Веб-қызметке деректер қосылымын қосу

Пішін үлгісіне Веб-қызметтен деректер сұрап алатын немесе оған деректер жіберетін бір немесе бірнеше қосымша деректер қосылымдарын қосу мүмкін.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Шолу

Сыйымдылық талдаулары

Бастамас бұрын

Деректер жіберетін қосылымды қосу

Деректер жіберетін қосылымды қосу

Шолу

Қосымша деректік қосылым сіз пішін үлгісіне қосатын сыртқы деректер көзінің қандай да бір деректік қосылымы болып табылады. Бұл деректік қосылым дерекқорға, веб қызметіне немесе қосылым кітапханасындағы параметрлерге негізделген пішін үлгісін жасақтағаныңызда жасалатын негізгі деректік қосылымнан басқаша болады. Негізгі деренктік қосылым арқылы деректерді сұрай немесе жібере алмаған жағдайда ғана сіз қосымша деректік қосылымды қосасыз.

Пішін үлгісіне деректер сұрап алатын қосымша деректер қосылымы қосылған кезде Microsoft Office InfoPath бағдарламасы ішінде Веб-қызметтің XML сұлбасы жүйесіне сәйкес келетін деректер өрісі мен топ бар қосымша деректер көзі жаратады. Қосымша деректер көзіндегі деректер құрылымы міндетті түрде XML Schema жүйесіне сәйкес келуі қажет болғандықтан, қосымша деректер қосылымы ішіндегі бар өрістерді немесе топтарды өзгерту мүмкін емес. Пішін үлгісіне деректер жіберетін қосылымды қосқан кезде пайдаланушыларға өз пішіндеріндегі деректерді жіберуге мүмкіндік беру мақсатында пішін үлгісін теңшеп алу керек және осы пішін үлгісіне негізделген пішіндер үшін жіберу параметрлерін теңшеп алу керек.

Беттің жоғарғы жағы

Сыйымдылық талдаулары

Пайдаланушыларға пішіндердегі деректерімен бірге өзгеріс ақпаратын Microsoft ADO.NET DataSet бағдарламалау тілін қабылдайтын Веб-қызметке жіберуге рұқсат беру үшін браузерге үйлесімді форма үлгісі ішінде деректер жіберетін қосылымды теңшеу мүмкін емес. Өзгеріс ақпараты дерекқорда сақталатын деректеріне пайдаланушы тарапынан енгізілген өзгерістерден құралған. Пайдаланушылар дерекқорға Веб-қызмет арқылы қосылады. ADO.NET бағдарламалау тілі өзгеріс ақпаратын пайдаланып, дерекқордағы деректерді жаңарту жолын анықтайды. Веб-қызмет әкімшіңізден дерекқорды жаңарту үшін Веб-қызмет өзгеріс ақпаратын талап етеді ме деп сұраңыз. Егер ол оны талап етсе, пішіндерін тек InfoPath арқылы толтыруға болатын пішін үлгісін жасақтаған жөн.

Беттің жоғарғы жағы

Бастамас бұрын

Пішін үлгісіне қосымша деректер қосылымын қоспас бұрын, Веб-қызмет әкімшісінен төмендегі ақпаратты алу керек:

  • Веб-қызметтің орналасуы.

  • Веб-қызметтің құжат/cөзбе-cөз шифрлау мәнерін пайдаланғандығын растайтын ақпарат. InfoPath тек құжат/сөзбе-cөз шифрлау мәнерін қолдайтын Веб-қызметтермен жұмыс істейді.

  • Осы пішін үлгісіне негізделген пішіндерге дерекетер жіберетін немесе олардан деректер қабылдайтын Веб-қызмет әрекетінің атауы.

Беттің жоғарғы жағы

Деректер жіберетін қосылымды қосу

Пайдаланушыларға пішін үлгісін пайдаланып, Веб-қызметтен деректер сұрап алуға рұқсат беру үшін пішін үлгісінде келесі әрекеттерді істеу керек:

  1. Деректер жіберетін қосылымды қосыңыз.

  2. Қосымша деректер қосылымын пайдалану үшін пішін үлгісін теңшеп алыңыз.

1-қадам: Қосымша деректер қосылымын қосу

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Деректік қосылымдар тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін нұқыңыз.

  3. Деректік қосылым шеберінде Жаңа қосылым жасау түймешігін нұқыңыз, Деректерді алу түймешігін нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

  4. Деректеріңізді қай жерден алуды қалайсыз астында Веб-қызмет дегенін нұқыңыз да Келесі түймешігін басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде Веб-қызметтің орналасу мекенжайын енгізіңіз де Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер сіз Әмбебап суреттеме айқындау және интергарциясы (UDDI) сервері арқылы веб қызметін іздесеңіз, UDDI іздеу түймешігін нұқыңыз, іздегіңіз келген UDDI серверінің URL енгізіңіз, провайдер арқылы немесе көрсетілетін қызмет арқылы іздегіңіз келетінін анықтаңыз, іздеу кілтсөзін енгізіңіз, содан кейін Іздеу түймешігін нұқыңыз. Іздеу кілтсөзіңізге сәйкес келетін веб қызметтері Іздеу нәтижесі тізіміне шығады. Пайдаланғыңыз келген веб қызметін таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз .

  6. Шебердің келесі бетіндегі Әрекет таңдау тізімінен деректерді пішінге қайтаратын Веб-қызмет әрекетін таңдаңыз да Келесі түймешігін басыңыз.

  7. Егер Веб-қызметтің схемасында деректерді қосу шеберіне белгісіз элемент ұшыраса, негізгі деректер көзіне қай өрістерді немесе топтарды қосуды анықтау мақсатында шебердің келесі беті әрбір параметр үшін үлгілі мәндерді белгілеуді сұрауы мүмкін.

    Қалай?

    1. Параметрлер кестесіндегі параметрді таңдаңыз, содан кейін Мән үлгісін орнату түймешігін нұқыңыз.

    2. Мән үлгісі жолағында пайдаланушыңыз осы жолақ үшін пайдалануы мүмкін мәнді теріңіз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    3. Параметрлер кестесіндегі әрбір кесте үшін осы қадамдарды қайталаңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

    Техникалық ақпарат

    Деректік қосылымды Деректік қосылым шеберіндегі веб қызметіне баптағаныңызда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы веб қызметіне қосады және Веб қызметінің суреттеме тілі (WSDL) файлын сұрайды. WSDL файлында веб қызметі арқылы пайдаланылатын сұлба болады. Веб қызметі осы файлды InfoPath бағдарламасына жіберу арқылы өтінішке жауап береді. InfoPath бағдарламасы сәйкес жолақтар мен топтарды пішін үлгісіндегі қосымша деректер көзіне қосу үшін осы файлдағы ақпаратты пайдаланыңыз. Егер InfoPath бағдарламасы WSDL файлында белгісіз элементті тапқанда, InfoPath бағдарламасы белгісіз элемент түрінің анықтамасын білу үішн деректер үлгісін пайдаланады, содан кейін сәйкес жолақтар мен топтарды қосымша деректер көзіне қосады.

  8. Пішін желіге қосылмаған жағдайда сұрау нәтижелерінің қатынаулы болғанын қаласаңыз Пішін үлгісінде деректердің көшірмесін сақтау параметріне құсбелгі қойыңыз.

    Қауіпсіздік ескертуі : Бұл қанатшаны таңдағаннан сұрау нәтижелерін пішін үлгісіне сақтайды. Себебі деректер пішін үлгісіне сақталады, олар компьютерлері желіге қосылмағанның өзінде пайдаланушылар толтыратын пішіндерде қолданылады. Егер сіз осы деректік қосылымнан мәнді деректерді алсаңыз, сіздің компьютер жоғалған немесе ұрланған жағдайда деректерді қорғауға осы мүмкіндікті доғарғыңыз келуі мүмкін.

  9. Келесі түймешігін басыңыз.

  10. Шебердің келесі бетінде деректер сұрап алатын қосылым үшін оны сипаттайтын атау енгізіңіз.

  11. Осы пішін үлгісіне негізделген пішіндер ашылған кезде оларға автоматты түрде деректерді қабылдау мүмкіндігін беру үшін Пішін ашылған кезде автоматты түрде деректер шығарып алу параметріне құсбелгі қойыңыз.

2-қадам: Қосымша деректер қосылымын пайдалану үшін пішін үлгісін теңшеу

Пішін үлгісіне сұраулы деректік қосылымды қосқаныңызда, пайдаланушы ашқанда, осы пішін үлгісіне негізделген пішіндердің әдепкі мәндерімен деректік қосылымды пайдаланыңыз. Сонымен бірге сіз сұраулы деректік қосылымды төмендегі жолдардың біреуімен пайдалану үшін пішін үлгіңізді баптай аласыз:

  • Ереже қосыңыз    Ережедегі шарт кездескенде, сіз сұраулы деректік қосылымды баптай аласыз.

  • Түймешік қосыңыз    Сіз түймешікті пайдаланушылардың сұраулы деректік қосылым арқылы деректерді алу үшін нұқитын пішін үлгісіне қоса аласыз.

  • Таңдамалы кодты пайдаланыңыз    Егер сіз ережені немесе түймешікті қоссаңыз, сіз сұраулы деректік қосылым арқылы деректерді алу үшін таңдамалы кодты пайдалана аласыз. Таңдамалы кодты пайдалану жасақтаушыныдан таңдамалы кодты жасауды талап етеді.

Ереже қосу

Пішін үлгісіне ереже қосып, осы ережеге сай келетін жағдай орын алған кезде деректер сұрап алатын қосылым арқылы деректер алуға болады. Төмендегі әрекеттерді істемес бұрын пішін үлгісі үшін деректер сұрап алатын қосылым жаратып алу қажет және осы деректер қосылымы арқылы алынатын деректерді бейнелеу мақсатында пішін үлгісінде басқару элементін теңшеп алу керек.

  1. Егер пішін үлгісінің бірнеше көрінісі болса, қосымша деректер көзінен деректерді бейнелегіңіз келетін жерде басқару элементі бар көрініске өту үшін Көрініс мәзіріндегі Көрініс атауы түймешігін нұқыңыз.

  2. Басқару элементіне ереже қосу үшін, оны екі рет нұқыңыз.

  3. Деректер қойындысын ашыңыз.

  4. Деректер тексеру және ережелер астында Ережелер түймешігін басыңыз.

  5. Ережелер тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін басыңыз.

  6. Атау жақтауы ішінде ереже үшін атау теріңіз.

  7. Ереже іске қосылуы керек кезде шартты анықтау үшін Шартты орнату түймешігін нұқыңыз, содан кейін шартты енгізіңіз. Шарт кездескенде, ереже іске қосылады. Егер сіз шартты орнатпасаңыз, пайдаланушы басқару элементіндегі мәнді өзгерткенде және жүгіргісін сол басқару элементінен алғанда, ереже іске қосылады.

  8. Әрекет қосу түймешігін басыңыз.

  9. Әрекет тізімінен Деректер қосылымы арқылы сұрау жіберу дегенін таңдаңыз.

  10. Деректер қосылымы тізімінен пайдаланғыңыз келетін сұрау қосылымын таңдаңыз да OK түймешіктерін басып, ашылған тілқатысу терезелерін жабыңыз.

  11. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Түймешік қосу

Пішін үлгісіне түймешік қосып, пайдаланушылар оны басып, деректер сұрайтын қосылым арқылы деректер алатындай етіп қою мүмкін. Төмендегі әрекеттерді істемес бұрын пішін үлгісі үшін деректер сұрап алатын қосылым жаратып алу қажет.

  1. Егер пішін үлгісінің бірнеше көрінісі болса, қосымша деректер көзінен деректерді бейнелегіңіз келетін жерде басқару элементі бар көрініске өту үшін Көрініс мәзіріндегі Көрініс атауы түймешігін нұқыңыз.

  2. Егер Басқару элементтері тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Кірістіру мәзіріндегі Қосымша басқару элементтері түймешігін нұқыңыз немесе ALT+I, C пернелерін басыңыз.

  3. Пішін үлгісінің ішіне түймешік сүйреп апарыңыз.

  4. Қазір ғана қосылған түймешікті екі рет нұқыңыз.

  5. Жалпы қойындысын ашыңыз.

  6. Әрекет тізімінен Жаңарту дегенін таңдаңыз.

  7. Белгі жақтауында түймешікте көрінетін атауды теріңіз.

  8. Параметрлер дегенін нұқыңыз.

  9. Жаңарту тілқатысу терезесінде Бір қосымша деректер көзі дегенін нұқыңыз.

  10. Қосымша деректер көзін таңдау тізімінен деректер сұрайтын қосылыммен салғастырылған қосымша деректер көзін таңдаңыз да OK түймешіктерін басып, ашылған тілқатысу терезелерін жабыңыз.

  11. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректер жіберетін қосылымды қосу

Пайдаланушыларға пішін үлгісіне негізделген пішіндерін Веб-қызметке жіберу мүмкіндігін беру үшін, әуелі пішін үлгісіне деректер жіберетін қосымша қосылымды қосу қажет, ал одан соң пайдаланушыларға пішіндегі деректерін жіберуге мүмкіндік беру мақсатында пішін үлгісін теңшеп алу керек.

1-қадам: Қосымша деректер қосылымын қосу

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Деректік қосылымдар тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін нұқыңыз.

  3. Деректер қосылымы шеберінде Жаңа қосылым жасау дегенін таңдаңыз, Деректер жіберу дегенін нұқыңыз да Келесі түймешігін басыңыз.

  4. Деректеріңізді қай жерге жіберу керек? астында Веб-қызметке дегенін таңдаңыз да Келесі түймешігін басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде пайдаланушылар өз деректерін жіберетін Веб-қызметтің орналасу мекенжайын енгізіңіз де Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер сіз Әмбебап суреттеме айқындау және интергарциясы (UDDI) сервері арқылы веб қызметін іздесеңіз, UDDI іздеу түймешігін нұқыңыз, іздегіңіз келген UDDI серверінің URL енгізіңіз, провайдер арқылы немесе көрсетілетін қызмет арқылы іздегіңіз келетінін анықтаңыз, іздеу кілтсөзін енгізіңіз, содан кейін Іздеу түймешігін нұқыңыз. Іздеу кілтсөзіңізге сәйкес келетін веб қызметтері Іздеу нәтижесі тізіміне шығады. Пайдаланғыңыз келген веб қызметін таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз .

  6. Әрекет таңдау тізімінен пішіндегі деректерді қабылдайтын Веб-қызмет әрекетін таңдаңыз да Келесі түймешігін басыңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде Веб-қызметтің әрбір параметріне жіберілетін деректерді пішін ішінде таңдау үшін келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    Өрістегі немесе топтағы деректерді жіберу

    1. Параметрлер тізімінде пішіннен деректерді алатын веб қызметінің параметрін нұқыңыз.

    2. Параметр таңдаулары астындағы Жолақ немесе топ түймешігін нұқыңыз.

    3. Өзгерту Батырма суреті түймешігін нұқыңыз.

    4. Жолақ немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде деректерін жібергіңіз келген жолақты немесе топты нұқыңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    5. Іске қосу жолағында осы жолақтағы деректерді және жолақтың немесе топтың еншілес элементтерін жіберу үшін Тек мәтін және еншілес элементтер түймешігін нұқыңыз немесе жолақ атауын, жолақтағы деректерді және таңдалған топтағы немесе жолақтағы еншілес элементтерді жіберу үшін XML қосымша бұтағы таңдалған элементпен бірге түймешігін нұқыңыз.

    Пішіндегі барлық деректерді жіберу

    1. Параметрлер тізімінде пішіннен деректерді алатын веб қызметінің параметрін нұқыңыз.

    2. Параметрлер таңдаулары астындағы Толық пішін (XML құжаты үдеріс нұсқауларымен бірге) түймешігін нұқыңыз.

    Деректерді жол ретінде жіберу

    1. Параметрлер тізімінде пішіннен деректерді алатын веб қызметінің параметрін нұқыңыз.

    2. Параметр таңдаулары астындағы Толық пішін (XML құжаты үдеріс нұсқауларымен бірге) түймешігін нұқыңыз.

    3. Деректерді жол ретінде жіберу қанатшасын таңдаңыз.

      Ескерту : Әдетте, сіз сандық қолтаңбасы бар деректерді жіберуге осы қанатшаны таңдайсыз. Көп жағдайда, бұл қанатшаны өшіріңіз.

    ADO.NET DataSet нысандары туралы техникалық ескерім

    Егер Веб-қызмет ADO.NET DataSet нысанын талап етсе, осы деректер қосылымын баптаған кезде DataSet түйінін таңдаңыз. Егер ADO.NET DataSet нысанын талап ететін Веб-қызмет үшін түйіннің басқа түрін пайдалансаңыз, деректер жіберілмейді.

  8. Келесі түймешігін басыңыз.

  9. Шебердің келесі бетінде деректер жіберетін қосылым үшін атау енгізіңіз де Дайын түймешігін басыңыз.

Қосымша деректер жіберетін қосылым қосылған соң пайдаланушыларға осы қосылымды пайдаланып, пішіндегі деректерін жіберу мүмкіндігін беру мақсатында пішін үлгісін теңшеп алу қажет.

2-қадам: Пішін үлгісінде жіберу мүмкіндігін қосу

Пайдаланушыларға пішіндегі деректерін жіберуге рұқсат беру мақсатында пішін үлгісін теңшеп алған соң InfoPath бағдарламасы Стандартты құралдар тақтасына Жіберу түймешігін, ал пішіндегі Файл мәзіріне Жіберу пәрменін қосады. Сондай-aқ, пішін үлгісі үшін арналған жіберу параметрлерін келесі әдістер арқылы теңшеу мүмкін:

  • Жіберу түймешігінде және Жіберу пәрменінде көрінетін мәтінді өзгертіңіз.

  • Жіберу түймешігі мен Жіберу пәрмені үшін пернелер тіркесімін өзгертіңіз.

  • Пайдаланушылар өз пішіндерін жіберген кезде олар үшін пайда болатын өзгертпелі хабарларды жасаңыз.

  • Пішіндер жіберілген соң пішіндерді ашық қалдыру, пішіндерді жауып тастау немесе басқа таза пішінді ашу керектігін белгілеп көрсетіңіз.

  • Құралдар мәзірінде Жіберу параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  • Жіберу параметрлері тілқатысу терезесінде Пайдаланушыларға осы пішінді жіберуге рұқсат беру параметріне құсбелгі қойыңыз, Пішіндегі деректерді жеке тағайындауға жіберу дегенін нұқыңыз, ал одан кейін тізімден Веб-қызмет дегенін таңдаңыз.

  • Жіберу үшін деректер қосылымын таңдаңыз тізімінен бұрынғы қадамдар барысында жаратылған Веб-қызметке деректер жіберетін қосылымды таңдаңыз.

    Пайдаланушылар пішінді толтырғанда, Стандарт құралдар тақтасына шығатын Жіберу түймешігінің және Файл мәзіріне шығатын Жіберу әмірінің атауын өзгерту үшін Жіберу параметрлері тілқатысу терезесіндегі Тақырып аты жолағына жаңа атауды теріңіз.

    Кеңес : Егер сіз осы түймешікке және әмірге жылдам пернені белгілесеңіз, жылдам перне ретінде пайдаланғыңыз келген таңбадан бұрын (&) таңбасын теріңіз. Мысалы, Жіберу түймешігіне және әміріне жылдам перне ретінде ALT+B пернелерін тағайындау үшін Su&bmit енгізіңіз.

  • Егер сіз адамдардың Жіберу әмірін немесе Стандарт құралдар тақтасындағы Жіберу түймешігін пішініңізді толтырғанда пайдалануын қаламасаңыз, Жіберу мәзірінің элементін және Жіберу құралдар тақтасының түймешігін көрсету қанатшасын өшіріңіз.

    Әдепкі мәнімен пайдаланушылар пішінді жіберген соң, InfoPath бағдарламасы пішінді ашып ұстайды және пішіннің сәтті жіберілгенін көрсету үшін хабарды бейнелейді. Осы әдепкі мәндегі қасиетті өзгерту үшін Қосымша түймешігін нұқыңыз, содан кейін төмендегілердің біреуін орындаңыз:

    • Пішінді жабу немесе бос пішін жасау үшін пайдаланушы біткен пішінді жібергеннен кейін Жіберуден кейін тізіміндегі қажетті параметрді нұқыңыз.

    • Пішіннің сәтті жіберілгенін көрсетуге таңдамалы хабарды жасау үшін Таңдамалы хабарларды пайдалану қанатшасын таңдаңыз, содан кейін хабарларыңызды Сәтті және Сәтсіз жолақтарында теріңіз.

      Кеңес : Пайдаланушылар пішіндерін жібере алмайтын болса, не істеу керектігін айту үшін Сәтсіз жолағындағы хабарды пайдаланыңыз. Мысалы, сіз пайдаланушылардың пішіндерін сақтап, қосымша нұсқаулар алу үшін біреумен хабарласуына ұсыныс жасай аласыз.

    • Егер пайдаланушы пішінді жібергеннен кейін сіздің хабарды көрсеткіңіз келсе, Сәтті және сәтсіз хабарларды көрсету қанатшасын өшіріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×