Деректерді жинақтау хабарламасын қайта жіберу

Егер деректер жинақтау электрондық пошта хабарламасы қосымша қолданушыларға жібергіңіз келсе, немесе бастапқы хабарлама кейбір қолданушыларға жетпесе, онда хабарламаны қайтадан жіберуіңіз қажет. Хабарламаны ары қарай жіберу әмірін пайдалану тиімсіз болып табылады.

  1. Бастапқы хабарлама орналасқан дерекқорды ашыңыз.

  2. Сыртқы деректер қойындысының Деректерді жинау тобында Жауаптарды басқару түймешігін нұқыңыз. Түймешік суреті

  3. Деректерді жинақтау хабарламаларын басқару тілқатысу терезесінде қайтадан жібергіңіз келетін хабарламаны таңдаңыз.

    Дерекетрді жинақтау хабарламаларын басқару тілқатысу терезесі

  4. Осы электрондық пошта хабарламасын қайта жіберу пәрменін таңдаңыз.

    Егер Қайта жіберу түймешігі жоқ болса (қол жеткізгісіз)

    Егер бұл батырма қол жеткізгісіз болса, хабарлама параметрлерін Outlook бағдарламасымен үндестіруіңіз қажет.

    Параметрлерді үндестіру үшін Хабарлама егжей-тегжейлері астындағы ескерту терезесін нұқыңыз. Егер барыс ойдағыдай өтсе, Access бағдарламасы Үндестіру сәтті аяқталды деген хабар бейнелейді. Егер Access қате туралы хабар бейнелесе, онда тілқатысу терезесін жауып, қайтадан ашып көріңіз.

  5. Access белгілі бір тексеру жұмыстарын өткізеді, мысалға айтқанда бұл бағдарлама қабылдау кестелерінің және сұраудың бар екендігіне, және онда барлық керекті үлгі өрістерінің бар екендігіне көз жеткізеді. Егер тексеру сәтті аяқталса, Access бағдарламасы сізден жауаптарды қалай реттеу керектігін сұрайтын шеберді шығарады. Басқаша болған жағдайларда, хабарлама сізге оны қайтадан ашу туралы хабарын шығарады.

  6. Шебермен жұмысты бастамастан бұрын, сіз бастапқы параметрлерді өзгерте алатындығыңызды есте сақтаңыз. Сіз хабарламаны басқа да қолданушыларға жіберуіңізге болады. Егер сізден мекенжайды көрсетуді сұраса, онда келесі әрекеттердің бірін істеңіз:

    • Электронды хабарлама мекенжайларын қолдан белгілеу функциясын таңдаңыз. (Есте сақтаңыз: бұл параметр деректі жаңа жазбалар қосу үшін жинақтау үшін ғана жарамды.)

    • Басқа электрондық пошта мекенжай өрісін таңдаңыз.

    • Сол электрондық пошта мекенжай өрісін таңдаңыз, бірақ соңғы қадамда тек қана сізге керекті мекенжайларды таңдаңыз.

      Шебер қадамдарын түсіну үшін төмендегі мақаладағы «Деректерді қалай реттеу керектігін анықтау» тарауын қараңыз Электрондық пошта хабарламалар көмегімен деректер жинақтау.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×