Веб бағдарламасын жасаңыз немесе кеңейтіңіз

Ескерту : Ең соңғы және толық мәліметтерді алу үшін, www.microsoft.com торабына барыңыз.

Жаңа Веб бағдарламасын жасаған кезіңізде, сіз жаңа дерекқорды жасап, сол дерекқорға қосылуға қолданылатын түпнұқсқалық растау әдісін белгілейсіз.

Сол мазмұнды пайдаланушыларға ашатын бөлек IIS Веб тораптары болсын десеңіз, қолданыстағы Веб бағдарламаны кеңейтіңіз. Бұл, көбінесе, әр-түрлі пайдаланушылар мазмұнға әр-түрлі домендер арқылы қатынасатын экстранет орналастыруларына қолданылады.

Не істегіңіз келеді?

Веб бағдарламасын жасау

Веб бағдарламасын кеңейту

Веб бағдарламасын жасау

  1. Жоғарғы сілтеме жолағында Бағдарламаны басқару дегенді нұқыңыз.

  2. Бағдарламаны басқару бетіндегі SharePoint Веб бағдарламасын басқару бөлімінде Веб бағдарламасын жасау немесе кеңейту дегенді нұқыңыз.

  3. Веб бағдарламасын жасау немесе кеңейту бетіндегі SharePoint Веб бағдарламасын қосу бөлімінде Жаңа Веб бағдарламасын жасау дегенді нұқыңыз.

  4. Жаңа Веб бағдарламасын жасау бетіндегі IIS Веб торабы бөлімінде келесінің біреуін таңдаңыз:

    • Қолданыстағы IIS веб торабын қолдану. Егер осы опцияны таңдасаңыз, тиісті тізімдегі IIS Веб торабын нұқыңыз.

    • Жаңа IIS Веб торабын жасау. Егер осы опцияны таңдасаңыз, келесіні теңшеңіз:

      1. Сипаттама жолағында Веб бағдарламасына берілген сипатты қабылдаңыз немесе жаңа сипаттамасын теріңіз.

      2. Порт жолағында берілген мәнді қабылдаңыз немесе Веб бағдарламасы қолданатын порттың жаңа мәнін теріңіз.

      3. Хост тақырыбы жолағында қалаған хост тақырыбын теріңіз.

      4. Жол жолағында берілген жолды қабылдаңыз немесе жаңа жолды теріңіз.

  5. Қауіпсіздік теңшелім бөліміндегі Түпнұсқалықты растау провайдері тармағында Келіссөз (Kerberos) немесе NTLM дегенді таңдаңыз.

  6. Анонимділікке рұқсат беру тармағында Иә немесе Жоқ дегенді таңдаңыз.

  7. Қорғалған сокеттер протоколын (SSL) қолдану тармағында Иә немесе Жоқ дегенді таңдаңыз.

    Маңызды : Егер SSL дегенді таңдасаңыз, әр сервердегі тиісті сертификатты IIS әкімшілік құралдарын қолдану арқылы қосуыңыз керек.

  8. Балансталған URL адресін жүктеу бөліміндегі URL жолағында Веб бағдарламасына қатысуға қолданылатын URL адресін теріңіз. URL адресінің пішімі мынадай болуы керек: http://сервер аты:порт. Егер серверде бірнеше аймақтар теңшелген болса, Аймақ тізіміндегі аймақты қалауыңыз бойынша нұқуыңызға болады.

  9. Бағдарлама жинағы бөлімінде келесінің біреуін таңдаңыз:

    • Қолданыстағы бағдарлама жинағын қолдану. Егер осы опцияны таңдасаңыз, тиісті тізімнен қолданылатын бағдарлама жинағын нұқыңыз.

    • Жаңа бағдарлама жинағын жасау. Егер осы опцияны таңдасаңыз, келесіні теңшеңіз:

      1. Бағдарлама жинағының атауы жолағында жаңа бағдарлама жинағының атауын теріңіз.

      2. Осы бағдарлама жинағы үшін қауіпсіздік тіркелгісін таңдау тармағында Алдын ала белгіленген немесе Теңшеуге икемді дегенді таңдаңыз. Егер Алдын ала орнатылған дегенді таңдасаңыз, тиісті тізімдегі қолданылатын қауіпсіздік тіркелгісін нұқыңыз. Егер Теңшеуге икемді дегенді таңдасаңыз, Пайдаланушының аты және Құпия сөз жолақтарында тіркелгінің мандаттарын теріңіз.

  10. Дерекқор атауы және түпнұсқалық растамасы бөліміндегі Дерекқор түпнұсқалық растамасы тармағында келесінің біреуін таңдаңыз:

    • Windows түпнұсқалық растамасы (ұсынылады)

    • SQL түпнұсқалық растамасыЕгер сізде алдын ала жасалған дерекқорыңыз болып, SQL түпнұсқалық растамасын қолданғыңыз келсе, осы опцияны таңдаңыз. Егер осы опцияны таңдасаңыз, Тіркелгі және Құпия сөз жолақтарында тіркелгінің мандаттарын теріңіз.

  11. ОК түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Веб бағдарламасын кеңейту

  1. Жоғарғы сілтеме жолағында Бағдарламаны басқару дегенді нұқыңыз.

  2. Бағдарламаны басқару бетіндегі SharePoint Веб бағдарламасын басқару бөлімінде Веб бағдарламасын жасау немесе кеңейту дегенді нұқыңыз.

  3. Веб бағдарламасын жасау немесе кеңейту бетіндегі SharePoint Веб бағдарламасын қосу бөлімінде Қолданыстағы Веб бағдарламасын кеңейту дегенді нұқыңыз.

  4. Веб бағдарламасын басқа IIS Веб торабына кеңейту бетіндегі Веб бағдарламасы бөлімінде, егер кеңейткіңіз келетін Веб бағдарламасы таңдалмаған болса, Веб бағдарламасы мәзірінде Веб бағдарламасын өзгерту дегенді нұқыңыз.

    • Веб бағдарламасын таңдау бетінде кеңейткіңіз келетін Веб бағдарламасын нұқыңыз.

  5. IIS Веб торабы бөлімінде келесінің біреуін таңдаңыз:

    • Бар IIS веб торабын қолдану Егер осы опцияны таңдасаңыз, тиісті тізімдегі IIS Веб торабын нұқыңыз.

    • Жаңа IIS Веб торабын жасау. Егер осы опцияны таңдасаңыз, келесіні теңшеңіз:

      1. Сипаттама жолағында Веб бағдарламасына берілген сипатты қабылдаңыз немесе жаңа сипаттамасын теріңіз.

      2. Порт жолағында берілген мәнді қабылдаңыз немесе Веб бағдарламасы қолданатын порттың жаңа мәнін теріңіз.

      3. Хост тақырыбы жолағында қалаған хост тақырыбын теріңіз.

      4. Жол жолағында берілген жолды қабылдаңыз немесе жаңа жолды теріңіз.

  6. Қауіпсіздік теңшелімі бөліміндегі Түпнұсқалық растамасы провайдері тармағында Келіссөз (Kerberos) немесе NTLM дегенді таңдаңыз.

  7. Анонимділікке рұқсат беру тармағында Иә немесе Жоқ дегенді таңдаңыз.

  8. Қорғалған сокеттер протоколын (SSL) қолдану тармағында Иә немесе Жоқ дегенді таңдаңыз.

    Маңызды : Егер SSL дегенді таңдасаңыз, әр сервердегі тиісті сертификатты IIS әкімшілік құралдарын қолдану арқылы қосуыңыз керек.

  9. Балансталған URL адресін жүктеу бөліміндегі URL жолағында Веб бағдарламасына қатысуға қолданылатын URL адресін теріңіз. URL адресінің пішімі мынадай болуы керек: http://сервер атауы:порт. Егер серверде бірнеше аймақтар теңшелген болса, Аймақ тізіміндегі аймақты қалауыңыз бойынша нұқуыңызға болады.

  10. ОК түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×