Деректеріңізді шеңбер диаграммада көрсету

Microsoft Office Excel 2007 арқылы деректеріңізді сақиналы диаграммаға тез айналдырып, жаңа пішімдеу мүмкіндіктері арқылы осы сақиналы диаграмманы оқуды жеңілдетуге болады. Мәселен, сақиналы диаграмманың әрбір сақинасы нені білдіретінін түсіндіретін шартты белгілер, деректер белгісі және мәтін жолағы қосқан соң диаграммада бейнеленген деректерді тез түсінуге болады.

Пішімделген сақиналы диаграмма

Сақиналы диаграмманы жасап алған соң оның тілімдерін бұрып, оларға басқа бұрышдан қарауға болады, диаграммадан белгілі тілімдерін шығарып алып, кезелімді оларға салуға болады, немесе саңылаудың мөлшерін өзгертіп, тілімдердің мөлшерін ұлғайтуға болады.

Не істегіңіз келеді?

Деректерді сақиналы диаграммада бейнелеу туралы көбірек ақпарат алу

Күрделі сақиналы диаграмманы жасау

Сақиналы диаграмманың тілімдерін бұру

Сақиналы диаграммадан тілімдер шығарып алу

Сақиналы диаграмманың саңылау мөлшерін өзгерту

Диаграмманы үлгі ретінде сақтау

Деректерді сақиналы диаграммада бейнелеу туралы көбірек ақпарат алу

Жұмыс парағында тек бағандар мен жолдарда орналасқан деректерді сақиналы диаграммада бейнелеуге болады. Дөңгелек диаграммаға өте ұқсас болып, сақиналы диаграмма бүтін зат және оның бөліктері арасындағы қатынасты көрсетеді, бирақ сақиналы диаграммада бірнеше деректер қатары болуы мүмкін. Сақиналы диаграммада көрсетілетін әрбір деректер тізбегі диаграммаға бір сақина қосады. Бірінші деректер тізбегі диаграмманың ортасында бейнеленеді.

Сақиналы диаграммалар домалақ болған соң оларды оқу оңай емес. Әсіресе олар бірнеше деректер тізбегін көрсеткен кезде. Сыртқы және ішкі сақиналардың пропорциялары деректерді дәлдікпен білдірмейді — сыртқы сақиналардағы деректер нүктелері ішкі сақиналардағы деректер нүктелерінен үлкенірек көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде олардың мәндері ішкі нүктелерінің мәндерінен кемірек болуы мүмкін. Сақиналы диаграммаларда мәндер мен пайыздарды көрсету өте пайдалы болып табылады, бірақ егер деректер нүктелерін бір бірінің қасына тұрғызып салыстырғыңыз келсе, жинақтау гистограммасын немесе жинақтау жолақ диаграммасын пайдаланғаныңыз жөн.

Сақиналы диаграмманы пайдалану туралы келесі жағдайларда ойлаңыз:

  • Бір немесе бірнеше деректер тізбегін бейнелегіңіз келеді.

  • Бейнелегіңіз келетін мәндердің ешқайсысы теріс емес.

  • Бейнелегіңіз келетін мәндердің ешқайсысы нөлге (0) тең емес.

  • Бір деректер тізбегіне арналған санаттардың саны жетеуден аспайды.

  • Санаттар сақиналы диаграмманың әрбір сақинасында бүтіннің бөліктерін білдіреді.

Сақиналы диаграмма жасаған кезде келесі сақиналы диаграмма түрлерінен біреуін таңдауға болады:

  • Сақиналы    Сақиналы диаграммалар деректерді сақиналарда көрсетеді, ал әрбір сақина деректер тізбегін білдіреді. Егер деректер шендерінде пайыздар көрсетілген болса, әрбір сақина 100 пайызды құрайды.

    Шеңбер диаграмма түрі

  • Бөлінген сақина    Бөлінген дөңгелек диаграммаларға өте ұқсас болып, бөлінген сақиналы диаграммалар кейбір бөлек мәндерді айырып көрсете тұра, әрбір мәннің бүтінге қосқан үлесін бейнелейді. Бірақ олар ішінде бірнеше деректер тізбегі болуы мүмкін.

    Қиылған шеңбер диаграмма түрі

Үш өлшемдік сақиналы диаграммалар мен бөлінген сақиналы диаграммалар қолданыста жоқ, бірақ үш өлшемдік пішімдеуді пайдаланып, осы диаграммаларды үш өлшемдік диаграммаларға ұқсас етіп қоюға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Күрделі сақиналы диаграмманы жасау

Пішімделген сақиналы диаграмма

Ал осы сақиналы диаграмманы біз қалай жасадық? Келесі іс реті ұқсас нәтижелерге ие болған сақиналы диаграмманы жасауға көмектеседі. Осы диаграмма үшін біз үлгі ретінде қолданылатын жұмыс парағының деректерін пайдаландық. Сіз осы деректерді өз жұмыс парағыңызға көшіре аласыз, немесе өз деректеріңізді пайдалануыңыз болады.

  1. Сақиналы диаграммада бейнелегіңіз келетін деректерді ұстайтын жұмыс парағын ашыңыз немесе үлгілік жұмыс парағындағы деректерді бос жұмыс парағына көшіріңіз.

    Жұмыс парағы дерегінің мысалын көшіру әдісі

    1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.

    2. Анықтама тақырыбынан мысал таңдаңыз.

      Ескерту : Жол немесе баған үстіңгі деректемелерін таңдамаңыз.

      Анықтамадан мысалды таңдау

      Анықтама мысалын таңдау

    3. CTRL+C тіркесімін басыңыз.

    4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдаңыз және CTRL+V тіркесімін басыңыз.

1

2

3

4

A

B

C

2005

2006

Еуропа

12 704 714 АҚШ доллары

17 987 034 АҚШ доллары

Азия

8 774 099 АҚШ доллары

12 214 447 АҚШ доллары

АҚШ

12 094 215 АҚШ доллары

10 873 099 АҚШ доллары

  1. Сақиналы диаграммада бейнелегіңіз келетін деректерді таңдаңыз.

  2. Кірістіру қойындысында орналасқан Диаграммалар тобында Басқа диаграммалар тармағын таңдаңыз.

    Excel таспасындағы диаграммалар тобы

  3. Сақиналы тобында Сақиналы тармағын таңдаңыз.

  4. Сақиналы диаграмманың тұрғызу аумағы нұқыңыз.

    Бұл әрекет Диаграмма құралдары қойындысын ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

  5. Құрастырушы қойындысында орналасқан Диаграмма орналасуы тобында пайдаланғыңыз келетін орналасуды таңдаңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Сақиналы диаграммамыз үшін біз 6-орналасу түрін пайдаландық.

    Ескерту : 6-макет мәндік белгілерін көрсетеді. Егер диаграммаңызда аса көп мәндік белгілер бар болса немесе мәндік белгілерді бір бірінен ажырату оңай болмаса, мәндік белгіні көрсетудің орнына диаграмманың деректер нүктелеріне деректер шендерін қоса аласыз (Орналасу қойындысында орналасқан Шендер тобында Деректер шендері түймешігін басыңыз).

  6. Құрастырушы қойындысында Диаграмма мәнерлері тобында пайдаланғыңыз келетін мәнерді таңдаңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Сақиналы диаграммамыз үшін біз 6-мәнер түрін пайдаландық.

  7. Диаграмманың өлшемін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

    2. Пішім қойындысын ашып, Өлшем тобындағы Кескін биіктігі және Кескін ені жолақтарында керекті өлшемді енгізіңіз.

      Кеңес : Сақиналы диаграммамыз үшін біз кескін биіктігін 4" деп белгіледік, ал енін 5.5" деп белгіледік.

  8. Сақина саңылауының өлшемін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Деректер тізбегін нұқыңыз немесе оны диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

      Excel таспа ағымдық таңдау тобы

    2. Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

    3. Қатар параметрлері тармағын таңдаңыз, содан кейін Сақиналы саңылау өлшемі тобында жүгірткіні сүйреп, керекті өлшемге дейін жеткізіңіз немесе Пайыз жолағында 10 мен 90 аралығында болған пайыз мәнін енгізіңіз.

      Кеңес : Сақиналы диаграммамыз үшін біз 20% мәнін пайдаландық.

  9. Деректер шендерін одан да көрнекті ету үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Деректер шенін нұқып, бүкіл деректер тізбегінің деректер шендерін бөлектеңіз немесе оларды диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

    2. Пішін қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша Түймешік суреті түймешігін басыңыз да, кескін мәнерін таңдаңыз.

      Excel таспасындағы пішіндердің мәнерлері

      Кеңес : Сақиналы диаграммамыз үшін біз Нәзік әсер - Қоңыр 1 мәнерін пайдаландық.

    3. Осы қадамдарды қайталап, сақиналы диаграммаңызда барлық деректер қатарларының барлық деректер шендерін пішімдеңіз.

  10. Диаграмма тақырыбын өзгерту және пішімдеу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Диаграмма тақырыбын нұқыңыз немесе оны диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

    2. Пайдаланғыңыз келетін тақырыпты енгізіңіз де, ENTER пернесін басыңыз.

    3. Пішін қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша Түймешік суреті түймешігін басыңыз да, кескін мәнерін таңдаңыз.

      Кеңес : Сақиналы диаграммамыз үшін біз Орташа әсер - Қоңыр 1 мәнерін пайдаландық.

    4. Егер тақырыптың орналасу жерін өзгерткіңіз келсе, оны керекті жерге сүйреп апарыңыз.

  11. Мәндік белгінің пішімін өзгерту үшін мәндік белгіні нұқыңыз да, Кескін мәнерлері жолағында (Пішім қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша Түймешік суреті түймешігін басыңыз) керекті мәнерді таңдаңыз.

  12. Сақиналарды көрсетіп тұратын көрсеткілерге иә болған мәтіндік белгілерді қосу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Орналасу қойындысында орналасқан Кірістіру тобында Мәтін ұясы тармағын таңдаңыз.

    2. Мәтін ұясын диаграммада қай жерде орналастырғыңыз келсе, сол жерде нұқыңыз, керекті мәтінні енгізіңіз де, ENTER пернесін басыңыз.

    3. Мәтін ұясын таңдаңыз, содан кейін Пішім қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында «Тілқатысу терезесін ашу» түймешігін Түмешік суреті басыңыз.

    4. Мәтін ұясы тармағын таңдаңыз, содан кейін Автоіріктегіш тобында Кескін өлшемін мәтінге дәлдеу параметріне құсбелгі қойыңыз да, Жарайды түймешігін басыңыз.

    5. Кескін мәнерлер тобында пайдаланғыңыз келетін мәнерді таңдаңыз.

    6. Орналасу қойындысында орналасқан Кірістіру тобында Кескіндер тармағын таңдаңыз.

    7. Сызықтар тобында Көрсеткі тармағын таңдаңыз.

    8. Диаграммада көрсеткіні мәтін ұясының бұрышынан көрсеткімен көрсеткіңіз келетін сақинаға сүйреп тартыңыз.

    9. Мәтін ұяларының пішімін өзгерту үшін мәтін ұясын нұқыңыз, содан кейін Кескін мәнерлері тобында (Кескін мәнерлері тобы Пішім қойындысында орналасқан).

      Осы қадамдарды диаграммаңыздағы барлық сақиналар үшін қайта-қайта орындаңыз.

  13. Диаграмманың өңін өзгерту үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Диаграмма аумағын нұқыңыз немесе оны диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз (Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобындағы Диаграмма элементтері жолағы арқылы).

    2. Пішін қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Қосымша Түймешік суреті түймешігін басыңыз да, кескін мәнерін таңдаңыз.

      Кеңес : Сақиналы диаграммамыз үшін біз Нәзік әсер - Акцент 3 мәнерін пайдаландық.

  14. Диаграмма өңінің бұрыштарын жұмырлау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Пішім қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында «Тілқатысу терезесін ашу» түймешігін Түмешік суреті басыңыз.

    2. Жиек мәнері тармағын таңдаңыз да, Доғалданған бұрыштар параметріне құсбелгі қойыңыз.

  15. Егер жұмыс парағыңызға қолданған әдепкі тақырыптан басқа тақырып түсін пайдаланғыңыз келсе, келесіні орындаңыз:

    1. Тақырыптар тобында орналасқан Бет орналасуы қойындысында Тақырып тармағын нұқыңыз.

      Excel таспасындағы тақырыптар тобы

    2. Бекітілген тобында пайдаланғыңыз келетін тақырыпты таңдаңыз.

      Кеңес : Сақиналы диаграмма үшін біз Апекс тақырыбын пайдаландық.

Беттің жоғарғы жағы

Сақиналы диаграмманың тілімдерін бұру

Office Excel 2007 бағдарламасындағы сақиналы диаграммаларда деректер қатары қай тәртіппен көрсету деректердің жұмыс парағындағы тәртібімен анықталады. Деректерді басқа бұрыштан көрү үшін сақиналы диаграмманың тілімдерін диаграмма шеңберіндегі 360 градус ішінде бұрауға болады.

Бұралған сақиналы диаграмма

  1. Сақиналы диаграммада деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз немесе келесі әрекеттерді істеп, оны диаграмма элементтерінің тізімінен бөлектеңіз.

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Бұл әрекет Диаграмма құралдары терезесін ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

    2. Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобында Диаграмма элементтері жолағының қасында тұрған көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін керекті деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз.

      Excel таспа ағымдық таңдау тобы

  2. Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

  3. Бірінші сектордың бұрылу бұрышы жолағының астында жүгірткіні сүйреп, керекті бұрау градусына жеткізіңіз немесе 0 (нөл) мен 360 аралығындағы мән таңдап, бірінші тілімнің қай бұрышта көрінуін қалауыңызша белгілеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Сақиналы диаграммадан тілімдер шығарып алу

Сақиналы диаграмманың кейбір тілімдерін ажыратып көрсету үшін диаграмма жасаған кезде бөлінген сақиналы диаграмма түрін пайдалануға болады. Бөлінген сақиналы диаграммалар әрбір мәннің жалпы сомаға қосқан үлесін көрсете тұра, кейбір мәндерді ажыратып көрсетеді. Сақиналы диаграмманың бөліну параметрлерін барлық тілімдері немесе кейбір тілімдері үшін өзгертуге болады.

Бөлінген сақиналы диаграмма

Сондай-ақ, тілімдерді қолмен тартып шығаруға болады.

Сақиналы диаграммадан бір бөлігі шығарылған

Бөлінген сақиналы диаграммадағы тілімдердің параметрлерін өзгерту

  1. Бөлінген сақиналы диаграммада деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз, немесе келесі әрекеттерді істеп, диаграмма элементтері тізімінен деректер тізбегін таңдаңыз:

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Бұл әрекет Диаграмма құралдары терезесін ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

    2. Пішімдеу қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобында Диаграмма элементтері жолағының қасында тұрған көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін деректер тізбегін нұқыңыз.

      Excel таспа ағымдық таңдау тобы

  2. Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

  3. Қиылған сақиналы диаграмма тобында жүгірткіні сүйреп, бөліну пайызын көбейтіңіз не кемітіңіз, немесе Пайыз жолағында керекті бөліну пайызын енгізіңіз.

Сақиналы диаграммадан тілімдерді қолмен тартып шығару

Сақиналы диаграмманы нұқыңыз да, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

  • Сақиналы диаграммадан барлық тілімдерін тартып шығару үшін диаграмманың ортасынан сүйреп кетіңіз.

  • Диаграммадан кейбір тілімдерді тартып шығару үшін керекті тілімді нұқыңыз да осы тілімді диаграмманың ортасынан сүйреп алып кетіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Сақиналы диаграмманың саңылау мөлшерін өзгерту

Сақиналы диаграмманың саңылау мөлшерін ұлғайту немесе кеміту арқылы тілімдердің енін кемітуге немесе ұлғайтуға болады. Мәселен, ұзын деректер тізбегін немесе санат атауларын, немесе атаулардан, мәндерден және пайыздардан құралған тіркесімдерді ұстайтын деректер шендерін жақсырақ орналастыру үшін ені кеңірек болған тілімдер керек болуы мүмкін.

  1. Сақиналы диаграммада деректер тізбегін нұқыңыз немесе келесі әрекеттерді істеп, оны диаграмма элементтерінің тізімінен таңдаңыз.

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Бұл әрекет Диаграмма құралдары терезесін ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

    2. Пішімдеу қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобында Диаграмма элементтері жолағының қасында тұрған көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін деректер тізбегін нұқыңыз.

      Excel таспа ағымдық таңдау тобы

  2. Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

  3. Сақиналы саңылау өлшемі тобында жүгірткіні сүйреп, оны керекті мөлшерге дейін жеткізіңіз, немесе Пайыз жолағында 10 мен 90 аралығындағы пайыз мәнін енгізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Диаграмманы үлгі ретінде сақтау

Егер тап қазір жасаған диаграммаңыз сияқты басқасын жасағыңыз келсе, басқа ұқсас диаграммалардың негізі ретінде пайдалана алуыңыз үшін диаграмманы үлгі ретінде сақтай аласыз.

  1. Үлгі ретінде сақтағыңыз келетін диаграмманы нұқыңыз.

  2. Жасақтама қойындысының Түрі тобындағы Үлгі ретінде сақтау түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспаның Түрі тобы

  3. Файл аты жолағына үлгі атын теріңіз.

    Кеңес : Егер басқа қалтаны белгілемесеңіз, үлгі файлы (.crtx) Диаграммалар қалтасына сақталады және үлгі Диаграмма кірістіру тілқатысу терезесінің (Кірістіру қойындысының Диаграммалар тобындағы Тілқатысу терезесін ашу түймешігі Түмешік суреті ) және Диаграмма түрін өзгерту тілқатысу терезесінің (Жасақтама қойындысының Түрі тобындағы Диаграмма түрін өзгерту) Үлгілер қатынаулы болады.

    Диаграмма үлгісін қолдану тәсілі туралы қосымша ақпарат алу үшін Диаграмма үлгісінің көмегімен таңдаулы диаграмманы қайта пайдалану бөлімін қараңыз.

Ескерту : Диаграмма үлгісі диаграмма пішімдеуін қамтиды және диаграмманы үлгі ретінде сақтағаныңызда пайдаланылатын түстерді сақтайды. Диаграмма үлгісін басқа жұмыс кітабының диаграммасын жасау үшін пайдаланғаныңызда, жаңа диаграмма диаграмма үлгісінің түстерін пайдаланады  — жұмыс кітабына қолданылған құжат тақырыбының түстерін емес. Диаграмма үлгісі түстерінің орнына құжат тақырыбы түстерін пайдалану үшін диаграмма аумағы түймешігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Мәнерге сәйкес келу үшін ысыру түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×