Деректерді талдау

  • Егер Деректерді талдау тілқатысу терезесі бейнебетте көрсетілсе, Талдау құралдары тізімінен керекті құралды таңдап, ОК түймешігін басыңыз.

  • Тиісті деректерді енгізіп, таңдалған құралдың тілқатысу терезесіндегі параметрлерді таңдап, ОК түймешігін басыңыз.

    Әрбір құралдың сипаттамасы мен әрбір құралдың тілқатысу терезесін пайдалану туралы ақпарат алу үшін, келесі тізімдегі бір құралдың атауын нұқыңыз:

    Дисперсиялық талдау

    Дисперсиялық талдау құралы дисперсиялық талдаудың алуан түрлерін қамтамасыз етеді. Пайдаланылатын құрал тексергіңіз келетін басты жиынтықтан алынған коэффициенттер саны мен үлгілер санына байланысты.

    Дисперсиялық талдау: дара коэффициент

    Бұл құрал екі немесе бірнеше үлгі арқылы деректерге қарапайым дисперсиялық талдау жүргізеді. Талдау әр үлгі бір негізгі ықтималдық үлестірімінен алынған деген гипотезаны негізгі ықтималдық үлестірімдері барлық үлгілер үшін бірдей емес деген гипотезамен салыстырып тексереді. Үлгілер екеу ғана болған жағдайда, жұмыс парағының ТТЕКСЕРУ функциясын пайдалануыңызға болады. Үлгілер екіден көп болған жағдайда, ТТЕКСЕРУ жалпылама қолдану қолайлы болмайды және оның орнына дара коэффициенттің дисперсиялық талдау моделін қолдануға болады.

    Дисперсиялық талдау: дара коэффициент тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Сілтеме бағандарда немесе жолдарда берілген деректердің екі немесе одан да көп көршілес ауқымынан тұруға тиіс.

    Топтастыру      Енгізу ауқымындағы деректердің жолдарға немесе бағандарға реттелетіндігін көрсету үшін, Жолдар бойынша немесе Бағандар бойынша түймешігін басыңыз.

    Бірінші жолдағы белгілер/Бірінші бағандағы белгілер     Егер енгізу ауқымының бірінші жолында белгілер бар болса, Бірінші жолдағы белгілер параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Егер белгілер енгізу ауқымының бірінші бағанында болса, Бірінші бағандағы белгілер параметрі жанынан құсбелгіні қойыңыз. Бұл құсбелгі енгізу ауқымында белгілер болмаған жағдайда бос болады. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Альфа      F санағы үшін маңызды мәндер есептелетін деңгейді енгізіңіз. Альфа деңгейі I түріндегі қателіктің (шын гипотезаны қабылдамайтын) болу мүмкіндігімен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel автоматты түрде шығару ауқымының өлшемін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда немесе жұмыс парағының шегінен шыққан жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Дисперсиялық талдау: репликалы екі коэффициент

    Бұл құрал деректерді әр түрлі екі өлшемнің бойында сыныптау мүмкін болған кезде пайдаланылады. Мысалы, өсімдіктердің биіктігін өлшеу тәжірибесі кезінде өсімдіктерге әр түрлі атаулы тыңайтқыштар (мысалы, A, В, С) беріліп, сондай-ақ олар әр түрлі температурада (мысалы, төмен, жоғары) өсірілуі мүмкін. {Тыңайтқыштың, Температураның) алты мүмкін тобының әрқайсысы үшін біз өсімдік биіктігін бақылаудың тең санын аламыз. Осы дисперсиялық талдау құралы арқылы біз келесілерді тексере аламыз:

    • Атаулары әр түрлі тыңайтқыштар қолданылған өсімдіктердің биіктіктері бірдей негізгі жиынтықтан алынғандығы. Температура мәндері бұл талдауда есепке алынбайды.

    • Әр түрлі температура деңгейлерінде өсірілген өсімдіктердің биіктіктері бірдей негізгі жиынтықтан алынғандығы. Тыңайтқыш атаулары бұл талдауда есепке алынбайды.

      Бірінші байрақшалы тармақтағы тыңайтқыш атауларының арасындағы айырмашылық пен екінші байрақшалы тармақтағы температура айырмашылығының әсерлері есепке алына отырып, {тыңайтқыш, температура} мәндерінің барлық алты жұбының үлгісі бір басты жиынтықтан алынғандығы. Балама гипотезада әсерлер тек тыңайтқышқа немесе тек температураға негізделген айырмашылықтардан басқа да белгілі бір {тыңайтқыш, температура} жұптарының болуына байланысты делінеді.

      Енгізу ауқымын дисперсиялық талдау құралы үшін баптау

      Дисперсиялық талдау: репликалы екі коэффициент тілқатысу терезесі

      Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Сілтеме бағандарда немесе жолдарда берілген деректердің екі немесе одан да көп көршілес ауқымынан тұруға тиіс.

      Үлгідегі жолдар      Әрбір үлгінің ішіне кіретін жолдар санын енгізіңіз. Әрбір үлгінің ішіндегі жолдардың саны бірдей болуға тиіс, себебі әрбір жол деректердің репликалануын көрсетеді.

      Альфа      F санағы үшін маңызды мәндер есептелетін деңгейді енгізіңіз. Альфа деңгейі I түріндегі қателіктің (шын гипотезаны қабылдамайтын) болу мүмкіндігімен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

      Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Microsoft Office Excel автоматты түрде шығару ауқымының өлшемін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда немесе жұмыс парағының шегінен шыққан жағдайда хабар береді.

      Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

      Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

      Дисперсиялық талдау: репликасыз екі коэффициент

      Бұл талдау құралы деректер репликалы екі коэффициент сияқты әр түрлі екі өлшемге сыныпталғанда пайдаланылады. Дегенмен, бұл құралда үшін әр жұп (мысалы, алдыңғы мысалдағы әрбір {тыңайтқыш, температура} жұбы) үшін жалғыз бақылау жасалады деген болжам қолданылады.

      Дисперсиялық талдау: репликасыз екі коэффициент тілқатысу терезесі

      Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Сілтеме бағандарда немесе жолдарда берілген деректердің екі немесе одан да көп көршілес ауқымынан тұруға тиіс.

      Белгілер      Бұл құсбелгі енгізу ауқымында белгілер болмаған жағдайда бос болады. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

      Альфа      F санағы үшін маңызды мәндер есептелетін деңгейді енгізіңіз. Альфа деңгейі I түріндегі қателіктің (шын гипотезаны қабылдамайтын) болу мүмкіндігімен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

      Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel автоматты түрде шығару ауқымының өлшемін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда немесе жұмыс парағының шектерінен шыққан жағдайда хабар береді.

      Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

      Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Корреляция

    Жұмыс парағының CORREL және PEARSON функцияларының екеуі де әрбір айнымалы бойынша өлшемдер N нысанының әрқайсысы жүргізілген кездегі екі өлшем айнымалысының арасындағы корреляция коэффициентін айнымалылар коэффициентін есептейді. (Кез келген нысанға бақылау жүргізілмеуі нысанның талдау кезінде еленбеуіне әкеледі). Корреляцияны талдау құралы әсіресе әрбір N нысаны үшін екі немесе одан да көп айнымалы болған жағдайда пайдаланылады. Ол өлшем айнымалыларының әрбір мүмкін жұбына қолданылатын CORREL (немесе PEARSON) мәнін көрсететін шығару кестесін, корреляция матрицасын береді.

    Коварияция сияқты, корреляциялық коэффициент те екі өлшем айнымалысының "бірге өзгеру" дәрежесінің өлшемі болып табылады. Коварияциядан айырмашылығы - корреляциялық коэффициент өзінің мәні ішінде екі өлшем айнымалысы өрнектелетін бірліктерден тәуелсіз болатын етіп ауқымдалады. (Мысалы, екі өлшем айнымалысы салмақ пен биіктік болса, салмақ фунттан килограммға айналғанда корреляциялық коэффициенттің мәні өзгеріссіз қалады). Кез келген корреляциялық коэффициент мәні -1 мен +1 мәндерін қоса есептегендегі аралықта болуға тиіс.

    Корреляциялық талдау құралын екі өлшем айнымалысының бірге жүру ұмтылысының бар-жоқтығын, яғни, не бір айнымалының үлкен мәндері екіншісінің үлкен мәндерімен байланысты болуға ұмтылатындығын (оң корреляция), не не бір айнымалының кіші мәндері екіншісінің кіші мәндерімен байланысты болуға ұмтылатындығын (оң корреляция), не болмаса екі айнымалының да мәндері байланыссыз болуға ұмтылатындығын (0 (нөлге) жақын корреляция) анықтау мақсатында өлшем айнымалыларының әрбір жұбын тексеру үшін қолдануға болады.

    Корреляция тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Сілтеме бағандарда немесе жолдарда берілген деректердің екі немесе одан да көп көршілес ауқымынан тұруға тиіс.

    Топтастыру      Енгізу ауқымындағы деректердің жолдарға немесе бағандарға реттелетіндігін көрсету үшін, Жолдар бойынша немесе Бағандар бойынша түймешігін басыңыз.

    Бірінші жолдағы белгілер/Бірінші бағандағы белгілер     Егер енгізу ауқымының бірінші жолында белгілер бар болса, Бірінші жолдағы белгілер параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Егер белгілер енгізу ауқымының бірінші бағанында болса, Бірінші бағандағы белгілер параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз. Бұл құсбелгі енгізу ауқымында белгілер болмаған жағдайда бос болады. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel кестенің жартысын ғана толтырады, себебі екі деректер ауқымының арасындағы корреляция ауқымдардың өңделу тәртібінен тәуелсіз болады. Шығару кестесіндегі жол және баған координаталары сәйкес келетін ұяшықтарда 1 мәні болады, себебі әрбір деректер жиынтығының қатынасы тек өзімен анықталады.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Коварияция

    Корреляция және коварияция құралдарының екеуін де бір жеке мәндер жиынында N түрлі өлшем айнымалысы байқалған кезде қолдануға болады. Корреляция және коварияция құралдарының екеуі де тиісінше корреляция коэффициентін немесе коварияцияны көрсететін шығару кестесін, матрица береді. Айырмашылығы - корреляция коэффициенттері -1 мен +1 мәндерін қоса алғандағы аралықта жататын етіп ауқымдалған. Сәйкес коварияциялар ауқымға кірмейді. Корреляция коэффициенті мен коварияция екеуі де екі айнымалының "бірге өзгеру" дәрежесінің өлшемі болып табылады.

    Коварияция құралы өлшем айнымалыларының әрбір жұбы үшін жұмыс парағының COVAR функциясының мәнін есептейді. (Тек екі айнымалы өлшем бірлігі, яғни, N=2 болған жағдайда, ковариация құралынан гөрі, COVAR функциясын тікелей қолданған орынды). Ковариация құралының шығару кестесіндегі қиясызықтың i жолына, i бағанына енгізілген мән өзінің i-өлшем бірлігінің ковариациясы болып табылады. Бұл тек жұмыс парағының VARP функциясы арқылы есептелген айнымалының басты жиын дисперсиясы болып табылады.

    Коварияция құралын екі өлшем айнымалысының бірге жүру ұмтылысының бар-жоқтығын, яғни, не бір айнымалының үлкен мәндері екіншісінің үлкен мәндерімен байланысты болуға ұмтылатындығын (оң коварияция), не не бір айнымалының кіші мәндері екіншісінің кіші мәндерімен байланысты болуға ұмтылатындығын (оң коварияция), не болмаса екі айнымалының да мәндері байланыссыз болуға ұмтылатындығын (0 (нөлге) жақын коварияция) анықтау мақсатында өлшем айнымалыларының әрбір жұбын тексеру үшін қолдануға болады.

    Коварияция тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Сілтеме бағандарда немесе жолдарда берілген деректердің екі немесе одан да көп көршілес ауқымынан тұруға тиіс.

    Топтастыру      Енгізу ауқымындағы деректердің жолдарға немесе бағандарға реттелетіндігін көрсету үшін, Жолдар бойынша немесе Бағандар бойынша түймешігін басыңыз.

    Бірінші жолдағы белгілер/Бірінші бағандағы белгілер     Егер енгізу ауқымының бірінші жолында белгілер бар болса, Бірінші жолдағы белгілер параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Егер белгілер енгізу ауқымының бірінші бағанында болса, Бірінші бағандағы белгілер параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз. Бұл құсбелгі енгізу ауқымында белгілер болмаған жағдайда бос болады. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel кестенің жартысын ғана толтырады, себебі екі деректер ауқымының арасындағы коварияция ауқымдардың өңделу тәртібінен тәуелсіз болады. Кестенің қиясызығында әрбір ауқымның дисперсиясы болады.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Сипаттау санағы

    Сипаттау санағы талдау құралы енгізу ауқымындағы деректердің бір өлшемді санақтары туралы есеп жасай отырып, деректердің орталық үрдісі мен айнымалылығы туралы ақпарат береді.

    Сипаттау санағы тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Сілтеме бағандарда немесе жолдарда берілген деректердің екі немесе одан да көп көршілес ауқымынан тұруға тиіс.

    Топтастыру      Енгізу ауқымындағы деректердің жолдарға немесе бағандарға реттелетіндігін көрсету үшін, Жолдар бойынша немесе Бағандар бойынша түймешігін басыңыз.

    Бірінші жолдағы белгілер/Бірінші бағандағы белгілер     Егер енгізу ауқымының бірінші жолында белгілер бар болса, Бірінші жолдағы белгілер параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Егер белгілер енгізу ауқымының бірінші бағанында болса, Бірінші бағандағы белгілер параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз. Бұл құсбелгі енгізу ауқымында белгілер болмаған жағдайда бос болады. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Орташа мәннің сенімділік деңгейі      Орташа мәннің сенімділік деңгейін шығару кестесіндегі бір жолға қосқыңыз келген жағдайда таңдаңыз. Жолаққа пайдаланылатын сенімділік деңгейін енгізіңіз. Мысалы, 95 пайыздық мән орташа мәннің сенімділік деңгейін 5 пайыз мәнділігінде есептеп шығарады.

    K-нші ең үлкен мән      Әрбір деректер ауқымының k-нші ең үлкен мәнін шығару кестесіндегі бір жолға қосқыңыз келген жағдайда таңдаңыз. Жолаққа k үшін пайдаланылатын санды енгізіңіз. Егер 1 саны енгізілсе, бұл жолда деректер жиынының ең көп мөлшері болады.

    K-нші ең кіші мән      Әрбір деректер ауқымының k-нші ең кіші мәнін шығару кестесіндегі бір жолға қосқыңыз келген жағдайда таңдаңыз. Жолаққа k үшін пайдаланылатын санды енгізіңіз. Егер 1 саны енгізілсе, бұл жолда деректер жиынының ең аз мөлшері болады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Бұл құрал әрбір деректер жиынтығы үшін екі ақпарат бағанын жасайды. Сол жақ бағанның ішінде санақ белгілері, ал оң жақ бағанның ішінде санақ болады. Excel бағдарламасы таңдалған Топтастыру параметріне қарай енгізу ауқымындағы әрбір баған немесе жол үшін екі бағандық санақ кестесін жасайды.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Санақты жинақтау      Excel бағдарламасы шығару кестесінде келесі санақтардың әрқайсысы үшін бір өріс жасау керек болған жағдайда таңдаңыз: Орташа мән, Стандартты қателік (орташаның), Медиана, Мода, Стандартты ауытқу, Дисперсия, Эксцесс, Асимметрия, Ауқым, Ең аз, Ең көп, Қосынды, Санау, Ең үлкен (#), Ең кіші (#) және Сенімділік деңгейі.

    Экспоненциалды тегістеу

    Экспоненциалды тегістеу талдау құралы алдыңғы кезеңдегі қателікті есепке ала отырып, сол алдыңғы кезеңдегі болжамға негізделген мәнді болжайды. Құралда a тегістеу тұрақты мән қолданылады. Оның шамасы болжамдар алдыңғы болжамдағы қателіктерге тәуелділік дәрежесін анықтайды.

    Ескерту : 0,2 мен 0,3 аралығындағы мәндер орынды тегістеу тұрақты мәндері болып табылады. Ол мәндер ағымдағы болжам алдыңғы болжам қателігі бойынша 20 пайыздан 30 пайызға дейін түзетілуі тиістігін көрсетеді. Үлкенірек тұрақты мәндердің көлемі тезірек жауап қайтарады, бірақ қате көрініс беруі мүмкін. Кішірек тұрақты мәндер болжам мәндер үшін ұзаққа кідірістерге әкеп соғады.

    Экспоненциалды тегістеу тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқымның ішінде жалғыз баған немесе деректердің төрт немесе одан көп ұяшығынан тұратын жол болуға тиіс.

    Басылу коэффициенті      Экспоненциалды тегістеу тұрақты мәні ретінде пайдаланылатын басылу коэффициентін енгізіңіз. Басылу коэффициенті — бүкіл басты жиынтық бойынша жинақталған деректердің тұрақсыздығын барынша азайтатын түзетуші коэффициент. Әдепкі басылу коэффициенті - 0,3.

    Ескерту : 0,2 мен 0,3 аралығындағы мәндер орынды тегістеу тұрақты мәндері болып табылады. Ол мәндер ағымдағы болжам алдыңғы болжам қателігі бойынша 20 пайыздан 30 пайызға дейін түзетілуі тиістігін көрсетеді. Үлкенірек тұрақты мәндердің көлемі тезірек жауап қайтарады, бірақ қате көрініс беруі мүмкін. Кішірек тұрақты мәндер болжам мәндер үшін ұзаққа кідірістерге әкеп соғады.

    Белгілер      Енгізу ауқымының бірінші жолы мен бағанында белгілер болған жағдайда таңдаңыз. Енгізу ауқымында белгілер болмаған жағдайда бұл параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Стандартты қателіктер параметрі жанына құсбелгі қойылған жағдайда, Excel бағдарламасы оң жақ бағанда стандартты қателік мәндері бар екі бағандық шығару кестесін жасайды. Егер тарихи мәндер болжамды көрсетуге немесе стандартты қателікті есептеуге жетпесе, Excel бағдарламасы #N/A мәнін береді.

    Ескерту : Шығару ауқымы енгізу ауқымында пайдаланылатын деректермен бір жұмыс парағында болуға тиіс. Осы себептен, Жаңа жұмыс парағы мен Жаңа жұмыс кітабы параметрлерін қолдану мүмкін болмайды.

    Шығару диаграммасы      Шығару кестесіндегі нақты және болжамды мәндердің ендірілген диаграмма жасау үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Стандартты қателіктер      Шығару кестесіне стандартты қателік мәндері бар баған қосу қажет болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Стандартты қателік мәндері жоқ жалғыз бағанды шығару кестесі керек болса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

    Дисперсиялардың екі үлгілік F тексеруі

    Дисперсиялардың екі үлгілік F тексеруі талдау құралы екі басты жиынтық дисперсиясын салыстыру үшін екі үлгілік F тексеруін орындайды.

    Мысалы, F тексеру құралын екі командасының әрқайсысының жүзу уақыттарының үлгілеріне қолдануға болады. Құрал бұл екі үлгі дисперсиялары тең үлестірімдерден алынғаны туралы нөлдік гипотезаның дисперсиялар негізгі үлестірімдерде тең еместігі туралы баламамен салыстырып тексеру нәтижесін береді.

    Құрал F санағының (немесе F қатынасының) f мәнін есептейді. 1 мәніне жақын f мәні негізгі жиынтық дисперсияларының теңдігін айғақтайды. Шығару кестесінде, f < 1 "P(F <= f) бір тарапты" шарты жиынтық дисперсиялары тең болған кезде F санағының f мәнінен кіші мәнінің байқалу ықтималдығын берген жағдайда, "F Маңызды бір тарапты" шарты Альфа мәнділік деңгейі үшін таңдалған 1 мәнінен кіші маңызды мән береді. Егер f > 1, "P(F <= f) бір тарапты" шарты жиынтық дисперсиялары тең болған кезде F санағының f мәнінен кіші мәнінің байқалу ықтималдығын берсе, "F Маңызды бір тарапты" шарты Альфа үшін 1 мәнінен үлкен мән береді.

    Дисперсиялардың екі үлгілік F тексеруі тілқатысу терезесі

    1-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін деректердің бірінші бағанының немесе жолының ұяшық сілтемесін енгізіңіз.

    2-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін деректердің екінші бағанының немесе жолының ұяшық сілтемесін енгізіңіз.

    Белгілер      Енгізу ауқымының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Альфа      Тексерудің сенімділік деңгейін енгізіңіз. Ол мән 0...1 аралығындағы ауқымда болуы керек. Альфа деңгейі І түріндегі қате (шын гипотезаны қабылдамау) ықтималдылығымен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Фурье талдауы

    Фурье талдауы құралы есептерді сызықтық жүйеде шешіп, деректерді түрлендіру үшін Фурье жылдам түрлендіру (FFT) әдісі арқылы кезеңдік деректерді талдайды. Сонымен қатар, бұл құрал ішіндегі түрлендірілген деректердің инверсиясы бастапқы деректерді беретін кері түрлендіру амалдарын қолдайды.

    Фурье талдауының енгізу және шығару ауқымдары

    Фурье талдауы тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Түрлендіргіңіз келетін нақты немесе күрделі деректер ауқымының сілтемесін енгізіңіз. Күрделі деректер не x+yi, не x+yj пішімінде болуға тиіс. Енгізу ауқымы мәндерінің саны 2 мәнінің жұп дәрежесі болуға тиіс. Егер x теріс сан болса, оның алдына апостроф ( ' ) таңбасын қойыңыз. Мәндердің ең көп саны - 4096.

    Бірінші жолдағы белгілер      Енгізу ауқымының бірінші жолында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Инверсия      Бұл параметр жанына құсбелгі қойылған болса, енгізу ауқымындағы деректер түрлендірілген және кері түрлендіру орындалып, бастапқы енгізілген мәндер қайтарылған болып есептеледі. Қанатша көзіндегі белгі алынса, енгізу ауқымындағы деректер шығару кестесінің ішіне түрлендіріліп шығады.

    Гистограмма

    Гистограммалық талдау құралы деректер мен дерек орындарының ұяшықтар ауқымының жеке және жинақталған жиіліктерін есептейді. Бұл құрал мәннің деректер жиынында ұшырасу саны үшін деректер жасап шығарады.

    Мысалы, 20 оқушыдан тұратын сыныпта қойылатын бағалардың үлестірімін әріптік баға санаттарымен анықтауға болады. Гистограммалық кестеде әріптік баға шектерін және ең төменгі шек пен ағымдағы шек аралығындағы бағалар беріледі. Жалғыз ең жиі кездесетін баға деректер модасын болып табылады.

    Гистограмма тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз.

    Орын ауқымы (міндетті емес)      Ішінде орын ауқымдарын анықтайтын шек мәндерінің қосымша жиыны бар ауқымның сілтемесін енгізіңіз. Бұл мәндер өсу тәртібімен орналасуға тиіс. Microsoft Office Excel, егер бар болса, ағымдағы орын саны мен көршілес жоғары орынның арасындағы өлшем нүктелерін санайды. Сан төмендегі соңғы орынға дейінгі орындар санына тең немесе одан кіші болса, ол белгілі бір орында саналады. Бірінші орын мәнінен төмен мәндердің барлығы, соңғы орын мәнінен жоғары мәндер болып табылатындықтан, бірге саналады.

    Орын ауқымы есепке алынбай кетсе, Excel деректердің ең кіші және ең үлкен мәндерінің арасына біркелкі үлестірілетін орындар жиынын жасайды.

    Белгілер      Енгізу ауқымының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Парето (сұрыпталған гистограмма)      Деректер шығару кестесінде жиіліктің азаю тәртібімен берілуі үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Бұл параметр жанына құсбелгі қойылмаған болса, Excel бағдарламасы деректерді артуы бойынша беріп, ең шеткі оң жақтағы ішінде сұрыпталған деректер бар үш бағанды есепке алмайды.

    Қорытынды пайыз      Қорытынды пайыздар үшін шығару кестесін жасау және гистограммаға қорытынды пайыз жолын қосу үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Қорытынды пайыздарды есепке алмау үшін, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

    Шығару диаграммасы      Шығару кестесі бар енгізілген гистограмма жасау үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Сырғыма орташа мән

    Сырғыма орташа мән талдау құралы, алдыңғы кезеңдердің белгілі бір санын сүйене отырып болжам кезеңіндегі мәндерді көрсетеді. Сырғыма орташа мән барлық тарихи деректердің қарапайым орташа мәні таласуы мүмкін тренд ақпаратын береді. Осы құралды сатуды, түгендеуді немесе басқа да трендтерді болжау үшін пайдаланыңыз. Әрбір болжанған мән келесі өрнекке негізделеді.

    Сырғыма орташа мәнді есептеу өрнегі

    бұл жерде:

    • N - сырғыма орташа мәнге кірістірілетін алдыңғы кезеңдер саны

    • Aj - сол кездегі нақты мән j

    • Fj - сол кездегі болжамды мән j

      Сызықтық сүзгі тілқатысу терезесі

      Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым ішінде төрт немесе одан көп ұяшық бар жалғыз бағаннан тұруға тиіс.

      Бірінші жолдағы белгілер      Енгізу ауқымының бірінші жолында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel бағдарламасы шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

      Аралық      Сырғыма орташа мәнге кірістірілетін мәндер санын енгізіңіз. Әдепкі аралық - 3.

      Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Стандартты қателіктер параметр жанына құсбелгі қойылған болса, Excel бағдарламасы оң жақ бағанда стандартты қателік мәндері бар екі бағандық шығару кестесін жасайды. Егер тарихи мәндер болжамды көрсетуге немесе стандартты қателікті есептеуге жетпесе, Excel бағдарламасы #N/A мәнін береді.

      Шығару ауқымы енгізу ауқымында пайдаланылатын деректермен бір жұмыс парағында болуға тиіс. Осы себептен, Жаңа жұмыс парағы мен Жаңа жұмыс кітабы параметрлерін қолдану мүмкін болмайды.

      Шығару диаграммасы      Шығару кестесі бар енгізілген гистограмма жасау үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

      Стандартты қателіктер      Шығару кестесіне стандартты қателік мәндері бар баған қосу қажет болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Стандартты қателік мәндері жоқ жалғыз бағанды шығару кестесі керек болса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз.

    Кездейсоқ сандар жасау

    Кездейсоқ сандар жасауды талдау құралы ауқымды бірнеше үлестірімнің біреуінен алынған тәуелсіз кездейсоқ сандар бар толтырады. Жиынтықтағы нысандарды ықтималдық үлестірімімен сипаттауға болады. Мысалы, кісілердің бойларының жиынтығын сипаттау үшін қалыпты үлестірімді пайдалануға болады, не болмаса "тиын тастау" нәтижелерінің жиынтығын сипаттау үшін Бернулли үлестірімін пайдалануға болады.

    Кездейсоқ сандар жасау тілқатысу терезесі

    Айнымалылар саны      Шығару кестесіне керекті мән бағандарының санын енгізіңіз. Егер сан енгізілмесе, Microsoft Office Excel көрсетілген шығару ауқымындағы барлық бағандарды өзі толтырады.

    Кездейсоқ сандар      Көргіңіз келетін өлшем нүктелерінің санын енгізіңіз. Әрбір өлшем нүктесі шығару кестесінің жолында көрсетіледі. Егер сан енгізілмесе, Excel көрсетілген шығару ауқымындағы барлық жолдарды өзі толтырады.

    Үлестірім      Кездейсоқ сандар жасау үшін қолданылатын үлестіру әдісін нұқыңыз.

    Бірыңғай      Төменгі және жоғарғы шектермен сипатталады. Дисперсиялар ауқымдағы барлық мәндерден тең ықтималдықпен алынады. Жалпы қолданыста 0...1 ауқымындағы бірыңғай үлестірім пайдаланылады.

    Қалыпты      Орташа мәнмен және стандартты ауытқумен сипатталады. Стандартты қалыпты үлестірім үшін жалпы қолданыста 0 орташа мәні мен 1 стандартты ауытқу мәні қолданылады.

    Бернулли      Белгілі бір жасалатын әрекеттің сәттілік ықтималдығымен (p мәні) сипатталады. Бернулли кездейсоқ айнымалыларының мәні 0 немесе 1-ге тең. Мысалы, 0...1 ауқымындағы бірыңғай кездейсоқ айнымалыны алуыңызға болады. Егер айнымалы сәттілік ықтималдығынан кіші немесе оған тең болса, Бернулли кездейсоқ айнымалысына 1 мәні беріледі, олай болмаған жағдайда оған 0 мәні беріледі.

    Биномдық      Жасалатын әрекеттер санының сәттілік ықтималдығымен (p мәні) сипатталады. Мысалы, әрекеттер санының Бернулли кездейсоқ айнымалыларын жасауға болады. Олардың қосындысы биномдық кездейсоқ айнымалы болып шығады.

    Пуассон      1/орташа қатынасына тең лямбда мәнімен сипатталады. Пуассон үлестірімі көбінесе бір уақыт бірлігінде болатын оқиғалар санын, мысалы, машиналардың бақылау бекеті алаңына келетін орташа нормасын сипаттау үшін қолданылады.

    Жүйелі      Төменгі шекпен және жоғарғы шекпен, қадаммен, мәндердің қайталану жиілігімен, сондай-ақ тізбектің қайталану жиілігімен сипатталады.

    Дискретті      Мәнмен және байланысты ықтималдық ауқымымен сипатталады. Ауқымда екі баған болуға тиіс: біріншісінде мәндер болады, ал оң жақ бағанда сол жолдағы мәнмен байланысты ықтималдықтар болады. Ықтималдықтардың қосындысы 1-ге тең болуы керек.

    Параметрлер      Таңдалған үлестірімді сипаттайтын мәндерді енгізіңіз.

    Кездейсоқ бастапқы сан      Кездейсоқ сандар шығарылатын бір мән енгізіңіз. Бұл мәнді кейінірек ұқсас кездейсоқ сандар жасау үшін қайта пайдалануға болады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Ранг және перцентиль

    Ранг және перцентиль талдау құралы ішінде бір деректер жиынындағы әрбір мәннің реттік саны мен пайыздық рангі бар кесте жасайды. Мәндердің салыстырмалы тұрақтылығын бір жиынның ішінде талдауға болады. Бұл құралда жұмыс парағының RANK және PERCENTRANK функциялары қолданылады. RANK функциясы өзара байланысты мәндерді есепке алмайды. Өзара байланысты мәндер есепке алыну үшін, RANK функциясын анықтама файлында ұсынылған түзетуші коэффициентпен бірге қолданыңыз.

    Ранг және перцентиль тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Талдағыңыз келетін жұмыс парағының деректері ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз.

    Топтастыру      Енгізу ауқымындағы деректердің жолдарға немесе бағандарға реттелетіндігін көрсету үшін, Жолдар бойынша немесе Бағандар бойынша түймешігін басыңыз.

    Бірінші жолдағы белгілер/Бірінші бағандағы белгілер     Егер Бағандар бойынша параметрі таңдалып, енгізу ауқымының бірінші жолында белгілер бар болса, Бірінші жолдағы белгілер параметрі жанына құсбелгі қойыңыз. Ал егер Жолдар бойынша параметрі таңдалып, енгізу ауқымының бірінші бағанында белгілер бар болса, Бірінші бағандағы белгілер параметрі жанынан құсбелгіні алыңыз. Енгізу ауқымында белгілер болмаған жағдайда бұл параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті жол және баған белгілерін өзі жасайды.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel енгізу ауқымындағы әрбір деректер жиыны бір бір кесте жасайды. Әрбір шығару кестесінде рангілердің өсу тәртібімен сұрыпталған төрт баған болады: өлшем нүктесінің нөмірі, өлшем нүктесінің мәні, өлшем нүктесінің рангі және өлшем нүктесінің пайыздық рангі.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Регрессия

    Регрессиялық талдау құралы бақылау жиыны арқылы бір сызық жүргізу үшін "ең кіші квадрат" әдісі арқылы сызықтық регрессия талдауын жүргізеді. Дара тәуелді айнымалы бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалының әсеріне қаншалықты ұшырайтынын талдауға болады. Мысалы, бір спортшының жетістіктеріне оның жасы, бойы және салмағы сияқты жайттар қалай әсер ететіндігін талдауға болады. Жетістік өлшеміндегі үлестерді жетістік деректеріне сүйене отырып осы үш жайтқа бөліп, нәтижелерді тексеруден өтпеген жаңа спортшының жетістіктерін болжау үшін қолдануға болады.

    Регрессияда жұмыс парағының LINEST функциясы қолданылады.

    Регрессия тілқатысу терезесі

    Y кіріс ауқымы      Тәуелді деректер ауқымының сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы тиіс.

    X кіріс ауқымы      Тәуелсіз деректер ауқымының сілтемесін енгізіңіз. Microsoft Office Excel тәуелсіз айнымалыларды осы ауқымнан бастап солдан оңға қарай өсу тәртібімен реттейді. Айнымалылардың ең көп саны - 16.

    Белгілер      Енгізу ауқымының немесе ауқымдарының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізілген мәнде белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Сенімділік деңгейі      жиынтық шығару кестесіне қосымша деңгей кірістіру үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Жолаққа әдепкі 95 пайыздық деңгейге қосымша қолданылуы керек сенімділік деңгейін енгізіңіз.

    Тұрақты мән нөлге тең      Регрессия сызығының бастапқы орын арқылы өткізу үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Жиынтық шығару кестесі үшін кемінде жеті баған қалдырыңыз. Олардың ішіне дисперсиялық талдау кестесі, коэффициенттер, y болжамының стандартты қателігі, r2 мәндері, бақылаулар саны және коэффициенттердің стандартты қателігі кіреді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Қалдықтар      Қалдықтар шығару кестесіне қалдықтарды қосу үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Қалыптандырылған қалдықтар      Қалдықтар шығару кестесіне қалыптандырылған қалдықтарды қосу үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Қалдық кестелері      Әрбір тәуелсіз айнымалыны қалдықпен салыстыратын диаграмма жасау үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Сызық жүргізу кестелері      Болжанған мәндерді бақыланған мәндермен салыстыратын диаграмма жасау үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Қалыпты ықтималдық кестелері      Қалыпты ықтималдықты кестелейтін диаграмма жасау үшін, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз.

    Дискреттеу

    Дискреттеу талдау құралы енгізу ауқымын жиынтық ретінде қарастыра отырып, бір жиынтықтан үлгі жасайды. Жиынтық өңдеу немесе диаграммалау үшін тым үлкен болған жағдайда өкілдік дискретті қолдануыңызға болады. Сонымен қатар, енгізілген деректер кезеңді деп есептесеңіз, ішінде тек бір циклдің белгілі бір бөлігінен алынған мәндер бар үлгі жасауыңызға болады. Мысалы, енгізу ауқымында тоқсандық сатылым көрсеткіштері болған жағдайда, төрт тоқсандық мөлшерлемемен іріктеу енгізу ауқымының сол тоқсанындағы мәндерді қояды.

    Дискреттеу тілқатысу терезесі

    Ауқымды енгізу      Ішінде дискреттелетін мәндердің жиынтығы бар деректер ауқымының сілтемесін енгізіңіз. Microsoft Office Excel үлгілерді бірінші бағаннан, одан кейін екінші бағаннан және ары қарай алады.

    Белгілер      Енгізу ауқымының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Дискреттеу әдісі      Керекті дискреттеу аралығын көрсету үшін, Кезеңді немесе Кездейсоқ параметрін таңдаңыз.

    Кезең      Дискреттеу орындалатын кезеңді аралықты енгізіңіз. Ауқымдағы кезең-мән мен одан кейінгі әрбір кезең-мән шығару бағанына көшіріледі. Енгізу ауқымының аяғына жеткенде, дискреттеу тоқтайды.

    Үлгілер саны      Шығару бағанына керекті кездейсоқ мәндердің санын енгізіңіз. Әрбір мән енгізу ауқымындағы бір кездейсоқ орыннан алынады және кез келген санды бірнеше реттен таңдауға болады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Деректер ұяшықтың астындағы жалғыз бағанға жазылады. Егер Кезеңді параметрі таңдалса, шығару кестесіндегі мәндердің саны дискреттеу жиілігіне бөлінген енгізу ауқымындағы мәндердің санына тең болады. Егер Кездейсоқ таңдалса, шығару кестесіндегі мәндердің саны үлгілер санына тең болады.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    t тексеруі

    Екі үлгілік t тексеруі талдау құралы әр үлгінің негізіндегі жиынтық орташаларының теңдігін тексереді. Үш құралда әр түрлі болжамдар пайдаланылады: жиынтық дисперсияларының теңдігі, жиынтық дисперсияларының теңсіздігі және екі мысалдың бірдей нысандар бойынша өңдеуге дейінгі және өңдеуден кейінгі бақылау нәтижелерін көрсетуі.

    Төмендегі үшеуінің барлығы үшін, t санақтық мәні, t, есептеліп, шығару кестелерінде "t Санақ" түрінде көрсетіледі. Деректерге қарай, бұл мән, яғни t, теріс немесе теріс емес болуы мүмкін. Негізгі жиынтық орташаларының теңдік болжамына сүйене отырып, t < 0 болса, "P(T <= t) бір тарапты" шарты t санағының мәні t мәнінен көп дәрежеде теріс болатынының байқалу ықтималдығын береді. Егер t >=0 болса, "P(T <= t) бір тарапты" шарты t санағының мәні t мәнінен көп дәрежеде оң болатынының байқалу ықтималдығын береді. "t Маңызды бір тарапты" шарты t санағының мәнінің "t Маңызды бір тарапты" шартынан үлкен немесе оған тең болу ықтималдығы Альфаға тең болатындай маңызды мәнді береді.

    "P(T <= t) екі тарапты" шарты t санағы мәнінің абсолютті мәні t мәнінен үлкен болуының байқалу ықтималдығын береді. "P Маңызды екі тарапты" шарты байқалған абсолютті мәні "P Маңызды екі тарапты" шартынан үлкен t сынағының Альфаға тең болу ықтималдығының маңызды мәнін береді.

    t тексеруі: орташа мәндердің қосарлы екілік үлгісі

    Қосарлы тексеруді үлгілердің ішіндегі бақылаулардың табиғи қосарлануы бар болған кезде, мысалы, бір үлгілер тобы екі рет, яғни, тәжірибеден бұрын және кейін тексерілген кезде қолдануға болады. Бұл талдау құралы мен оның өрнегі тәжірибеден бұрын алынған бақылау нәтижелері мен тәжірибеден кейін алынған бақылау нәтижелерінің басты жиынтық орташалары тең үлестірімнен алыну ықтималдығын анықтау үшін қосарлы екі үлгілік Стюденттің t тексеруін жүргізеді. Бұл t тексеру пішінінде екі жиынтықтың да дисперсияларының теңдігі туралы болжам жасалмайды.

    Ескерту : Осы құралмен жасалған нәтижелердің арасында біріктірілген дисперсия, яғни орташа мәннің айналасындағы деректер үлестірімінің өлшем бірлігі бар. Ол келесі өрнектен шығарылады.

    Біріктірілген дисперсияны есептеу өрнегі

    t тексеруі: орташа мәндердің қосарлы екілік үлгісі тілқатысу терезесі

    1-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін бірінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы және ішіндегі өлшем нүктелерінің саны екінші ауқымдағымен бірдей болуы тиіс.

    2-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін екінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы және ішіндегі өлшем нүктелерінің саны бірінші ауқымдағымен бірдей болуы тиіс.

    Гипотезалық орташа мән айырмасы      Үлгінің орташа мәндеріндегі ауытқудың өзіңіз қалаған санын енгізіңіз. 0 (нөл) мәні үлгінің орташа мәндері тең деп болжанатындығын көрсетеді.

    Белгілер      Енгізу ауқымдарының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымдарында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel бағдарламасы шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Альфа      Тексерудің сенімділік деңгейін енгізіңіз. Ол мән 0...1 аралығындағы ауқымда болуы керек. Альфа деңгейі І түріндегі қате (шын гипотезаны қабылдамау) ықтималдылығымен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    t тексеруі: тең дисперсияларды екі үлгі арқылы жорамалдау

    Бұл талдау құралы екі үлгілік Стъюдент t тексеруін жүргізеді. Бұл t тексеруінің пішінінде екі деректер жиыны дисперсиялары бірдей үлестірімдерден алынған деп болжанады. Бұл тексеру гомоскедастиялық t тексеруі деп те аталады. Бұл t тексеруін екі үлгі орташа мәндері тең жиынтықтан алыну ықтималдығын анықтау үшін қолдануға болады.

    t тексеруі: тең дисперсияларды екі үлгі арқылы жорамалдау тілқатысу терезесі

    1-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін бірінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы тиіс.

    2-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін екінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы тиіс.

    Гипотезалық орташа мән айырмасы      Үлгінің орташа мәндеріндегі ауытқудың өзіңіз қалаған санын енгізіңіз. 0 (нөл) мәні үлгінің орташа мәндері тең деп болжанатындығын көрсетеді.

    Белгілер      Енгізу ауқымдарының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымдарында белгілер болмаса, осы параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel бағдарламасы шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Альфа      Тексерудің сенімділік деңгейін енгізіңіз. Ол мән 0...1 аралығындағы ауқымда болуы керек. Альфа деңгейі І түріндегі қате (шын гипотезаны қабылдамау) ықтималдылығымен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    t тексеруі: тең емес дисперсияларды екі үлгі арқылы жорамалдау

    Бұл талдау құралы екі үлгілік Стъюдент t тексеруін жүргізеді. Бұл t тексеруінің пішінінде екі деректер жиыны дисперсиялары тең емес үлестірімдерден алынған деп болжанады. Бұл тексеру гетероскедастиялық t тексеруі деп те аталады. Алдыңғы тең дисперсиялар сияқты, бұл t тексеруін екі үлгі орташа мәндері тең жиынтықтан алыну ықтималдығын анықтау үшін қолдануға болады. Бұл тексеруді екі үлгіде анық өзгешелігі бар болған кезде қолданыңыз. Нысандардың жиыны жалғыз болып, екі үлгі әрбір нысанның тәжірибеден бұрынғы және кейінгі өлшемдерін көрсеткен кезде, келесі мысалда сипатталған қосарлы тексеруді қолданыңыз.

    Келесі өрнек t санақтық мәнін анықтау үшін қолданылады.

    t мәнін есептеу өрнегі

    Келесі өрнек еркіндік дәрежелерін, df, есептеу үшін қолданылады. Есептеу мәні әдетте бүтін сан бола бермейтіндіктен, df мәні t кестесінде маңызды мәнді алу үшін ең жақын бүтін санға дейін дөңгелектеледі. Excel жұмыс парағының TTEST функциясы есептелген df мәнін дөңгелектеусіз пайдаланады, себебі ол ТTEST үшін мәнді бүтін емес df мәнімен есептеуге болады. Осы еркіндік дәрежелерін анықтау амалдары әр түрлі болғандықтан, ТTEST нәтижелері және осы t тексеру құралы тең емес дисперсиялар үшін әр түрлі болады.

    Еркіндік дәрежелерін жуықтау өрнегі

    t тексеруі: тең емес дисперсияларды екі үлгі арқылы жорамалдау тілқатысу терезесі

    1-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін бірінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы тиіс.

    2-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін екінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы тиіс.

    Гипотезалық орташа мән айырмасы      Үлгінің орташа мәндеріндегі ауытқудың өзіңіз қалаған санын енгізіңіз. 0 (нөл) мәні үлгінің орташа мәндері тең деп болжанатындығын көрсетеді.

    Белгілер      Енгізу ауқымдарының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымдарында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Альфа      Тексерудің сенімділік деңгейін енгізіңіз. Ол мән 0...1 аралығындағы ауқымда болуы керек. Альфа деңгейі І түріндегі қате (шын гипотезаны қабылдамау) ықтималдылығымен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    z тексеруі

    z тексеруі: орташа мәндердің екі үлгісін талдау құралы дисперсиялары белгілі орташа мәндерді табу үшін екі үлгілік z тексеруін жүргізеді. Бұл құрал екі басты жиынтық орташа мәндерінің арасында айырма жоқтығы туралы нөлдік гипотезаны не бір жақты, не екі жақты балама гипотезалармен салыстырып тексеру үшін қолданылады. Егер дисперсиялар белгісіз болса, жұмыс парағының ZTEST функциясын пайдаланған жөн.

    z тeксеру құралын пайдаланғанда, шығарылатын деректердің түсінікті екендігіне көз жеткізіңіз. "P(Z <= z) бір тарапты" іс жүзінде P(Z >= ABS(z)) болып табылады, жиынтық мәндерінің арасында айырмашылық болмағанда, бақыланып отырған z мәнінің бағдарына ұқсас бағдарда 0 мәнінен бастап z мәнінің ықтималдылығы болып табылады. "P(Z <= z) екі тарапты" із жүзінде P(Z >= ABS(z) немесе Z <= -ABS(z)), болып табылады, жиынтық мәндері арасында айырмашылық болмағанда, бақыланып отырған z мәнінің бағдарынан басқа бағдарда 0 мәнінен бастап z мәнінің ықтималдылығы болып табылады. Екі тарапты нәтиже іс жүзінде 2 мәніне көбейтілген бір тарапты нәтиже болып табылады. Сонымен қатар, z тексеру құралы нөлдік гипотеза екі жиынтық мәнінің арасындағы айырмашылықтың нөл емес арнайы мән болған жағдайда қолданыла алады. Мысалы, осы тексеруді екі автомобиль моделінің жасалуындағы айырмашылықты анықтау үшін пайдалануға болады.

    z тексеруі: орташа мәндердің екі үлгісі тілқатысу терезесі

    1-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін бірінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы тиіс.

    2-айнымалы ауқымы      Талдағыңыз келетін екінші деректер ауқымының ұяшық сілтемесін енгізіңіз. Ауқым деректердің бір ғана бағанынан немесе жолынан тұруы тиіс.

    Гипотезалық орташа мән айырмасы      Үлгінің орташа мәндеріндегі ауытқудың өзіңіз қалаған санын енгізіңіз. 0 (нөл) мәні үлгінің орташа мәндері тең деп болжанатындығын көрсетеді.

    1-айнымалы дисперсиясы (белгілі)      1-айнымалы енгізу ауқымының белгілі жиынтық дисперсиясын енгізіңіз.

    2-айнымалы дисперсиясы (белгілі)      2-айнымалы енгізу ауқымының белгілі жиынтық дисперсиясын енгізіңіз.

    Белгілер      Енгізу ауқымдарының бірінші жолында немесе бағанында белгілер болса, осы параметр жанына құсбелгі қойыңыз. Енгізу ауқымдарында белгілер болмаса, параметр жанынан құсбелгіні алыңыз. Microsoft Office Excel шығару кестесінің тиісті дерек белгілерін өзі жасайды.

    Альфа      Тексерудің сенімділік деңгейін енгізіңіз. Ол мән 0...1 аралығындағы ауқымда болуы керек. Альфа деңгейі І түріндегі қате (шын гипотезаны қабылдамау) ықтималдылығымен байланысты маңыздылық деңгейі болып табылады.

    Ауқымды шығару      Шығару кестесінің жоғарғы сол жақ ұяшығының сілтемесін енгізіңіз. Excel бағдарламасы автоматты түрде шығару аймағының өлшемдерін анықтап, шығару кестесі бар деректерді алмастырған жағдайда хабар береді.

    Жаңа жұмыс парағы      Ағымдағы жұмыс кітабына жаңа жұмыс парағын кірістіру және нәтижелерді жаңа жұмыс парағының A1 ұяшығынан бастап қою үшін нұқыңыз. Жаңа жұмыс парағына ат қою үшін, жолаққа бір атау теріңіз.

    Жаңа жұмыс кітабы      Ішіндегі нәтижелер жаңа жұмыс парағына қосылатын жаңа бір жұмыс кітабын жасау үшін нұқыңыз.

    Ескертулер : 

    • Деректерді талдау функцияларын бір уақытта тек бір жұмыс парағына қолдануға болады. Топтастырылған жұмыс парақтарына деректер талдауын жүргізген кезде, нәтижелер бірінші жұмыс парағына шығарылып, бос пішімделген кестелер қалған жұмыс парақтарына шығарылады. Деректер талдауын қалған жұмыс парақтарына жүргізу үшін, талдау құралын әрбір жұмыс парағы үшін қайтадан есептеңіз.

    • Microsoft Office Excel санақ құралдары мен функцияларын жасау үшін қолданылған санақ әдістері немесе алгоритмдері туралы толық ақпарат беретін әдебиеттер тізімін Санақ әдістері мен алгоритмдерінің әдебиеттер тізімі бөлімінен қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×