Деректер жинақтау жауаптарын басқару

Деректер жинақтау хабарламаларын басқару тілқатысу терезесі сізге электрондық пошта алушыларға жіберілген деректерді жинақтау хабарламаларын, және де сол хабарламаларына келетін жауаптарды сіздің Microsoft Office Outlook 2007"Кіресін" қалтаңыздағы хабарларды басқаруға көмектеседі.

Дерекетрді жинақтау хабарламаларын басқару тілқатысу терезесі

Егер тілқатысу терезесі көрінбесе, оны ашу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

  1. Сіз басқарғыңыз келетін хабарлама орналасқан дерекқорды ашыңыз.

  2. Сыртқы деректер қойындысының Деректерді жинау тобында Жауаптарды басқару түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

Тілқатысу терезесінде осы дерекқорда сақталған барлық хабарламалардың тізімі беріледі. Кез-келген хабарламаны нұқып, одан кейін төменде берілген әрекеттердің біреуін орындаңыз:

  • Хабарлама егжей-тегжейлерін қарап шығу     Торда және Хабарлама егжей-тегжейлері параметрінің астында берілген деректерге назар аударыңыз. Торда хабарлама атауы, бастапқы кесте немесе сұрау атауы, хабарламаның түрі және жауаптар сақталатын Outlook қалтасы беріледі. Хабарлама егжей-тегжейлері бөлімінде пішінге енгізілген өрістер, байланысты күн-айлар және хабарламаны параметрлерінің кейбірлері беріледі.

  • Хабарлама параметрлерін қарап шығу немесе өзгерту    Электрондық пошта парамтерлері көмегімен ақпаратты жинақтау тілқатысу терезесін бейнелеу үшін Хабарлама параметрлері түймешігін басыңыз. Қосымша ақпараттар алу үшін Деректер жинақтау электрондық пошта параметрлері мақаласын көріңіз.

  • Хабарламаны қайтадан жіберу     Егер хабарламаны сол немесе басқа алушыға қайтадан жібергіңіз келсе, Осы электрондық пошта хабарламаны қайтадан жіберу түймешігін басыңыз. Толық нұсқаулар Ақпаратты жинақтау хабарламасын қайтадан жіберу мақаласында берілген.

  • Хабарламаны жою     Егер сізге бұдан әрі ешқандай хабарлама керек болмаса, онда Осы электрондық пошта хабарламаны жою түймешігін басыңыз да, Иә түймешігін басыңыз. Хабарламаны жойылғаннан кейін келетін кез келген жауаптарды Outlook бағдарламасы қалыпты электрондық пошта хабарламасы ретінде қабылдайды.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×