Бөлінген пішінді құру

Бөлінген пішін деген Microsoft Office Access 2007 бағдарламасындағы деректеріңіздің екі көрінісін бір уақытта беретін жаңа мүмкіндік  - Пішін көрінісі мен деректер кестесі көрінісі. Осы екі көрініс сол деректер көзіне қосылады және бір бірімен үздіксіз қадамдастырылады. Пішіннің бір бөлігінде бір өрісті таңдасаңыз, сол өріс пішіннің басқа бөлігінде де таңдалады. Деректерді екі бөлігіне де қосуыңызға, солардың ішінде өңдеуіңізге немесе өшіруіңізге болады (ол үшін жазбалар көзі жаңартылатындай болып, осы әрекеттерді болдырмауға пішінді теңшелемеген болуыңыз керек).

Бөлінген пішінмен жұмыс істесеңіз, жалғыз пішінде пішін түрлерінің екеуінің де пайдасын көргендей боласыз. Мысалы, пішіннің деректер кестесі бөлігін қандай-да бір жазбаны тез арада тауып алуға қолданып, содан соң, пішін бөлігін сол жазбаны көруге немесе өңдеуге қолдануыңызға болады. Пішін бөлігі деректер кестесі бөлігіне тартымды және функционалды үстіңгі деректеме ретінде қызмет ете алады. Бұл әдіс Office Access 2007 бағдарламасына берілген көптеген үлгілер дерекқорларында қолданылады.

Не істегіңіз келеді?

Бөлінген пішін құралын қолдану арқылы жаңа бөлінген пішінді жасау

Қолданыстағы пішініңізді бөлінген пішінге айналдыру

Бөлінген пішініңізді дәл баптау

Бөлінген пішін құралын қолдану арқылы жаңа бөлінген пішінді жасау

Бұл іс рәсімі жаңа бөлінген пішінді ең басынан бастап жасайды. Бұл пішін Шарлау аумағынан таңдаған немесе деректер кестесі көрінісінде ашып отырған кестеңізге немесе сұрауыңызға негізделеді.

  1. Шарлау аумағында пішін үлгіңізге енгізгіңіз келетін деректері бар кестені немесе сұрауды нұқыңыз. Болмаса, сол кестені немесе сұранысты Деректер кестесінің көрінісінде ашыңыз.

  2. жасау қойындысының Пішіндер тобында Пішінді бөлу түймешігін нұқыңыз. Түймешік кескіні

Access бағдарламасы пішінді жасап, Орналасу көрінісінде көрсетеді. Орналасу көрінісінде пішінге, ол деректерді көрсету кезінде, безендіру өзгерістерін енгізуіңізге болады. Мысалы, қажеті болса, деректерді сыйғызу үшін мәтін жолақтырының өлшемін лайықтауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Қолданыстағы пішініңізді бөлінген пішінге айналдыру

Аздаған пішін сипаттарын қою арқылы қолданыстағы пішініңізді бөлінген пішінге айналдыруыңызға болады.

  1. Пішініңізді Шарлау аумағында тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдап, Құрастырушы көрінісінде оны ашыңыз.

  2. Егер сипаттар кестесі көрсетілмеген болса, F4 пернесін басу арқылы көрсетіңіз.

  3. Сипаттар кестесінің жоғарғы жағындағы ашылмалы тізімнен Пішін дегенді таңдаңыз.

  4. Сипаттар кестесінің Пішім қойындысындағы Әдепкі көрініс ашылмалы тізімінен Бөлінген пішін дегенді таңдаңыз.

  5. Пішініңізді Пішін көрінісінде тексеріп алыңыз. Пішін көрінісіне ауысу үшін, Шарлау аумағында пішін атын екі рет нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бөлінген пішініңізді дәл баптау

Бөлінген пішініңізді жасап болғаныңыздан кейін, Құрастырушы немесе Орналасу көрінісінде кейбір өзгерістер жасау арқылы қажетті нәтижелеріңізге жетуіңізге болады.

Бөлінген пішін сипаттарын қою

Келесі кестеде пішініңізді дәл баптауға сипаттар кестесіне қоюыңызға болатын бөлінген пішіндерге қатысты кейбір сипаттар тізімделген. Егер сипаттар кестесі көрсетілмеген болса, F4 пернесін басу арқылы көрсетіңіз. Және де, Пішін элементі сипаттар кестесінің жоғарғы жағындағы ашылмалы тізімінде таңдалғанын тексеріңіз. Кестедегі барлық сипаттар сипаттар кестесінің Пішім қойындысында орналасады.

Сипат

Сипатты орнатуыңызға болатын көрініс(тер)

Сипаттама

Бөлінген пішін бағдары

Тек Құрастырушы көрінісі

Деректер кестесі пішіннің үстінде не астында немесе сол не оң жағында шығатынын белгілеуге мүмкіндік береді.

Бөлінген пішіннің деректер кестесі

Құрастырушы не Орналасу көрінісі

Егер Өңдеуді рұқсат ету мүмкіндігі орнатылған болса (және пішіннің жазбалар көзі жаңартылуға келсе), Access бағдарламасы деректер кестесінде өңдеуді рұқсат етеді. Егер сипаты Тек оқу параметріне орнатылған болса, Access бағдарламасы деректер кестесінде өңдеуді рұқсат етпейді.

Бөлінген пішіннің айырғыш жолағы

Тек Құрастырушы көрінісі

Егер Иә дегенге орнатылған болса, Access бағдарламасы екі бөлікті айыратын айырғыш жолағын жылжыту арқылы пішін мен деректер кестесінің өлшемін өзгертуге мүмкіндік береді. Айырғыш жолағын жылжыту арқылы деректер кестесіне көбірек не азырақ орын беруіңізге болады. Егер бұл сипат Жоқ дегенге қойылған болса, онда айырғыш жолағы жасырылып, пішін мен деректер кестесінің өлшемін өзгерту мүмкіндігі берілмейді.

Айырғыш жолағының орнын сақтау

Тек Құрастырушы көрінісі

Егер Иә дегенге орнатылған болса, пішін ашылғын кезде, айырғыш жолағы соңғы қалдырған орнында тұрады. Егер бұл сипат Жоқ дегенге орнатылған болса, онда пішін мен деректер кестесінің өлшемін өзгерту мүмкіндігі берілмейді, ал айырғыш жолағы жасырылады.

Бөлінген пішіннің өлшемі

Құрастырушы не Орналасу көрінісі

Бөлінген пішіндегі пішін бөлігінің биіктігі мен енін (пішін тігінен не көлденеңінен бөлінгеніне байланысты) дәл белгілеуіңізге мүмкіндік береді. Мысалы, пішіннің биіктігін немесе енін 1 дюймге қою үшін, 1" деп теріңіз. Өлшемді Орналасу көрінісінде айырғыш жолағын сүйреу әдісі сияқты басқа әдістермен қою үшін, Авто деп теріңіз.

Бөлінген пішінді басып шығару

Құрастырушы не Орналасу көрінісі

Пішінді басып шығару кезіңізде пішіннің қай бөлігін басып шығару керек екенін белгілеуге мүмкіндік береді. Егер сипаты Тек пішін параметріне орнатылған болса, онда тек пішін бөлігі басылып шығады. Егер сипаты Деректер кестесі параметріне орнатылған болса, онда тек деректер кестесі бөлігі басылып шығады.

Пішін бөлгішін орнында бекіту

Пішін бөлгішін белгілі бір орынға пайдаланушы жылжыта алмайтындай бекітіп қою үшін, келесі әрекеттерді жасаңыз:

  1. Шарлау аумағында пішінді тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Құрастырушы көрінісі дегенді таңдап, Құрастырушы көрінісіне өтіңіз.

  2. Егер сипаттар кестесі көрсетілмеген болса, F4 пернесін басу арқылы көрсетіңіз.

  3. Сипаттар кестесінің жоғарғы жағындағы ашылмалы тізімнен Пішін дегенді таңдаңыз.

  4. Сипаттар кестесінің Пішім қойындысында Бөлінген пішіннің айырғыш жолағы сипатын Жоқ дегенге орнатыңыз.

  5. Айырғыш жолағының орнын сақтау сипатын Иә дегенге орнатыңыз.

  6. Шарлау аумағында пішінді тінтуірдің оң түймешігімен нұқып, Орналасу көрінісі дегенді таңдап, Орналасу көрінісіне өтіңіз.

  7. Айырғыш жолақты қалаған орынға сүйреп апарыңыз (немесе Бөлінген пішіннің өлшемі сипат жолағына дәл биіктігін теріңіз).

  8. Пішін көрінісіне өтіп, нәтижелерді қарап шығыңыз.

Бөлгіш сіз белгілеген орынға бекітіліп, айырғыш жолағы жасырылады.

Өрісті қосу немесе өшіру

  1. Егер Өрістер тізімі аумағы көрсетілмеген болса, Пішімдеу қойындысындағы Құралдар тобында Қолданыстағы өрістерді қосу дегенді нұқыңыз.

  2. Қосқыңыз келетін өрісті тауып алып, деректер кестесіне немесе пішінге сүйреп апарыңыз.

    Егер өрісті деректер кестесіне сүйреп апарсаңыз, сол өріс пішінге де қосылады. Сол сияқты, өрісті пішінге сүйреп апарсаңыз, сол өріс деректер кестесіне де қосылады.

  3. Өрісті өшіру үшін, бөлінген пішіннің пішін бөлігін қолдануыңыз керек. Өрісті бөлектеп, DELETE пернесін басыңыз.

    Өріс пішіннен де, деректер кестесінен де өшіріледі.

Өрістерді Өрістер тізімі аймағын қолдану арқылы қосу жөнінде қосымша ақпарат алу үшін, Өрісті пішінге немесе баяндамаға қосу мақаласын қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×