Деректер жинақтау жауаптарын қолмен реттеу

Деректерді электрондық пошта арқылы жинағанда және жаңартқанда, деректерді енгізу пішіні бар электрондық пошта хабарламаларын жасау және жіберу үшін Microsoft Office Access 2007 және Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламаларын пайдаланасыз. Содан кейін электрондық пошта хабарлама алушылары пішінді толтырып, сізге жауап ретінде қайтадан жібереді. Егер төменде берілген екі жағдайдың бірі рас болса, жауаптарды қолдан реттеуіңіз қажет:

  • Сіз Office Outlook 2007 және Office Access 2007 жауаптарды автоматты түрде реттеуді таңдаған жоқсыз (дәлірек айтқанда, егер бірінші рет деректерді жинақтау электрондық пошта хабарламасын жасаған кезде Деректер жинақтау электрондық пошта хабарламары парамтерлері тілқатысу терезесінде Жауаптарды автоматты түрде реттеу және деректерді дерекқорға енгізу таңдамаған болсаңыз).

  • Сіз жауаптарды автоматты түрде реттелуін таңдадыңыз, алайда реттеу әрекеті сәтті аяқталған жоқ. Осындай кездерде, жауаптарды қолдан реттеуге көшпестен бұрын, жұмысты тоқтатқан қатені тауып, жойюыңыз керек.

    Автоматты реттеу қателерін табу және жою туралы толық мағлұмат келесі мақалада берілген Менің деректерді жинақтау жауаптарым автоматты түрде реттелмейді.

Жауапты қолдан реттеу Office Outlook 2007 бағдарламасынан экспорттау әрекетін қосылуын қажет етеді. Бір уақытта тек қана бір жауапты экспорттай аласыз.

Маңызды : Категориялар бағаны жасыл төртбұрышты бейнелейтін жауаптарды тиіспеңіз. Жасыл төрбұрыш хабарламаның дұрыс реттелгенін білдіреді.

  1. Office Outlook 2007 бағдарламасында қолмен реттегіңіз келетін жауапты тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Деректерді Microsoft Office Access бағдарламасына экспорттау параметрін таңдаңыз.

  3. Деректерді Microsoft Access бағдарламасына экспорттау тілқатысу терезісінде, жауаптың егжей-тегжейлерін қарап шығыңыз да, экспортау үшін Иә түймешігін басыңыз.

    Егер экспорттау әрекеті сәтті аяқталса, Access бағдарламасы Деректер дерекқорға экспортталды деген хабар бейнелейді. Егер әрекет тоқтатылса, онда Access бағдарламасы Қателерге байланысты деректер импортталған жоқ деген хабар бейнелейді, және сәтсіздікке алып келген жағдайлардың сипаттамасын береді.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×