Бір түрдегі басқару элементін басқа түрдегі басқару элементіне өзгерту

Пішін үлгісін жасақтау кезінде бір түрдегі басқару элементін басқасымен ауыстыруды ұйғаруыңыз мүмкін. Мәселен, пішін үлгісіндегі бар мәтін ұясын күн-айды таңдайтын элементпен ауыстыруды ұйғаруыңыз мүмкін. Бар басқару элементін жойып, жаңа басқару элементін қосудың орнына, бар басқару элементін басқа түрдегі басқару элементіне түрлендіруге болады.

  1. Өзгерткіңіз келетін басқару элементін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, мәтінмәндік мәзірде көрсеткіні Өзгерту пәрменіне қойыңыз, ал одан кейін басқару элементінің қалаған түрін таңдаңыз.

  2. Басқару элементі үшін арналған деректер түрі өзгертіп, оны жаңа түрдегі басқару элементімен сәйкес келтіру үшін жаңа басқару элементін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, мәтінмәндік мәзірінен Басқару элементі сипаттары пәрменін таңдаңыз, ал одан кейін Деректер қойындысын ашыңыз. Деректер түрі жақтауында басқару элементі үшін жаңа деректер түрін таңдаңыз. Мәселен, егер мәтін ұясын күн-айды таңдайтын элементке өзгертсеңіз, деректер түрін Мәтін (жол) параметрінен Күн-ай (күн-ай) параметріне өзгертуді қалауыңыз мүмкін. Деректер түрін өзгертуіңіз не өзгертпеуіңіз деректерді негізгі XML құжатында қалай сақтағыңыз келетініне байланысты.

Ескерту : Басқару элементтерінің кейбір түрлері деректер көзіндегі өрістермен немесе топтармен байланыстырылмағандықтан, оларды басқа түрдегі басқару элементіне түрлендіру мүмкін емес. Осындай басқару элементтерінің ішіне түймешіктер, еренсілтеме басқару элементтері және өрнек ұясы кіреді.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×