Дерекқордағы жазбаларға файлдар мен сызбаларды тіркеу

Тіркеу мүмкіндігін Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында деректер  — Microsoft Office Word 2007 құжаттарын, Microsoft Office PowerPoint 2007 көрсетілімдерді, суреттерді  — дерекқордағы жазбаларға қосу үшін қолданасыз. Бұл бөлімде тіркемелерді пайдалану және деректерді тіркеп реттеу үшін дерекқорды теңшеуге қажет ақпараттар мен қадамдарды ұсынады.

Бұл бөлімде

Тіркемелерді не үшін қолдануым керек?

Кестеге тіркеме жолағын қосу

Кестелерге файлдар тіркеу

Тіркемелерді пішіндермен және есептермен бірге қолдану

Тіркелген файлдарды басқа жерлерге сақтау

Тіркелген файлдарды жою

Тіркемелерді тінтуірсіз немесе басқа көрсету құрылғыларынсыз қолдану

Тіркемелердің сілтемесі

Тіркемелерді не үшін қолдануым керек?

Бір жолақта бірнеше файлдарды сақтау үшін тіркемелерді қолдануыңызға болады және сол жолақта файлдарың көптеген түрін сақтауыңызға болады. Мысалы, сіз жұмыстағы істес кісілер дерекқорын иеленді делік. Әр істес кісіге арналған жазбаларға бір немесе оданда көп түйіндерді және суреттер тіркеуіңізге болады.

Тіркемелер де деректерді тиімдірек сақтайды. Access бағдарламасының ертеректегі нұсқасы суреттер мен құжаттарды сақтау үшін OLE деп аталатын технологияны қолданады. Әдепкі бойынша, OLE суреттің немесе құжаттың нүктелік кескінін жасайды. Сол нүктелік кескіндер үлкен болуы мүмкін  — бастапқы файлдан 10 есе үлкен. Дерекқордан сурет немесе құжатты көргенде, OLE бастапқы файлды емес нүктелік кескінді суретті көрсетеді. Тіркемелерді қолдану арқылы тектік бағдарламаларда құжаттарды және сурет емес файлдарды ашасыз және Access бағдарламасында сол файлдарды іздеуіңізге және өңдеуіңізге болады.

Осыған қосымша, OLE технологиясы жұмыс істеу үшін OLE серверлері деп аталатын бағдарламаны талап етеді. Мысалы, егер Access дерекқорында JPEG сурет файлдарын сақтасаңыз, сол дерекқорда жұмыс істейтін әр компьютер JPEG суреттерге арналған OLE сервері ретінде тіркелген басқа бағдарламаларды қажет етеді. Керісінше, Office Access 2007 бағдарламасы ешқандай суреттерді қолдамайтын бұрынғы тіркелген файлдарды сақтайды және дерекқордан суреттерді көру үшін қосымша бағдарламалық құралдар орнатудың қажеті жоқ.

Тіркемелер және дерекқорлар жасақтамасының ережесі

Әдепкі бойынша, қатысты дерекқордағы әр жолақ деректердің бөлігінен тұрады. Мысалы, егер мекенжай жолағында көп мекенжай болса мекенжайларды табу қиын болады. Бір қарағанда тіркемелер дерекқор жасақтамасының ережелерін бұзатын сияқты себебі, жолаққа — деректер — бірнеше файл тіркеуіңізге болады. Бірақ тіркемелер жасақтама ережелері бұзбайды себебі, жазбаларға файлдар тіркеледі, Office Access 2007 бағдарламасы бірнеше жүйелік кесте жасайды және сол кестелерді деректерді қалпына келтіру үшін қолданады. Кестелерді көре алмайсыз және онымен жұмыс істей алмайсыз.

Басқа жүйелік кестелерді көру туралы толық ақпарат үшін Шарлау аумағына нұсқау бөлімін қараңыз. Дерекқор жасақтамасы туралы толық ақпарат үшін Дерекқор жасақтамасының негіздері бөлімін қараңыз.

Тіркелген файлдарды қолдану тәсілі

Мына нұсқауларды тіркелген файлдармен жұмыс істегенде есте сақтаңыз:

  • Файлдарды тек Office Access 2007 бағдарламасында жасалған дерекқорға тіркеуіңізге болады және ол жаңа .accdb файл пішімін қолданады. Тіркемелерді Office Access 2007 (.accdb) дерекқоры және ертеректегі (.mdb) файл пішімінде ортақ пайдалана алмайсыз.

  • Кестеде жолақ жасауыңыз қажет және сол жолақты Тіркемелердің деректер түріне орнатуыңыз керек. Тіркемелерге деректер түрін орнатқаннан кейін оны өзгерте алмайсыз.

  • Бір жазбада көптеген файлдар сақтауыңызға болады. Мысалы, суреттерді және сөзбен, электрондық кестемен жұмыс істеу бағдармаларында жасалған файлдарды сақтауыңызға болады.

  • Ең көбі екі гигабайт деректерді (Access дерекқорының ең көп өлшемі) тіркеуіңізге болады. Жеке файлдар 256 мегабайттан аспайды.

  • Тіркемелерді қосу, өңдеу және реттеу үшін Тіркемелер тілқатысу терезесін қолданасыз. Жолақты екі рет басу арқылы тіркемеден тікелей тілқатысу терезесін ашыңыз. Тіркемелерді пішін көрінісінен немесе пішіннен тіркемелерді көргіңіз келсе пішінге және есепке тіркеменің басқару элементін қосуыңызға болады және одан кейін тіркеме кесте жолағына басқару элементін байлауыңызға болады.

  • Әдепкі бойынша, тіркеме басқару элементі суреттерді көрсетеді және басқа файл түріне сәйкес келетін бағдарламалық белгішесін көрсетеді. Мысалы, сізде сурет, түйіндеме және жазбаларға тіркелген Microsoft Office Visio 2007 суреттері бар делік. Тіркемелерді айналдырып қарап шыққанда басқару элементі суреттерді көрсетеді және құжаттардың және сызбалардың бағдарламалық белгішесін көрсетеді.

  • Тіркемелер тілқатысу терезесін кестеден немесе пішіннен ашқанда тіркелген файлдарды қосуыңызға, жоюыңызға, өңдеуіңізге және сақтауыңызға болады. Тіркемелер тілқатысу терезесін есептен ашқанда тіркелген файлдарды тек басқа жерге сақтауыңызға болады.

  • Access бағдарламасы тіркелген файлдарды сол файлдар сол жерде қысылғанға дейін қысады. Мысалы, JPEG файлдары сызбалар бағдарламасы арқылы қысылады, ал Access бағдарламасы оларды қыспайды.

  • Тіркелген файлдарды жасауға қолданған бағдарлама компьютерге орнатылса сол бағдарламада тіркелген файлдарды ашуыңызға және өңдеуіңізге болады.

  • Тіркелген файлдарды қатты диск жетегінде немесе желіде сақтауыңызға болады. Содан кейін тіркемелерді өңдеуіңізге болады және дерекқорға өзгертулерді сақтау алдында өзгертулерді қалайтыныңызды тексеруіңізге болады.

  • Тіркемелерді бағдарлама тұрғысынан басқаруыңызға болады.

Келесі бөлімдердегі қадамдар тіркемелерді қосудың және реттеудің жолын түсіндіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Кестеге тіркеме жолағын қосу

Тіркемелерді Office Access 2007 бағдарламасында қолдану үшін дерекқордағы кестелердің біреуіне тіркеме жолағын қоюыңыз керек. Office Access 2007 бағдарламасы кестеге тіркеме жолағын қосудың екі жолын береді. Жолақты Деректер кестесінде немесе Құрастырушы көрінісінде қосуыңызға болады. Бұл бөлімдегі қадамдар бұл екі тәсілдердің қолданылуын түсіндіреді.

Деректер көрінісіне тіркеме жолағын қосу

  1. Деректер көрінісіндегі ашық кестемен бірге бірінші таза бағанды басыңыз. Таза бағанды табу үшін баған тақырыбында Жаңа жолақ қосу сөзін іздеңіз.

  2. Деректер қойындысында Деректер түрі және Пішімдеу тобында Деректер түрі қасындағы төменгі көрсеткіні басыңыз, одан кейін Тіркеме түймешігін басыңыз.

    Access бағдарламасы Тіркемедегі жолаққа деректер түрін орнатады және жолақ тақырыбының жолына белгіше орналастырады. Келесі сурет жаңа Тіркеме жолағын көрсетеді. Жолақ тақырыбының жолында қағаз қыстыру белгішесін жазыңыз. Әдепкі бойынша, Тіркеме жолақтары тақырыбының жолында мәтін енгізе алмайсыз.

    Тіркеме деректер түріне орнатылған жаңа кесте өрісі

  3. Өзгертулеріңізді сақтаңыз.

    Жаңа жолақты басқа деректер түріне түрлендіре алмайтыныңызды есте сақтаңыз. Бірақ, егер қате жібердім десеңіз жолақты жоюыңызға болады.

Құрастырушы көрінісіне тіркеме жолағын қосу

  1. Шарлау аумағы ішінде өзгерткіңіз келген кестені тінтуірдің оң пернесімен басып және мәтінмәндік мәзірде Құрастырушы көрінісі Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  2. Өріс атауы бағанында бос жол таңдаңыз немесе Тіркеме жолағының атауын теріңіз.

  3. Со жолда, Деректер түрі астында Тіркеме түймешігін басыңыз.

  4. Өзгертулеріңізді сақтаңыз.

    Жаңа жолақты басқа деректер түріне түрлендіре алмайтыныңызды есте сақтаңыз. Бірақ, егер қате жібердім десеңіз жолақты жоюыңызға болады.

  5. Жасақтама қойындысындағы Көріністер тобында Көрініс түймешігі астындағы көрсеткіні басыңыз және кестені қолдануға ашу үшін Деректер кестесі көріністері түймешігін басыңыз.

    Access таспасының суреті

    -немесе-

    Кесте үшін құжат қойындысын тінтуірдің оң пернесімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірде Деректер кестесі көрінісі түймешігін басыңыз.

    -немесе-

    Шарлау аумағында, кестені тінтуірдің оң пернесімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірде Ашу түймешігін басыңыз.

  6. Келесі қадамға өту.

Беттің жоғарғы жағы

Кестелерге файлдар тіркеу

Кестеге тіркеме жолағын қосқаннан кейін сол кестеде деректер енгізу пішінін жасамай жазбаларға файлдар тіркеуіңізге болады. Сонымен қатар пішінді қолданбай тіркемелерді көруіңізге болады. Бірақ, бұл әрекетті кестелерден тіркемелерді көргенде файлдарды жасауға қолданылатын бағдарламада немесе файлдың сол түрін қолдайтын бағдарламада орындайтыныңызды есте сақтаңыз. Мысалы, егер кестеге тіркелген Word құжатын ашсаңыз, Word бағдарламасы оны іске қосады және Access бағдарламасында емес Word бағдарламасында көрсетіледі. Егер Word бағдарламасы компьютеріңізде орнатылмағаны болса тілқатысу терезесі шығады және файл көру үшін бағдарлама таңдауыңызды сұрайды.

Кестеге тіркеме қосу

  1. Кестесі бар тіркеме жолағын Деректер көрінісінде ашу үшін тіркеме жолағын екі рет басыңыз.

    Тіркеме тілқатысу терезесі шығады. Келесі сурет тілқатысу терезесін көрсетеді.

    Тіркемелер тілқатысу терезесі

  2. Қосу белгісін басыңыз.

    Файл таңдау тілқатысу терезесі шығады.

  3. Файлға немесе жазбаларды қосқыңыз келген файлдарға шарлау үшін Қарау тізімін қолданыңыз, файлдарды таңдап одан кейін Ашу түймешігін басыңыз.

    Деректер түрінің кез келген файлдарын таңдауыңызға болады. Деректер түрлерінің тізімі үшін Тіркемелердің сілтемелері бөлімін қараңыз.

  4. Тіркемелер тілқатысу терезесінде кестеге файлдар қосу үшін OK түймешігін басыңыз.

    Access бағдарламасы жолақтарға файлдар қосады және тіркемелерді көрсететін сандарды көбейтеді. Келесі сурет тіркелген екі суреті бар жолақты көрсетеді:

    Екі деректері бар тіркеме жолағы

  5. Ағымдық жолаққа немесе кестедегі басқа жолаққа файлдарды қосу үшін осы қадамдарды қайталаңыз.

Кестеден тіркелген файлдарды ашу

  1. Деректер кестесі көрінісіндегі ашық кестелермен бірге тіркелген жолақтағы ұяшықты екі рет басыңыз.

  2. Тіркемелер тілқатысу терезесінде ашқыңыз келген файлды екі рет басыңыз.

    –немесе–

    Файлды таңдап Ашу түймешігін басыңыз.

    Файлмен сәйкес келетін бағдарлама тіркелген файлды іске қосады және ашады  — Excel файлы Excel бағдарламасында және т.с.с.

    Ескерту : Кейбір файлдар Microsoft Windows Picture және Факс қарауда ашылады. Егер суреттерді көруден басқа әрекеттер орындағыңыз келсе суретті тінтуірдің оң пернесімен басыңыз, одан кейін Өңдеу түймешігін басыңыз. Бұл файл жасауға қолданылған бағдарламаны іске қосады.

Тіркелген файлдардың өзгертулерін сақтау

  1. Файлды өңдеу үшін тектік бағдарламаны қолданыңыз.

  2. Файлдағы кез келген өзгертулерді сақтаңыз және тектік бағдарламаны жабыңыз. Тіркелген файлдарға өзгертулер жасаған кезде, жасалған өзгертулер қатты диск жетегінде уақытша интернет қалтасына сақталады. Қалта туралы толық ақпарат алу үшін осы бөлімнің соңындағы жазбаларды қараңыз.

  3. Өзгертулерді сақтау үшін Access бағдарламасына оралыңыз және Тіркемелер тілқатысу терезесінде OK түймешігін басыңыз.

    Келесіге ұқсас хабар шығады:

    Тіркемеге жасалған өзгертулерді сақтау үшін шақыру

  4. Өзгертулерді сақтау үшін Ия түймешігін басыңыз.

    Ескертулер : 

    • Тектік бағдарламада қарауға және өңдеуге тіркелген файлды ашқанда, Access бағдарламасы файлдың уақытша көшірмесін уақытша қалтаға орналастырады. Егер файлды өзгертсеңіз және сол өзгертулерді тектік бағдарлама ішінде сақтасаңыз, Access бағдарламасы өзгертулерді уақытша көшірмеге сақтайды. Access бағдарламасына оралғанда Тіркемелер тілқатысу терезесін жабу үшін OK түймешігін жабыңыз, Access бағдарламасы тіркелген файлды қайта сақтауға шақырады. Дерекқорға өзгертілген файлдарды жазу үшін Ия түймешігін басыңыз немесе дерекқорда файлды тиіспей қалдыру үшін Жоқ түймешігін басыңыз.

    • Уақытша файлдардың орналасуын табу үшін мына қадамдарды орындаңыз:

      1. Windows Internet Explorer шолғышын іске қосыңыз.

      2. Құралдар мәзірінде Интернет параметрлері пәрменін басыңыз.

      3. Жалпы қойындысында Параметрлер түймешігін басыңыз.

        Параметрлер тілқатысу терезесі шығады. Қалта жолы Уақытша интернет файл қалтасы бөлімінде шығады.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркемелерді пішіндермен және есептермен бірге қолдану

Тіркемелерді пішіндермен және есептермен қолдану қажет болғанда тіркеме басқару элементін қолданамыз. Басқару элементі дерекқордағы сурет файлдарын жазбалар арасында жылжытқан кезде автоматты түрде көрсетеді. Егер құжаттар немесе сызбалар сияқты файлдың басқа түрін тіркесеңіз, тіркеме басқару элементі файл түріне сәйкес келетін белгішені көрсетеді. Мысалы, көрмені тіркеген кезде PowerPoint белгішесін көресіз. Сонымен қатар басқару элементі кез келген тіркелген файлды шарлауға және Тіркемелер тілқатысу терезесін ашуға мүмкіндік береді. Егер тілқатысу терезесін пішіннен ашсаңыз тіркемені қосуыңызға, жоюыңызға, өңдеуіңізге және сақтауыңызға болады. Егер тілқатысу терезесін есеппен ашсаңыз тіркемені тек қатты диск жетегіне немесе желіге сақтайсыз, себебі, есептер тек оқу үшін ғана құрастырылған.

Келесі бөлімдегі қадамдар пішінге немесе есепке сурет басқару элементін қосудың тәсілін және жазбалар арасында айналдыра жүруді, файлдар тіркеуді және тіркемелерді көруді түсіндіреді. Тіркемелерді тек берілген жазбалардың көп тіркемелері болғанда айналдырып қарауға болатынын есте сақтаңыз.

Пішінге немесе есепке тіркеме басқару элементін қосу

Осы бөлімдегі қадамдар пішінге немесе есепке тіркеме басқару элементін қосудың тәсілін және басқару элементін асты сызылған кестеде Тіркеме жолағына байлауды түсіндіреді. Пішінге немесе есепке тіркеме басқару элементтерін қосу кезінде осы қадамдарды орындайсыз. Іске қосу алдында, кем дегенде дерекқордағы бір кестеде тіркеме жолағы болуы қажет. Тіркеме жолағын қосу туралы толық ақпарат үшін Кестеге тіркеме жолағын қосу бөлімін қараңыз.

Ескерту : Пішін мен есептің құрылысы күрделі болады және осы бөлімдегі қадамдар кестесі, бір пішіні немесе бір есебі бар шығар деп есептейді. Кестелер, пішіндер немесе есептер жасау туралы толық ақпараттар үшін келесі бөлімді қараңыз:

Тіркеме басқару элементін қосу

  1. Шарлау аумағында, өзгерткіңіз келетін пішінді немесе есепті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз және мәтінмәндік мәзірдегі Құрастырушы көрінісі түймешігін басыңыз.

  2. Жасақтамақойындысында Құралдар тобында Бар жолақтарды қосу түймешігін басыңыз.

    Жолақ тізімі аумағы шығады және пішінге немесе есепке деректер беретін кестеде жолақтарды тізімдеді. Тізім тіркеме жолағын білдіреді және оларды кеңейтеді (жолақтың қасындағы қосу және алу таңбаларын басуыңызға болады).

    Келесі сурет Жолақ тізімі аумағындағы тіркемені көрсетеді.

    Өрістер тізімі тапсырмалар аумағындағы Тіркеме өрісі

  3. Тізімнен  — ата-ана және балалар элементтері  пішінге тұтас тіркеме жолағын апарыңыз — пішінде қалаған орынға қойыңыз.

    Access бағдарламасы пішінде тіркеме басқару элементтерін орналастырады және кесте жолағына басқару элементін байлайды.

  4. Басқару элементін қажетінше тінтуірдің оң пернесімен нұқыңыз және басқару элементіне сипат парағын көрсету үшін Сипаттар түймешігін басыңыз. Қалған пішіндер мен есептерді сәйкестендіру үшін басқару элементтерінің сипаттарын орнатыңыз немесе өзгертіңіз.

  5. Өзгертулерді сақтаңыз және құжат қойындысын тінтуірдің оң пернесімен басыңыз және пішінді және есепті көру үшін Пішін көрінісі немесе Есеп көрінісі түймешіктерін басыңыз.

    Егер асты сызылған жолақта сурет файлдары болса басқару элементері сол файлдарды көрсетеді. Егер жолақта Word құжаттары немесе PowerPoint көмегі сияқты файлдың басқа түрі болса, басқару элементтері файлдың түріне сәйкес белгішелерді көрсетеді.

Пішінді қолданып тіркемелерді реттеу

Пішінге тіркеме басқару элементтерін қосуды аяқтағаннан кейін тіркелген файлдарды тікелей пішіннен қосуыңызға, жоюыңызға және сақтауыңызға болады. Жазбаларда көп тіркемелер болса кестемен жұмыс істеу кезінде жасалмайтын әрекетті, яғни, тіркелген файлдарды қарап шығуыңызға болады.

Ескерту : Пішінді жасақтаған адам оны тек оқу үшін жасауы мүмкін. Мұндай болған жағдайда қатты диск жетегіне немесе желіге тіркелген файлдарды сақтау үшін Тіркемелер тілқатысу терезесін қолдануыңызға болады.

Файлды тіркеу

  1. Тіркемелерді көрсететін пішінді ашыңыз және тіркегіңіз келген файлға жазбаларды орналастырыңыз.

  2. Тіркеме басқару элементін  — Тіркеме жолағына байланған басқару элементін таңдаңыз.

    Кіші құралдар тақтасы шығады: Тіркеме құралдардың шағын тақтасы

    Ескерту : Бөлінген пішіннің деректер кестесі бөлігіне тіркеме қоссаңыз Кіші құралдар тақтасы шықпайды. Бөлінген пішіндер туралы толық ақпарат үшін Бөлінген пішін жасау бөлімін қараңыз.

  3. Тіркемелер тілқатысу терезесін ашу үшін Тіркемелерді қарау түймешігін (қағаз қыстыру белгішесін) басыңыз.

  4. Тілқатысу терезесінде Қосу пәрменін басыңыз.

    Файл таңдау тілқатысу терезесі шығады.

  5. Тіркегіңіз келген файлды шарлау үшін Қарау тізімін қолданыңыз және одан кейін Ашу түймешігін басыңыз.

  6. Көбірек файл тіркеу үшін 4 және 5 қадамдарды қайталаңыз.

Тіркелген файлдарды айналдыра қарау

Ескерту : Бұл бөлімдегі қадам пішіндер мен есептерге қолданылады.

  1. Тіркемелерді көрсететін пішіндер мен есептерді ашыңыз.

  2. Тіркелген файлдар қамтыған жазбаларды шарлаңыз.

  3. Тіркелген файлдарды көрсететін суретті басқару элементін басыңыз.

    Кіші құралдар тақтасы шығады.

  4. Тіркелген файлдарды айналдыра қарау үшін Артқа (сол) немесе Алға (оң) көрсеткілерін басыңыз. Егер файлдардың атауларын білгіңіз келсе Тіркемелер тілқатысу терезесін ашу үшін Тіркемелерді қарау түймешігін басыңыз. Тіркелген файлдың атауы Тіркемелер тізімінде шығады.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркелген файлдарды басқа жерлерге сақтау

Бұл бөлімдегі қадамдар кестелерге, пішіндерге және есептерге қолданылады. Қатты диск жетегіндегі немесе желідегі орналасуларға берілген жазбаларға тіркелген бір немесе көптеген файлдарды сақтауыңызға болады. Барлық файлдарды сақтауды таңдаған кезде кейбір файлдарды сақтауды таңдай алмайсыз — барлығын сақтауыңыз керек. Таңдай отырып файлдарды сақтау үшін олардың бірін уақытында орындауыңыз керек.

  • Тіркемелердегі кестені, пішінді немесе есептерді ашыңыз, одан кейін Тіркемелер тілқатысу терезесін ашыңыз.

Кестеден Тіркемелер тілқатысу терезесін ашыңыз.

  • Деректер кестесінің көрінісінде кестені ашыңыз және сақтағыңыз келген тіркемесі бар тіркеме жолағын екі рет басыңыз.

Пішіннен немесе есептен Тіркемелер тілқатысу терезесін ашыңыз.

  1. Тіркемелерді көрсететін пішіндер мен есептерді ашыңыз.

  2. Тіркелген файлдар қамтыған жазбаларды шарлаңыз.

  3. Тіркелген файлдарды көрсететін суретті басқару элементін басыңыз.

    Кіші құралдар тақтасы шығады.

  4. Тіркемелерді қарау түймешігін басыңыз.

Бір тіркемені сақтау

  1. Тіркемелер тілқатысу терезесінде Сақтау пәрменін басыңыз.

    Тіркемені сақтау тілқатысу терезесі шығады.

  2. Файлдың жаңа орналасуына шарлау үшін Ішінде сақтау тізімін қолданыңыз және Сақтау пәрменін басыңыз.

Барлық тіркемелерді сақтау

  1. Тіркемелер тілқатысу терезесінде Барлығын сақтау пәрменін басыңыз.

    Тіркемелерді сақтау тілқатысу терезесі шығады.

  2. Файлдың жаңа орналасуына шарлау үшін Ішінде сақтау тізімін қолданыңыз және Сақтау пәрменін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркелген файлдарды жою

Бұл бөлімдегі қадам кестелер мен пішіндерге қолданылады.

Тіркемені жою

  1. Тіркемелер тілқатысу терезесін ашу үшін кестедегі тіркеме жолағын екі рет басыңыз.

    –немесе–

    Пішінде (Орналасу көрінісінде немесе Пішін көрінісінде) жойғыңыз келген тіркемедегі жазбаларға шарлаңыз және одан кейін Кіші құралдар тақтасындағы тілқатысу терезесін ашу үшін Тіркеме қарау түймешігін басыңыз.

  2. Тіркемелер тілқатысу терезесінде жойғыңыз келген файлды таңдаңыз және Жою пәрменін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркемелерді тінтуірсіз немесе басқа көрсету құрылғыларынсыз қолдану

Мына бөлімде Шарлау аумағында кезелімді қою үшін пернетақтаны қолдану туралы және кестені, пішінді және есептерді ашу туралы түсіндіріледі. Сонымен қатар қадамдар кез келген тіркелген файлды шарлау және Тіркемелер тілқатысу терезесін ашу туралы түсінік береді.

Шарлау аумағынан кестені, пішінді немесе есептерді ашу

  1. F11 пернесін басыңыз.

    Ескерту : Егер Шарлау аумағы жабық болса, F11 пернесін басу оны ашып кезелімді жолақта орналастырады. Егер тақта ашық болса, F11 пернесін басу оны жабады. Тақтаны ашып кезелімді жылжыту үшін F11 пернесін басыңыз.

  2. Ашқыңыз келген кестені, пішінді немесе есептерді таңдау үшін ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ және ТӨМЕН КӨРСЕТКІ пернелерін қолданыңыз.

  3. Таңдалған нысанды ашу үшін ENTER пернесін басыңыз.

    Егер кестені ашсаңыз, Access бағдарламасы кестедегі бірінші жолаққа жүгіргіні орналастырады. Егер есепті ашсаңыз, Access бағдарламасы кезелімді бірінші жолаққа жүгіргіні орналастырады.

Тіркемелерді кестелерден қарау

  1. Қалаған тіркеме жолағына жүгіргіні жылжыту үшін көрсеткі пернелерін қолданыңыз.

  2. БОС ОРЫН пернесін басыңыз.

    Тіркеме тілқатысу терезесі шығады.

  3. Тілқатысу терезесіндегі түймешіктер арасында жүру үшін және Тіркемелер астындағы тіркелген файлдардың тізімінен түймешіктерге жылжу үшін TAB пернесін басыңыз.

    Ескерту : Жазбаларда бірнеше тіркемелер болуы мүмкін. Бір немесе оданда көп файлдардың тізімінен тіркеме таңдау керек болса, файл тізімін жылжыту үшін TAB пернесін басыңыз және қалаған файлды таңдау үшін көрсеткі пернелерін қолданыңыз. Түймешіктерді қайтару үшін және қалаған әрекетті таңдау үшін TAB пернесін басыңыз.

  4. Қалаған файл мен түймешікті таңдаған кезде ENTER пернесін басыңыз.

  5. Аяқтаған кезде TAB пернесін басыңыз немесе OK түймешігін таңдау үшін ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІ және ТӨМЕН КӨРСЕТКІ пернелерін қолданыңыз және одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

Пішіннен немесе есептен тіркемелерді айналдыра қарап шығу

Ескерту : Бұл қадамдар тек егер Microsoft нағыз пернетақтасы және жазбаларды көптеген тіркемелер болғанда ғана қолданылады.

  1. Тіркеме басқару элементіне кезелімді жылжыту үшін TAB пернесін басыңыз. Әдепкі бойынша, Access бағдарламасы басқару элементімен сәйкес элементтер мен жапсырмаларды белгілейді.

  2. Бағдарлама пернесін басу

    Мәтінмәндік мәзірі шығады.

  3. Алға немесе Артқа түймешіктерін таңдау үшін TAB пернесін басыңыз немесе көрсеткі пернелерді қолданыңыз, одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

  4. Тіркелген файлдарды айналдыра қарау үшін 2 қадамды қайталаңыз.

Пішіннен немесе есептен Тіркемелер тілқатысу терезесін ашыңыз.

Ескерту : Бұл қадамдар тек Microsoft нағыз пернетақталары болғанда ғана қолданылады.

  1. Тіркеме басқару элементіне кезелімді жылжыту үшін TAB пернесін басыңыз. Әдепкі бойынша, Access бағдарламасы басқару элементімен сәйкес элементтер мен жапсырмаларды белгілейді.

  2. Бағдарлама пернесін басыңыз

    Мәтінмәндік мәзірі шығады.

  3. Тіркемелерді қарау түймешігін таңдау үшін TAB пернесін басыңыз және көрсеткі пернелерді қолданыңыз және одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

    Тіркеме тілқатысу терезесі шығады.

  4. Тілқатысу терезесіндегі түймешіктер арасында жүру үшін және Тіркемелер (Өңдеу үшін екі рет басу) астындағы тіркелген файлдардың тізімінен түймешіктерге жылжу үшін TAB пернесін басыңыз.

    Ескерту : Жазбаларда бірнеше тіркемелер болуы мүмкін. Бір немесе оданда көп файлдардың тізімінен тіркеме таңдау керек болса, файл тізімін жылжыту үшін TAB пернесін басыңыз және қалаған файлды таңдау үшін көрсеткі пернелерін қолданыңыз. Түймешіктерді қайтару үшін және қалаған әрекетті таңдау үшін TAB пернесін басыңыз.

  5. Қалаған файл мен түймешікті таңдаған кезде ENTER пернесін басыңыз.

  6. Аяқтаған кезде TAB пернесін басыңыз немесе OK түймешігін таңдау үшін көрсеткі пернелерін қолданыңыз және одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тіркемелердің сілтемесі

Бөлімдер тіркемелер туралы және тіркеме қолдайтын суреттер мен құжаттарды, файл атауы келісімін қоса және бағдарламалық тұрғыда жазбаларға тіркемелер тіркеу туралы сілтеме ақпарат береді.

Қолданылатын сурет файл пішімі

Office Access 2007 бағдарламасы сызбалық файлдарды қолдайды және тіркеме басқару элементі оларды қосымша ақпараттық құралдар қажетінсіз көрсетеді.

BMP (Windows нүктелік кескіні)

RLE (жегу ұзақтығы кодталған нүктелік кескін)

DIB (Құрылғы жеке нүктелік кескіні)

GIF (Суреттің өзара ауысу пішімі)

JPEG, JPG, JPE (Біріккен фотосурет мамандар тобы)

EXIF (Ауыстырылатын файл пішімі)

PNG (Тасымалданатын желі суреті)

TIFF, TIF (Суреті бар файл пішімі)

ICON, ICO (Белгіше)

WMF (Windows метафайлы)

EMF (Жетілдірілген метафайл)

Құжаттарға және басқа файлдарға арналған қолданатын пішімдер

Ереже бойынша,2007 Microsoft Office жүйесі бағдарламалардың бірінде жасалған кез келген файлдарды тіркеуіңізге болады. Сонымен қатар журнал файлдарын (.log), мәтіндік файлдарды (.text, .txt) және .zip файлдарын тіркеуіңізге болады.

Файл атауы келісімі

Тіркелген файлдардың атауы Microsoft Windows NT (NTFS) қолданылатын NTFS файл жүйесімен қолданатын Юникод таңбаларынан тұруы мүмкін. осыған қосымша файл атаулары мына нұсқауларға сәйкес келуі керек:

  • Атаулар файл атауының кеңейтімімен қоса 255 таңбадан аспауы керек.

  • Атауларда мына таңбалар болмауы керек: сұрақ белгісі (?), тырнақша ("), алға немесе артқа сызықтары(/ \), ашық және жабық жақшалары (< >), жұлдызшалар (*), тік сызық (|), қос нүкте (:) немесе еже белгісі (¶).

Access бағдарламасы қысатын файлдардың түрлері

Дерекқорға осы файл түрлерінің біреуін тіркеген кезде, Access бағдарламасы қысылмаған файлдарды қысады.

Файл кеңейтімі

Қысылған ба?

Себеп

.jpg, .jpeg

Жоқ

Қысылған

.gif

Жоқ

Қысылған

.png

Жоқ

Қысылған

.tif, .tiff

Иә

.exif

Иә

.bmp

Иә

.emf

Иә

.wmf

Иә

.ico

Иә

.zip

Жоқ

Қысылған

.cab

Жоқ

Қысылған

.docx

Жоқ

Қысылған (Метро файл)

.xlsx

Жоқ

Қысылған (Метро файл)

.xlsb

Жоқ

Қысылған (Метро файл)

.pptx

Жоқ

Қысылған (Метро файл)

Құрсауланған файл пішімі

Office Access 2007 бағдарламасы тіркелген файлдардың мына түрлерін құрсаулайды. Сол уақытта осында тізімделген файлдың түрлерін құрсаулай алмайсыз.

.ade

.ins

.mda

.scr

.adp

.isp

.mdb

.sct

.app

.its

.mde

.shb

.asp

.js

.mdt

.shs

.bas

.jse

.mdw

.tmp

.bat

.ksh

.mdz

.url

.cer

.lnk

.msc

.vb

.chm

.mad

.msi

.vbe

.cmd

.maf

.msp

.vbs

.com

.mag

.mst

.vsmacros

.cpl

.mam

.ops

.vss

.crt

.maq

.pcd

.vst

.csh

.mar

.pif

.vsw

.exe

.mas

.prf

.ws

.fxp

.mat

.prg

.wsc

.hlp

.mau

.pst

.wsf

.hta

.mav

.reg

.wsh

.inf

.maw

.scf

Файлдарды жазбаларға бағдарламалық тұрғыда тіркеу

Office Access 2007 бағдарламасы Бағдарламаға арналған Visual Basic (VBA) кодын қолдану арқылы нысанды және бағдарламалық тұрғыда жазбалар үшін тіркелетін файлдар тілдесуін ашады. Файлдарды бағдарламалық тұрғыда тіркеу туралы ақпарат үшін Microsoft әзірлеуші желісінде «Файлдан_қотару» және «Файлға_сақтау,»  бөлімін қараңыз.— http://msdn.microsoft.com.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×