Деректер қосылымдарын таныстыру

Деректік қосылым - Microsoft Office InfoPath пішіні мен сол пішін үшін сақтайтын немесе қамтамасыз ететін сыртқы деректер көзі арасындағы динамикалық сілтеме. Деректер көзі пішін үшін анықтайтын және сақтайтын жолақтар мен топтардың жиыны болып табылады. Басқару элементтері деректер көзіндегі жолақтар мен топтармен шектеседі және деректерді пайдаланушыларға көрсетеді.

Пішінде негізгі деректер қосылымы деп аталатын ең басты деректер қосылымы болуы мүмкін. Сондай-ақ, онда талап бойынша бір немесе бірнеше қосымша деректер қосылымы болуы мүмкін. Пішіндеріңіздің міндеттеріне қарай, деректер қосылымы Microsoft SQL Server деректер қоры немесе Веб қызметі сияқты сыртқы деректер көзінен пішін деректерін сурауы немесе жіберуі мүмкін.

Осы мақалада

Деректер қосылымдарын шолу

Негізгі деректер қосылымы мен жұмыс істеу

Қосымша деректер қосылымымен жұмыс істеу

Деректерді дербес пайдалану үшін сақтау

Сыртқы деректер көздеріне қосылу үшін алынатын есептер

Деректер қосылымдарын шолу

Деректер байланысы пішін мен сол пішін үшін деректерді сақтап және қамтамасыз етіп тұратын деректер көзі арасындағы динамикалық байланыс болады. Пішіннің негізгі деректер байланысы деп аталатын ең басты деректер байланысы болуы мүмкін. Сондай-ақ, пішіннің талап бойынша бір немесе бірнеше қосымша деректер қосылымы болуы мүмкін. Негізгі деректер байланысы пішіннің негізгі деректер көзін айқындайды. XML сұлбасы деректер пішіннің негізгі деректер көзінде қалай сақталуын сипаттайды. Бір пішін үшін тек қана бір негізгі деректер байланысы болуы мүмкін, және ол сыртқы деректер көзіне негізделген пішін үлгісін жасаған кезде автоматты түрде жасалады. Пішін үлгісін құрастырған кезде, қалаған көлемде қосымша деректер байластарын жасауға болады.

Пішіндердің мақсатына қарай, Microsoft SQL Server деректер қоры немесе Веб қызметі сияқты сыртқы деректер көзі мен негізгі немесе қосымша деректер қосылымдарын жасауға болады. Сыртқы деректер көзі бұл Сіздің пішін үлгісіне негізделген пішінге деректерді жіберетін немесе одан деректерді қабылдайтын деректер көзі болады. InfoPath төменгі сыртқы деректер көздерімен жұмыс істейді:

  • Microsoft Office Access деректер қоры

  • Microsoft SQL Server деректер қоры

  • Веб қызметтер

  • Microsoft Windows SharePoint қызметтерін жегетін сервердегі құжат кітапханасы немесе тізімі

  • XML файлы

Сіз сыртқы деректер көзі мен үш түрлі деректер қосылымын жасауңыз мүмкін: деректерді тек қана сұрау, деректерді тек қана жіберу, немесе деректерді сұрау және жіберу. Деректерді сұрау қосылымы деректерді деректер көзінен қабылдайды және сол деректерді пішінде сақтайды. Деректерді жіберу қосылымы деректерді пішіннен деректер көзіне, Веб сервердегі бағдарламалардың біреуіне, Microsoft Windows SharePoint қызметтерін жегетін сервердегі немесе электрондық пошта хабарындағы құжат кітапханасына жібереді. Деректерді сұрау және жіберу қосылымдары деректерді деректер көзінен қабылдайды және оған жібереді. Деректер қосылымын жасаған кезде өзіңіз қалаған деректер қосылымы түрін анықтауыңыз керек. Мысалы, төмендегі мүмкіндіктердің қайсысын болса да орындайтын деректер қосылымын жасауға болады:

  • Деректерді дерек қорынан сұратады

  • Пішін деректерін электрондық пошта хабарында жібереді

  • Пішін деректерін Веб сервердегі бағдарламаға жібереді

  • Пішін деректерін XmlПішінКөрінісін қолданатын таңдамалы бағдарламаға жібереді

  • Деректерді C#, Microsoft Visual Basic .NET, немесе Microsoft JScript өзгертпелі бағдарлама жасау коды арқылы сұратады немесе жібереді

  • Microsoft Office SharePoint Server 2007 нұсқасын жегетін сервердегі деректер қосылымы кітапханасы ішінде сақталатын байланыс параметрлерін қолданады

  • Microsoft BizTalk Server 2004 немесе BizTalk Server 2006 бағдарламасындағы Human Workflow қызметінен деректерді сұратады немесе жібереді

Сіз қолданатын қосылым түрі пішіннің мақсаттарына және пішін қосылатын сыртқы деректер көзінің түріне байланысты болады.

Деректерді сұрату қосылымдары

Деректерді сұрату қосылымы деректерді сыртқы деректер көзінен алады және сол деректерді пішіннің негізгі немесе қосымша деректер көзіндегі өріс ішінде сақтайды. Сонда сол деректерді пішінде көрсету үшін басқару элементтерін сол өрістерге байланыстыру аласыз. Деректерді сұрату қосылымын төмендегі жолдармен жасауға болады:

  • Дерек қорына, Веб қызметіне немесе қосылымдар кітапханасында сақталатын параметрлерге негізделген пішін үлгісін жасақтаңыз. Сонда сыртқы деректер көзінің құрылымы пішін үшін негізгі деректер көзін анықтайды.

  • Бар пішін үлгісіне деректер қорыдан, Веб қызметтен, SharePoint тізімі яки кітапханасідан, немесе XML файлдан сұрайтін қосымша деректер қосылымын қосып өзгертіңіз.

Деректер қорына, Веб қызметтерге, немесе қосылым кітапханасындағы параметрлеге негізделген жаңа пішін үлгісін жасақтаған кезде, Сіз деректерді сұрау қосылымын жасайсыз. Бұл қосылым сол пішін үлгісіне негізделген негізгі деректер қосылымы болып қалады. Сіз тек қана бір деректерді сұрау қосылымын пішін үлгісі үшін негізгі деректер қосылымы ретінде белгілеп қоюға болады. Егер Сізге қосымша деректер көздерінен сұрау қажет болса, Сіз деректерді сол деректер көздерінен сұрайтын қосымша деректер қосылымын жасауға болады. Соңырақ бұл мақалада қосымша деректер қосылымдары туралы көбірек мәлімет аласыз.

Деректерді сұрайтын қосымша деректер қосылымын пішін үлгіңізге қосқан кезде Сіз InfoPath деркетер қосылымын пайдаланушы әр рет пішінді ашқанда ма немесе пайдаланушы пішінді толтырған кезде, батырмаға шертіп параметрлер тізімін көрсеткен сияқты, жеке оқиғалар орындалған соң пайдалануы керек па анықтай аласыз. Деректер қосылымын жеке оқиғалар орындалған соғ пайдалану үшін мынау әдістердің біреуін қолданыңыз:

  • Пішіндегі деректерді жаңартатын батырма басқару элементін кірістіріңіз

  • Деректер қосылымын пішінде шарт болған кезде пайдалану ережесін кірітіңіз.

  • Жеке оқиғалар үшін өзгертпелі код жазыңыз.

Деректерді жібері қосылымдары

Пайдаланушылар пішінді жіберген соң сол пішіндегі деректер деректерді жіберу қосылымы арқылы сыртқы деректер көзіне жіберіледі. Сіз сол пішін үлгісін теңшеп, пайдаланушыларға деректерді төменгі сыртқы деректер көздер түрлеріне жіберуге рұқсат бере аласыз:

  • Microsoft Office Access деректер қоры

  • Microsoft SQL сервері деректер көзі

  • Веб қызметі

Сондай-ақ, Сіз деректерді жіберетін қосымша деректер қосылымдарын мынау әдістерді қолданып қоса аласыз:

  • Пішін деректерін Microsoft Windows SharePoint қызметтерін жегетін сервердегі құжат кітапханасына жіберу арқылы.

  • Пішін деректерін электрондық пошта хабары арқылы.

  • Пішін деректерін Веб сервердегі бағдарламаға жіберу арқылы.

Сіз деректерді жіберу қосылымдарын мынау жолдармен жасайсыз:

  • Деректер қорына, Веб қызметге, немесе Office SharePoint Server 2007 дегенді жегетін сервердегі қосылымдар кітапханасында сақталатын параметрлерге негізделген жаңа пішін үлгісін жасақтаңыз. Сонда сыртқы деректер көзінің құрылымы сол пішін үшін негізгі деректер көзін анықтайды.

  • Қосымша деректер қосылымын бар пішін үлгісіне қосып оны өзгертіңіз, сонан соң пішін үлгісін теңшеп пайдаланушыларға өздерінің пішіндерін осы қосымша деректер қосылымы арқылы жіберуге рұқсат беріңіз.

    Кеңес : Сіз Office Access немесе SQL Server деректер қорына негізделген пішін үлгісін жасақтағаныңыз соң, егер деректер қоры кейбір талаптарды қанағаттандырса, InfoPath автоматты түрде деректерді жіберу қосылымын теңшейді. Сол талаптар туралы ақпаратты т.б. қараңыз бөлімінде табыңыз. Егер Сіз пайдаланушыларыңыз өздерінің толтырған пішіндерін деректерді жіберу қосылымының басқа түрін қолданып жіберуін қаласаңыз, Сіз жіберу мүмкіндігін ажыратып қоюды таңдауға болады.

Көбінесе, Сіз бір деректерді жіберу қосылымын пішін үлгіңіз үшін негізгі деректерді жіберу әрекеті ретінде теңшейсіз. Алайда, Сіз пішін үлгіңізді пайдаланушыларыңыз өздерінің толтырған пішін үлгілерін көптеген мекенжайларға ереже немесе өзгертпелі кодын пайдалану арқылы жібере алатын етіп жасақтауға болады. Мысалы, Сіз пішін үлгіңізді теңшеп, пайдаланушыларыңызға өздерінің толтырған пішіндерді Веб қызметіне, сондай-ақ электронды пошта хабары арқылы да, жіберуге рұқсат бере аласыз. Әдетте, пішін үлгісі деректердің барлығы пішіннің ішінде жіберілетін етіп теңшецді. Бірақ, егер Сіз пішін деректерін жіберу үшін өзгертпелі кодын пайдалансаңыз, немесе пішін үлгісін теңшеп пішінге деректерді Веб қызметіне жіберуге рұқсат берсеңіз, Сіз сол пішін деректерінің бөлігін жібере аласыз.

Деректерді сұрау және жіберу қосылымдары

Деректер қорына немесе Веб қызметіне негізделген пішін үлгісін жасақтаған соң, Сіз сол деректер қорынан немесе Веб қызметінен деректерді қабылдай алатын немесе соларға деректерді жібере алатын деректер қосылымын жасай аласыз. Егер Сіз деректер қорына негізделген пішін үлгісін жасақтап жатқан болсаңыз, деректер қосылымы деректерді қабылдай немесе жібере алады. Дегенмен, осы пішін үлгісіне негізделген пішіндер деректерді деректер қорына жіберу үшін, мынадай талаптар орындалуы тиісті:

  • Сіз жасақтап жатқан пішін үлгісі шолғышпен сыйысымды пішін үлгісі емес.

  • Негізгі деректер қосылымы ішіндегі барлық кестелерде бастапқы кілт, бір мәнді шектеу, немесе бір мәнді индекс болуы тиісті.

  • Сұрау ішіндегі барлық кестелер қарапайым иерархиялық қатынас болуға тиіс.

  • Пішіннің негізгі деректер көзіндегі деректер өрістері үлкен екілік деректер түрін сақтай алуы керек.

Сіз бұл талаптар туралы қосымша ақпаратты осы мақаланың төменгі Сыртқы деректер көздеріне қосылу үшін алынатын есептер тақырыпты бөлімінен алуға болады.

Деректерді Веб қызметінен қабылдай немесе оған жібере алатын деректер қосылымы дәл біртұтас деректер қосылымына тіркестірілген деректерді сұрау қосылымы және деректерді жіберу қосылымы сияқты болады.

Беттің жоғарғы жағы

Негізгі деректер қосылымы мен жұмыс істеу

Негізгі деректер қосылымы пішіннің негізгі деректер көзі мен байланыс орнатады. XML схемасы деректерді пішіннің негізгі деректер көзінде сақтау құрылымын сипаттайды. Сол деректер көзін Деректер көзі тапсырмалар аймағын пайдаланып жасақтауға болады, немесе басқару элементтерін пішін үлгіңізге қосқан кезде InfoPath бағдарламасына сол деректер көзін автоматты түрде жасауға рұқсат беруге болады. Сондай-ақ, пішін үлгісін сыртқы деректер көзіне негізделіп жасақтау мүмкін. Өз кезегінде, сол сыртқы деректер көзі негізгі деректер көзін анықтайды. Пішін үлгісі тек қана бір негізгі деректер қосылымына ие болуы мүмкін.

Егер негізгі деректер қосылымы сыртқы деректер көзіне қосылса, негізгі деректер қосылымы мен қалай істеуіңіз сол деректер қосылымы қосылатын деректер көзінің түріне байланысты болады.

Деректер қоры    Сіз деректер қорына негізделіп пішін үлгісін жасақтасан соң, InfoPath деректерді сол дерек қорынан сұрайтын және керек болса деректерді оған жіберетін негізгі деректер қосылымын жасайды. Егер пішін тек қана InfoPath бағдарламасын қолданып толтырылса және деректер қоры Сыртқы деректер көздеріне қосылу үшін алынатын есептер бөлімінде тізімделген талаптарға сай болса, InfoPath автоматты түрде деректерді жіберу қосылымын жасайды және пішін үлгісін теңшеп пайдаланушыларға өздерінің пішіндерін жіберуге рұқсат береді. Егер пішін шолғын жәрдемінде толтырылса, InfoPath деректер қоры мен деректерді жіберу қосылымын жасамайды. Деректер қорына деректерді жіберетін деректер қосылымдарына браузерге үйлесімді форма үлгісі ішінде қолдау көрсетілмейды.

Кеңес : Егер пішін шолғышпен пайдаланып толтырылса және Сіз деректерді деректер қорына жіберуды қаласаңыз, Сіз пішінді деректерді деректер қорына жіберетін Веб қызметке қосып солай істеуге болады.

Веб қызметі    Сіз Веб қызметке негізделіп пішін үлгісін жасақтаған соң, Сіз деректерді әрі сұрайтын әрі жіберетін, деректерді тек қана сұрайтын, немесе деректерді тек қана жіберетін негізгі деректер қосылымын жасауға болады. Егер Сіз деректерді жіберуді таңдасаңыз, InfoPath автоматты түрде пішін үлгісін теңшеп пайдаланушыларға өздерінің пішіндерін жіберуге рұқсат береді. Сіз пішін деректерін кейбіреуін немесе барлығын жіберуді белгілей аласыз. Егер деректердің тек қана біразі жіберілсе, Веб қызметтің талаптарына қарай, Сіз жіберілеуге тиісті болған деректер белгілі топ қайсы өрістерінде болуын белгілей аласыз.

Сіз деректер қорына немесе Веб қызметіне негізделіп пішін үлгісін жасақтаған соң, InfoPath сұрау өрістері, деректер өрістері, және деректер қорында немесе Веб қызметте деректердің сақталу жолына сәйкес келетін топтары бар болған негізгі деректер көзін жасайды. Сұрау өрісінде деректерді сұрау қосылымын пайдаланып деректерді табатын сұранымда қолданылатын мән болады. Сұраныс нәтижелері деректер өрістеріне қойылады, және сол өрістерді пайдаланушы пішінді ашқан кезде өңдеуі мүмкін. Пайдаланушы пішінді ашқан соң, деректер өрістеріндегі деректер деректерді жіберу қосылымын пайдаланып жіберілуі мүмкін. Негізгі деректер көзідегі өрістер және топтар деректер сыртқы деректер көзінде сақталу жолына сай келуі тиісті болған себепті Сіз осы өрістермен топтарды өзгерте алмайсыз. Алайда, Сіз негізгі деректер көзіндегі түбірлік өріске өрістер немесе топтар қосуға болады.

Пайдаланушыларға деректер өрістеріндегі деректерді көру, таңдау, өңдеу немесе жіберуге мүмкіндік беру үшін, Сіз мәтін ұясы және құсбелгі сияқты басқару элементтерді пішіндегі өрістерге байластыра аласыз. Егер Сіз пайдаланушылар таңдау ретінде таңдай алатын қосымша мәндерді сұрауды және бейнелеуді қаласаңыз, тізімді жолақ сияқты басқару элементін сұрау өрістеріне байластыра аласыз. Егер пайдаланушылар тізімнен мән таңдауын қаласаңыз, Сіз тізімді жолақ сияқты басқару элементін деректер өрісіне байланыстыруға болады, сонан соң басқару элементі сипаттарын қосымша деректер көзіндегі мәндерді немесе негізгі деректер көзіндегі қайталама өрісті бейнеленетін етіп орнатуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша деректер қосылымымен жұмыс істеу

Қосымша деректер қосылымы пішімді сыртқы деректер көзіне байланыстырады. Қосымша деректер қосылымдары деректерді Сізге негізгі деректер қосылымыдағы сыртқы деректер көзінен басқа сыртқы деректер көзінен деректерді сұрау немесе деректерді оған жіберу қажет болғанда, немесе Сіз пайдаланушылар деректерін бірнеше сыртқы деректер көзіне жіберуін қалағаныңызда пайдалы болады. Сіз қалағанша қосымша деректер қосылымдарын жасауға болады.

Қосымша деректер қосылымы деректерді сыртқы деректер көздерінің мынадай түрлерінен сұрауы немесе жіберуі мүмкін:

  • Office Access дерекқоры

  • SQL Server дерекқоры

  • Веб қызметі

  • Windows SharePoint Services бағдарламасын жегетін сервердегі құжат кітапханасы немесе тізімі

  • XML файл

Сіз, сондай-ақ, қосымша деректер қосылымын пайдаланып, пайдаланушыларға пішін деректерін Веб сервердегі бағдарламаға, Windows SharePoint Services бағдарламасын жегетін сервердегі құжат кітапханасы немесе тізіміне, немесе электрондық пошта хабары арқылы жіберуге мүмкіндік бересіз.

Егер Сіз деректерді сұрайтын қосымша деректер қосылымын жасасаңыз, пішін ашылған соң әдепкі ретте осы деректер қосылымын қолданады. Сондай-ақ, Сіз пішін үлгісін төменде тізімделген жолдар арқылы бұл деректер қосылымын пайдалануға болады:

  • Пайдаланушылар сұранымды жіберу үшін шерте алатын пішін үлгісіне жаңарту батырмасын қосу.

  • Осы деректер қосылымын пайдаланып деректер көзінен сұрау үшін пішін үлгісіне ереже қосу.

  • Сұранымды жіберетін пішін үлгісіне өзгертпелі кодын қосу

Сіз пішінге қосымша деректер қосылымын қосқан соң, InfoPath сыртқы деректер көзінде сақталу жолына сәйкес келетін деректе өрістерімен топтары бар болған қосымша деректер көзін автоматты түрде жасайды. Бұл деректердің тұтастығын қамтамасыз етуге жәрдем береді. Сіз қосымша деректер көзіндегі өрістермен топтарды өзгерте алмайсыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді дербес пайдалану үшін сақтау

Деректерді сыртқы деректер көзінен сұрайтын қосымша деректер қосылымын қосқан соң, Сіз қосылымды сұрау нәтіжелерін пайдаланушының компьютерінде сақтайтын етіп теңшеп қоюға болады. Сойтып пайдаланушылар компьютерлері желіге қосылмаған болсада пішінді толтыра алуын қамтамасыз етеді. Бұл дербес жұмыс істеу деб аталады.

Егер Сіз қосымша деректер қосылымын осы түрде теңшесеңіз, пайдаланушының компьютері желі қосылып тұрған кезде сұраным сыртқы деректер көзіне жіберіледі. Сұрау нәтіжелері сонда пішіннің қосымша деректер көзінде сақтап қойылады, және олар пайдаланушы пішінді толтырған кезде пішінде пайда болады. Пайдаланушы жаңа сұрау салған сайын деректер кэш ішінде сақталады. Сөйтіп, деректер мүмкіндігінше жаңартылып тұрады.

InfoPath сақталатын деректер мәлім сұранымға сай келуі туралы шешім шығарған кезде сұраным параметрлерін есепке алады. Сіз деректер қосылымын жасаған соң, деректер көзіне қатынау мүмкіндігі болмаған жағдайда, сақталған деректердің әдепкі жиынтығын бейнелейтін етіп теңшеуға болады. Сіз сұранымдағы деректер барлық пайдаланушыларыңыз үшін сай келе ма немесе пішін әрбір пайдаланушыға арналған деректерді бейнелеуге тиісті болуын есепке алуыңыз керек. Мысалы, егер сұраным қайтарған деректер пайдаланушының тұлғасы немесе рөліне негізделген болса, сұрау орнына жасақталған кезде теңшенген деректердің әдепкі жиынтығын пайдалану сол пайдаланушы ұшін қате деректер алып келуі мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Сыртқы деректер көздеріне қосылу үшін алынатын есептер

InfoPath мынадай сыртқы деректер көздері түрлерімен деректер қосылымдарын қолданады:

  • Office Access дерекқоры

  • SQL Server дерекқоры

  • Веб қызметі

  • Microsoft Windows SharePoint Services бағдарламасын жегіп тұрған сервердегі құжат кітапханасы немесе тізімі

  • XML файл

Төменгі бөлімдер осы сыртқы деректер көздерінің әрбіреуіне қосылыс үшін ақпарат және алынатын есептерді ұсынады.

Microsoft Office Access немеес SQL Server дерекқоры

InfoPath Access databases және SQL Server дерекқорларымен деректер қосылымдарын қолданады. Дерекқордың басқа түріне қосылу үшін Сіз сол дерекқормен істейтін Веб қызметін пайдалануға болады.

Пішін дерекқордан деректерді негізгі немесе қосымша деректер қосылымы арқылы сұрауы мүмкін, және Сіз қосылым үшін қалағанша дерекқор кестелерін таңдауға болады. Сіз бірінші таңдайтын кесте негізгі кесте болады. Сіз кейін таңдайтын кестелерде негізгі кестеге қатысты болған өріс болуы тиісті. InfoPath осы қатынасты өріс атын екі кесте ішіне сәйкестендіру арқылы орнатуға тырысады. Деректер қосылымын жасаған соң, Сіз осы қатынасты қолдануды таңдауға болады немесе өз кестелер қатынасыңызды қосуға болады.

Егер пішін негізделген пішін үлгісі және дерекқор төмендегі қажеттіліктерге жауап берсе, пішін деректерді дерекқорға пішіннің негізгі деректік қосылымы арқылы жібере алады:

  • Пішін үлгісі шолғышпен үйлеспейтін пішін үлгісі болып табылады    Егер сіз шолғышпен үйлесімді пішін үлгісін құрастырсаңыз, InfoPath бағдарламасы негізгі деректік қосылымда жіберілетін дерекктік қосылымды жасамайды. Пайдаланушыларға шолғышпен үйлесімді пішін үлгісіне негізделген деректерді жіберуге мүмкіндік беру үшін дерекқормен жұмыс істейтін веб қызметін пайдаланыңыз.

  • Негізгі деректер көзіндегі қатысты кестелердің әрбір жұбындағы сол жақ кестеде кілттік сөз болады    Кем дегенде қатысты кестелердің әрбір жұбына арналған байланыстардың біреуі сол жақтағы кестенің кілттік сөзін қамтуы тиіс.

  • Пішіннің негізгі деректер көзіндегі деректер жолақтарының ешқайсысы үлкен қосы деректер түрін сақтамайды    Егер сұрау суреттер, бейнелер, OLE нысандары, файл тіркемелері, Office Access жазба деректер түрі немесе SQL мәтін деректер түрі сияқты үлкен қосу деректер түрін сақтайтын жолақтарды қамтыса, InfoPath бағдарламасы деректтік қосылымды жіберуді доғарады.

Егер пішін үлгісі және дерекқор осы талаптардың баріне сай болса, InfoPath деректерді жіберу қосылымын жасайды және пішін үлгісін теңшеп пайдаланушыларға өз пішіндерін жіберуге рұқсат береді. Егер Сіз пайдаланушыларды өз пішін деректерін бөтен деректер қосылымы арқылы жіберуін қаласаңыз, негізгі деректер қосылымы ішіндегі деректерді жіберу қосылымын ажыратып қоюға болады.

Сіз дерекқорға негізделген пішін үлгісін жасақтаған соң, InfoPath негізге деректер көзін жасады. Бұл деректер көзінде дерекқорда деректердің сақталу жолына сәйкес келетін сұрау өрістері және деректер өрістері болады. InfoPath тағыда Сұрауды жегу және Жаңа жазба батырмаларын пішін үлгісінің әдепкі көрінісіне қосып қояды. Пайдаланушы Сұрауды жегу батырмасына басқанда InfoPath дерекқорға сұрау өрісіндегі деректерді қосып сұраным жібереді. Жаңа жазба батырмасы пішіндегі қандай деректерді болса да тазалайды және деректер өрістеріне қосылған басқару элементтерін деректер өрісінің әдепкі мәндеріне орнатады. Пайдаланушы деректерді дерекқорға жібергенде деректер өрісіндегі деректерге енгізілген қандай да өзгертулер дерекқордағы тиісті жазбаларды өзгертеді. Егер пайдаланушы деректер өрісіндегі деректерді жойса, дерекқордағы тиісті жазба да жойылады. Нәтижесінде, деректер өрісіне қосылған деректер тиісті өрістерді жаңартады немесе дерекқорға тиісті жазбаларды қосады.

Егер Сіз пішінді дерекқорға қосуды қаласаңыз, және пішін үшін негізгі деректер қосылымы жасалған болса, Сіз дерекқорға сұраныс жасайтын қосымша деректер қосылымын қоса аласыз. Қосымша деректер қосылымын қосқан соң, InfoPath сұрау өрісі, деректер өрісі және топтары дерекқор кестелеріндегі өрістерге сәйкес келетін қосымша деректер көзін жасайды. Сіз бірнеше дерекқор кестесін таңдауға болады және кесте қатынастарын дәл негізгі деректер қосылымы үшін орнатқан сияқты орнатуға болады.

Сіз деректерді сұрайтын қосымша деректер қосылымын жасаған соң, қосылымды пайдаланушы әр рет пішінді алқан кезде сұрау жіберетін етіп теңшей аласыз. Неемесе сұрау жіберу үшін мынау шаралардың біреуін орындауға болады:

  • Пайдаланушылар басып деректер қосылымынан алынған деректерді жаңартатын батырманы қосыңыз.

  • Деректер қосылымын қолданып сұрау жіберетін ережені жасаңыз.

  • Жегілгенде сұрауді жіберетін өзгертпелі код жазыңыз.

Веб қызметі

Пішін деректерді Веб қызметінен негізгі немесе қосымша деректер қосылымы арқылы сұрай немесе оған жібере алады. InfoPath төменгі стандарттарға сүйеніп, Веб қызметтерге қосылады:

  • Simple Object Access Protocol (SOAP)    SOAP байланыс тілдесу тәсілі болып, ол Веб қызметімен байланысу үшін қолданылатын XML хабарларын анықтайды.

  • Web Services Description Language (WSDL)    WSDL бұл XML схема стандарты болып, мекен-жайды, байланыс тілдесу тәсілдерін, және тілдесулерді Веб қызмет үшін сипаттап береді. InfoPath тек қана әріптік құжат мәнердегі Веб қызметтерді жұмсай алады.

  • Universal Description Discovery and Integration (UDDI)    UDDI каталог қызметі болып, бизнес ұсынатын Веб қызметтерді сипаттайды.

Сіз Веб қызметіне негізделген жаңа пішін үлгісін жасақтаған соң, InfoPath сол Веб қызметімен негізгі деректер қосылымын жасайды, сосан соң Веб қызметінің XML схемасына сәйкес келетін сұрау өрістері, деректер өрістері және топтары бар болған негізгі деректер көзін жасайды.

Егер пішін үлгісін баяғы Веб қызметте басқа бір әрекетті пайдалану үшін теңшесеңіз немесе бүтіндей бөтен Веб қызметті пайдалануды қаласаңыз, пішін үлгісіне қосымша деректер қосылымдарын қосуға болады. Деректерді сұрайтын қосымша деректер қосылымын қосқан соң, InfoPath Веб қызметінің схемасына сәйкес келетін өрістер және топтары болған қосымша деректер көзін жасайды. Егер Сіз деректерді жіберетін қосымша деректер қосылымын қоссаңыз, қосылымды теңшеп, Веб қызметтегі параметрлерге қарай, пішіндегі деректердің бәрін немесе тек бірнешеуін жібере аласыз.

Веб қызметпен негізгі немесе қосымша деректер қосылымын біреуін жасағаныңыздан соң, Сіз сол қосылым деректерді тек қана сұрайтын етіп, деректерді тек қана жіберетін етіп, немесе деректерді сұрап және жіберетін етіп белгілей аласыз. Егер қосылым деректерді сұрайтын болса, InfoPath пішін үлгісіне Сұрауды жегу батырмасын қосып қояды. Пайдаланушы Сұрауды жегу батырмасын басса, InfoPath Веб қызметіне сұрау және сол сұрау өрістеріндегі деректерді жібереді. Егер қосылым деректерді жіберетін болса, InfoPath пішіннің Жіберу мүмкіндігін қосып қояды. Сіз деректерді жіберу қосылымын теңшеген кезде InfoPath Веб қызметіне қандай деректер керектігін анықтайды. Сол ақпаратқа негізделіп, Сіз пішін үлгісіндегі қайсы өрістер өзіндегі деректерді жіберуі тиісті екенін белгілей аласыз.

SharePoint торабындағы құжат кітапханасы немесе тізім

Пішін деректерді Windows SharePoint Services қызметтерін жегетін сервердегі тізім немесе құжат кітапханасымен орнатылған қосымша деректер қосылымы арқылы сұрайды. Сонымен қатар, пішін деректерді сервердегі құжат кітапханасына немесе тізімге жібере алады. Сіз кітапхана немесе тізімге негізгі деректер арқылы қосыла алмайсыз.

Егер Сіз құжат кітапханасы немесе тізімнен деректерді сұрайтын қосымша деректер қосылымын жасасаңыз, InfoPath сол құжат кітапханасы немесе тізімі ішіндегі бағандарға сәйкес келетін пішін үшін қосымша деректер көзін жасайды.

Егер Сіз құжат кітапханасына деректерді жіберетін қосымша деректер қосылымын жасасаңыз және осы деректерді жіберу қосылымы пішін үлгісі үшін негізгі жіберу әрекеті болуын қаласаңыз, Сіз пішін үлгісі үшін Жіберу мүмкіндігін қосуға және оны деректер қосылымы мен Жіберу параметрлері тілқатысу терезесін (Құралдар мәзіріндегі Жіберу параметрлері пәрмені) пайдаланып салғастыруға тиіссіз. Әдепкіде, пішіндегі барлық деректер деректерді жіберу қосылымы арқылы жіберіледі. Егер Сіз деректердің тек бірнешеуін жіберуді қаласаңыз, пішін үлгісі үшін өзгертпелі код жазып солай істей аласыз.

XML файлы

Пішін деректерді XML файлы мен орнатылған қосымша деректер қосылымы арқылы сұрауы мүмкін. Мысалы, Сіз Microsoft Office Excel жұмыс парағын XML файлы ретінде сақтай аласыз, сонан соң қосымша деректер қосылымын пайдаланып сол файлдағы деректерді сұрап пішінде бейнелей аласыз. Сондай-ақ, Сіз қосымша деректер қосылымын пайдаланып, Microsoft ASP.NET бағдарламасы, Common Gateway Interface (CGI) сценарийсы, немесе Internet Server Application Programming Interface (ISAPI) тілдесуін қолданатын бағдарламасы сияқты, XML файлды оралатын Веб сервердегі бағдарламадан деректерді бөліп алу үшін деректерді XML файлынан деректерді сұрауға болады.

Веб сервердегі бағдарлама

Сіз ASP.NET бағдарламасы, CGI сценарийсы, немесе ISAPI тілдесуін қолданатын бағдарлама сияқты Веб сервердегі бағдарламаға деректерді жіберетін қосымша деректер қосылымын жасауға болады. Деректерді Веб сервердегі бағдарламаға жіберу үшін, Сіз пішін үлгісін теңшеп, пайдаланушыларға өз пішін деректерін жіберуге рұқсат беруге тиістісіз және деректер қосылымы үшін жіберу параметрлерін Веб сервер (HTTP) дегенді Жіберу параметрлері тілқатысу терезесінен (Құралдар мәзіріндегі Жіберу параметрлері пәрмені) таңдап теңшеуге тиістісіз.

Ескерту : Пішін деректерді Веб сервердегі бағдарламаға жіберетін тек қана бір деректер қосылымына ие бола алады. Сіз пішіндерге деректерді Веб сервердегі бағдарламаға жіберу ережесін пайдалануға рұқсат беру үшін пішін үлгісін теңшей алмайсыз.

Деректер қосылымы кітапханасындағы қосылым параметрлері

Егер бірнеше пішін бір немесе ұқсас деректер қосылымдарын пайдаланса, Office SharePoint Server 2007ды жегетін сервердегі деректер кітапханасы ішіндегі деректерді қосу файлыдағы әрбір деректер қосылымы үшін параметрлерді сақтауды есепке алыңыз. Дерктерді қосу файлы бұл біртұтас сыртқы деректер көзі үшін қосылым туралы ақпаратты өз ішіне алған XML файлы болып, ол .xml немесе .udcx файл атауы кеңейтіміне ие болады. Пайдаланушы деректерді қосу файлына байланыстыратын пішінді ашқанда, InfoPath сол файлдағы параметрлерді сыртқы деректер көзіне қосылу үшін қолданады. Деректерді қосу файлын қолданудың төменгі үстемдіктері бар:

  • Көптеген пішіндер бір деректерді қосу файлын пайдалануы мүмкін, сондықтан бір деректер қосылымын әрбір пішін үшін басынан жасаудың қажет жоқ.

  • Егер сыртқы деректер көзінің мекен-жайы немесе қосылым параметрлері өзгерсе, Сізге әрбір пішін үлгісін емес, тек қана деректерді қосу файлын жаңарту қажет болады.

  • Деректерді қосу файлыда баламалы түпнұсқалық растама болуы мүмкін және сервер бұл ақпаратты пайдаланушы пішінді шолғыш жәрдемінде толтырғанда қолдануы мүмкін.

  • Толық сенімді қауіпсіздік деңгейі болмаған шолғышта толтырылған пішіндер егер пішіндегі барлық деректер қосылымдары деректерді қосу файлдарын пайдаланса, басқа егеліктегі компьютерге қосылуы мүмкін.

Пішінді деректерді қосу файлына байланыстыру үшін, файл Office SharePoint Server 2007 нұсқасын жегетін сервердегі деректерді қосылымын кітапханасында сақтап қою керек, және ол Universal Data Connection (UDC) 2.0 нұсқасының файл пішімін қолдануы тиісті.

Ескерту : UDC 2.0 файл пішімі Microsoft Office FrontPage пайдаланатын 1.0 пішімді нұсқаның кеңейтілген жиыйынтығы болады. InfoPath бағдарламасы 1.0 пішімді нұсқадағы деректерді қосу файлын пайдалана алмайды. Деректерді қосу кітапханаларі және деректерді қосу файлдары туралы қосымша ақпараттарға сілтемелерді т.б. қараңыз бөлімінде табыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×