Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды пайдалану

Жарияланатын ортада мазмұнды бірнеше рет пайдалану қолайлы болып табылады. Microsoft Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімі арқылы қосылатын жариялау мүмкіндіктері бар торап жинағында мазмұнды бірнеше рет пайдалану мүмуіндігімен қамтамасыз етеді.

Элементтерді Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізіміне қосып, бұл элементтерді ұйымдастыруға көмектесу үшін осы тізімде санаттар мен қалталар жасауыңызға болады. Элементтерді Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізіміне қосқаныңызда, бұл элементтерді Бірнеше рет қолданылатын мазмұн сұрыптаушы арқылы бет мазмұнына қосуыңызға болады.

Бұл бөлімде

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімі деген не?

Неліктен бірнеше рет қолданылатын мазмұн пайдаланылады?

Мен бірнеше рет қолданылатын мазмұнды қашан пайдалана аламын?

Мен бірнеше рет қолданылатын мазмұнды қалай пайдаланамын?

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімі деген не?

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімі - тізімде элементтер түрінде сақталатын торап жинағына жасалатын мазмұн жинағы. Бірнеше рет қолданылатын мазмұнның әр элементі HTML немесе қарапайым мәтіннен тұруы мүмкін және автоматты түрде жаңартылған немесе жаңартылмаған болып белгіленуі мүмкін.

HTML элементінен тұратын бірнеше рет қолданылатын мазмұнда мәтін және суреттер, кестелер мен тізімдер сияқты HTML элементтері болуы мүмкін. Бұл HTML элементтері қажетінше мәнерлі немесе пішімделген болуы мүмкін.

Қарапайым мәтіннен тұратын бірнеше рет қолданылатын мазмұнда тек пішімделмеген, мәнерсіз мәтін болады.

Егер бірнеше рет қолданылатын мазмұн элементі автоматты түрде жаңартылған болып белгіленсе, мазмұн веб беттеріне тек оқуға арналған сілтеме ретінде енгізіледі, ал элемент өзгерсе, бет мазмұны жаңартылады.

Егер бірнеше рет қолданылатын мазмұн элементі автоматты түрде жаңартылған болып белгіленбесе, мазмұн веб бетіндегі көшірме ретінде енгізіледі, ал элемент өзгерсе, мазмұн жаңартылмайды.

Беттің жоғарғы жағы

Неліктен бірнеше рет қолданылатын мазмұн пайдаланылады?

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн өте қолайлы болып келетін екі негізгі сценарий бар:

  • Брендтеу және саясат     Компанияның мекем аты немесе өнім аты сияқты торап жинағы арқылы бірдей болуға тиісті брендтелген HTML элементтерін жасау үшін бірнеше рет қолданылатын мазмұнды пайдалануыңызға болады. Осыған ұқсас құпиялылық саясаты немесе лицензиялық келісім сияқты саясат мазмұнын жасауға бірнеше рет қолданылатын мазмұнды пайдалануыңызға болады. Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды осы мақсаттар үшін пайдалансаңыз, сізге бірнеше рет қолданылатын мазмұнның торап жинағының қай жерінде пайдаланылмасын бірдей болып шығатынына көз жеткізу үшін оның автоматты түрде жаңартылатынын көрсету керек.

  • Үлгілер     Бет авторларының бастапқы нүктелерін жасау үшін бірнеше рет қолднылатын мазмұнды пайдалануыңызға болады. Мысалы, сізде торап жинағына жарияланатын барлық пікір бөлімдерінің басына шығарғыңыз келген бас тарту құқығы бар стандартты кіріспесі болуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Мен бірнеше рет қолданылатын мазмұнды қашан пайдалана аламын?

Бет мазмұны өрісінің басқару элементі арқылы қамтылатын мазмұнды өңдеу үшін HTML өңдегішін қолданғанда, бірнеше рет қолданылатын мазмұнды пайдалануыңызға болады.

Ескерту : Сондай-ақ, Мазмұн өңдегішінің Веб-бөлік арқылы қамтылатын мазмұнды өңдеу үшін HTML өңдегішін пайдаланғаныңызбен, бірнеше рет қолданылатын мазмұн веб бөлігінде пайдалануға қол жетімді емес.

Бетте Бет мазмұны өрісінің басқару элементінің болуы бет жасауға қолданылатын беттің орналасуына байланысты. Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы Бет мазмұны өрісінің басқару элементтері болатын бірнеше беттің орналасуымен қамтамасыз етеді және Microsoft Office SharePoint Designer 2007 сияқты Office SharePoint Server 2007 бағдарламасымен өзара пайдаланылатын веб авторлық құралдары бар таңдамалы беттің орналасуын жасауыңызға болады.

Office SharePoint Server 2007 бағдарламасы Бет мазмұны өрісінің басқару элементі бар төмендегі бет орналасуымен қамтамасыз етеді:

  • Бөлім беттері     Төрт Бөлім бетінің орналасуы болады, олардың барлығының Бет мазмұны өрісінің басқару элементі бар:

    • Тек негізгі мәтіні бар Бөлім беті

    • Сол жағында суреті бар Бөлім беті

    • Оң жағында суреті бар Бөлім беті

    • Қорытынды нәтижелері бар Бөлім беті

  • Сәлемдесу беттері     Бірнеше Сәлемдесу бетінің беттік орналасуы болады, олардың үшеуінің Бет мазмұны өрісінің басқару элементі бар:

    • Өзіндік интранет

    • Қорытынды нәтижелері бар Сәлемдесу беті

    • Мазмұны бар Сәлемдесу беті

Беттің жоғарғы жағы

Мен бірнеше рет қолданылатын мазмұнды қалай пайдаланамын?

Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды пайдаланудың екі аспектісі бар: Бірнешер рет қолданылатын мазмұн тізіміне элементтер жасау және Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізіміндегі элементтерді бетке қосу.

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізіміне элемент қосу

Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізіміне элемент қосу үшін сізде тізімі бар торап жинағына арналған көмекшілік рұқсаттар болуы керек. Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізіміне элемент қосу үшін төмендегіні орындаңыз:

  1. Торап жинағының өзіндік бетінің Торап әрекеттері мәзірінде Барлық торап мазмұнын көру түймешігін басыңыз. Барлық торап мазмұны беті ашылады.

  2. Барлық торап мазмұны бетінің Тізімдер тармағы астындағы Бірнешер рет қолданылатын мазмұн түймешігін басыңыз. Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімі ашылады.

  3. Тізімдегі құралдар тақтасында Жаңа параметрінің жанындағы көрсеткіні басыңыз, содан кейін Бірнеше рет қолданылатын HTML немесе Бірнеше рет қолданылатын мәтін түймешігін басыңыз. Жаңа элемент беті ашылады.

    Ескерту : Сондай-ақ, Жаңа мәзіріндегі Жаңа қалта түймешігін басу арқылы Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімінде қалталар жасауыңызға болады. Тізімдегі элементтерді ұйымдастыру үшін қалталарды пайдалануыңызға болады. Осы қалталардың біреуінде бірнеше рет қолданылатын мазмұн жасау үшін қалтан таңдап, осы қадамның басынан бастап қайталаңыз.

  4. Жаңа элемент бетінде төмендегі элементтің сипаттарын орнатуыңызға болады:

    • Тақырып      Сізге элементке тақырып енгізу керек. Тақырып Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімінде элементтің атауы ретінде шығады.

    • Аңғартпалар      Элемент туралы аңғартпалар енгізуіңізге болады. Аңғартпалар жолағының жоғарғы жағындағы құралдар тақтасы арқылы аңғартпаларды пішімдеуге болады. Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімінің кейбір көріністерінде, олардың ішіндегі әдепкі көріністе бұл аңғартпалар Аңғартпалар бағанына шығады.

    • Мазмұн санаты      Егер біреуі анықталса, тізімнен мазмұн санатын таңдауыңызға болады. Торап әкімшілері немесе Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімінің иесі Бірнеше рет қолданылатын тізімнің Мазмұн санаты бағанын өңдеу арқылы мазмұн санаттарын анықтай алады.

    • Автоматты жаңарту      Егер сіз элементтің автоматты түрде жаңартылғанын қаласаңыз, Автоматты жаңарту параметрін таңдаңыз.

    • Бірнеше рет қолданылатын HTML немесе Бірнеше рет қолданылатын мәтін    Бірнеше рет қолданылатын HTML үшін HTML өңдегішін ашуға Мазмұнды өңдеу түймешігін басыңыз. Содан кейін HTML өңдегіші арқылы бірнеше рет қолданылатын мазмұн элементін жасауыңызға болады. Мысалы Бірнеше рет қолданылатын мәтін үшін бірнеше рет қолданылатын мазмұн элементін жасауға Бірнеше рет қолданылатын мәтін жолағына теріңіз.

Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды бетке қосу

Сіздің бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізіміндегі элементті бетке қосқыңыз келгенде, HTML өңдегішін пайдаланыңыз.

  1. Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды қосқыңыз келген беттің Торап әрекеттері мәзірінде Бетті өңдеу түймешігін басыңыз.

  2. Бет мазмұны өрісінің басқару элементіндегі Мазмұн өңдеу түймешігін басыңыз. HTML өңдегіші ашылып, бет мазмұнын көрсетеді.

  3. HTML өңдегіші бетіндегі Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды кірістіру Түймешік суреті құралдар тақтасы түймешігін басыңыз. Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды таңдау веб бетінің тілқатысу терезесі ашылып, Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімінің мазмұнын көрсетеді.

  4. Бетке қосқыңыз келген элемент үшін Бірнеше рет қолданылатын мазмұн тізімін шолыңыз, содан кейін бетке қосқыңыз келген элементті екі рет басыңыз.

  5. Егер сіз қажетті элементті көрмесеңіз, оны жасалмай қалуы мүмкін. Жаңа бірнеше рет қолданылатын мазмұнды қосу үшін Бірнеше рет қолданылатын мазмұнды таңдау веб бетінің тілқатысу терезесіндегі Тізімді ашу түймешігін басыңыз, содан кейін 3-қадамнан бастап, алдыңғы бөлімдегі қадамдарды қайталаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×