Веб-бет параметрлері

«Веб-бет параметрлері» тілқатысу терезесін Microsoft Office Excel бағдарламасынан сақтап немесе импорттап алған Веб-беттерге арналған түрлі мүмкіндіктер мен параметрлерді басқару үшін пайдаланыңыз.

Жалпы қойындысы

Өрнектерді сақтап тұру үшін қажет болған барлық қосымша жасырын деректерді сақтау      Бұл құсбелгі көзіне өрнектің жариялауға жататын бөлектелген аумақта жоқ болған және сырттан сілтелген деректерін сақтау үшін құсбелгі қойыңыз. Бұл файл ауқымын көбейтеді. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады. Сырттан сілтелген деректерді сақтамау, өрнектерді есептелетін мәндермен ауыстыру және файл ауқымын кеміту үшін бұл құсбелгі көзінен құсбелгіні алып тастаңыз.

Ескерту : Бұл параметр Office веб-құрамдастарын пайдаланатын көзбе-көз белсенді веб-беттерге ғана қатысты. Осындай беттерді қолдану мүмкіндігі Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасында тоқтатылған.

Excel бағдарламасында жасалмаған веб-беттерден суреттер қотарып алу     Бұл құсбелгі көзіне басқа бағдарламаларда жасалған суреттерді қотарып алу үшін құсбелгі қойыңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады. Басқа бағдарламаларда жасалған суреттерді елемеу үшін бұл құсбелгі көзінен құсбелгіні алып тастаңыз.

Шолғыштар қойындысы

Мақсатты шолғыштар бөлімі

Осы веб-бетті қарап шығатын кісілер мына бағдарламаны пайдаланады     Беттерді бейнелеу мақсатында қолданғыңыз келетін шолғыштың ең ерте нұсқасын таңдаңыз. Әдепкі нұсқа Internet Explorer 4.0 болып табылады.

Параметрлер бөлімі

PNG пішімін сызбалық пішім ретінде пайдалануға рұқсат беру     Бұл құсбелгі көзіне PNG сызбалық пішімін қосу үшін құсбелгі қойыңыз. PNG сызбалық пішімін ажырату үшін бұл құсбелгі көзінен құсбелгіні алып тастаңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады.

CSS кестесіне таяну     Бұл құсбелгі көзіне CSS ашылмалы мәнерлер кестесін пайдалану үшін құсбелгі қойыңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады. Шолғышыңыз CSS ашылмалы мәнерлер кестелеріне қолдау көрсетмегендіктен оларды пайдаланбау үшін құсбелгіні алып тастаңыз.

Шолғыштарда сызбалықты бейнелеу үшін VML тіліне таяну     Шолғышыңызда сызбалықты Vector Markup Language (VML) тілі арқылы көрсету үшін бұл құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Бұл әрекет веб-беттерді қотаруды тездете алады. Мақсатты шолғышыңыз VML тіліне қолдау көрсетмегендіктен VML тілін пайдаланбау үшін құсбелгіні алып тастаңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады.

Жаңа веб-беттерді бір файлдық веб-беттер ретінде сақтау    Файлдарды қолдаушы файлдардың мазмұнымен (мәселен,таңбалауыштар, өңдік сурет құрамдары және веб-бетке ендірілген сызбалық) бірге қоса бір файлдық веб-беттер (.mht,.mhtml) ретінде сақтау үшін бұл құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады. Веб-бетті қолдаушы файлдарды пайдаланатын веб-бет ретінде сақтау үшін құсбелгіні алып тастаңыз. Бұл мүмкіндікті жылдам қатынас құралдар тақтасына Веб-бет ретінде сақтау пәрменін қосқан жағдайда пайдаланыңыз.

Ескерту : 

Файлдар қойындысы

Файл атаулары мен орналасуы бөлімі

Қолдаушы файлдарды бір қалтада ұйымдастыру     Таңбалауыштар, өңдік сурет құрамдары және сызбалық сияқты қолдаушы файлдардың бәрін бөлек ішкі қалтада ұйымдастыру үшін бұл құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады. Қолдаушы файлдарды веб-бетпен бірге бір қалтада сақтау үшін құсбелгіні алып тастаңыз.

Мүмкін болған жағдайларда ұзын файл атауларын пайдалану     Веб-сервер ұзын файл атауларына (ішінде бос орындар бар болған немесе кемінде 8 таңбадан құралған файл атаулары) қолдау көрсеткендіктен ұзын файл атауын пайдалану үшін бұл құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады. Веб-сервер ұзын файл атауларына қолдау көрсетмегендіктен қысқа файл атауларын (8.3 нөмірлі notation) пайдалану үшін құсбелгіні алып тастаңыз.

Сақтау барысында сілтемелерді жаңарту     Веб-бетті жылжыту немесе көшіру барысында қолдаушы файлдарды жылжытудың немесе көшірудің орнына веб-беттегі тиісті сілтемелердің мекенжайларын жаңарту үшін бұл құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Жаңартуды іске асыру үшін Веб-бетті жылжытып немесе көшіріп алу керек. Веб-бетті жылжыту немесе көшіру барысында қолдаушы файлдарды жылжыту немесе көшіру үшін құсбелгіні алып тастаңыз. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады.

Әдепкі өңдегіш бөлімі

Office бағдарламалары Office арқылы жасалған веб-беттер үшін әдепкі өңдегіш екенін тексеру     Microsoft Office бағдарламасы осы веб-бет үшін әдепкі өңдегіш ретінде тіркелгенін тексеру үшін бұл құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Егер әдепкі өңдегіш ретінде басқа бағдарлама тіркелген болса, веб-бетті сақтаған кезіңізде Office жүйесі әрдайым Office бағдарламасын әдепкі өңдегіш ретінде қайта орнатуды сұрайтын хабарды көрсетеді. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады. Осы хабарды көрсетпеу үшін құсбелгі көзінен құсбелгіні алып тастаңыз.

Суреттер қойындысы

Мақсатты монитор    Бейнебет өлшемі жолағында бейнебет өлшемін таңдаңыз. Дюймдағы нүктелер саны жолағында нүкте өлшемін таңдаңыз.

Бейне ажыратылымдығына (бейнебет элементтерінің өлшемі арқылы өлшенген бейнебет өлшемі) қарай сызбалық мен мәтін түрліше тасымалданады. Белгілеген бейнебет өлшеміңіз жұмыс кітабындағы суреттердің өлшеміне және орналасуына әсерін тигізуі мүмкін. Нүкте өлшемі бейнебеттегі мәтіннің өлшеміне қарай сызбалық өлшеміне әсер етеді.

Кодтау қойындысы

Ағымдық құжатты келесі ретінде қайта қотару     Бет қай тілде кодталған деп ойласаңыз, сол тілді таңдаңыз. Келесі беттер қотарылған кезде олардың тіл кодтауы анықталмаған болса, тағы да осы теңшелім қолданылады.

Веб-бет ашқан кезіңізде Office Excel бағдарламасы осы бет үшін қолданылған кодтау жүйесін анықтауға тырысады. Егер бетті веб-шолғышта ашқан кезіңізде Excel бағдарламасы таңбаларды бұрыс көрсетсе, веб-бет тарапынан пайдалануға тиіс болған кодтау жүйесін таңдай аласыз. Мәтінді оқи алынатын қалпына жеткізгенге дейін әрбір кодтау жүйесін пайдаланып көріңіз.

Бұл құжатты келесі ретінде сақтау     Веб-бетті қай тілде сақтағыңыз келсе, осы тілді таңдаңыз.

Веб-беттерді әрдайым әдепкі кодтау жүйесінде сақтау     Компьютеріңіздегі әдепкі кодтау жүйесін пайдалану және Бұл құжатты келесі ретінде сақтау жолағын қолданылмайтын ету үшін бұл құсбелгі көзіне құсбелгі қойыңыз. Бұл құжатты келесі ретінде сақтау жолағын қосу және белгіленген кодтау жүйесін пайдалану үшін құсбелгіні алып тастаңыз. Басқа көздерден келетін беттерді қайта пайдаланып, әрбір бетті бір кодтау жүйесінде сақтағыңыз келген жағдайда бұл теңшелім өте пайдалы. Бұл әдепкі теңшелім болып табылады.

Қаріптер қойындысы

Таңбалар жиыны    Веб-бетте қолдануға тиіс таңбалар жиынын таңдаңыз.

Пропорционалды қаріп пен қаріп өлшемі     Қалыпты мәтін үшін қаріп пен қаріп өлшемін таңдаңыз. Әдепкі қаріп Arial, 10 болып табылады.

Ені тұрақты қаріп пен қаріп өлшемі     Ені тұрақты қаріптерден терілген мәтін үшін қаріп пен оның өлшемін таңдаңыз. Әдепкі қаріп Courier New, 10 болып табылады.

Веб-бетті Excel бағдарламасына импорттаған кезіңізде веб-бетке немесе кәдімгі мәтін файлына теріс қаріп қолданылған болса, бет қайсы тілде қодталған деп ойласаңыз, осы тілді таңдай аласыз. Одан кейін таңдаған таңбалар жиыныңызға тәуелді болған қаріптер тізімінен қаріп таңдауға болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×