Бөлім соңын енгізу

Құжатыңыздың бетін немесе беттерінің орналасуын немесе пішімделуін өзгерту үшін бөлім соңын пайдалана аласыз. Мысалы, сіз бір бағанды беттің бір бөлігін қос бағанды етіп орналастыра аласыз. Сіз құжатыңыздың бөлімдерін әр еттің бөлім нөмірі 1 санынан басталатындай етіп бір-бірінен бөле аласыз. Сонымен қатар, сіз құжатыңыздың бөлімдері үшін бөлек үстіңгі деректемелер немесе төменгі деректемелер жасай аласыз.

Ескерту : Microsoft Office Word 2007 бағдарламасында сіз жаңа беттерінің жасақтама галереясынан көптеен бет орналасуының бірін таңдай аласыз. Мысалы, сіз Жаңа бет жасақтамалары галереясындағы бет орналасуын нұқып, қос бағанды бөлімі бар бір бағанды бетті қоса аласыз.

Бөлім үзілімдері бар құжаттың мысалы

1. Бір бағанды етіп пішімделген бөлім

2. Қос бағанды етіп пішімделген бөлім

Бұл бөлімде

Сіз кірістіре алатын бөлім соңы түрлері

Құжат орналасуын немесе пішімделуін өзгерту

Құжат орналасуындағы өзгертулерді жою

Сіз кірістіре алатын бөлім соңы түрлері

Бөлім соңы орналасуды жасау үшін немесе құжаттың бір бөлігінің пішімдеуін өзгерту үшін пайдаланылады. Сіз жеке бөлімнің төмендегідей пішімдеулерін өзгерте аласыз:

  • Жақтау аралары

  • Қағаз өлшемі немесе бағдары

  • Басып шығарғыштағы қағаз көзі

  • Бет жиектері

  • Беттегі мәтінді көлденең туралау

  • жоғарғы колонтитул және төменгі колонтитул

  • Бағандар

  • Бет нөмірлеу

  • Жол нөмірлеу

  • Түсіндірмелер мен соңғы түсіндірмелер

    Ескертулер : 

    • Бөлім соңы алдындағы мәтіндегі бөлім пішімін бақылайды. Сіз бөлім үзілімін жойғаныңызда, сіз үзілім алдындағы бөлім пішімдеуін де жоясыз. Ол мәтін келесі бөлімнің құрам бөлігі болып табылады және сол бөлім пішімдеуін қабылдайды. Мысалы, егер сіз құжат бөлімдерін бөлім соңдарын пайдалана отырып бөлген болсаңыз және 1-Бөлім алдындағы бөлім үзілімін жоятын болсаңыз, 1-бөлім және 2-бөлім бір бөліге көшіп, алдында тек 2-бөлімде қолданған пішімдеудлі қабылдап алады.

    • Құжатыңыздың соңғы бөлігінің пішімдеуін бақылайтын бөлім соңы құжаттың құрам бөлігі ретінде көрсетілмеген. Құжат пішімдеуін өзгерту үшін құжаттың соңғы ежесін нұқыңыз.

Келесі мысалда сіз кірістіре алатын бөлім соңдарының түрлері көрсетілген. (Әр суретте қос нүктелі сызық бөлім соңын танытады.)

Келесі бет пәрмені бөлім соңын кірістіріп, келесі беттен жаңа бөлімді бастайды. Бөлім соңының бұл түрі құжатта жаңа бөлім бастау үшін әсіресе ыңғайлы.

Жаңа беттің бөлім үзілімі

Үздіксіз пәрмені бөлім соңын кірістіріп, келесі беттен жаңа бөлімді бастайды. Үздіксіз бөлім соңы пішімдеуді, мысалы, беттегі бағандардың түрлі сандарын өзгерткенде ыңғайлы.

Үздіксіз бөлім үзілімі

Жұп бет немесе Тақ бет пәрмені келесі жұп бетте немесе тақ бетте бөлім соңын кірістіріп, жаңа бөлім бастайды. Егер сіз құжат бөлімдерінің әрқашан тақ бетте немесе жұп бетте басталып отыруын қаласаңызТақ бет немесе Жұп бет бөлім соңы параметрін пайдаланыңыз.

Тақ бет бөлім үзілімі

Беттің жоғарғы жағы

Құжат орналасуын немесе пішімделуін өзгерту

  1. Пішімделуін өзгерткіңіз келетін жерді нұқыңыз.

    Сіз айналасына бөлім соңының жұптары кірісітірілетін құжаттың бөлігін таңдауды қалауыңыз мүмкін.

  2. Бет орналасуы қойындысының Бет өлшемдері тобында Үзілімдер түймешігін нұқыңыз.

    Word таспасының суреті

  3. Бөлім соңы тобында енгізуді қалайтын піміш өзгерісіне сәйкес келетін бөлім соңы түрін нұқыңыз.

    Мысалы, сіз құжатты бөлімдерге бөлетін болсаңыз, сіз әр бөлімнің тақ беттен басталуын қалауыңыз мүмкін. Бөлім үзілімі тобындағы Тақ бет тармағын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжат орналасуындағы өзгертулерді жою

Бөлім соңы құжаттағы пішімделудің өзгертілген жерін белгілейді. Сіз бөлім үзілімін жойғаныңызда, сіз үзілім алдындағы бөлім пішімдеуін де жоясыз. Ол мәтін келесі бөлімнің құрам бөлігі болып табылады және сол бөлім пішімдеуін қабылдайды.

Қос нүктелі бөлім соңын көру үшін Жоба көрінісінде екеніңізде көз жеткізіңіз.

  1. Жойғыңыз келетін бөлім соңын таңдаңыз.

  2. DELETE пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×