Деректеріңізді дөңгелек диаграммада көрсету

Деректеріңізді дөңгелек диаграммада көрсету

Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасын пайдаланып, деректереңізіді тез дөңгелек диаграммаға айналдырып, сол дөңгелек диаграммаға сәнді, іскери көрініс бере аласыз.

Пішімделген дөңгелек диаграмма

Дөңгелек диаграмманы жасаған соң, оның тілімдерін түрлі көріністерге айналдырып көре аласыз. Сондай-ақ, белгілі тілімдерге және өте ұсақ тілімдерге назар аудару үшін оларды дөңгелек диаграммадан шығарып ала аласыз немесе диаграмма түрін қос дөңгелек немесе жолақты дөңгелек диаграммасына өзгерте аласыз.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Деректерді дөңгелек диаграммада тұрғызу туралы қосымша мәлімет алу

Ұқыпты дөңгелек диаграммасын жасау

Дөңгелек диаграммада тілімдерді бұру

Дөңгелек диаграммадан тілімдерді шығарып алу

Қос дөңгелек және жолақты дөңгелек диаграммасында ұсақ тілімдерге назар аудару

Диаграмманы үлгі ретінде сақтау

Деректерді дөңгелек диаграммада тұрғызу туралы қосымша мәлімет алу

Дөңгелек диаграммалар элементтердің өлшемін бір деректер қатары көрсетіп, олар элементтер қосындысына мөлшерлес болады. Дөңгелек диаграммадағы деректер нүктелері бүтін дөңгелектің пайызы ретінде көрсетіледі. Бір диаграммада тек қана бір деректер тізбегін тұрғыза алатын болғандықтан, жұмыс парағы деректері бір бағанда немесе бір қатарда реттелуі керек. Сондай-ақ, бір бағанды немесе санат атауларының жолын да, сол баған немесе жол бөліктегі бірінші баған немесе жол болғанда енгізе аласыз. Сонда санаттар дөңгелек диаграмманың мәндік белгілерінде көрсетіледі.

Дөңгелек диаграмманы мына жағдайларда пайдалануға болады:

  • Сізде тұрғызылуы керек болған тек қана бір деректер тізбегі болғанда;

  • Бейнелегіңіз келетін мәндердің ешқайсысы теріс емес;

  • Бейнелегіңіз келетін мәндердің ешқайсысы нөлге (0) тең емес;

  • Ең көбі жеті санатқа ие болғаныңызда.

  • Санаттар бүтін дөңгелектің бөліктері болып табылғанда.

Дөңгелек диаграмманы жасағаныңызда, мына дөңгелек диаграммалардың кіші түрлерінің біреуін таңдай аласыз:

  • Үш өлшемдік дөңгелек ішіндегі дөңгелек    Әрбір мәннің қосындыға қосқан үлесін, дөңгелек диаграммалар екі өлшемдік немесе үш өлшемдік пішімде көрсетеді. Дөңгелек диаграмманың тілімдеріне ерекше назар аудару үшін, сол тілімдерді диаграммадан қолмен шығара аласыз.

    Екі өлшемдік және үш өлшемдік дөңгелек диаграмма мысалы

  • Қос дөңгелек және жолақты дөңгелек    Қос дөңгелек және жолақты дөңгелек дөңгелек диаграммаларды негізгі дөңгелек диаграммадан бөліп алынатын және қосымша дөңгелек диаграммада немесе жинақтау жолақ диаграммасында үйлестірілген пайдаланушы анықтайтын мәндерді көрсетеді. Бұл диаграмма түрлері негізгі дөңгелек диаграммадағы кішкене тілімдерді оңай ажырату үшін тиімді.

    Дөңгелек бөлігінің және дөңгелек диаграмма тақтасының мысалы

  • Бөлінген дөңгелек және үш өлшемдік бөлінген дөңгелек    Бөлінген дөңгелек диаграммалар әрбір мәннің жалпы сомаға қосқан үлесін көрсете тұра, кейбір мәндерді ажыратып көрсетеді. Бөлінген дөңгелек диаграммалар үш өлшемдік пішімде бейнеленуі мүмкін. Дөңгелектің барлық тілімдерінің және жеке тілімдерінің бөліну параметрін өзгерте аласыз, бірақ бөлінген дөңгелектің тілімдерін қолмен жылжыта алмайсыз. Егер тілімдерді қолмен ажыратып алуды қаласаңыз, оның орнына дөңгелек диаграмманы немесе үш өлшемдік дөңгелек диаграмманы пайдаланыңыз.

    Екі өлшемдік және үш өлшемдік қиылған дөңгелек диаграмма мысалы

Беттің жоғарғы жағы

Ұқыпты дөңгелек диаграммасын жасау

Пішімделген дөңгелек диаграмма

Ал осы дөңгелек диаграмманы біз қалай жасадық? Келесі іс рәсімі ұқсас нәтижелерге ие болған дөңгелек диаграмманы жасауға көмектеседі. Осы диаграмма үшін біз үлгі ретінде қолданылатын жұмыс парағының деректерін пайдаландық. Сіз осы деректерді өз жұмыс парағыңызға көшіре аласыз, немесе өз деректеріңізді пайдалануыңыз болады.

  1. Жұмыс парағы деректерін бос жұмыс парағына көшіріңіз, немесе дөңгелек диаграммаға тұрғызылуы керек болған деректер енгізілген жұмыс парағын ашыңыз.

    Жұмыс парағы дерегінің мысалын көшіру әдісі

    1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.

    2. Анықтама тақырыбынан мысал таңдаңыз.

      Ескерту : Жол немесе баған үстіңгі деректемелерін таңдамаңыз.

      Анықтамадан мысалды таңдау

      Анықтама мысалын таңдау

    3. CTRL+C тіркесімін басыңыз.

    4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдаңыз және CTRL+V тіркесімін басыңыз.

1

2

3

4

5

6

A

B

Түскі тамақ сату

Бауырсақ

40

Салаттар

21

Сорпа

15

Ішімдіктер

9

Десерт

15

  1. Дөңгелек диаграммаға үйлестіргіңіз келетін деректерді бөлектеңіз.

  2. Кірістіру қойындысындағы Диаграммалар тобында Дөңгелек параметрін нұқыңыз.

    Excel таспасындағы диаграммалар тобы

  3. Үш өлшемдік дөңгелек параметрі тобында Үш өлшемдік дөңгелек тармағын таңдаңыз.

  4. Дөңгелек диаграмманың тұрғызу аумағы нұқыңыз.

    Бұл әрекет Диаграмма құралдары терезесін ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

  5. Құрастырушы қойындысында орналасқан Диаграмма орналасуы тобында пайдаланғыңыз келетін орналасуды таңдаңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда біз 2-орналасу параметрін пайдаландық.

    Ескерту : 2-орналасу мәндік белгілерді көрсетеді. Егер диаграммаңызда өте көп белгі жазбалары болса немесе белгі жазбаларын ажырату қиын болса, белгіні бейнелеудің орнына дөңгелек диаграмма тілімдеріне деректер шендерін (Орналасу қойындысы, Шендер тобы, Деректер шендері түймешігі).

  6. Құрастырушы қойындысында Диаграмма мәнерлері тобында пайдаланғыңыз келетін мәнерді таңдаңыз.

    Excel таспасының суреті

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда біз 2-мәнер параметрін пайдаландық.

  7. Пішім қойындысының Кескін мәнерлері тобында Кескін әсерлері параметрін нұқыңыз да, Бедер тармағын таңдаңыз.

    Excel таспасындағы пішіндердің мәнерлері

  8. Үш өлшемдік параметрлер тармағын таңдаңыз да, Бедер тобындағы пайдаланғыңыз келген бедерлердің Жоғары және Төменгі параметрлеріні нұқыңыз.

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда біз Шеңбер параметрін пайдаландық.

  9. Жоғары және Төменгі бедер параметрлерінің Ен және Биіктік жолақтарында керекті нүкте өлшемін теріңіз.

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда біз 512 pt параметрін пайдаландық.

  10. Бет параметрі тобында Материал тармағын таңдаңыз да, керекті материал түрін таңдаңыз.

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда, біз Пластмасса параметрін таңдадық.

  11. Жабу түймешігін басыңыз.

  12. Кескін мәнерлері тобындағы Пішім қойындысында Кескін әсерлері тармағын таңдап, Көлеңкелі параметрін таңдаңыз.

  13. Сыртынан, Ішінде немесе Перспектива тобында керекті көлеңке параметрін таңдаңыз.

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда біз Перспектива тобындағы Төмен параметрін таңдадық.

  14. Диаграмманы дұрысырақ перспективаға айналдыру үшін тұрғызу аумағын таңдаңыз да, Бөлектелген үзік тобындағы Пішім қойындысында Пішімді таңдау тармағын таңдаңыз.

  15. Бірінші тілім бұрышы тобында жүгірткіні керекті бұру градусына апарыңыз, немесе бірінші тілім бейнеленетін бұрышты 0 (нөл) және 360 арасындағы мәнді теріп белгілеңіз де, Жабу түймешігіні нұқыңыз.

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда біз 350 мәнін пайдаландық.

  16. Диаграмманың диаграмма аумағыны нұқыңыз.

  17. Пішім қойындысында орналасқан Кескін мәнерлері тобында Кескін әсерлері тармағын таңдаңыз да, Бедер тармағын таңдаңыз.

  18. Бедер тобында керекті бедер параметрін таңдаңыз.

    Кеңес : Дөңгелек диаграммамызда біз Шеңбер параметрін таңдадық.

  19. Егер жұмыс парағыңызға қолданған әдепкі тақырыптан басқа тақырып түсін пайдаланғыңыз келсе, келесіні орындаңыз:

    1. Тақырыптар тобында орналасқан Бет орналасуы қойындысында Тақырып тармағын нұқыңыз.

      Excel таспасындағы тақырыптар тобы

    2. Бекітілген тобында пайдаланғыңыз келетін тақырыпты таңдаңыз.

      Кеңес : Біз дөңгелек диаграммамызда Түпнұсқа тақырыбын пайдаландық.

Беттің жоғарғы жағы

Дөңгелек диаграммада тілімдерді бұру

Office Excel 2007 бағдарламасындағы дөңгелек диаграммаларда деректер қатары қай тәртіппен көрсету деректердің жұмыс парағындағы тәртібімен анықталады. Деректерді басқа бұрыштан көру үшін дөңгелек диаграмманың тілімдерін диаграмма шеңберіндегі 360 градус ішінде бұрауға болады.

Дөңгелек диаграммадағы бұрылған тілімдердің мысалы

  1. Дөңгелек диаграммада деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз немесе келесі әрекеттерді істеп, оны диаграмма элементтерінің тізімінен бөлектеңіз.

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Бұл әрекет Диаграмма құралдары терезесін ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

    2. Пішім қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобында Диаграмма элементтері жолағының қасында тұрған көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін керекті деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз.

      Excel таспа ағымдық таңдау тобы

  2. Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

  3. Бірінші сектордың бұрылу бұрышы жолағының астында жүгірткіні сүйреп, керекті бұрау градусына жеткізіңіз немесе 0 (нөл) мен 360 аралығындағы мән таңдап, бірінші тілімнің қай бұрышта көрінуін қалауыңызша белгілеңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дөңгелек диаграммадан тілімдерді шығарып алу

Дөңгелек диаграмманың кейбір тілімдерін ажыратып көрсету үшін диаграмма жасаған кезде бөлінген дөңгелек диаграмманы немесе үш өлшемдік бөлінген дөңгелек диаграмманы пайдалануға болады. Бөлінген дөңгелек диаграммалар әрбір мәннің жалпы сомаға қосқан үлесін көрсете тұра, кейбір мәндерді ажыратып көрсетеді. Дөңгелек диаграмманың бөліну параметрлерін барлық тілімдері немесе кейбір тілімдері үшін өзгертуге болады, бірақ бөлінген дөңгелек диаграмманың тілімдерін қолмен жылжыту мүмкін емес.

Бөлінген дөңгелек диаграмма

Егер тілімдерді қолмен тартып шығарғыңыз келсе, үш өлшемдік дөңгелектегі дөңгелек диаграммасын пайдалану туралы ойлап көріңіз.

Бір бөлігі шығарылған дөңгелек диаграмма

Бөлінген дөңгелек диаграммадағы тілімдердің параметрлерін өзгерту

  1. Бөлінген дөңгелек диаграммада деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз, немесе келесі әрекеттерді істеп, диаграмма элементтері тізімінен деректер тізбегін таңдаңыз:

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Бұл әрекет Диаграмма құралдары терезесін ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

    2. Пішімдеу қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобында Диаграмма элементтері жолағының қасында тұрған көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін деректер тізбегін нұқыңыз.

      Excel таспа ағымдық таңдау тобы

  2. Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

  3. Қиылған дөңгелек диаграмма тобында жүгірткіні сүйреп, бөліну пайызын көбейтіңіз не азайтыңыз, немесе пайыз жолағында керекті бөліну пайызын енгізіңіз.

Дөңгелек диаграммадан тілімдерді қолмен тартып шығару

Дөңгелек диаграмманы нұқыңыз да, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

  • Дөңгелек диаграммадан барлық тілімдерін тартып шығару үшін диаграмманың ортасынан сүйреп әкетіңіз.

  • Дөңгелек диаграммадан кейбір тілімдерді тартып шығару үшін керекті тілімді нұқыңыз да осы тілімді диаграмманың ортасынан сүйреп алып кетіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Қос дөңгелек және жолақты дөңгелек диаграммасында ұсақ тілімдерге назар аудару

Дөңгелек диаграммада дөңгелектің 5 пайызынан аспайтын бірнеше деректер нүктелері бар болған жағдайда осы тілімдерді ажыратып алу өте қиын болып қалады.

Дөңгелек диаграмма

Дөңгелек диаграммада ұсақ тілімдерді жақсырақ көрсету үшін қос дөңгелек немесе жолақты дөңгелек диаграмма түрін қолдануға болады. Осы диаграмма түрлері ұсақ тілімдерді негізгі дөңгелек диаграммадан ажыратып, оларды қосымша дөңгелек немесе топталған жолақ диаграммасында көрсетеді.

Дөңгелек диаграмманың бөлігі

Қосымша диаграммадағы деректер белгісі басты дөңгелек диаграммада көрсетілген пайыз мәндерін көрсетеді. Қосымша дөңгелектегі пайыз мәндері басты дөңгелек диаграммадан ажыратып алынған тілімдерді білдіреді және олар бір біріне қосылғанда 100 пайызды құрамайды. Барлық тілімдер бір деректер тізбегінің бөліктері болып табылады.

Қос дөңгелек немесе жолақты дөңгелек диаграмма түрін таңдаған кезде деректер нүктелерінің соңғы үшінші бөлігі әдепкі түрде қосымша диаграммаға көшіріледі Мәселен, егер диаграммада 7-9 деректер нүктелері бар болса, соңғы үш нүктелер қосымша диаграммада бейнеленеді. Алайда, деректер нүктелерінің басты және қосымша диаграммаларда қалай таратылғанын өзгертуге болады және оларды көрсету жолын өзгертуге болады.

Қос дөңгелек немесе жолақты дөңгелек диаграмманы жасау

  1. Жұмыс парағында қос дөңгелек немесе жолақты дөңгелек диаграммада бейнелегіңіз келетін деректерді бөлектеңіз.

  2. Кірістіру қойындысында орналасқан Диаграммалар тобында Дөңгелек тармағын таңдаңыз, содан кейін Қос дөңгелек немесе Жолақты дөңгелек тармағын таңдаңыз.

    Excel таспасындағы диаграммалар тобы

    Ескертулер : 

    • Басты және қосымша диаграммалар әрдайым көлденең және бір бірінің қасында орнастырылады. Оларды бір бірінен ажыратып, жылжыту мүмкін емес. Сол жақтағы диаграмма әрдайым басты болып саналады.

    • Оларды бір бірінен бөлек таңдап пішімдеу мүмкін емес. Басты диаграмма да, қосымша диаграмма да бір деректер тізбегінің бөліктері болып табылады. Тек қана деректер тізбегін түгелімен немесе оның кейбір деректер нүктелерін бөлектеуге болады, содан кейін бөлектелген үзікке пішімдеу қолдануға болады.

    • Басты және қосымша диаграммалардың арасындағы байланысты көрсететін қосушы сызықтар өздіктік түрде қосылады. Түрлі сызық мәнерлерін қолданып, қосушы сызықтарды пішімдеуге болады. Қосушы сызықтарды жойып тастаса да болады.

    • Ұяшықтарды пішімдеу тілқатысу терезесіндегі Сан қойындысында (Басты қойындысында орналасқан Сан тобында Тілқатысу терезесін ашу Түмешік суреті түймешігін басыңыз) белгіленген бөлшек бөлігіндегі таңбалар санына қарай, деректер шендерінде көрсетілген пайыздар жинақталған болуы мүмкін, сондықтан олардың жалпы сомасы дұрыс шықпауы мүмкін.

Деректер нүктелерінің таратуын және көрсетілуін өзгерту

  1. Қос дөңгелек немесе жолақты дөңгелек диаграммада деректер тізбегін немесе деректер нүктесін нұқыңыз, немесе келесі әрекеттерді істеп, диаграмма элементтері тізімінен деректер тізбегін таңдаңыз:

    1. Диаграмманы нұқыңыз.

      Бұл әрекет Диаграмма құралдары терезесін ашып, Құрастырушы, Орналасу және Пішім қойындыларын қосады.

    2. Пішімдеу қойындысында орналасқан Бөлектелген үзік тобында Диаграмма элементтері жолағының қасында тұрған көрсеткіні нұқыңыз, содан кейін деректер тізбегін нұқыңыз.

      Excel таспа ағымдық таңдау тобы

  2. Пішім қойындысын ашып, Бөлектелген үзік тобында Бөлектелген үзікті пішімдеу тармағын таңдаңыз.

  3. Қатарды бөлу жолағында қосымша диаграммада көрсеткіңіз келетін деректер түрін таңдаңыз.

  4. Қосымша диаграммада көрсетілетін деректер нүктелерінің санын лайықтау үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Егер қатарды орын бойынша бөлуді ұйғарған болсаңыз, Соңғы мәндер екінші диаграммада жолағында басқа сан енгізіңіз.

    2. Егер қатарды мән немесе пайыз мәні бойынша бөлуді ұйғарған болсаңыз, Екінші диаграммада барлық мәндер мынадан кем жолағында басқа сан енгізіңіз.

    3. Бөлектелген деректер нүктесінің орналасуын өзгерту үшін Нүкте мынаға қарасты жолағында Бірінші диаграмма немесе Екінші диаграмма тармағын таңдаңыз.

  5. Тілімдердің арасындағы бос орынды өзгерту үшін Қиылған дөңгелек диаграмма немесе Нүктені қиып алу тобында жүгірткіні сүйреп, бөліну пайызын көбейтіңіз немесе кемітіңіз, немесе пайыз жолағында керекті бөліну пайызын енгізіңіз.

  6. Диаграммалардың арасындағы бос орынды өзгерту үшін Саңылау ені тобында жүгірткіні сүйреп, санды көбейтіңіз немесе азайтыңыз немесе пайыз жолағында керекті санды енгізіңіз.

    Ескерту : Бұл сан саңылау енін қосымша диаграмма енінің пайызы ретінде белгілейді.

  7. Қосымша диаграмманың өлшемін өзгерту үшін Екінші диаграмма өлшемі жолағында жүгірткіні сүйреп, санды көбейтіңіз немесе азайтыңыз, немесе пайыз жолағында керекті санды еңгізіңіз.

    Ескерту : Бұл сан өлшемді басты диаграмма өлшемінің пайызы ретінде белгілейді.

Беттің жоғарғы жағы

Диаграмманы үлгі ретінде сақтау

Егер тап қазір жасаған диаграммаңыз сияқты басқасын жасағыңыз келсе, басқа ұқсас диаграммалардың негізі ретінде пайдалана алуыңыз үшін диаграмманы үлгі ретінде сақтай аласыз.

  1. Үлгі ретінде сақтағыңыз келетін диаграмманы нұқыңыз.

  2. Жасақтама қойындысының Түрі тобындағы Үлгі ретінде сақтау түймешігін нұқыңыз.

    Excel таспаның Түрі тобы

  3. Файл аты жолағына үлгі атын теріңіз.

    Кеңес : Егер басқа қалтаны белгілемесеңіз, үлгі файлы (.crtx) Диаграммалар қалтасына сақталады және үлгі Диаграмма кірістіру тілқатысу терезесінің (Кірістіру қойындысының Диаграммалар тобындағы Тілқатысу терезесін ашу түймешігі Түмешік суреті ) және Диаграмма түрін өзгерту тілқатысу терезесінің (Жасақтама қойындысының Түрі тобындағы Диаграмма түрін өзгерту) Үлгілер қатынаулы болады.

    Диаграмма үлгісін қолдану тәсілі туралы қосымша ақпарат алу үшін Диаграмма үлгісінің көмегімен таңдаулы диаграмманы қайта пайдалану бөлімін қараңыз.

Ескерту : Диаграмма үлгісі диаграмма пішімдеуін қамтиды және диаграмманы үлгі ретінде сақтағаныңызда пайдаланылатын түстерді сақтайды. Диаграмма үлгісін басқа жұмыс кітабының диаграммасын жасау үшін пайдаланғаныңызда, жаңа диаграмма диаграмма үлгісінің түстерін пайдаланады  — жұмыс кітабына қолданылған құжат тақырыбының түстерін емес. Диаграмма үлгісі түстерінің орнына құжат тақырыбы түстерін пайдалану үшін диаграмма аумағы түймешігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, одан кейін мәтінмәндік мәзірдегі Мәнерге сәйкес келу үшін ысыру түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×