Деректерді түс бойынша сұрыптау және сүзу жөнінде нұсқаулар мен мысалдар

Деректерді түс бойынша сұрыптау және сүзу деректер талдауын оңайлатудың керемет жолы және жұмыс парағының пайдаланушыларына бөлектеулер мен деректер трендін бір қарағаннан көруге көмектеседі.

Призма арқылы түскен жарық және Excel деректерін пішімдеу

Бұл мақалада

Деректерді түс және белгішелер жиыны бойынша сұрыптау мен сүзуді шолу

Деректерді талдау барысында түстерді тиімді пайдалану

Стандартты түстерді қолдану және түс санын шектеу

Түс контрасты мен өңін қарастыру

Сіздің қажетіңізді қанағаттандыратын ең қолайлы түс таңдау

Алғашқы 10 түс

Мағыналық мәні бар түстерді қолдану

Кейбір мысалдарды қарастырып көрейік

Өнімді қаптаудың қандай әдістері бар?

Дерек үлгісі

Қай өнімдердің түзетілуі 67%-дан жоғары не 34%-дан төмен?

Дәл қазір қай өнімдердің ретін қайта тағайындау қажет?

Қай өнімнің құны мен бағасы ең жоғары және ең төмен?

Деректерді түс және белгішелер жиыны бойынша сұрыптау мен сүзуді шолу

Деректерді сұрыптау және сүзу, сондай-ақ, деректерді шартты пішімдеу арқылы енгізу деректерді талдау мүмкіндігінің ажырамас бөлігі болып табылады және келесідей сұрақтарға жауап беруге көмектеседі:

  • Осы айда кемінде 50 000 доллар тұратын қызметтерді кім сатты?

  • Жыл сайын қай өнімнен пайда 10%-дан астам мөлшерге өсіп отыр?

  • Төменгі курс студенттерінің арасында кімнің орындаушылық қабілеті ең жоғары және кімдікі ең төмен?

  • Соңғы бес жылда алған пайда жиынтығының қай жерінде қиыс жағдайлар бар?

  • Қызметкерлердің жалпы жас мөлшері бойынша орналастырылуы қандай?

Деректерді жылдам жинау және қалаған деректерді табу үшін оларды сұрыптайсыз. Көрсеткен шарттарыңыз бар жолдарды көрсету және қажет емес жолдарды жасыру үшін деректерді бір немесе бірнеше бағандарға сүзесіз. Деректерді көрнекі түрде бақылау және талдау, шартты ақауларын байқау және үлгілер мен трендтерді анықтауға көмектесу үшін деректерді пішімдейсіз. Сонымен қатар, деректерді сұрыптау, сүзу және пішімдеу сізге және электрондық кестені пайдаланушыларға деректерге байланысты тиімді шешім қабылдауға көмектесе алады.

Ұяшықтар қолмен немесе шартты түрде пішімделген болса да, ұяшық түсі және қаріп түсін қоса, пішімі бойынша сұрыптауға және сүзуге болады.

Осы мысалдарымен жұмыс жасау үшін осы жерде көрсетілген ендірілген жұмыс кітабын пайдаланыңыз. Деректерді түсу немесе Санат, M/M Δ% және Белгіленген бағандар белгішелері бойынша сүзуге, сұрыптауға, кез-келген мәндерді өзгертуге және жаңартуға (егер жұмыс кітабын компьютерге жүктесеңіз) немесе жаңа пішімдеу шарттарын қосуға болады.

Бұл санаттағы, M/M Δ% және түзету бағандарындағы реңк пен белгішеге негізделген сүзгілеу мен сұрыптауды көрсетеді.

Ұяшықтың фондық түстер мен белгіше жинақтары арқылы шартты пішімдеу

Шартты пішім арқылы жасалған белгішелер жиынын пайдаланып сұрыптауға және сүзуге болады. Белгішелер жиынын түсініктеме қосу және деректерді шек мәнімен бөлінген үш және бес санатқа санаттау үшін пайдалануға болады. Әрбір белгіше мәндер ауқымын көрсетеді. Мысалы, белгішелер жиындарының келесі кестесінде 3 көрсеткі белгілешер жиыны, жоғарыға қараған жасыл көрсеткі жоғарғы мәндерді көрсетеді, сары жиек жолдары көрсеткісі ортаңғы мәндерді көрсетеді, ал төменге қараған қызыл көрсеткі төменгі мәндерді көрсетеді.

Белгіше жиындарының кестесі

Белгіше жиындарының кестесі

Ұяшықтарды екі түсті шкаланы, үш түсті шкаланы, деректер жолақтарын және белгішелер жиындарын пайдаланып пішімдеуге болады; нақты мәтінді, санды, күн не уақыт мәндерін, жоғарғы не төменгі рангталған мәндерді, бірегей не қайталанатын мәндерді қамтитын ұяшықтарды пішімдеу; және көптеген ережелер жасау және ережелерді оңай басқару.

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді талдау барысында түстерді тиімді пайдалану

Түстер әркімге дерлік ұнайды. Түстерді кез келген құжатта тиімді пайдалану осы құжаттың тартымдылығы мен айқындығын анағұрлым арттырады. Excel есептерінде түстер дұрыс пайдаланылған кезде бұл пайдаланушылардың назарын ең маңызды ақпаратқа тартып және оларға ақпаратты көзбен түсінуге жәрдем беріп, оларға шешім қабылдауға көмектеседі. Түстердің дұрыс пайдаланылуы о бастан жақсы сезім тудырады. Екінші жағынан, түстерді қате пайдалану пайдаланушылардың көңілін басқа жаққа аударуы мүмкін және аса көп пайдаланылса, оларды шаршатып жіберуі де мүмкін. Келесі бөлімдерде түстерді дұрыс пайдалану және оларды қате пайдаланбау туралы нұсқау берілген.

Құжат тақырыптары туралы қосымша мәліметтер     Excel бағдарламасының көмегімен сәйкес тақырыптарды жасау және өзгертпелі мәнерлер мен әсерлерді қосу оңай. Түстерді тиімді түрде біріктіруге қажетті көп идеялар сіз үшін тартымды түс схемаларын пайдаланатын алдын ала анықталған құжат тақырыптарын пайдалану арқылы жүзеге асырылып қойды. Құжат тақырыбын қолдану арқылы толық құжатты оған кәсіби және сәнді көрініс беру үшін жылдам әрі оңай пішімдей аласыз. Құжат тақырыбы тақырып түстерінің жиынын, тақырып қаріптерінің жиынын (тақырып және негізгі мәтін қаріптерін қоса) және тақырып әсерлерінің жиынын (жолдар мен бояулар әсерлерін қоса) қамтитын пішімдеу таңдауларының жиыны болып табылады.

Стандартты түстерді қолдану және түс санын шектеу

Түсі бойынша сүзу мен сұрыптау кезінде қалаған түстерді таңдай аласыз және нәтиже сізді қанағаттандыруы мүмкін. Алайда, жауапты қажет ететін саңызды сұрақ: "Қолданушыларыңыз дәл осы түстерді қалай ма және көре ме?". Сіздің компьютеріңіз 24-биттік түс режимінде 16,777,216 түсті көрсете алады. Дегенмен де, көп қолданушылар бұл түстердің аз бөлігін ғана көре алады. Сонымен қатар, түс сапасы әр компьютерде әр түрлі болуы мүмкін. Бөлме жарығы, қағаз сапасы, экран мен принтер ажыратымдылығы, браузер параметрлері де әр түрлі болуы мүмкін. Халықтың 10%-ы түстерді ажырату мен көруде қиындыққа кезігеді. Бұлар — тіпті бақылауға мүмкін тудырмайтын маңызды айнымалы мәндер.

Бірақ, таңдалатын түстер, түстер саны және жұмыс парағының немесе ұяшықтың өңі сияқты айнымалы факторларды бақылауға болады. Терең зерттеуге негізделген таңдауларды жасап, түстерді деректеріңіздің дұрыс мазмұны мен түсіндірмесін білдіретіндей етіп қоюға болады. Сондай-ақ, түстерге белгішелер мен мәндік белгілерді қосып, пайдаланушылардың сіз айтпақшы болған жайтты түсінуін қамтамасыз етуге болады.

Түс контрасты мен өңін қарастыру

Жалпы айтқанда, ашық сары, орташа жасыл және күңгірт қызыл сияқты жоғарғы түс қанықтығы бар түстерді пайдаланыңыз. Өң мен үстіңгі бет арасындағы контрасттың жоғары болуын тексеріңіз. Мысалы, ұяшық түстерімен ақ немесе сұр жұмыс парағы өңін немесе қаріп түсімен ақ немесе сұр ұяшық түсін пайдаланыңыз. Егер өң түсін не суретін пайдалану керек болса, ұяшық не қаріп түсі шайылып кетпеуі үшін түсті не суретті мүмкіндігінше ашық етіңіз. Егер тек қаріп түсіне қарасаңыз, қаріп өлшемін үлкейтуді немесе қаріпті қалың етуді ұйғарыңыз. Қаріп үлкен болған сайын пайдаланушы оны оңай көріп, түсін ажырата алады. Егер қажет болса, жолдардағы немесе бағандардағы ауқымдарды реттеңіз не жойыңыз, себебі ауқым түсі ұяшық не қаріп түсімен шатысуы мүмкін. Осы тұжырымдардың барлығы пайдаланушылардың барлығына түсті түсінуге көмектесу үшін біразға барады.

Түстің көрінуін азайтатын не қараушыны шатыстыратын түстер тіркесімдерін пайдаланбаңыз. Сіз керемет көз тартарлық, бірақ алдамшы сурет жасағыңыз келмейді. Түстерді бір бірінің қасында болуына жол бермеу мүмкін болмаса, қызыл не жасыл сияқты проблемалы түстерді ажырату үшін ұяшық жиектерін пайдалануды қарастырыңыз. Контрастты жақсарту үшін қосымша және контрастты түстерді пайдаланыңыз және бірдей түстерді пайдаланбаңыз. Бұл негізгі түстер дөңгелегін білдіреді және бірдей, контрастты және қосымша түстерді анықтау жолын көрсетеді.

Негізгі түс дөңгелекшесі

Ұқсас түстер — түс дөңгелекшесінде бір бірінің қасында орналасатын түстер (мысалы, қызыл көк пен қызғылт сары — қызылға ұқсас түстер).

Контрасты түс — бір бірінен алшақ орналасқан үш түс (мысалы, көк және жасыл — қызылдың контрасты түсетері).

Қосымша түстер — түс дөңгелекшесінде бір-біріне қарама-қарсы орналасқан түстер (мысалы, көк-жасыл — қызылдың қосыиша түсі).

Егер уақытыңыз болса, түстеріңізді тексеріп көріңіз, әріптестеріңіздің оларды іске қосып көруін сұраңыз, әр түрлі жарық жағдайларында сынап көріңіз және әр түрлі экран және принтер параметрлерімен қолданып көріңіз.

Кеңес : Егер құжатты түрлі-түсті етіп басып шығарсаңыз, ұяшық түсі мен ұяшық қарпін қайта-қайта тексеріп, олардың анықтығын тексеріңіз. Егер ұяшық түсі тым күңгірт болса, оның анықтығын жақсарту мақсатында ақ түсті қаріпті пайдалану туралы ойлап көріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Сіздің қажетіңізді қанағаттандыратын ең қолайлы түс таңдау

Тез арада жиынтық қажет пе? Ақ не сұр өңмен қызыл, сары, жасыл не көк түсті қолданыңыз.

Таңдалған түстерге көрермен мен діттеген мақсатқа сәйкес мағына тағайындаңыз. Қажет болса, әр түстің мағынасын анықтау үшін мәндік белгі ұсыныңыз. Көптеген адамдар бір жұмыс парағынан он түстің жетуін ажырата алуға мүмкін алады. 50-ге жүық түсті ажыоатуға болады, алайда бұл арнайы дайындықты қажет етеді.

Алғашқы 10 түс

Деректі түсі бойынша сұрыптау және сүзгілеу кезінде қай түсті таңдау қажет екенін анықтау үшін келесі кестені пайдаланыңыз. Бұл түстер әлдеқайда өткір контраст қалыптастырып, көптеген адамдар үшін ажыратуға оңай.

Түс таңдауларының кестесі

Өзіндік бет қойындысының Қаріп тобындағы Бояу түсі не Қаріп түсі бөлімдерін қолданып осы түстерді ұяшықтар мен қаріптерге оңай қолдана аласыз.

Стандартты түстер

Мағыналық мәні бар түстерді қолдану

Қаржы дерегінде сандар қызыл (жағымсыз) не қара (жағымды) түсте беріледі. Жағымсыз түстерді қызылмен белгілеу — ортақ ереже.Егер жағымсыз сандарды ерекшелегіңіз келсе, қызыл түс ең ұтымды шешім болмақ. Деректің түріне қарай әр түрлі түс таңдай аласыз. Жалпы қабылданған түс мағыналары бақылаушы топқа оның мағынасын ашық көрсетеді. Мысалы,

  • Егер деректер температурамен байланысты болса, ыстық температураны көрсету үшін жылы түстерді (қызыл, сары және қызғылт сары), ал салқын температураны көрсету үшін суық реңдерді (жасыл, көк және қызыл көк) қолдануға болады.

  • Егер топологиялық деректерді ұсынылып отырса, суды көк түспен, өсімдіктерді жасыл түспен, шөл мен тауларды қоңыр түспен, қар мен мұзды ақ түспен белгілеуге болады.

  • Егер дерек жол және қауіпсіздікпен байланысты болса, қызыл түсті тоқтау және күту жағдайларына, қызғылт сарыны қауіпті құоылғыларға, сарыны назар аудару белгісіне, жасылды қауіпсіздікке және көкті жалпы ақпаратқа қолдана аласыз.

  • Егер ақпарат электр резистормен байланысты болса, қалапты қолданылатын қара, қоңыр, қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, қызыл көк, сұр және ақ түсетерін райдалана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кейбір мысалдарды қарастырып көрейік

Өнімнің сипаттамасы, құны және хаттау деңгейі жөнінде есеп даярлаудамыз делік. Келесі сегментте осы дерек жөнінде сұралатын сұрақтар және түс пен белгіше жынтығын қолдана отырып олардың әрқайсысына дұрыс жауап беру жолдары берілген.

Өнімді қаптаудың қандай әдістері бар?

Мәселе

Біз өнімге арналған әр түрлі контейнерлерді табуды қалаймыз, алайда Контейнер бағаны жоқ. Әр ұяшыққа қолмен бояу үшін Бірліктегі саны бағанын қолданып, содан соң түсі бойынша сұрыптай аламыз. Сондай-ақ, әр түс нені білдіретінін анықтау үшін мәндік белгіні де қоса аламыз.

Нәтижелер

Дерек үлгісі

Бұл — бастапқы деректер:

Шартты пішімдеуді қолданудан бұрынғы үлгі деректері

Шешім

  1. Алдыңғы кестедегі түс сұлбасына сәйкес әр ұяшықты қолмен бояу үшін әр ұяшықты басып, Өзіндік бет қойындысының Қаріп тобындағы Бояу түсі түймешігі арқылы ұяшыққа түс қолдандық.

    Кеңес : Таңдалған түсті өзге ұяшыққа қолдану үшін Өзіндік бет қойындысының Аралық сақтағыш тобындағы Үлгі бойынша пішімдеутүймешігін пайдаланыңыз.

  2. Бірліктегі саны бағанындағы ұяшықты басып, Өңдеу тобыныңӨзіндік бетқойындысындағы Сұрыптау & Сүзгілеу бөлімін басып, Реттелетін сұрыптау түймешігін таңдадық.

  3. Сұрыптау диалогтық терезесінен Баған бөлімінің төменгі жағындағы Бірліктегі саны бөлімін таңдап, Сұрыптау бөлімінің асытындағы Ұяшық түсі бөлімін таңдап, Деңгейді көшіру түймешігін екі рет бастық.

  4. Алғашқы жолда Рет бөлімінің төменгі жағынан қызыл түсті, екінші жолда көк түсті, ал үшінші жолда сары түсті таңдадық.

    Егер бұл ұяшықтардың құрамында осы түстер болмаса, ұяшықтар ақ түсті болып, жолдар осы жерде қала береді.

    Ескерту : Тізімде көрсетілген түстер бағанда қол жетімді. Түстердің әдепкі реті белгіленбеген және реттеу тізімін қолдана отырып өзгерпелі сұрыптау ретін құра алмайсыз.

  5. Дерек бағанының оң жағындағы ұяшықтарды қолдана отырып мәндік белгілер қостық.

Бұл мысал бірліктегі саны бағаны мен мәндік белгілерге қолданылған түстерді көрсетеді.

Фондық түстермен пішімделіп, түстер бойынша сұрыпталған ұяшықтар

Қай өнімдердің түзетілуі 67%-дан жоғары не 34%-дан төмен?

Мәселе

Сіз есептің жоғарғы жағында ең үлкен және ең кіші түзету мәндерін көруді қалайсыз.

Нәтижелер

Бұл мысал 3 көрсеткі белгіше жиынтығын қолданатын ең үлкен және ең кіші түзету мәнін көрсетеді.

Белгішелер бойынша сұрыпталған ең үлкен, ең кіші және орташа мәндер

Шешім

  1. E2:E26 ұяшықтарын бөлектеңіз де, Басты қойындысында орналасқан Мәнер тобында Шартты пішімдеу тармағының тұсында көрсеткіні басыңыз, Белгішелер жиыны тармағын таңдаңыз, содан кейін Үш көрсеткі (Түсті) белгішелер жиынын таңдаңыз.

  2. Түзетулер бағанындағы ұяшықта тінтуірдің оң жағын басыңыз да, меңзердіСұрыптау бөліміне бағыттаңыз, содан соң Реттелетін сұрыптау түймешігін басыңыз.

  3. Сұрыптау диалогтық терезесінен Баған бөлімінің астыңғы жағындағы Түзету бөлімін таңдаңыз, Сұрыптау бөлімінің төменгі жағындағы Ұяшық белгішесі бөлімін таңдаңыз, содан соң Деңгейді көшіру түймешігін басыңыз.

  4. Алғашқы жолдағы Рет бөлімінің астында орналасқан жоғары бағытталған жасыл көрсеткіні таңдаңыз, екінші жолдағы жоғары бағытталған қызыл көрсеткіні басыңыз.

Дәл қазір қай өнімдердің ретін қайта тағайындау қажет?

Мәселе

Сіз дәл қазір реті қайта тағайындалатын өнімдердің есебін жылдам жалпылауды және есепті қызметкерлерге жіберуді қалайсыз.

Нәтижелер

Бұл мысал ұяшық түсін сүзгілеу негізінде реті қайта тағайындалатын өнімдерді көрсетеді.

Иә немесе жоқ мәндерін қайтаратын формулаға негізделген шартты пішімдеу

Шешім

  1. I2:I26 ұяшықтарын бөліктеп, Басты қойындысының Мәнер тобында Шартты пішімдеу жанындағы көрсеткіні басып, Ұяшықтарды бөлектеу ережелері тармағын көрсетіңіз де, Мынаған тең түймешігін басыңыз.

  2. Алғашқы ұяға Иә сөзін енгізіңіз, содан соң екінші ұядан Ашық-қызыл бояу және қара-қызыл мәтін бөлімін таңдаңыз.

  3. Бағаннан пішімделген кез келген ұяшықтың үстінен тінтуірдің оң жағын басып, көрсеткіні Сүзгі бөліміне бағыттаңыз да, Таңдалған ұяшық түсі бойынша сүзу бөлімін таңдаңыз.

    Кеңес : Баған қалай сүзгіленгенін көру үшін бағанның жоғары жағындағы Сүзу түймешігін меңзеңіз.

Қай өнімнің құны мен бағасы ең жоғары және ең төмен?

Мәселе

Сіз бірге топталған ең кіші және ең үлкен баға мен құнды есептің жоғарғы жағында көруді қалайсыз.

Нәтижелер

Бұл мысал ең үлкен мәннен кейін ең кіші мән көрсетілетіндей етіп сұрыпталған және оңай анықталатындай етіп топталған ең үлкен және ең кіші баға мен құнды көрсетеді.

Түсі бойынша сұрыптау және топтау арқылы шартты пішімдеу

Шешім

  1. C2:C26 мен D2:D26 ұяшықтары үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    • Басты қойындысының Мәнер тобында Шартты пішімдеу жанындағы көрсеткіні басып, Жоғарғы/төменгі ережелер тармағын көрсетіңіз де, Бірінші 10 элемент түймешігін басыңыз.

    • Бірінші ұяға 1 санын енгізіп, екінші ұядан Сары бояу және қоңыр-сары мәтін бөлімін таңдаңыз.

    • Мәнер тобындағы Өзіндік бет қойындысын таңдап, Шартты пішімдеу бөлімінің жанында орналасқан көрсеткіні басып, меңзерді Алғашқы/Соңғы ережелер бөліміне бағыттаңыз да, Соңғы 10 элемент бөлімін таңдаңыз.

    • Бірінші ұяға 1 санын енгізіп, екінші ұядан Жасыл бояу қара-жасыл мәтін бөлімін таңдаңыз.

  2. Баға не Құн бағандары үшін келесі әрекеттерді орындаңыз :

    • Ең кіші мәннің үстінен тінтуірдің оң жағын басып, меңзерді Сұрыптау бөліміне бағыттаңыз да, Таңдалған ұяшық түсін жоғарғы жаққа қою бөлімін таңдаңыз.

    • Ең үлкен мәннің үстінен тінтуірдің оң жағын басып, меңзерді Сұрыптау бөліміне бағыттаңыз да, Таңдалған ұяшық түсін жоғарғы жаққа қою бөлімін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×