Деректер макросын жасау

Деректер макростары Access 2010 бағдарламасының кестелерде болатын деректерді қосу, жаңарту немесе жою тәрізді оқиғаларға логика қосатын жаңа мүмкіндігі. Олар Microsoft SQL Server бағдарламасындағы «триггерлерге» ұқсайды. Бұл мақалада деректер макростарын жасау және күйін келтіру әдістері көрсетіледі.

Бұл мақалада:

Деректер макростары туралы

Оқиғалар бойынша басқарылатын деректер макросын жасау

Аталған деректер макросын жасау

Параметрлер туралы

Деректер макросын басқару

Оқиғалар бойынша басқарылатын деректер макросын өңдеу

Аталған деректер макросын өңдеу

Аталған деректер макросының атын өзгерту

Деректер макросын жою

Күйін келтіру деректер макростары

Бағдарлама жұрналы кестесін көрсету

Макрос әрекеттері туралы қосымша мәлімет алу

Деректер макростары туралы

Деректер макростары Кесте қойындысында басқарылады, ал кесте деректер кестесінің көрінісінде қаралады және Шарлау аумағында Макростар ішінде көрсетілмейді. Басқа мүмкіндіктер қатарында, деректер макростарын кестедегі деректерді тексеруге және дәлдігін анықтау үшін пайдалануға болады. Деректер макростарының негізгі екі түрі бар: кесте оқиғаларымен триггерленген (сондай-ақ, «оқиғалар бойынша басқарылатын» деректер макростары деп аталады) және атымен шақырылғанда қосылатын макростар (сондай-ақ, «аталған» деректер макростары деп аталады).

Беттің жоғарғы жағы

Оқиғалар бойынша басқарылатын деректер макросын жасау

Кесте оқиғалары кестеге деректер қосқанда, жаңартқанда немесе жойған кезде жасалады. Деректер макросын бірден осы үш оқиғаның кез келгенінен кейін немесе жою не өзгерту оқиғасының дәл алдында қосуды орнатуға болады. Деректер макросын кесте оқиғасына тіркеу үшін, төмендегі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Шарлау аумағында деректер макросын қосу керек кестені екі рет нұқыңыз.

  2. Кесте қойындысындағы Оқиғалардан бұрын немесе Оқиғалардан кейін тобында макрос қосу керек оқиғаны нұқыңыз. Мысалы, кестеден жазбаны жойғаннан кейін іске қосылатын деректер макросын жасау үшін, Жоюдан кейін параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Егер оқиғаның байланыстырылған макросы бұрыннан бар болса, оның белгішесі таспада бөлектеліп көрсетіледі.

    Access бағдарламасы макростар құрастырғышын ашады. Егер бұл оқиға үшін макрос алдын жасалған болса, Access бұрыннан бар макросты көрсетеді.

  3. Макростың орындау керек әрекеттерін қосыңыз.

  4. Макросты сақтап, жауып қойыңыз.

Аталған деректер макросын жасау

Аталған немесе «дербес» деректер макросы арнайы оқиғамен емес, арнайы кестемен байланыстырылады. Аталған деректер макросын кез келген басқа деректер макросынан немесе дербес макростан алуға болады.

  1. Шарлау аумағында деректер макросы қосылатын кестені екі рет нұқыңыз.

  2. Кесте қойындысында Аталған макростар тобының ішінен Аталған макрос, одан кейін Аталған макросты жасау тармағын таңдаңыз.

    Access бағдарламасы әрекеттерді қосуды бастауға болатын макростар құрастырғышын ашады.

Параметрлер туралы

Параметрлер мәндерді аталған деректер макросына оларды шартты нұсқауларда және басқа есептеулерде пайдалану үшін ауыстыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, параметрлер нысан сілтемелерін стандартты макростан деректер макросына ауыстыруға мүмкіндік береді.

Деректер макросына параметр қосу үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

  1. Макростың жоғарғы жағындағы Параметр жасау түймешігін басыңыз.

  2. Атау ұясында параметрдің бірегей атауын теріңіз. Бұл параметрге өрнектерде сілтеме жасау үшін қолданылатын атау.

  3. Таңдау бойынша, Сипаттама ұясына параметрдің сипаттамасын теріңіз. Кейін параметрді пайдаланған кезде, осында терілген сипаттама мәтін қалқымалы сөзкөмекте көрсетілетіндіктен, сипаттаманы жазуды ұсынамыз. Бұл сізге параметрдің мақсатын еске түсіруге көмектеседі.

Аталған деректер макросын басқа макростан іске қосу үшін, ДеректерМакросынІскеҚосу әрекетін пайдаланыңыз. Әрекет керекті мәндерді енгізу үшін, әр жасалған параметрді ұямен қамтамасыз етеді.

Деректер макросын басқару

Деректер макростары шарлау аумағында Макростар астында көрсетілмейді. Деректер макростарын жасау, өңдеу, қайта атау немесе жою үшін, кестенің деректер кестесінің көрінісі немесе құрастырушы көрінісі таспасындағы пәрмендерін пайдалану керек.

Оқиғалар бойынша басқарылатын деректер макросын өңдеу

  1. Шарлау аумағында өңделетін деректер макросы бар кестені екі рет нұқыңыз.

  2. Кесте қойындысындағы Оқиғалардан бұрын немесе Оқиғалардан кейін тобында макросы өңделетін оқиғаны нұқыңыз. Мысалы, кестеден жазбаны жойғаннан кейін іске қосылатын деректер макросын өңдеу үшін, Жоюдан кейін параметрін таңдаңыз.

    Ескерту : Егер оқиғаның байланыстырылған макросы жоқ болса, оның белгішесі мәзірде бөлектелмейді.

    Access бағдарламасы макростар құрастырғышын ашқаннан кейін, макросты өңдеуді бастауға болады.

Аталған деректер макросын өңдеу

  1. Шарлау аумағында деректер кестесінің көрінісінде ашу үшін кез келген кестені екі рет нұқыңыз.

  2. Кесте қойындысында Аталған макростар тобындағы Аталған макрос, одан кейін Аталған макросты өңдеу тармағын таңдаңыз.

  3. Ішкі мәзірде өңдеу керек деректер макросын нұқыңыз.

    Access бағдарламасы макростар құрастырғышын ашқаннан кейін, макросты өңдеуді бастауға болады.

Аталған деректер макросының атын өзгерту

  1. Шарлау аумағында деректер кестесінің көрінісінде ашу үшін кез келген кестені екі рет нұқыңыз.

  2. Кесте қойындысында Аталған макростар тобындағы Аталған макрос, одан кейін Макростың атын өзгерту/жою тармағын таңдаңыз.

  3. Деректер макросын реттеуші тілқатысу терезесінде атын өзгерту керек деректер макросының қасындағыАтын өзгерту түймешігін басыңыз.

    Access макростың ағымдағы атын таңдайды.

  4. Жаңа ат теріп немесе бар атты өңдеп, ENTER пернесін басыңыз.

Деректер макросын жою

Кез келген аталған немесе оқиғалар бойынша басқарылатын деректер макросын жою үшін, төмендегі процедураны пайдаланыңыз:

  1. Шарлау аумағында деректер кестесінің көрінісінде ашу үшін, кез келген кестені екі рет нұқыңыз.

  2. Кесте қойындысында Аталған макростар тобындағы Аталған макрос, одан кейін Макростың атын өзгерту/жою тармағын таңдаңыз.

  3. Деректер макросын реттеуші тілқатысу терезесінде атын өзгерту керек деректер макросының қасындағы Жою түймешігін басыңыз.

Ескерту : Сондай-ақ, оқиғалар бойынша басқарылатын макросты оның барлық әрекеттерін жою арқылы өшіруге болады.

Күйін келтіру деректер макростары

Қадамдық орындау пәрмені және ХабарламаТерезесі макрос әрекеті сияқты кейбір қарапайым макросты жөндеу құралдары деректер макростары үшін қол жетімді емес. Алайда, егер деректер макросында ақаулықтар пайда болса, оның қателерін табу үшін, Бағдарлама жұрналының кестесін ҚатеКезде, ҚатеТудыру және ОқиғаныТіркеу макрос әрекеттерімен біріктіріп пайдалануға болады.

Бағдарлама жұрналы кестесін көрсету

Бағдарлама жұрналы кестесі — әдепкі орнату бойынша шарлау аумағында көрсетілмейтін жүйе кестесі («USysApplicationLog» деп аталады). Егер деректер макросында қате пайда болса, ақпаратты осы бағдарлама жұрналы кестесінен қарап себебін анықтауға болады.

Бағдарлама жұрналы кестесін көрсету үшін, төмендегі процедураны пайдаланыңыз:

  1. Microsoft Backstage көрінісін ашу үшін, Файл түймешігін басыңыз.

  2. Мәліметтер қойындысында Бағдарлама журналының кестесін қарау түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Бағдарлама журналының кестесін қарау түймешігі көрінбесе, онда бұл дерекқор үшін Бағдарлама журналының кестесі әлі жасалмағаны. Оқиға журналға жазылғаннан кейін, түймешік Мәліметтер қойындысында пайда болады.

Бағдарлама журналының кестесінде жолдарды ОқиғаныТіркеу немесе ҚатеТудыру әрекетін пайдаланып жасауға және Access бағдарламасы қатеге қалай әсер ететінін ҚатеКезде әрекетімен қадағалауға болады.

Макрос әрекеттері туралы қосымша мәлімет алу

Осы және басқа да макрос әрекеттері туралы қосымша мәлімет алу үшін, төмендегі Access әзірлеушісінің анықтамасын қараңыз:

  1. Access анықтамасының қарап шығу құралын ашу үшін, Access бағдарламасында F1 пернесін басыңыз.

  2. Анықтама терезесінің үстіндегі құралдар тақтасынан іздеу өрісін табыңыз:

Анықтаманы қарап шығу құралдар тақтасы

  1. Құралдар тақтасындағы «Іздеу» сөзінің қасындағы көрсеткіні нұқыңыз.

Анықтама бөліміндегі Іздеу түймешігі

  1. Көрсетілген мәзірден Office Online веб-торабындағы мазмұн астындағы Әзірлеуші анықтамасы параметрін таңдаңыз.
    Анықтаманы іздеу тізімі

Ескерту :  Егер интернетке қосылмаған болсаңыз, Осы компьютердегі мазмұнастындағы Әзірлеуші анықтамасы параметрін таңдаңыз.


  1. Ізделетін терминді енгізіп, Іздеу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×