Веб-бөліктерді пайдалану арқылы теңшелетін беттерге кіріспе

Бұл мақала веб-бет иелері мен әкімшілеріне арналған. Бұл мақалада веб-бөліктер мен веб-бөлік беттеріне шолу жасалады және веб-беттерді қосу, өзгерту немесе жою арқылы бетті реттеу жолы түсіндіріледі.

Бұл мақалада:

Веб-бөліктер және веб-бөлік беттеріне шолу жасау

Веб-бөліктердің түрлері

Веб-бөліктер және веб-бөлік беттерін пайдалану жолы

Веб-бөлік беттеріне арналған веб-браузер қолдауы

Веб-бөліктер және веб-бөлік беттеріне шолу жасау

Веб-бөлік дегеніміз веб-бөлік бетінің негізгі стандартты блогын құратын ақпараттың модульдық бірлігі болып табылады. Веб-бөлік бетінде веб-бөліктерді веб-бөлік аймақтарына қоса аласыз және содан кейін сайт пайдаланушыларына арналған бірегей бетті жасау үшін, жеке веб-бөліктерді реттей аласыз.

Келесі мысалда веб-бөліктің негізгі мүмкіндіктерін сипаттау үшін кескін веб-бөлігі пайдаланылады.

Сурет веб-бөлігінің үлгісі

1. Веб-бөлік терезе тақырыбында веб-бөлікке арналған атау қамтылады.

2. Веб-бөлік мәзірі веб-бөлікті барынша кішірейтуге не жабуға, веб-бөлікті өңдеуге немесе арнайы веб-бөлік үшін анықтама алуға мүмкіндік беретін функцияларды қамтиды. Бет өңдеу режимінде болған кезде, осы мәзірді, сондай-ақ, өзіңіз пайдаланып жатқан веб-бөлік түріне байланысты веб-бөлікті жою үшін немесе оны басқа веб-бөліктерге қосу үшін пайдалана аласыз.

3. Веб-бөліктің негізгі мәтінінде пайдаланылып жатқан веб-бөлік түрі үшін көрсетілген мазмұн қамтылады. Осы мысал үшін, веб-бөлік кескінді көрсететін кескіннің веб-бөлігі болып табылады.

Веб-бөлік беті – жалпы тапсырма немесе арнайы қызығушылық айналасында құрылған динамикалық ақпарат порталындағы мәтін мен кескіндер сияқты және тізімдер мен диаграммалар және веб-мазмұн сияқты деректерді біріктіру үшін веб-бөліктерді пайдалануға болатын веб-беттің арнайы түрі.

Сайттың басты беті веб-бөлік бетінің бір мысалы болып табылады. Жаңа сайтты немесе жұмыс кеңістігінің сайтын жасаған кезде, веб-бөлік бетін жасайсыз. Сондай-ақ, қолжетімді сайт үлгілерінің бірін таңдау арқылы веб-бөлік бетін жасай аласыз немесе көмекші аймақтан веб-бөлік бетін жасау үшін Microsoft Office SharePoint Designer 2007 сияқты Windows SharePoint Services қызметімен үйлесімді веб жасақтау бағдарламасын пайдалана аласыз.

Әртүрлі құрылымды және құрылымсыз ақпаратты ұйымдастырылған, пайдалы және қолайлы жолмен көрсету үшін, веб-бөлік бетін пайдалана аласыз. Қажетті нәтижелерді көру мақсатында, веб-бөлік беттері деректер мен мазмұнды динамикалық түрде көрсету үшін қосылған бірнеше веб-бөліктерді қамтиды.

Мысалы, маңызды ақпаратты көрсету үшін жиі пайдаланылатын пайдаланушылық реттер деп аталатын веб-бөлік бетін жасай аласыз. Сізге тапсырыс туралы сұрағы бар, тапсырыс нөмірін ұмытып қалған, бірақ тапсырыстың орналастырылған күнін есінде сақтап қалған тұтынушы қоңырау шалады. Веб-бөлік бетін келесі әрекетті орындау үшін пайдалануға болады.

Бірнеше веб бөліктерімен тұтынушы тапсырыстары

1. Тапсырысты тапсырыс нөмірі бойынша немесе осы жағдайда тапсырыс күні бойынша іздеңіз.

2. Барлық тапсырыстарды күні бойынша көрсетіңіз.

3. Тұтынушы атына негізделген дұрыс тапсырысты таңдаңыз және тұтынушы мәліметтеріне қоса, тапсырыс мәліметтерін іздеңіз.

4. Тапсырыстағы жол элементін (осы жағдайда, шам) және тұтынушы сұрағын растау үшін өнім суретін көрсетіңіз.

5. Тұтынушы тапсырысы үшін орынды болып табылатын соңғы бизнес жаңалықтарды сканерлеңіз.

Веб-бөлік сипаттары

Әрбір веб-бөлік құралдар тақтасында бөлімдер бойынша ұйымдастырылған және веб-бөліктің сыртқы көрінісін (тақырып, биіктік және ені), орналасуын (аймақтағы және мазмұн бағытындағы веб-бөлік тапсырысы сияқты) және кеңейтілген сипаттамаларын (кескін белгішесі және сипаттамасы сияқты) басқаратын жалпы сипаттар (негізгі класс сипаттары деп аталатын) жинағын ортақ пайдаланады.

Сондай-ақ, көптеген веб-бөліктерде веб-бөлік үшін бірегей болып табылатын реттелетін сипаттар бар. Олар, әдетте, құралдар тақтасындағы жалпы веб-бөлік сипаттарынан жоғары немесе төмен көрсетіледі. Мысалы, кескін веб-бөлігінде кескін сілтемесін, оның көлденең және тігінен туралауын және фондық түсін қамтитын қосымша реттелетін сипаттар бар.

Ескерту : Веб-бөліктің жасалу жолына байланысты, веб-бөліктің реттелетін сипаты құралдар тақтасындағы жалпы сипаттардың төменгі жағындағы әдепкі «Әр түрлі» бөлімінде көрсетілуі мүмкін.

Веб-бөлік көріністері

Веб-бөлікті екі көріністің біреуінде реттей аласыз:

  • Ортақ көрініс    Веб-бөлікті веб-бөлік бетіне қосуға болады және содан кейін веб-бөлік бетін ортақ көріністе өңдей аласыз. Ортақ веб-бөліктер тиісті рұқсаты бар веб-бөлік бетінің барлық пайдаланушыларына қолжетімді болып табылады.

  • Жеке көрініс    Ортақ веб-бөлікті өзіңіздің жеке көрінісіңізге қоса аласыз және содан кейін веб-бөлік бетінің көрінісін өңдеуіңізге болады. Сіз жеке көріністе болған кезде веб-бөлікке жасалатын өзгерістер тек сіз үшін қолжетімді болады. Жеке көрініске өзгеріс енгізбеген басқа пайдаланушылар веб-бөліктің ортақ көрінісін қарауды жалғастырады.

Сіз жұмыс істеп отырған веб-бөлік көрініс маңызды болуы мүмкін, себебі:

  • Кейбір веб-бөліктерді барлық веб-бөлік беттерінде емес, тек белгілі бір веб-бөлік беттерінде өңдеуге рұқсатыңыз болуы мүмкін.

  • Бір веб-бөлік бетіндегі барлық веб-бөліктерге емес, тек белгілі бір веб-бөліктерге қосылуыңызға болады.

Веб-бөліктер және веб-бөлік қосылымдары

Веб-бөліктердің қосымша мүмкіндігі веб-бөліктер арасында деректерді жіберу арқылы және олардың әрекетін синхрондау арқылы оңай қосылу мүмкіндігі болып табылады. Веб-бөліктерді қосу арқылы, деректерді динамикалық және қызықты жолмен басқаруға болады. Көптеген өнімдерде және технологияларда, әртүрлі дерек көздеріндегі деректер жинақтарын қосу тапсырмасы оңай емес және көбінесе бағдарламалау дағдылары талап етіледі. Бірақ веб-бөліктер арқылы деректер байланысын жасау мәзір пәрмендерін пайдалану сияқты қарапайым болады. Веб-бөліктерді қосу арқылы, мысалы екі веб-бөліктегі деректерді балама көріністерде көрсетуге, екі веб-бөлік арасындағы қатысты есептеулерді орындауға және басқа веб-бөліктегі мәндерді пайдалану арқылы веб-бөлікті сүзуге болады, осы барлық әрекеттер бір веб-бөлік бетінде орындалады.

Веб-бөлік аймақтары мен олардың сипаттары

Веб-бөлік аймақтары веб-бөліктерді веб-бөлік бетіне топтау және ұйымдастыру үшін пайдаланылатын веб-бөліктердің контейнерлері болып табылады. Сондай-ақ, веб-бөлік аймақтарында қос мақсатта қызмет ететін сипаттардың жинағы бар. Веб-бөлік бетіндегі веб-бөліктердің орналасуы мен пішімін ұйымдастыру үшін, сипаттардың бір ішкі жинағын пайдалана аласыз. Аймақтағы веб-бөліктерді өзгерту енгізуден қорғаудың қосымша деңгейімен қамтамасыз ету (немесе «құлыптау») үшін, сипаттардың басқа ішкі жинағын пайдалана аласыз.

Веб-бөлік аймағы сипаттарының әрқайсысында әдепкі параметрлер немесе әрекеттер бар. Веб-бөліктерді веб-бөлік бетіне қосқандықтан, осы сипат мәндерінің кейбірі автоматты түрде орнатылады. Осы сипат мәндері браузерде өңделу үшін жасалмаған, бірақ сіз оларды Office SharePoint Designer 2007 сияқты Windows SharePoint Services қызметімен үйлесімді болып табылатын веб жасақтау бағдарламасын пайдалану арқылы өңдей аласыз.

Веб-бөлік аумағының сипаттары туралы қосымша ақпарат алу үшін SharePoint жалпы даму сайтында қолжетімді болатын Windows SharePoint Services 3.0 SDK бөлімін қараңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Веб-бөліктердің түрлері

Windows SharePoint Services қызметі сіздің сайтыңыз арқылы пайдалануға болатын бірнеше веб-бөліктерді ұсынады. Осы ендірілген веб-бөліктерді пайдаланып, оларды өз қажеттіліктеріңізге сай реттей аласыз немесе жаңа веб-бөліктерді жасап, оларды сайтыңыз арқылы пайдалану үшін кері жүктей аласыз.

Әдепкі веб-бөліктер

Келесі веб-бөліктер әдепкі бойынша кез келген сайтқа қосылады және оларды тобыңыздың қажеттіліктеріне сай реттей аласыз. Көптеген бірегей шешімдерді жасау үшін, осы веб-бөліктердің көбісін бір-біріне қосуға болады:

  • Мазмұн өңдегіштің веб-бөлігі     Пішімделген мәтінді, кестелерді, гиперсілтемелерді және кескіндерді веб-бөлік бетіне қосу үшін, мазмұн өңдегіштің веб-бөлігін пайдалана аласыз.

  • Пішіннің веб-бөлігі     Пішіннің веб-бөлігіне қосылу үшін және басқа веб-бөліктегі деректер бағанын сүзгілеу үшін пайдалана аласыз. Веб-бөліктердің екеуі де бір серверде іске қосылуы тиіс.

  • Кескіннің веб-бөлігі     Веб-бөлік бетіне суретті немесе сызбаны қосу үшін кескіннің веб-бөлігін пайдалана аласыз. Кескінді беттегі басқа веб-бөліктер арқылы оңайырақ реттеу үшін, кескіннің веб-бөлігінің ішіндегі кескіннің ортақ көріністегі реттелетін сипаттарын өңдеу арқылы оның тігінен туралануын, көлденеңінен туралануын және фондық түсін басқара аласыз.

  • Тізім көрінісінің веб-бөлігі    Тізім көрінісінің веб-бөлігін сайттағы тізім немесе кітапхана деректерін көрсету және өңдеу және басқа веб бөліктерге, соның ішінде, басқа тізім көрінісі веб бөліктеріне қосылу үшін пайдалануға болады. Тізімдер — топ мүшелерімен ортақ пайдаланатын ақпарат және жиі кестелік пішімде көрсетіледі. Тізім көріністері бұл ақпаратты белгілі бір бағандарды сүзу, сұрыптау немесе таңдау сияқты әр түрлі мақсаттар үшін әр түрлі жолдармен көрсетеді.

    Ескерту : Тізім көрінісі деп аталатын веб-бөлік жоқ. Сайттағы тізімді жасаған кезде, тізім көрінісінің веб-бөлігі автоматты түрде жасалады және тізім атымен аталады. Мысалы, «Қайықтар» деп аталатын тізімді жасасаңыз, «Қайықтар» деп аталатын веб-бөлік «сайт атауы» галереясында қолжетімді болады. Веб-бөлік сіз жасаған тізімдегі деректерді автоматты түрде көрсетеді.

  • Бетті қарап шығу құралы веб-бөлігі     Веб-бөлік бетінде веб-бетті, файлды немесе қалтаны көрсету үшін, бетті «Қарап шығу құралы» веб-бөлігін пайдалана аласыз. Мазмұнмен байланысу үшін гиперсілтемені, файл жолын немесе қалта атын енгізесіз.

  • Сайт пайдаланушылары веб-бөлігі    Сайтты пайдалану рұқсатына ие пайдаланушылар мен топтар тізімін көрсету үшін, «сайт пайдаланушылары» веб-бөлігін пайдалана аласыз. Құжат жұмыс кеңістігі сайтының өзіндік бетінде «сайт пайдаланушылары» веб-бөлігі автоматты түрде пайда болады. Сондай-ақ, кез келген веб-бөлік бетіне «сайт пайдаланушылары» веб-бөлігін қоса аласыз.

    Ескерту : Microsoft Windows SharePoint Services 2.0 және одан кейінгі нұсқасындағы қызметте іске қосылатын сайттарда, «сайт пайдаланушылары» веб-бөлігі «Қатысушылар» веб-бөлігі деп аталады.

  • XML веб-бөлігі     Мазмұн көрсетілмес бұрын, Extensible Markup Language (XML) пішімін көрсету үшін және Extensible Stylesheet Language Transformation (XSLT) пішімін XML пішіміне қолдану үшін, XML веб-бөлігін пайдалануыңызға болады. Мысалы, сізде қайықтар, бағалар тізімін және қайықтар кескіндеріне арналған сілтемелерді қамтитын XML файлы болуы мүмкін. Қайықтар мен бағалар тізімін көрсету үшін, деректерді түрлендіруге XSLT пішімін пайдалана аласыз және кескінді бөлек терезеде көрсету үшін, қайық атына гиперсілтеме жасай аласыз.

Алдын ала конфигурацияланған тізім көрінісінің веб-бөлігі

Келесі веб-бөліктер Windows SharePoint Services топ сайтының үлгісіне ендірілген және автоматты түрде конфигурацияланады және жаңа топ сайтын жасаған кезде веб-бөлік бетінде пайдалануға дайын болады. Осы веб-бөліктердің әртүрлі тіркесімдері таңдалған сайт үлгісіне байланысты топ сайтын немесе жұмыс кеңістігінің сайтын жасаған кезде қосылады.

Ескерту : Осы веб-бөліктер тізім көрінісінің веб-бөлігінен туындайды және өздерінің бірегей орналасуы мен жасақтамасын жасау үшін, алдын ала конфигурацияланған веб-бөлік үлгілерін пайдаланады. Деректерді осы тізімдерге қосу үшін, «Жалдам іске қосу» тақтасындағы Барлық сайт мазмұнын қарау тармағын басыңыз және содан кейін Тізімдер тармағын басыңыз. Барлық сайт мазмұны бетінен деректерді қосу қажет тізім атын басыңыз.

  • Хабарландыру     Топ мүшелерімен бөліскіңіз келетін жаңалықтарды, күйді және басқа да қысқа ақпараттарды жариялау үшін, «Хабарландырулар» веб-бөлігін пайдаланыңыз.

  • Күнтізбе     Алдағы болатын оқиғаларды немесе топ жоспарларын көрсету үшін, «Күнтізбе» веб-бөлігін пайдаланыңыз.

  • Сілтемелер     Тобыңызды қызықтыратын веб-беттерге гиперсілтемелерді орналастыру үшін, «Сілтемелер» веб-бөлігін пайдаланыңыз.

  • Ортақ пайдаланылатын құжаттар     Әдепкі құжаттар кітапханасындағы файлдарды сайт пайдаланушыларымен ортақ пайдалану үшін, «Ортақ пайдаланылатын құжаттар» веб-бөлігін пайдаланыңыз.

  • Тапсырмалар     Тапсырманы топ мүшелеріне тағайындау үшін, оның мерзімін және басымдылығын көрсету үшін және оның күйі мен орындалу барысын анықтау үшін, «Тапсырмалар» веб-бөлігін пайдаланыңыз.

  • Топ талқылауы     Тобыңызға қызықты болатын тақырыптар туралы сөйлесге арналған форум құру үшін, «Топ талқылауы» веб-бөлігін пайдаланыңыз.

Реттелетін веб-бөліктер

Microsoft Visual Studio сияқты Windows SharePoint Services қызметімен үйлесімді бағдарламалау ортасын пайдалану арқылы әзірлеушілер реттелетін веб-бөліктерді жасау үшін Microsoft ASP.NET толық мүмкіндіктер жинағын пайдалана алады. Веб-бөлік беті ASP.NET файлы (.aspx) болып табылады және веб-бөліктер веб-пішінді басқару элементтерінен туындайды. Веб-бөлік беттерін әрі қарай жақсарту үшін, әзірлеушілер жаңа жұмыс істеу қабілетімен қамтамасыз ететін өздерінің жеке веб-бөліктерін жасай алады. Сондай-ақ, әзірлеушілер веб-беттерге реттелетін сипаттарды қоса алады, арнайы пайдаланушы интерфейстеріне арналған құралдар тақтасында реттелетін құрастырғыштарды қоса алады және веб-бөлік қосылымдарының көмегімен басқа веб-бөліктерге қосыла алады. Веб-бөліктерді жасау және қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, SharePoint жалпы даму сайтында қолжетімді болатын Windows SharePoint Services 3.0 SDK бөлімін қараңыз.

Басқа адамдар немесе компаниялар жасаған веб-бөліктерді де пайдалана аласыз. Үшінші тараптың веб-бөлігін веб-бөлік бетіне немесе сайтқа қосу үшін, сізде тиісті рұқсаттар болуы қажет. Кейбір веб-бөліктерді серверден тікелей қолдану қажет болуы мүмкін. Егер үшінші тараптың веб-бөлігін өзіңіздің веб-бөлік бетіңізге немесе сайтыңызға қоса алмасаңыз, көмек алу үшін әкімшіңізге хабарласыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Веб-бөліктер мен веб-бөлік беттерін пайдалану жолдары

Веб-бөлік беттерін келесі жолдар бойынша пайдалануға болады:

  • Әр түрлі деректер көздерінен алынған деректерді біріктіріңіз.

  • Маңызды деректерді хабарлаңыз және топтастырыңыз.

  • Деректерге талдау жасаңыз және жинақтаңыз (мысалы, қосындылар, қорытындылар немесе санақтар).

  • Әр күн басында қаралуы қажет негізгі ақпаратты топтастырыңыз.

  • Тиімді шешімдерді қабылдауға көмектесу үшін жоба немесе тұтынушы деректерін бөлектеп, басымдылығын анықтаңыз.

  • Күніңізді жылдам жоспарлау үшін, жаңартылған жұмыс кестесі мен жиналыс ақпаратын көрсетіңіз.

  • Вебті шолуға бағытталу үшін, бизнес жаңалықтарға, жергілікті ауа райына және таңдаулы веб-сайттарыңызға жылдам қатынасыңыз.

Веб-бөлік бетін жасау және реттеу жолдары

Веб-бөлік бетін жасау және реттеуге арналған бірнеше жолдар бар:

  • Жаңа веб-бөлік беті пішіні:    Веб-бөлік бетін жасаудың ең қарапайым жолы — Жаңа веб-бөлік беті пішіні арқылы жасау. Жаңа веб-сайт беті пішінін ашу үшін, Сайт әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Жасау түймешігін басыңыз және содан кейін Веб-бөлік беті тармағын басыңыз. Бетті жасау үшін осы пішінді пайдаланғаннан кейін, бетті құрастыруды бірден браузерде бастай аласыз. Бетті шолу қажет болса, жай ғана құралдар тақтасын жабыңыз.

  • Веб жасақтау бағдарламасы    Microsoft Office SharePoint Designer 2007 сияқты Windows SharePoint Services қызметімен үйлесімді болып табылатын веб жасақтау бағдарламасын пайдалану арқылы, веб-бөлік бетіне келесілерді қамтитын кеңейтілген реттеулерді жасауға болады:

    • Әдепкі бойынша, сайт тақырыбын пайдаланатын веб-бөлік бетінің тақырыбын реттеңіз.

    • Веб-бөлік бетінің үлгісін өңдеңіз немесе жаңасын жасаңыз.

    • Бет орналасуын реттеңіз.

    • Аймақтық сипаттарды өңдеңіз.

    • HTML кодын немесе веб басқару элементтерін қосыңыз.

    • Аймақ ішінде ұсынылған веб-бөліктерді өзгертіңіз.

    • Веб-бөліктерді аймақ сыртына қосыңыз немесе веб-бөлікті веб-бөлік беті болып саналмайтын веб-бетке қосыңыз.

    • Әртүрлі веб-бөлік беттеріндегі веб-бөліктер арасында байланыстар орнатыңыз.

    • Windows SharePoint Services қызметі іске қосылған веб-сайтқа веб-бөлік бетін жариялаңыз.

    • «Пішін» веб-бөлігін реттеңіз және «Деректер көрінісі» веб-бөлігін пайдаланыңыз.

Беттің жоғары бөлігі

Веб-бөлік беттеріне арналған веб-браузер қолдауы

Веб-бөлік беттеріне арналған веб-браузер қолдауы екі деңгейдегі санатқа бөлінеді:

  • 1-деңгейдегі қолдау визуалды және функционалдық қолдаудың ең жоғарғы деңгейі болып табылады. 1-деңгейдегі қолдауды ұсынатын браузерлерге Microsoft Windows жүйесіне арналған Microsoft Internet Explorer браузерінің соңғы нұсқалары кіреді.

  • 2-деңгейдегі қолдау бойынша бірнеше визуалды және функционалдық мүмкіндіктер кейбір браузерлер үшін қолжетімді емес және кейбір басқа мүмкіндіктер бұзылып, 1-деңгейлі браузерлердегі әрекет ету жолынан басқаша әрекет етеді. Дегенмен, көптеген мүмкіндіктер пайдаланушыларға әлі де қолжетімді болып табылады. 2-деңгейдегі қолдауды ұсынатын браузерлерге Windows жүйесіне арналған Firefox 1.5 және одан кейінгі нұсқалары мен Windows жүйесіне арналған Netscape Navigator 8.0 және одан кейінгі нұсқалары кіреді. 2-деңгейлі браузерлерде Windows SharePoint Services 3.0 қызметтерін орталықтан басқару үшін қолдау көрсетілмейді.

Ескерту : 2-деңгейлі браузерлерде веб-бөліктер арасында байланыстар жасауға қолдау көрсетілмейді.

Келесі кестеде кейбір жалпы браузерлерде қамтамасыз етілген қолдау деңгейлері көрсетіледі.

Ең төмен браузер нұсқасы

Операциялық жүйе

1-деңгей

2-деңгей

Internet Explorer 6.x

Windows

Иә

Иә

Internet Explorer 6.x 64 битті нұсқасы

Windows

Иә

Иә

Internet Explorer 7

Windows

Иә

Иә

Firefox 1.5

Windows

Жоқ

Иә

Netscape 8.0

Windows

Жоқ

Иә

Firefox 1.5

Unix

Жоқ

Иә

Netscape 7.2

Unix

Жоқ

Иә

Mozilla 1.7.12

Unix

Жоқ

Иә

Safari 2.0.2

Macintosh

Жоқ

Иә

Firefox 1.5

Macintosh

Жоқ

Иә

Басқа

Басқа

Жоқ

Жоқ

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×