Біріктіру: біріктіру өрісін кірістіру

Бұл мақалада:

Біріктіру өрістері туралы

Өрістерді немесе толтырғыштарды қосу

Біріктіру өрістері туралы

Мекенжай және сәлемдесу сияқты толтырғыштар «біріктіру» өрістері деп аталады. Word бағдарламасындағы өрістер таңдалатын деректер файлындағы баған тақырыптарына сәйкес келеді.

Бағандар (санаттар) мен жолдардан (жазбалар) тұратын деректер файлы

1. Деректер файлындағы бағандар мәліметтің санаттарын көрсетеді. Басты құжатқа қосылған өрістер осы санаттардың толтырғыштары болып табылады.

2. Деректер файлының жолдарында ақпарат жазбалары көрсетіледі. Word бағдарламасы біріктіруді орындау барысында әр жазба үшін басты құжат көшірмесін жасайды.

Басты құжатқа өріс қою арқылы, сол орында аты немесе мекенжайы сияқты мәліметтің нақты санатының пайда болуы керек екенін көрсетесіз.

Word құжатына кірістірілген өрістер

Ескерту : Біріктіру өрісін басты құжатқа кірістіргенде, өріс атауы әрқашан бұрышты тырнақшалармен (« ») жабылады. Бұл бұрышты тырнақшалар біріктірілген құжаттарда көрсетілмейді. Олар тек басты құжаттағы өрістерді жалпы мәтіннен ажыратып алуға көмектеседі. 

Біріктірген кезде, бірінші біріктірілген құжатты жасау үшін деректер файлындағы бірінші жолдан алынған мәлімет басты құжатыңыздағы өрістерді ауыстырады. Екінші біріктірілген құжатты жасау үшін, деректер файлындағы екінші жолдан алынған мәлімет өрістерді ауыстырады, т.с.с.

Деректер файлындағы ақпаратты құжатқа біріктіру

Өрістерді немесе толтырғыштарды қосу

  1. Басты құжаттағы әр құжат көшірмесінде болуы керек кез келген мазмұнды енгізіңіз.

    Ен секілді суретті қосу үшін Кірістіру қойындысындағы Суреттер тобында Сурет түймешігін басыңыз.

  2. Өрісті орналастырғыңыз келетін жерді басыңыз.

  3. Таратулар қойындысындағы Өрістерді жазу және кірістіру тобын пайдаланыңыз.

    Office 2010 таспасы

  4. Төмендегілердің біреуін қосыңыз:

    Аты, мекенжайы және басқа ақпараты бар мекенжай блогы

    1. Мекенжай блогы түймешігін басыңыз.

    2. Мекенжай блогын кірістіру диалогтық терезесінде қосылатын мекенжай элементтері мен қажетті пішімдерді таңдап, ОК түймешігін басыңыз.

    3. Егер Өрістерді сәйкестендіру диалогтық терезесі пайда болса, Word мекенжай блогына қажетті кейбір ақпаратты таба алмаған болуы мүмкін. (Сәйкестік жоқ) параметрінің жанындағы көрсеткіні басып, біріктіруге қажетті өріске сәйкес келетін деректер көзіндегі өрісті таңдаңыз.

    Сәлемдесу жолы

    1. Сәлемдесу жолы параметрін таңдаңыз.

    2. Сәлемдесу жолының пішімін таңдаңыз. Оның ішіне сәлемдесу, ат пішімі мен одан кейінгі тыныс белгісі кіреді.

    3. Microsof Word бағдарламасы алушы атын аудара алмаған жағдайда пайда болуы қажет мәтінді таңдаңыз, мысалы, деректер көзі құрамында аты мен тегі болмаған кезде, тек қана компания аты бар болғанда.

    4. ОК түймешігін басыңыз.

    5. Егер Өрістерді сәйкестендіру диалогтық терезесі пайда болса, Word сәлемдесу жолына қажетті кейбір ақпаратты таба алмаған болуы мүмкін. (сәйкестік жоқ) параметрінің жанындағы көрсеткіні басып, біріктіруге қажетті өріске сәйкес келетін деректер көзіндегі өрісті таңдаңыз.

    Жеке өрістер

    Рахымшылар тізіміндегі аты, телефон нөмірі немесе құрбандық сомасы сияқты жеке өрістердегі ақпаратты кірістіре аласыз. Деректер файлыңыздағы өрісті басты құжатқа тез қосу үшін, Біріктіру өрісін кірістіру тармағының қасындағы көрсеткіні басып, содан кейін өріс атын басыңыз.

    Құжатта жеке өрістерді кірістірудің қосымша параметрлерін алу үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

    1. Таратулар қойындысындағы Өрістерді жазу және кірістіру тобында Біріктіру өрісін кірістіру түймешігін басыңыз.

    2. Біріктіру өрісін кірістіру диалогтық терезесінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

      • Деректер көзіндегі деректердің атаулары өрістеріңізге сәйкес келмесе де, деректер көзіндегі өрістерге автоматты түрде сәйкес келетін мекенжай өрістерін таңдау үшін Мекенжай өрістері параметрін таңдаңыз.

      • Әрқашан деректерді тікелей деректер файлындағы бағаннан алатын өрістерді таңдау үшін Дерекқор өрістері пәрменін таңдаңыз.

    3. Өрістер жолағынан қажетті өрісті басыңыз.

    4. Кірістіру пәрменін таңдап, Жабу түймешігін басыңыз.

    5. Егер Өрістерді сәйкестендіру диалогтық терезесі пайда болса, Microsoft Word өріске кірістіруге қажетті кейбір ақпаратты таба алмаған болуы мүмкін. (Сәйкестік жоқ) параметрінің жанындағы көрсеткіні басып, біріктіруге қажетті өріске сәйкес келетін деректер көзіндегі өрісті таңдап алыңыз.

      Ескерту : Егер Дерекқор өрістері тізіміндегі өрісті кірістіріп, атауы бірдей бағаны жоқ деректер көзіне кейінірек қосылсаңыз, Word бағдарламасы сол өріс ақпаратын біріктірілген құжатқа кірістіре алмайды.

Беттің жоғары бөлігі

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×