Деректер көздерімен таныстыру

Осы мақалада

Деректер көздерін шолу

Негізгі деректер көзі

Қосымша деректер көздері

Деректер көзі мен XML схемасы арасындағы қатынасты түсіну

Деректер көздерін шолу

Пішінде пайда болатын барлық деректер, пайдаланушы тізімді жолақтан, енгізбелі-өзгертпелі шаршы, немесе өзгертпелі шаршыдан шертіп таңдап алатын деректер ме, немесе пайдаланушы пішінге қосатын деректер ме, пішіннің деректер көздерінде сақталады. Деректер көзі өрістер мен топтардан тұрады. Тұрғылықты дискіңіздегі қалталар файлдарды қамтып және оларды реттеген сияқты, өрістер да дәл осындай жол мен пайдаланушылар сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішіндерге енгізетін деректерді жол мен сақтайды, және топтар да сол файлдарды қамтып оларды реттейді. Пайдаланушы пішіндегі басқару элементі деректерді қосады, және сол басқару элементтері осы өрістерге байланыстыру болады. Мәселен, шығын есепхаты үшін пішін үлгісін жасақтап жатқаныңызды елестетіңіз. Пайдаланушылар сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді ашқанда, олар өздерінің атын, әкесінің атын және фамилиясын үш мәтін ұясы басқару элементіне   кірістіре алады — әрбір мәтін ұясы пайдаланушы аты үшін болған өріске, әкесінің аты үшін болған өріске, және фамилиясы үшін болғн өріске байластырылған. Бүл атау өрістері "ат" деген топта тұрады.

Сіз өрістер мен топтарды Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы пішін үлгіңіздің деректер көзінде көруіңіз және олар мен жұмыс істеуіңіз мүмкін.

InfoPath ішіндегі деректер көзі тапсырмалар аймағы

1. Өріс

2. Топ

Деректер көзі құрылымы пішін үлгіңізді орналасуына әрдайым сәйкес болмаса да, жалпы ұқсастықтар бар, әсіресе қайталанатын кесте, бөлім, қайталанатын бөлім, жәнеқосымша бөлім салғастырылған топтар және өрістер арасында. Мәселен, кесте немесе бөлім деректер көзіндегі топқа байластырылған болады, және кесте немесе бөлім ішіндегі барлық басқару элементтер сол топтың мүшесі болған өрістерге байластырылған. Төменгі мысалда, шығындар есепхаты пішініндегі Тізімделген шығындар қайталама кесте Күн күн таңдаушысы, Сипаттама мәтін ұясы және Құн мәтін ұясынан тұратын үш бағаннан түзілген. Бұл басқару элементтері күн өрісіне, сипаттама өрісіне және мөлшер өрісіне сәйкес түрде байластырылған. Ал кестенің өзі элементтер тобына байластырылған.

Деректер көзіндегі топ және өрістерге байластырылған қайталама кесте

Пішін үлгісі екі түрлі деректер көзіне ие болуы мүмкін  — біртұтас, негізгі деректер көзі, және талап бойынша, бір немесе көбірек қосымша деректер көздері.

Беттің жоғарғы жағы

Негізгі деректер көзі

Негізгі деректер көзінде төменгілер бар:

  • Пайдаланушылар пішін үлгісіне негізделген пішінді толтырған сәтте қосатын деректер, мысалға, олар мәтін ұясына енгізетін деректер. Мәселен, пайдаланушы өз атын, әкесінің атын және фамилиясын негізгі деректер көзіндегі өрістер ішіндегі мәтін ұяларына теріп кірітеді.

  • Дерекқор немесе Веб қызметімен орнатылған деректер байланысы алынатын және пішін үлгісінің деректер көзін анықтайтын деректер.

Негізгі деректе көзіндегі деректер пайдаланушылар пішінді толтырған кезде сақтап қоятын немесе жіберетін деректер болады. Пайдаланушылар пішінді кейінірек жіберу үшін сақтап қойғанда, деректер негізгі деректер көзінде сақтап қойылады.

Негізгі деректер көзін жасау

Сіз пішін үлгісін жасаған сәтте, Microsoft Office InfoPath сіз үшін негізгі деректер көзін автоматты түрде жасайды. Барлық InfoPath пішін үлгілерінде біртұтас негізгі деректер көзі болады. Өрісте және топтар негізгі деректер көзіне сіз жасайтын пішін үлгісінің түріне қарай қосылуы мүмкін:

Бос пішін үлгісі    сіз Деректер көзі тапсырмалар аймағын қолданып немесе басқару элементін Басқару элементтері тапсырмалар аймағынан пішін үлгісіндегі көрініске сүйреп апарып өрістер және топтарды негізгі деректер көзіне қосуыңыз мүмкін. Сіз басқару элементін көрініске сүйреп апарғанда, InfoPath негізгі деректер көзіне өрістерді және топтарды сіз қосып тұрған басқару элементінің түріне сәйкесті түрде қосады. Мәселен, егер сіз пішін үлгіңізге мәтін ұясы басқару элементін сүйреп апарсаңыз, InfoPath негізгі деректер көзіне бір өрісті қосып қояды. Егер сіз пішін үлгіңізге қайталама бөлім басқару элементін сүйреп апарсаңыз, InfoPath негізгі деректер көзіне топты қосып қояды. Егер сіз пішін үлгіңізге қайталама кесте басқару элементін сүйреп апарсаңыз, InfoPath негізгі деректер көзінде қайталама кесте үшін екі топты қосып қояды және негізгі деректер көзіне кестедегі әрбір баған үшін бір өрістен қосып қояды.

XML құжатына негізделген пішін үлгісі    InfoPath сәйкес болған өрістер және топтарды схемада анықталған элементтер немесе құжаттағы элементтерге қосады.

Microsoft Office Access дерекқорына немесе Microsoft SQL Server дерекқорына негізделген пішін үлгісі     Дерекқордың деректерді сақтау жолына негізделіп, InfoPath негізгі деректер көзіне өрістер және топтарды қосады.

Веб қызметіне негізделген пішін үлгісі    InfoPath сейкес келетін өрістер және топтарды Веб қызметі жабдықтайтын схемаға қосады.

Егер деректер көзі  — мәселен, Веб қызметі немесе дерекқор — пішін үлгісінде болмаса, ол сыртқы деректер көзі деп аталады. InfoPath пішіндері осы сыртқы деректер көздеріне деректер қосылымы арқылы байланысады.

Негізгі деректер көзін өзгерту

Сіз, негізгі деректер көзінде бар өрістер немесе топтарға қарай, негізгі деректер көзіне қосымша өрістер немесе топтар қосуыңыз мүмкін. Төменгі кесте сіз, Деректер көзі тапсырмалар аймағында пайда болатын белгішелерге негізделіп, бар өрістер немесе топтарға не қосуыңыз мүмкін екенін көрсетеді.

Белгіше

Сіз қоса алатын заттар

Белгіше суреті

Топ белгішесі    Сіз топтар немесе өрістерді осы топқа қоса аласыз. Бұл белгіше Деректер көзі тапсырмалар аймағын қолданып негізгі деректер көзіне қосылған топты, немесе осы топпен салғастырылған Басқару элементтері тапсырмалар аймағынан бос пішім үлгісіндегі көрініске сүйреп апарылған басқару элементті білдіреді.

Белгіше суреті

Өріс белгішесі    Сіз бұл өріске тек қана өрістерді қоса аласыз. Бұл белгіше өрісті Деректер көзі тапсырмалар аймағын қолданып негізгі деректер көзіне қосылған өрісті, немесе осы өріспен салғастырылған Басқару элементтері тапсырмалар аймағынан бос пішім үлгісіндегі көрініске суйреп апарылған басқару элементін білдіреді.

Белгіше суреті

Құрсауланған топ белгішесі    Сіз бұл топқа өрістерді немесе топтарды қоса алмайсыз. Бұл топ сыртқы деректер көзімен орнатылған деректер қосылымына негізделген болады.

Белгіше суреті

Құрсауланған өріс белгішесі    Сіз бұл өріске өрістерді қоса алмайсыз. Бұл өріс сыртқы деректер көзімен орнатылған деректер қосылымына негізделген болады.

Егер Сз басқару элементін пішін үлгісіндегі көрініске суйреп апарсаңыз, және сол пішін үлгісінде деректер қосылымына негізделген өрістер және топтар болса, сіз сол басқару элементін негізгі деректер көзінде бар өрістер және топтармен байластыруға тиістісіз. InfoPath сыртқы деректер көзіне негізделген өрістер және топтар болған пішін үлгісіне өрістер және топтарды автоматты түрде қоспайды. Өрістерді және топтарды қосу туралы қосымша ақпараттарға сілтемелерді т.б. қараңыз бөлімінде табыңыз.

Ескерту : Егер пайдаланушыларыңыз сіздің пішін үлгіңізде негізделген пішіндерді әлдеқашан толтырған болса, пішін үлгісінің негізгі деректер көзіне енгізілген төменде көрсетілген өзгертулер сол пішіндегі деректердің жоғалуына себеп болуы мүмкін:

  • Өрісті немесе топты жылжыту, өшіру, немесе қайта атау

  • Қайталама өрісті немесе топты қайталанбайтын өріс немесе топқа өзгерту

  • RTF пішіміндегі деректер түрін басқа деректер түріне өзгерту

Өзгертуге болатын өрістер және топтардың төменгі сипаттарын өзгертуіңіз мүмкін:

Атау    Өрістің немесе топтың атауы.

Атау талаптары

  • Негізгі деректер көзіндегі әрбір атау бірегей болуы тиісті. Егер сізге бір өріс немесе топтардың көбі үшін бір атауды қолдану қажет болса, оның орнына сол өріс немесе топтарға сілтемелер жасаңыз. Сіз өріс немесе топтарға сілтеме жасаған соң, InfoPath жаңа ұқсас өріс немесе топ жасайды, және сол өріс немесе топтың сипаттары бірінші өріс немесе топтың сипаттарына байластырылған болады. Бір өріске немесе топқа енгізілген өзгертулер автоматты түрде басқа сілтемесі жасалған өріс немесе топты жаңартады. Сілтеме топтарда, сілтеме өрістер сияқты, бірдей өрістер және топтар болады, және олар бірдей сипаттарға ие болады.

  • Атауларда бос орын болуы мүмкін емес.

  • Атаулар әліпбилік әріптермен немесе астыңғы сызық пен (_) басталуы тиісті, және оларда тек қана әліпбилік-цифрлық таңбалар, астыңғы сызықтар, сызықшалар (-) және нүктелер болуы мүмкін.

Осы талаптардан басқа, өрістің немесе топтың мазмұнын сипаттайтын атауды қолдану да жақсы ой болады. Мәселен, егер сізде шығындардың тізімделген егжей-тегжейлі мәліметі болған топ болса, топты ТізімделгенШығын деп атау беріңіз. Шығынның мөлшері болған топтағы өріс үшін шығын деп атау беріңіз.

Түрі    Негізгі деректер көзіндегі элемент өріс немесе топ екенін анықтайды. Өріс бірегей мәнге ие болады, ал топ басқа өрістерге ие болады.

Өріс және топ түрлері

Түрі

Қашан пайдалану керек

Өріс (төлсипат)

Егер төменгілердің бірі немесе бірнешесі қолданылса, осы түрді өріс үшін пайдаланыңыз:

  • Өріс бөтен топтарды немесе өрістерді қамтуы мүмкін емес.

  • Өріс элемент өрісі ішінде болуы тиісті.

  • Өріс қайталанбайды.

  • Өріс әрдайым мәнге ие болуы тиісті.

  • Өріс RTF пішіміден (XHTML) басқа кез келген дерек түрі болады.

  • Дерекқор немесе Веб қызметі төлсипат өрісті талап етеді.

Өріс (элемент)

Осы түрді өріс үшін пайдаланыңыз, егер төменгілердің бірі немесе бірнешесі қолданылса:

  • Өріс ішінде басқа төлсипат өрістер болуы мүмкін.

  • Өріс топтың бөлігі.

  • Өріс топта қайталанады.

  • Дерекқор немесе Веб қызметі элемент өрісін талап етеді.

Элемент өрістері кез келген деректер түрді болуы мүмкін, және олардың әдепкі мәні болуы да, болмауы да мүмкін.

Топ

Бұл түрді өз ішіне басқа өрістерді немесе топтарды алуы мүмкін болған топ үшін пайдаланыңыз.

Топ (таңдау)

Егер топ өрістердің немесе өрістер топтарының бірнеше түрлі түрлерін қамтуы мүмкін болса, бұл түрді қолданыңыз.

Мәселен, сіз АҚШ және Европа Одағының мемлекеттері яки аймақтарындағы жабдықтаушылар пайдаланатын пішін үлгісін жасақтап тұруыңызды көз алдыға келтіріңіз, және сіздің пішін үлгіңіз мекенжай таңдау тобын қамтысын дейлік. Мекенжай таңдау тобы АҚШтағы мекенжай үшін болған өрістері бар топты немесе Европа Одағындағы мемлекет немесе аймақтағы мекенжай үшін болған өрістері бар топты өзі ішіне алады. Осы пішін үлгісіне негізделген пішінді ашқанда, пайдаланушы АҚШ немесе басқа мемлекеттегі яки аймақтағы мекенжайды енгізуды таңдай алады. Сәйкесті топтардағы өрістерге байластырылған басқару элементтер пішінде пайда болады.

Толық XML схемасы немесе XML құжаты

Егер қосымша XML схемасын немесе XML құжатын дерек көздегі белгілі мекенжайға қосуды қаласаңыз, осы элемент түрін пайдаланыңыз:

Деректер түрі    Өріс сақтап қоялатын деректердің түрін анықтайды.

Бар болған деректер түрінің тізімі

Деректер түрі

Пайдалану керек болғанда

Мәтін

Пішімделмеген мәтіні бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Үлкен мәтін

Пішімделген мәтіні бар жеңіл жолаққа осы деректер түрін пайдаланыңыз. Сіз төлбелгі жолақтарына осы деректер түрін пайдалана аласыз.

Бүтін сан

Ондық мәндері жоқ сандар қамтылған жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Ондық

Ақша мәндері немесе ондық мәндері бар сандар қамтылған жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Дұрыс/Бұрыс

Тек екі мәннің біреуінен бола алатын деректері бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Еренсілтеме

Еренсілтеме немесе аттар кеңістігі сияқты Бірыңғай қор жалпылауышы (URI) бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Күні

Күнтізбе күні бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Уақыты

24 сағаттық уақыты бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Күні мен уақыты

Күнтізбе күні мен 24 сағаттық уақытының екеуі де бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Сурет немесе файл тіркемесі

Кескін немесе сурет сияқты қос деректері бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз.

Таңдамалы

Аттар кеңістігімен анықталатын таңдамалы деректер түрі бар жеңіл немесе төлбелгі жолағына осы деректер түрін пайдаланыңыз. Бұл деректер түрі әдетте таңдамалы басқару элементімен байланысты жолаққа немесе топқа пайдаланылады. Деректер түрін таңдағаныңызда, Деректердің аттар кеңістігі жолағы қосылады.

Ескерту : Бұл кесте пішін үлгісінде пайдаланылатын белгілі XML деректер түрін көрсетеді. InfoPath бағдарламасында сіз Бүкіләлемдік Ғаламтор Консорциумінің (W3C) ұсыныстарындағы XML 1.0 деректер түрін пайдалана аласыз. Кестеде берілмеген деректер түрін пайдалану үшін сізге пішін үлгісіне арналған пішін файлдарын шығарып алу және сұлба (.xsd) файлын өңдеу керек. Қосымша ақпарат бөлімінен пішін үлгісіне арналған пішін файлдарын шығарып алу туралы толық ақпаратқа сілтеме табыңыз.

Деректер аттары кеңістігі    теңшелетін деректер үшін аттар кеңістігін қосу үшін Бірыңғай ресурс идентификаторы (URI) анықтайды. Бұл сипат Теңшелетін деректер түрі сипатымен элемент немесе төлсипат өрістер үшін қатынаулы. Сіз пішін үлгісіне теңшелетін басқару элементін қосқаныңызда, бұл сипат әдетте өріске байластырылған теңшелетін басқару элементінің авторы анықтайтын мәнді қамтиды.

Әдепкі мән    Пайдаланушы пішінді алғашқы рет ашылғанда элемент немесе төлсипат өрістің бастапқы мәнін анықтайды. Сондай-ақ, сіз формула қазіргі күн, математикалық есеп немесе басқа өріске сілтеме сияқты әдепкі мәндерге қоса аласыз.

Қайталану    Элемент өрісі, төлсипат өріс, немесе топ пішінде қайталана алуын анықтайды. Тізім басқару элементтері, қайталама бөлімдер, қайталама кестелер, және қайталама бөлім немесе қайталама кестенің бөлігі болған басқару элементтері қайталанатын өріс және қайталанатын топ байластырылған болады.

Бос болуы мүмкін емес    элемент немесе төлсипат өрісте мән болуы тиісті екенін анықтайды. Егер өріс мәнге ие болмаса, осы өріске байластырылған басқару элементі қызыл жұлдызша мен, немесе, кейбір басқару элемент түрлері, сызықталған қызыл жиекпен белгіленеді. Бұл сипат тек қана өрістер үшін қатынаулы болады. Ол топтар үшін қатынаусыз болады.

Беттің жоғарғы жағы

Қосымша деректер көздері

Сыртқы деректер көздеріне басқа деректер қосылымы арқылы жабдықталған деректерді қамтыған пішіндегі деркетер көздері қосымша деректер көздері болады. Мәселен, сіз шығындар есепхаты үшін пішін үлгісін жасап эатқаныңызды елестетіңіз, және сіз пішін үлгісіне негізделген пішіндердің есептерді басқа валютада алуын қалайсыз делік. Бірақ, валюта туралы деректер дерекқорда сақталады. Валюта туралы деректерді бейнелеу үшін, сіз сол дерекқорға деректер қосылымын қосасыз. Сол кезде, валюта деректер қосымша деректер көзінде сақталып, пішін үлгіңізді тізімді жолағында бейнеленеді.

Қосымша деректер қосылымыдан алынған деректер қосымша деректер көздерінде сақталады. Және олар тізімді жолақ, өзгертпелі шаршы немесе еңгізбелі-өзгертпелі шаршы сияқты басқару элементтерінде пішінді толтырған сәтте пайдаланушыға таңдау үшін таңдаулар ретінде бейнеленеді. Пайдаланушы қосымша деректер көзінен элементті таңдағанда, таңдау негізгі деректер көзіндегі өріске нұсқасы көшіріледі.

Қосымша деректер көздерінің негізгі деректер көздерінен мынадай айырмашылығы болады:

  • Пішін үлгісінде қосымша деректер көздерінің болуы міндетті емес. Пішін үлгілерінің барлығыда негізгі деректер көздері болуы тиісті.

  • Пішін үлгісі бір немесе одан көбірек қосымша деректер көзіне ие болуы мүмкін, ал оның бір ғана негізгі деректер көзі болады.

  • Қосымша деректер көзіндегі өрістер мен топтар деректердің сыртқы деректер көзінде сақталу жолына негізделген болады, және сол сыртқы деректер көзі пішінге деректер қосылымын қолданып қосылған болады. Бұл өрістер мен топтарді InfoPath бағдарламасын қолданып өзгертуге болмайды.

  • Негізгі деректерден өзгеше, қосымша деректер көздері пішінмен бірге сақталмайды.

  • Пайдаланушы толтырылған пішінді жібергенде қосымша деректер көзіндегі деректер әдетте жіберілмейді. Бірақ, сіз пішін үлгіңізді теңшелеп қосымша деректер көздеріндегі деректерді ережелерді қолданып Веб қызметіне, немесе өзгертпелі кодты қолданып, электрондық пошта хабарды қабылдаушыға жіберуіңіз мүмкін.

Қосымша деректер көздерін жасау

Сіз деректерді пішінге қайтаратын сытрқы деректер көзіне деректер қосылымын косқанда, InfoPath қосымша деректер көздерін автоматты түрде жасайды. Сіз пішін үлгіңізге қосатын әрбір деректер қосылым сәйкесті қосымша деректер көзін жасайды. Құдды осы жолмен өрістер мен және негізгі деректер көзіне қосылған , InfoPath өрістермен топтарды қосымш Өрістер мен топтар, сыртқы деректер көзі деректерді сақтау жолына сәйкес болмауы үшін, қосымша деректер көзіне қосылмайды. Сіз мыналар мен қосымша деректер қосылымын орнатуыңыз мүмкін:

  • Веб қызметі

  • XML файлы

  • Microsoft Office Access дерекқоры немесе Microsoft SQL Server дерекқоры

  • Microsoft Windows SharePoint Services қызметін жегіп тұрған тораптағы тізім

Пішін үлгіңізге деректер қосылымын қосып, қосымша деректер көзін жасаған соң, сіз Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы қосымша деректер көзінде өрістер мен топтарды көресіз. Бұл тапсырмалар аймағында, әрбір қосымша деректер көзі атау және сол атауының соңынан жай жақшалар ішіндегі Қосымша деген сөзбен бірге көрінеді.

Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы қосымша деректер көзі

Қосымша деректер көздерін өзгерту

Қосымша деректер көздеріндегі өрістер мен топтар сыртқы деректер көздері мен орнатылған деректер қосылымдарына негізделгені себепті, сіз қосымша деректер көзіндегі өрістер мен топтарды өзгерте алмайсыз. Сіз қосымша деректер көздерін Деректер көзі тапсырмалар аймағында көріп шыққан кезде, өрістердегі Белгіше суреті бұғатталған өріс белгішесі, ал топтардағы Белгіше суреті бұғатталған топ белгішесі оларды өзгерте алмайтыныңызды білдіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Деректер көзі мен XML схемасы арасындағы қатынасты түсіну

Пайдаланушы пішін үлгісіне негізделген пішінді толтырған соң, сол пішіндің негізгі және қосымша деректер көздері пайдаланушының компьютерінде XML құжат ретінде сақталады. XML құжаттың құрылымы XML схемасы мен анықталады. XML схема XML файл болып, XML құжаттың құрылымын және элементтерін, әсіресе, бұл мысалда, элементтерде болуы мүмкін болған пішін және деректерді анықтайды.

Сіз пішін үлгісін жасаған соң, InfoPath автоматты түрде XML схемасын жасайды. Бұл схема пайдаланушыларыңыз толтыратын пішіндердің құрылымын анықтайды. Деректер көзіндегі әрбір өріс және топ XML схемасыдағы элементке сай келеді. Деректер көзіндегі әрбір өріс және топтың сипаттары сәйкес болған элементтердің құрылымын және әрбір элементтің қорытынды XML құжатында болуы мүмкін болған деректерді анықтайды. Сіз қосымша схема егжей-тегжейін Өріс және топ сипаттары тілқатысу терезесіндегі Егжей-тегжей қойындысында көруіңіз мүмкін. Бұл тілқатысу терезесін Деректер көзі тапсырмалар аймағындағы өріс немесе топтың үстіне екі рет шертіп ашуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×