Деректер қосылымын өзгерту немесе жою

Деректер қосылымы Microsoft Office InfoPath пішіні мен сыртқы деректер көзі (мәселен, дерекқор, Веб-қызмет, XML файлы, немесе Microsoft Windows SharePoint Services құжат кітапханасы не тізімі) арасындағы қосылым болып табылады. Деректер қосылымдары деректерді сұрау және жіберу үшін пайдаланылады. Егер пішін үлгісі үшін белгіленген сыртқы деректер көздері өзгерсе, пішін үлгісіндегі тиісті деректер қосылымдарын өзгерту немесе жою қажет болуы мүмкін.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Бастамас бұрын

Деректер қосылымын өзгерту

Деректер қосылымын жою

Бастамас бұрын

Пішін үлгісіндегі деректер қосылымын өзгерту немесе жою осы пішін үлгісіне негізделген жаңа немесе бар пішіндердің басқару элементтеріне және деректер көздеріне әсер етеді. Деректер қосылымы өзгертілген кезде InfoPath бағдарламасы жаңа деректер қосылымын жасайды. Бұл қосылым жаңа сыртқы деректер көздерінің деректер сақтау жолына негізделген. Егер жаңа сыртқы деректер көзі деректерді ескі сыртқы деректер көзідей сақтаса, пішін үлгісіндегі деректер көзінде ешқандай өзгерістер байқалмайды. Пішін үлгісіндегі барлық басқару элементтері деректер көзіндегі өрістерге бұрынғыдай байланыстыру болады. Дегенмен, егер жаңа сыртқы деректер көзі ескі деректер көзіне қарағанда деректерді басқаша жолмен сақтаса, InfoPath бағдарламасы жаңа өрістері мен топтары бар болған жаңа деректер көзін жасайды. Пішін үлгісіндегі ескі деректер көзінің өрістерімен байланыстырылған басқару элементтері бұдан былай жаңа деректер көзінің өрістерімен байланыстырылған болмайды. Егер осы бар басқару элементтерін пайдаланғыңыз келсе, оларды жаңа деректер көзінің басқа өрістерімен байланыстыруыңыз қажет болады.

Пішін үлгісінде тек қосымша деректер қосылымдарын ғана жоюға болады. Пішін үлгісінде басты деректер қосылымын жою мүмкін емес. Қосымша деректер қосылымы жойылған кезде InfoPath бағдарламасы пішін үлгісіндегі тиісті қосымша деректер көзін жойып тастайды. Жойылған деректер көзімен салғастырылған басқару элементтері пішін үлгісінде қала береді, бірақ бұдан былай олар осы деректер көзіндегі өрістер мен топтармен байланыстырылған болмайды. Егер осы басқару элементтерін пайдаланғыңыз келсе, келесі әрекеттердің біреуін істеуіңіз қажет:

  • Байланыстырылмаған басқару элементтерін не басты деректер көзіндегі өрістермен яки топтармен не басқа бар қосымша деректер көзімен байланыстырыңыз.

  • Пішін үлгісіне жаңа қосымша деректер көзін қосыңыз, ал одан кейін байланыстырылмаған басқару элементтерін жаңа қосымша деректер көзіндегі өрістермен немесе топтармен байланыстырыңыз.

  • Байланыстырылмаған басқару элементтерін пішін үлгісінен алып тастаңыз.

Ескерту : Пішін үлгісіндегі деректер қосылымын өзгерту немесе жою осы пішін үлгісіне негізделген бар пішіндердегі деректердің жоғалуына әкеліп соғуы мүмкін. Пайдаланушы бар пішінді ашқан кезде InfoPath бағдарламасы оның жарияланған мекенжайын тексеріп, пішін үлгісінің жаңарақ нұсқаларының бар-жоқтығын анықтайды. Егер жаңарақ нұсқасы бар болса InfoPath пішінді пішін үлгісінің жаңарақ нұсқасын пайдаланып бейнелейді. Егер пайдаланушы пішін үлгісінің ескі нұсқасындағы өріспен байланыстырылған басқару элементіне деректер енгізсе және Сіз деректер қосылымын өзгерткен соң бұл өріс деректер көзінен алынып тасталған болса, пайдаланушы деректер көзінен алынып тасталған өрісінде сақталған деректерді жоғалтып алады.

Деректер қосылымын өзгертпес немесе жоймас бұрын, бұл әрекеттің пішін үлгісіне негізделген бар пішімдердегі басқару элементтеріне және деректерге тигізетін әсерін есепке алыңыз. Деректер қосылымын өзгерткен немесе жойған соң, пайдаланушыларға өзгертілген пішін үлгісіне негізделген пішінді толтыруға рұқсат бермес бұрын өзгертулеріңізді тексеріп алыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректер қосылымын өзгерту

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Пішін үлгісіндегі деректер қосылымдары тізімінен өзгерткіңіз келетін деректер қосылымын таңдаңыз.

  3. Өзгерту түймешігін басыңыз.

    Деректерді қосу шебері басталады және деректер қосылымын өзгерту үрдісін түсіндіреді. Деректерді қосу шеберінің келесі беттері өзгертілетін деректер қосылымының түріне байланысты.

  4. Деректерді қосу шеберінің қадамдарын орындаңыз.

    Ескерту : Деректерді қосу шеберін пайдаланып, пішінді нақтылы сыртқы деректер көзіне қосу туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер табыңыз.

  5. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректер қосылымын жою

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Пішін үлгісіндегі деректер қосылымдары тізімінен жойғыңыз келетін деректер қосылымын таңдаңыз.

  3. Жою түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер Жою түймешігі ажыратылған болса, бұл пішін үлгісінің басты деректер қосылымы таңдалынды деген мағынаны білдіреді. Пішін үлгісінің басты деректер қосылымын жою мүмкін емес.

  4. Microsoft Office InfoPath тілқатысу терезесінде Иә түймешігін басыңыз.

  5. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×