Вики-торапты басқару

Вики-тораптың көптеген параметрлерін басқару үшін торапты басқару рұқсатыңыз болуы керек. Көп жағдайларда, бұл тораптың иелер тобының мүшесі болуды немесе толық басқару рұқсат деңгейі болуды білдіреді.

Бұл мақалада:

Жалпы шолу

Бір мәнді рұқсаттарды орнату

SharePoint топтарымен жұмыс істеу

Вики-торапқа пайдаланушыларды қосу

Тектік тораптан рұқсаттарды алуды тоқтату

Вики-бет үшін бір мәнді рұқсаттарды орнату

Вики-тораптың барлық беттерін көру

Вики-беттің алдыңғы нұсқасын қалпына келтіру

Ағымдағы бетке қандай беттер байланысатынын көру

Қажет емес беттерді жою

Жалпы шолу

Адамдарға вики-торабыңызды көруге және оған үлес қосуға мүмкіндік беру үшін оларға вики-беттер сақталатын кітапханаға қатынасу мүмкіндігін беру керек. Сондай-ақ, вики-торапқа үлес қосатын және өңдей алатын адамды қарастыруыңыз керек. Мысалы, тораптың қалған бөлігіне қарағанда вики-торапқа кеңірек қатынасу құқығын беру керек болуы мүмкін. Басқа жағынан алғанда, вики-торапқа қатынасу құқығын тек біраз адаммен шектегіңіз келуі мүмкін.

Егер вики-торабыңыз — топ торабыңыздағы вики-беттердің кітапханасы болып табылса, вики-торапта бірдей адамдар жиыны жұмыс істесе, рұқсаттарды алуды таңдауыңыз мүмкін. Егер торабыңыздан гөрі үлкенірек, кішірек немесе басқа адамдар жиынына қатынасу құқығын беру керек болса, бір мәнді рұқсаттарды пайдаланыңыз. Бірнеше пайдаланушы үшін рұқсаттарды басқарудың тиімді жолы — SharePoint топтарын пайдалану.

Ескерту :  Бұл мақалада вики-торабыңыз – вики-беттердің кітапханасы деп есептеледі. Егер вики-торап топ торабында жасалса, бөлек вики-беттердің кітапханасы ешқашан жасалмаған болса, вики-беттеріңіз торап беттері кітапханасында болуы мүмкін. Бұл жағдайда, вики-торабыңыз бүкіл топ торабы болып табылады және рұқсаттарды басқару іс рәсімдері тораптың Торап әрекеттері мәзірінен басталады.

Бір мәнді рұқсаттарды орнату

Бір мәнді рұқсаттарды орнату үшін сіз иелену қатынасын торапқа бөлуіңіз керек. Вики-тораптың иелену қатынасын тексеру үшін вики-беттер сақталған кітапханаға өтіп, Бет қойындысын нұқыңыз, одан кейін Кітапхана рұқсаттары пәрменін таңдаңыз. Таспаның астында бет рұқсаттарды тектік беттен иелене ме, соны көрсететін сары жолақ пайда болады. Иелену қатынасын осы рұқсаттар бетінен басқаруға болады.

Егер торабыңыз қалай теңшелгені туралы сұрақтарыңыз болса, торапты теңшеген немесе басқаратын адаммен кеңесу керек. Әкімші, мысалы, серверді теңшейтін және басқаратын біреу, торабыңыз үшін қосымша шектеулер орнатқан болуы мүмкін.

SharePoint топтарымен жұмыс істеу

SharePoint топтары бірнеше пайдаланушылар үшін рұқсат деңгейлерін тиімді басқаруға мүмкіндік береді. SharePoint топтарын керек рұқсат деңгейлерін тағайындау үшін пайдалануға болады (шектеулі қатынас рұқсат деңгейінен басқа). Сондай-ақ, теңшелетін рұқсат деңгейлерін жасап, одан кейін SharePoint топтарына тағайындауға болатынын ескеріңіз.

Егер ұйымда тораптар немесе кітапханалар сияқты бір немесе бірнеше қорғалатын нысанда барлығында бірдей рұқсаттар болуы керек адамдар бар болса, сіз немесе әкімші олар үшін SharePoint тобын жасауларыңыз (немесе бар топты теңшеулеріңіз) керек. Мысалы, «SharePoint ықтимал сатып алушылары» деп аталатын ықтимал тұтынушылар үшін SharePoint тобын жасауға болады және сараптаушылар үшін «SharePoint сараптаушылары» деп аталатын бір топты жасауға болады.

Егер адамның бірегей қажеттіліктері бар болса және көп адамға осы сияқты деңгейді тағайындамайтын болсаңыз, торапқа жеке пайдаланушыны да қосуға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Вики-торапқа пайдаланушыларды қосу

Осы іс рәсімін пайдаланушыларды топқа немесе жеке-жеке вики-беттердің кітапханасына қосу үшін пайдаланыңыз. Егер вики-торап рұқсаттарын тектік тораптан алса, пайдаланушыны топқа қосу керек немесе рұқсаттарды иеленуді тоқтату әдісі туралы мәліметтер алу үшін «Тектік тораптар рұқсаттарды алуды тоқтату» (осы мақалада кейінірек) бөлімін қарау керек.

  1. Вики-торапта таспадағы Бет қойындысын нұқып, Кітапхана рұқсаттары пәрменін таңдаңыз.

  2. Адамдарды топқа қосу үшін немесе рұқсаттарды тікелей вики-беттегі адамдарға беру үшін Рұқсаттар беру пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту :  Егер вики-торап рұқсаттарды тектік тораптан алса, Рұқсаттар беру параметрі пайда болмайды. Пайдаланушыны тектік торапқа қосу үшін таспа астындағы сары хабарлау тақтасындағы торап атауын нұқыңыз.

  3. Рұқсаттар беру тілқатысу терезесіндегі Пайдаланушы/топтар жолағында вики-бетке қосылатын пайдаланушы атын немесе топты енгізіңіз.

    Ескерту :  Пайдаланушы немесе топ атына өту үшін кітап сияқты Шолу белгішесін нұқыңыз.

  4. Пайдаланушыны немесе топты тексеру үшін Аттарын тексеру белгішесін нұқыңыз.

  5. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  6. Пайдаланушыға рұқсаттарды тікелей беру үшін тағайындау керек рұқсат деңгейінің құсбелгісін қойыңыз.

  7. Пайдаланушыны топқа қосу үшін Пайдаланушыларды SharePoint тобына қосу (ұсынылады) пәрменін таңдаңыз да, тізімнен топтың атын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тектік тораптан рұқсаттарды алуды тоқтату

Тектік тораптан рұқсаттарды алуды тоқтатқанда, SharePoint топтары және тектік тораптағы қатысты рұқсаттар торабыңызға көшіріледі. Одан кейін вики-беттердің кітапханасының рұқсаттарын қосуға, жоюға немесе өзгертуге болады. Егер тектік торап немесе рұқсаттар құрылымы қалай орнатылғанына сенімді болмасаңыз, тектік тораптың иесімен немесе әкімшісімен кеңесу керек болуы мүмкін.

Маңызды :  Рұқсаттарды алуды тоқтатқаннан кейін тектік веб-тораптың рұқсаттарына жасалған өзгертулер енді вики-беттер кітапханасына әсер етпейді.

  1. Вики-торапта таспадағы Бет қойындысын нұқып, Кітапхана рұқсаттары түймешігін басыңыз.

  2. Рұқсаттарды алуды тоқтату түймешігін басыңыз.

Таспа астындағы сары хабарлау тақтасында енді мынау айтылады: Бұл кітапхананың бір мәнді рұқсаттары бар.

Беттің жоғарғы жағы

Вики-бет үшін бір мәнді рұқсаттарды орнату

Азырақ адамдар өңдей алатындай вики-беттің рұқсаттарын шектеу керек болса, бет үшін бір мәнді рұқсаттарды орнатуға болады.

  1. Рұқсаттарды орнату керек бетте таспадағы Бет қойындысын нұқып, Бет рұқсаттары түймешігін басыңыз.

  2. Рұқсаттарды алуды тоқтату түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Рұқсаттарды алуды тоқтатқаннан кейін вики-беттер кітапханасының рұқсаттарына жасалған өзгертулер енді вики-бетке әсер етпейді.

  3. Пайдаланушы рұқсаттарын өзгерту немесе жою үшін пайдаланушы немесе топ атын таңдаңыз да, тиісінше Пайдаланушы рұқсаттарын өзгерту немесе Пайдаланушы рұқсаттарын жою пәрменін таңдаңыз.

  4. Адамдарды топқа қосу үшін немесе рұқсаттарды тікелей вики-беттегі адамдарға беру үшін Рұқсаттар беру пәрменін таңдаңыз.

  5. Рұқсаттар беру тілқатысу терезесіндегі Пайдаланушы/топтар жолағында вики-бетке қосылатын пайдаланушы атын немесе топты енгізіңіз.

    Ескерту :  Пайдаланушы немесе топ атына өту үшін кітап сияқты Шолу белгішесін нұқыңыз.

  6. Пайдаланушыны немесе топты тексеру үшін Аттарын тексеру белгішесін нұқыңыз.

  7. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Пайдаланушыға рұқсаттарды тікелей беру үшін тағайындау керек рұқсат деңгейінің құсбелгісін қойыңыз.

    • Пайдаланушыны топқа қосу үшін Пайдаланушыларды SharePoint тобына қосу (ұсынылады) пәрменін, одан кейін тізімнен топтың атын таңдаңыз.

Ескерту :  Рұқсаттар орнатылған вики-торап бетіне оралу үшін Жоғары қарай шарлау түймешігін (таспада Шолу қойындысының жанында) басыңыз, одан кейін беттің атауын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Вики-тораптың барлық беттерін көру

Вики құрылымда әрқайсысына шарлаудың орнына вики-тораптағы барлық беттерді бір орында көре аласыз. Вики-беттер вики-беттер кітапханасында сақталады. Онда оларды әдеттегі құжаттар кітапханасында құжаттарды өңдегендей өңдеуге болады.

Вики-тораптағы кез келген бетте таспадағы Бет қойындысын нұқып, Барлық беттерді қарау түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Вики-тораптың басты бетіне оралу үшін шағын сілтемедегі вики-тораптың атауын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Вики-беттің алдыңғы нұсқасын қалпына келтіру

  1. Қалпына келтіру керек вики-бетте таспадағы Бет қойындысын нұқып, Беттер жұрналы түймешігін басыңыз.

  2. Нұсқалар астында көру керек нұсқалар санын нұқыңыз.

    Кеңес :  Егер қай нұсқа керек екеніне сенімді болмасаңыз, көріп жатқан бетті беттің алдыңғы нұсқасымен салыстыру үшін Нұсқамен салыстыру тізімін пайдалануға болады.

  3. Қалпына келтірілетін нұсқаны тапқанда, Бұл нұсқаны қалыпқа келтіру түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ағымдағы бетке қандай беттер байланысатынын көру

Сілтемелер ақаулығын жойғыңыз келсе немесе бетті жоюға бола ма, соны анықтау керек болса, ағымдағы вики-бетке қай беттер байланысатынын көру керек болуы мүмкін.

Вики-тораптағы кез келген бетте таспадағы Бет қойындысын нұқып, Кіресін сілтемелер түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Көріп жатқан бетке оралу үшін Жоғары қарай шарлау түймешігін (таспада Шолу қойындысының жанында) түймешігін басыңыз, одан кейін беттің атауын нұқыңыз

Беттің жоғарғы жағы

Қажет емес беттерді жою

Топтың вики-торабы үлкейгенде, топ енді пайдаланылмайтын беттерді жоя алады. Қажет емес беттерді жою сервер кеңістігін босатады және адамдардың кездейсоқ ескірген мәліметтерге өтіп, оқуын болдырмайды.

Маңызды :  Кез келген мазмұнды жойғандағы сияқты, беттер енді топқа керек емес екенін тексеру керек.

  1. Вики-тораптағы кез келген бетте таспадағы Бет қойындысын нұқып, Барлық беттерді қарау түймешігін басыңыз.

  2. Өңдеу керек вики-беттің атауын көрсетіп, бет атауының жанында пайда болатын құсбелгіні қойыңыз да, Құжатты жою пәрменін таңдаңыз.

  3. Жою керек кез келген қосымша беттер үшін қайталаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×