Деректер есептеуге кіріспе

Сіз тізімнің немесе кітапхананың өрнектері мен жетелерін деректерді түрлі жолдармен есептеу үшін пайдалана аласыз. Есептеліп отырған бағанды тізімге немесе кітапханаға қосу жолымен сіз деректерді басқа бағандардан қосып алып, ай-күндер мен уақытты есептеу жетесін, математикалық теңдеулерді есептеуді немесе мәтіндермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын өрнекті жасай аласыз. Мысалы, тапсырмалар тізімінде сіз бағанды Бастау күні және Аяқтау күні негізінде әр тапсырманы орындау үшін жұмсалатын күн санын есептей аласыз.

Note: Бұл мақала өрнектер мен функцияларды пайдаланумен байланысты ұғымдарды сипаттайды. Кейбір функция туралы нақты ақпарат алу үшін осы функцияға арналған мақалаға қараңыз.

Осы мақалада

Өрнектер туралы шолу

Функциялар туралы шолу

Өрнек ішінде бағандық сілтемелерді пайдалану

Өрнек ішінде тұрақты мәндерді жасау

Өрнек ішінде есептеу амалдағыштарын пайдалану

Өрнектер туралы шолу

Өрнектер тізімдегі немесе кітапханадағы мәндерді пайдаланып, есеп айыратын формулар болып табылады. Өрнек теңдік (=) белгісімен басталады. Мәселен, келесі өрнек екіні үшке көбейтеді де нәтижеге бес қосады.

=5+2*3

Өрнекті есептеленетін баған ішінде және баған үшін әдепкі мән есептеп шығару үшін пайдалунға болады. Төмендегі мысалда көрсетілгендей, өрнек ішінде function, бағандық сілтемелер, operator және constant болуы мүмкін.

=PI()*[Result]^2

Элемент

Сипаттамасы

Функциясы

PI() функциясы пи санын шығарады: 3,141592654.

Сілтеме (немесе баған атауы)

[Нәтиже] ағымдық жолдың "Нәтижелер" бағанын білдіреді.

Тұрақты мән

Өрнекке тікелей енгізілген сандар немесе мәтіндік мәндер. Мәселен, 2.

Амалдағыш

Жүлдызша (*) амалдағышы санды көбейтеді, ал екпін дәйегі (^) амалдағышы санды дәрежеге көтереді.

Өрнек жоғарғы кестеде көрсетілген элементтердің біреуін немесе бірнешесін пайдалануы мүмкін. Төменде өрнектердің кейбір мысалдары көрсетілген (олар күрделік бойынша реттелген).

Қарапайым өрнектер (мәселен, =128+345)

Келесі өрнектерде тұрақты мәндем мен амалдағыштар бар.

Мысал

Сипаттамасы

=128+345

128-ді 345-ке қосады

=5^2

5-ті дәрежеге шығарады

Ішінде бағандарға сілтейтін дәлелдер бар болған өрнектер (мәселен, =[Revenue] >[Cost])

Келесі өрнектер дәл осы тізімдегі немесе кітапханадағы басқа бағандарға сілтейді.

Мысал

Сипаттамасы

=[Түсім]

"Түсім" бағанындағы мәнді пайдаланады.

=[Түісім]*10/100

"Түсім" бағанындағы мәннің 10 пайызы.

=[Түсім] > [Шығын]

Егер "Түсім" бағанындағы мән "Шығын" бағанындағы мәнден үлкенрек болса, "Иә" дегенін көрсетеді.

Функцияларды шағыратын өрнектер (мәселен, =AVERAGE(1, 2, 3, 4, 5))

Келесі өрнектер бекітілген функцияларды шағырады.

Мысал

Сипаттамасы

=AVERAGE(1, 2, 3, 4, 5)

Мәндер жиынтығынан орташа мәнді шығарады.

=MAX([Q1], [Q2], [Q3], [Q4])

Мәндер жиынтығынан ең үлкен мәнді шығарады.

=IF([Шығын]>[Түсім], "Жарамайды", "Жарайды")

Егер шығын түсімден үлкенрек болса, "Жарамайды" деген сөз шығады. Әйтпесе, "Жарайды" деген сөз шығады.

=DAY("15.04.2008")

Күн-aйдан күн көрсететін бөлігін шығарады. Бұл өрнек 15 санын шығарады.

Ішінде қоршалған функциялары бар өрнек (мәселен, =SUM(IF([A]>[B], [A]-[B], 10), [C]))

Келесі өрнектерде бір немесе бірнеше функция функцияның дәлелі ретінде белгіленген.

Мысал

Сипаттамасы

=SUM(IF([A]>[B], [A]-[B], 10), [C])

IF функциясы A және B бағандарының мәндері арасындағы айырмашылықты немесе 10 санын шығарады.

SUM функциясы IF функциясы шығарған мәнді C бағанындағы мәнге қосады.

=DEGREES(PI())

PI функциясы 3,141592654 санын шығарады.

DEGREES функциясы радиандар арқылы көрсетілген мәнді дәрежелерге түрлендіреді. Бұл өрнек 180 мәнін шығарады.

=ISNUMBER(FIND("БД",[БіріншіБаған]))

FIND функциясы "БіріншіБаған" деп аталған бағанда "БД" жолын іздеп табады да жолдың басталу орнын шығарады. Егер жол табылмаса, қате мәнін шығарады.

Егер FIND функциясы сандық мән шығарған болса, ISNUMBER функциясы "Иә" дегенін шығарады. Әйтпесе, "Жоқ" дегенін шығарады.

Беттің жоғарғы жағы

Функциялар туралы шолу

Функциялар дәлелдер деп аталатын нақты мәндерді пайдаланып, кейбір ретпен немесе құрылым бойынша есептеулерді орындайтын алдын ала анықталған өрнектер болып табылады. Функцияларды қарапайым немесе күрделі есептеулерді орындау үшін пайдалануға болады. Мәселен, келесі мысалда көрсетілген ROUND функциясы "Шығын" бағанындағы санды жинақтап, бөлшек бөлігінде екі орын қалдырады.

=ROUND([Cost], 2)

Төмендегі сөздік функциялар мен өрнектерді үйрену үшін пайдалы:

Құрылым     Функциясының құрылымы теңдік белгісімен (=) басталады, одан кейін функцияның атауы, ашатын жай жақша, нүктелермен бөлінген функция дәлелдері және жабатын жай жақша келеді.

Функция атауы    Бұл тізімдерде немесе кітапханаларда қолдау көрсетілген функцияның атауы. Әрбір функцияда белгілі дәлелдер санын қабылдайды, оларды өңдейді және нәтижелерді шығарады.

Дәлелдер    Дәлелдер ретінде сандарды, мәтінді, "Шын" немесе "Жалған" сияқты логикалық мәндерді немесе бағандық сілтемелерді пайдалануға болады. Белгіленген дәлел осы дәлел үшін жарамды мән шығаруы тиіс. Сондай-aқ, дәлелдер ретінде тұрақты мәндерді, өрнектерді немесе басқа функцияларды пайдалануға болады.

Кейбір жағдайларда функцияны басқа функцияның дәлелі ретінде пайдалану қажет болуы мүмкін. Мәселен, келесі өрнек өз ішінде қоршалған AVERAGE функциясын пайдаланады және нәтижесін екі бағандардағы мәндердің қосындысымен салыстырады.

=AVERAGE([Cost1], SUM([Cost2]+[Discount]))

Жарамды нәтижелер    Функция дәлел ретінде пайдаланылған кезде, ол дәлел пайдаланатын мән түрімен бірдей болған мән түрін шығару керек. Мәселен, егер дәлел "Иә" немесе "Жоқ" дегенін пайдаланса, онда қоршалған функция "Иә" немесе "Жоқ" дегенін шығаруы тиіс. Егер ол бұны істемесе, тізім немесе кітапхана #VALUE! қате мәнін көрсетеді.

Қоршау деңгейлерін шектеу     Өрнек ішінде қоршалған функциялардың деңгейлері ең көп болғанда сегіз болуы мүмкін. "В" функциясы "А" функциясы ішінде дәлел ретінде пайдаланылған кезде "В" функциясы екінші деңгейдегі функция болып табылады. Мәселен, жоғарыдағы мысалда SUM функциясы екінші деңгейдегі функция болып саналады, себебі ол AVERAGE функциясының дәлелі болып табылады. SUM функциясының ішінде қоршалған функция үшінші деңгейдегі функция болып табылады және тағысын тағылар.

Notes: 

  • Тізімдер мен кітапханалар RAND және NOW функцияларына қолдау көрсетпейді.

  • TODAY және ME функцияларына есептелетін бағандар ішінде қолдау көрсетілмеген, бірақ бағандардың әдепкі параметрінде оларға қолдау көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Өрнек ішінде бағандық сілтемелерді пайдалану

Сілтеме ағымдық жолдағы ұяышықты анықтайды және тізімге немесе кітапханаға өрнек ішінде пайдаланғыңыз келетін мәндерді немесе деректерді қай жерде іздеу керектігін көрсетеді. Мәселен, [Шығын] дегені ағымдық жолдағы "Шығын" бағанының мәніне сілтейді. Егер "Шығын" бағанының мәні ағымдық жолда 100 болса, онда =[Шығын]*3 өрнегі 300 көрсетеді.

Сілтемелер арқылы тізімнің немесе кітапхананың түрлі бағандарында орналасқан деректерді бір немесе бірнеше өрнектер ішінде пайдалануға болады. Өрнек ішінде келесі деректер түрінде болған бағандарға сілтеме жасауға болады: бір жолдан құралған мәтін, сан, ақша, күн мен уақыт, таңдау, иә/жоқ, және есептелетін.

Өрнек ішінде бағанға сілтеме жасау үшін бағанның бейнеленетін атауы пайдаланылады. Егер атаудың ішінде бос орын немесе арнайы таңба бар болса, атауды тік жақшалар ([ ]) ішіне қойыңыз. Сілтемелер әріптердің үлкен-кішілгін ескермейді. Мәселен, өрнек ішінде "Өнім бағасы" бағанына сілтеме жасау үшін [Өнім бағасы] немсе [өнім бағасы] деп жазуға болады.

Notes: 

  • Ағымдық жолда емес, басқа жолдағы мәнге сілтеу мүмкін емес.

  • Басқа тізімде немесе кітапханада орналасқан мәнге сілтеу мүмкін емес.

  • Жаңа ғана кірістірілген жолдың ұқсатқышына сілтеу мүмкін емес. Есептеу орындалған кезде ұқсатқыш әлі де жоқ болады.

  • Баған үшін әдепкі мән жасайтын өрнекте басқа бағанға сілтеме жасауға болмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Өрнек ішінде тұрақты мәндерді жасау

Тұрақты мән есептеулер нәтижесі ретінде шығарылмайтын мән болып табылады. Мәселен, 10/9/2008 күні, 210 саны және "Тоқсандағы түсімдер" дейтін мәтін тұрақты мәндер болып есептеледі. Тұрақты мәндер келесі деректер түрлерінде болуы мүмкін:

  • Жол (Мәселен: =[Тегі] = "Пәленбаев")

    Жол болған тұрақты мәндер тырнақшалар ішіне салынады және ең көп болғанда 255 таңбадан кұралған болуы мүмкін.

  • Сан (Мәселен: =[Түсім] >= 29.99)

    Сандық тұрақты мәндердің ішінде бөлшек бөліктері болуы мүмкін және олар не оң не теріс сандар болуы мүмкін.

  • Күн (Мәселен: =[Күн] > DATE(2007,7,1))

    Күн болған тұрақты мәндер DATE(жыл,ай,күн) функциясының пайдалануын талап етеді.

  • Логикалық (Мәселен: =IF([Шығын]>[Түсім], "Зиян", "Зиян жоқ")

    "Иә" мен "Жоқ" логикалық тұрақты мәндер болып табылады. Оларды шартты өрнектерде пайдалануға болады. Егер жоғарыдағы мысалда "Шығын" мәні "Түсім" мәнінен үлкенірек болса, IF функциясы "Иә" мәнін шығарады, ал өрнек "Зиян" дейтін жолды көрсетеді. Егер "Шығын" мәні "Түсім" мәніне тең немесе одан кішірек болса, функция "Жоқ" мәнін шығарады, ал өрнек "Зиян жоқ" дейтін жолды көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Өрнек ішінде есептеу амалдағыштарын пайдалану

Амалдағыштар өрнектердің элементтерімен орындағыңыз келетін есептеу түрін белгілейді. Тізімдер мен кітапханалар есептеу амалдағыштарының үш бөлек түрлеріне қолдау көрсетеді: арифметикалық, салыстыратын және мәтіндік түрлеріне.

Арифметикалық амалдағыштар

Келесі арифметикалық амалдағыштарды қосу, азайту немесе көбейту сияқты негізгі амалдарды орындау, сандарды тіркестіру немесе сандық нәтижелерді шығару үшін пайдаланыңыз.

Арифметикалық амалдағыш

Мағынасы (мысал)

+ (қосу белгсі)

Қосу (3+3)

– (алу белгісі)

Азайту (3–1)
Терістеу (–1)

* (жұлдызша)

Көбейту (3*3)

/ (қиғаш сызғыш)

Бөлу (3/3)

% (пайыз белгісі)

Пайыз (20%)

^ (екпін дәйегі)

Дәрежелеу (3^2)

Салыстыру амалдағыштары

Келесі амалдағыштарды пайдаланып, екі мәндерді салыстыруға болады. Осы амалдағыштар арқылы екі мәндер салыстырылғанда нәтиже "Иә" немесе "Жоқ" деген логикалық мән болады.

Салыстыру амалдағышы

Мағынасы (мысал)

= (теңдік белгісі)

Мынаға тең (A=B)

> (үлкендік белгісі)

Мынадан үлкен (A>B)

< (аздық белгісі)

Мынадан кем (A<B)

>= (үлкендік немесе теңдік белгісі)

Мынадан көп немесе оған тең (A>=B)

<= (аздық немесе теңдік белгісі)

Мынадан кем немесе оған тең (A<=B)

<> (тең емес белгісі)

Мынаға тең емес (A<>B)

Мәтіндік амалдағыш

Бір немесе бірнеше мәтіндік жолдарды бір біріне қосу, яғни біріктіру, арқылы бір мәтін тілімін жасау үшін амперсанд (&) белгісін пайдаланыңыз.

Мәтіндік амалдағыш

Мағынасы (мысал)

& (амперсанд)

Екі мәндерді бір біріне қосып, яғни оларды біріктіріп, бір бүтін мәтіндік мәнді жасайды ("Солтүстік"&"жел")

Тізім немесе кітапхана өрнектердегі амалдарды қай ретпен орындайды

Өрнектер мәндерді белгілі ретпен есептейді. Өрнек теңдік белгісімен (=) басталуы мүмкін. Теңдік белгісінен кейін есептеулерде пайдаланылатын элементтер (операндтар) келеді. Олар есептеу амалдағыштары арқылы ажыратылады. Өрнектергі әрбір амалдағыш үшін белгіленген ретке қарай, тізімдер мен кітапханалар өрнекті сол жақтан оң жаққа қарай есептейді.

Амалдағыштардың алғашқылық реті

Егер бір өрнекте бірнеше амалдағыштар тіркестірсеңіз, тізімдер мен кітапханалар амалдарды төмендегі кестеде көрсетілген ретпен орындайды. Егер өрнек ішінде бірдей алғашқылық ретіне ие болған амалдағыштар бар болса — мәселен, егер өрнек ішінде көбейту және бөлу амалдағыштары бар болса — тізімдер мен кітапханалар амалдағыштарды сол жақтан оң жаққа қарай бағалайды.

Амалдағыш

Сипаттамасы

Терістеу (мәселен, –1)

%

Пайыз

^

Дәрежелеу

* және /

Көбейту мен бөлу

+ және –

Қосу және азайту

&

Біріктіру (екі мәтін жолдарын қосады)

= < > <= >= <>

Салыстыру

Жай жақшаларды пайдалану

Бағалау ретін өзгерту үшін өрнектің бірінші болып есептелінетін бөлігін жай жақшалармен қоршаңыз. Мәселен, келесі өрнек 11 есептеп шығарады, себебі тізім немесе кітапхана әуелі көбейту амалын, ал одан кейін қосу амалын орындайды. Өрнек екіні үшке көбейтеді де нәтижеге бес қосады.

=5+2*3

Керісінше, егер жай жақшаларды пайдаланып, синтаксисты өзгертсеңіз, тізім немесе кітапхана бес пен екіні бірге қосады да қосындыны үшке көбейтеді, сондықтан нәтиже 21 болады.

=(5+2)*3

Төмендегі мысалда өрнектің бірінші бөлігінің айналасындағы жай жақшалар тізімді немесе кітапхананы [Сost]+25 бөлігін бірінші болып есептеуге, ал одан кейін нәтижені EC1 және EC2 бағандардағы мәндердің қосындысына бөлуге мәжбүрлейді.

=([Cost]+25)/SUM([EC1]+[EC2])

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×