер және өріс тіркесімдерін жасау үшін пайдалануға болатын файлдар. Мысалы, Басталу және Аяқталу күндері деректер түрі үлгілерін кестеге бір нұқу арқылы күн/уақыт өрістері жұбын қосу үшін пайдалануға болады. Деректер түрі үлгілерінде дерекқор үлгілері мен бағдарлама бөліктерінен басқа файл түрлері (*.accft) қолданылады. Access бағдарламасында алуан түрлі деректер түрі үлгілері болады және оларды деректер кестесінің көрінісінде бір кесте ашық тұрғанда, Өрістер қойыншасынан көруге болады.

Дерекқор жасақтамасы элементтерін қайта пайдалану үшін сақтау және ортақ пайдалану

Дерекқор үлгісін немесе бағдарлама бөлігін жасау үшін   , бір дерекқорды Файл қойыншасындағы пәрмендердің көмегімен *.accdt файлы етіп сақтайсыз. (Қадамдарды Дерекқорды дерекқор үлгісі немесе бағдарлама бөлігі (*.accdt) етіп сақтау бөлімінен қараңыз.) Содан кейін, үлгіні жаңа дерекқор жасау үшін немесе, ол бағдарлама бөлігі болса, оның мүмкіндіктерін қолданыстағы дерекқорға қосу үшін пайдалануға болады.

Жасалатын дерекқор үлгілері мен бағдарлама бөліктері әдепкіде роуминг бағдарламасы деректер үлгілерінің қалтасында (Windows 7 жүйесінде — C:\Users\<пайдаланушы аты>\AppData\Roaming\Microsoft\Templates\Access\) сақталады. Бұл қалтаға үлгі файлдарын дерекқор үлгілері немесе бағдарлама бөліктері ретінде қол жетімді ету үшін салуға болады. Сол сияқты, бұл қалтадағы үлгі файлдарын көшіріп алып, басқаларға өздері пайдалану үшін беруге болады.

Ескерту :  Әдеттегідей, үшінші тараптардың файлдарын пайдаланғанда сақ болыңыз.

Деректер түрі үлгісін жасау үшін, таңдалған кесте өрістерін Өрістер қойыншасындағы пәрмендердің көмегімен *.accft файлы етіп сақтайсыз. (Қадамдарды Өрісті деректер түрі үлгісі (*.accft) етіп сақтау бөлімінен қараңыз.)

Жасалатын деректер түрі үлгілері әдепкіде роуминг бағдарламасы деректер үлгілерінің қалтасында (Windows 7 жүйесінде — C:\Users\<пайдаланушы аты>\AppData\Roaming\Microsoft\Templates\Access\) сақталады. Бұл қалтаға деректер түрі үлгісі файлдарын жаңа өрістерге арналған дерек түрлері ретінде қол жетімді ету үшін салуға болады. Сол сияқты, бұл қалтадағы үлгі файлдарын көшіріп алып, басқаларға өздері пайдалану үшін беруге болады.

Ескерту :  Әдеттегідей, үшінші тараптардың файлдарын пайдаланғанда сақ болыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дерекқорды дерекқор үлгісі немесе бағдарлама бөлігі (*.accdt) етіп сақтау

Дерекқорды Backstage көрінісінің Сақтау және жариялау қойыншасындағы пәрмендердің көмегімен дерекқор үлгісі немесе бағдарлама бөлігі етіп сақтайсыз.

  1. Файл қойыншасындағы Сақтау және жариялау түймешігін басыңыз.

  2. Дерекқорды басқаша сақтау пәрменінің астынан Үлгі тармағын таңдаңыз.

  3. Осы дерекқордан жаңа үлгі жасау тілқатысу терезесінде, төмендегі өрістерді анықтаңыз:

    • Атауы.    Міндетті. Үлгіні немесе бағдарлама бөлігін анықтайтын мәтін енгізіңіз. Access бұл атауды үлгінің немесе бағдарлама бөлігінің жанында көрсетеді.

    • Сипаттамасы.    Үлгінің немесе бағдарлама бөлігінің мазмұнын сипаттайтын мәтін енгізіңіз. Ол үлгінің немесе бағдарлама бөлігінің көмек сөзінде көрсетіледі.

    • Санат. Бағдарлама бөлігі таспадағы «Пайдаланушы үлгілері» параметрінің астында (әдепкі) көріну үшін, Пайдаланушы үлгілері параметрін таңдаңыз. Сондай-ақ, санатты теру арқылы қосып, осы және болашақтағы бағдарлама бөліктерін сол санатқа тағайындауға болады. Жаңа категория таспада пайда болады.

    • Белгіше. Үлгінің немесе бағдарлама бөлігінің көрсетілетін белгішесін анықтаңыз. Бағдарлама бөліктері үшін, бұл белгіше таспадағы бағдарлама бөліктері жиынтығында көрсетіледі.

    • Алдын ала қарау. Үлгінің Backstage көрінісінде көрсетілетін үлкенірек кескінін анықтаңыз. Үлгіні шолып іздеген кезде, осы кесте үшін осы кескінді көресіз.

    • Басты кесте. Бағдарлама бөлігінің басты кестесі болатын кестені анықтаңыз. Бұл кесте әдепкіде бағдарлама бөлігін бөлік қосылатын дерекқордағы басқа кестелермен байланыстыру үшін қолданылады. Біреу бағдарлама бөлігін пайдаланғанда, Access қатынас жасауға көмектесу үшін шебердің жұмысын бастайды. Басты кесте әдепкіше пайдаланылатындықтан, шебер іске қосылғанда басқа бір кестені таңдауға болады.

    • Іске асыру пішіні. Осы үлгіден жасалған дерекқорлар бірінші рет ашылғанда әдепкіде ашылатын пішінді анықтаңыз. Бұл пішін әдепкіде тек бір рет ашылады. Пішінде ол ашылғанда іске қосылатын код болуы мүмкін, бірақ кодтың көрінісі қауіпсіздік ескертуінің шығуына себепші болады.

    • Бағдарлама бөлігі. Дерекқорды бағдарлама бөлігі етіп сақтау үшін, осы құсбелгіні қойыңыз. Дерекқорды дерекқор үлгісі етіп сақтау үшін, бұл құсбелгіні алып тастаңыз.

      Ескерту :  Бұл құсбелгіні Басты кесте мәнін анықтар алдында қоюыңыз керек.

    • Үлгіге деректер қосу. Дерекқордағы деректерді үлгінің бөлігі етіп сақтау үшін, осы құсбелгіні қойыңыз. Бұл үлгіден жаңа дерекқорлар жасалғанда, олардың ішінде осы деректер болады.

  4. Үлгіні сақтау үшін, Жарайды түймешігін басыңыз. Әдепкіде, Access үлгіні C:\Users\<ағымдағы пайдаланушы>\AppData\Roaming\Microsoft\Templates\Access\ қалтасына сақтайды.

Өрісті деректер түрі үлгісі (*.accft) етіп сақтау

Деректер түрі үлгісін жасау үшін, бір өрісті немесе өрістер тіркесімін таңдап, оларды үлгі етіп сақтау үшін таспадағы бір пәрменді қолданасыз. Бастар алдында, өріс немесе өрістер керекті жолмен теңшелгеніне көз жеткізіп алыңыз – деректер түрі үлгісінің бөлігі ретінде сақталып қалатын қандай да бір сипаттарды орнатыңыз. Мысалы, сізге «еуро» деректер түрі үлгісін жасау керек болса, бір валюта өрісін жасап, оның пішімін Еуро мәніне орнатуыңызға болады.

1. Ішінде үлгі етіп сақталатын өріс немесе өрістер бар кестені ашыңыз.

2. Қайта пайдалану үшін сақталатын өрісті немесе өрістерді таңдаңыз.

3. Өрістер қойыншасының Қосу және жою тобындағы Қосымша өрістер түймешігін басып, Бөлектелген элементті жаңа деректер түрі ретінде сақтау пәрменін таңдаңыз.

4. Өрістерден жаңа деректер түрін жасау тілқатысу терезесінде, төмендегілерді анықтаңыз:

  • Атауы.    Міндетті. Ол деректер түрі үлгісін анықтайды және Қосымша өрістер тізімінен бір өрісті таңдағанда, қол жетімді өрістер тізімінде көрсетіледі.

  • Сипаттамасы. Деректер түрі үлгісінің мазмұнын немесе мақсатын сипаттайтын мәтін енгізіңіз. Ол Қосымша өрістер тізіміндегі деректер түрі үлгісіне меңзерді апарғанда шығатын көмек сөзде көрсетіледі.

  • Санат. Қосымша өрістер тізіміндегі деректер түрі үлгісі тізімделетін бір санатты таңдаңыз. Әдепкіде, санат «Пайдаланушы анықтайтын түрлер» болып табылады.

  • Іске асыру пішіні. Керек болса, деректер түрі үлгісі бірінші рет пайдаланылған кезде әдепкіше ашылатын бір пішінді анықтаңыз.

5. Деректер түрі үлгісін сақтау үшін, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Үшінші тараптың дерекқор жасақтамасын қайта пайдалану

Компьютердегі тиісті қалтаға .accdt файлының бір көшірмесін салу арқылы үшінші тараптан алынған дерекқор үлгісін немесе бағдарлама бөлігін таспада қол жетімді етуіңізге болады.

  1. Үлгі файлын алыңыз (файл кеңейтімі .accdt немесе .accft болуы тиіс).

  2. Файлдың көшірмесін <Жүйелік түбір>Users\<ағымдағы пайдаланушы>\AppData\Roaming\Microsoft\Templates\Access\ қалтасына салыңыз, мұндағы:

  3. <Жүйелік түбір> — Windows жүйесі орнатылған түбірлік қалта (әдетте C:\) және

  4. <ағымдағы пайдаланушы> — Windows жүйесіне кіру үшін қолданылатын пайдаланушы аты.

    Ескерту :  Егер қалта болмаса, оны жасаңыз.

  5. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  6. Дерекқор үлгісін пайдалану үшін, Файл қойыншасындағы Жаңа түймешігін басып, Үлгілерім параметрін таңдаңыз да, керекті үлгіні таңдап, Жасау түймешігін басыңыз.

  7. Бағдарлама бөлігін пайдалану үшін, бөлік қосылатын дерекқорды ашып, Жасау қойыншасындағы Бағдарлама бөліктері түймешігін басыңыз да, керекті бөлікті таңдаңыз.

  8. Деректер түрі үлгісін пайдалану үшін, ішінде өріс жасалатын кестені ашып, Өрістер қойыншасының Қосу және жою тобындағы Қосымша өрістер түймешігін басыңыз да, керекті деректер түрі үлгісін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×