Бірнеше жұмыс парақтарындағы бірдей ұяшық ауқымдарына сілтеме құру

Бірнеше парақтардағы бірдей ұяшықтар не ауқым сілтейтін сілтеме 3-D сілтеме деп аталады. 3-D сілтеме - бірдей үлгідегі және құрамында бірдей дерек түрі бар (мысалы, өз ұйымыңыздың әр түрлі бөлімшелерінің қаржы дерегін біріктіру) бірнеше жұмыс парақтарына сілтеудің ең қолайлы және пайдалы жолы.

Қандай әрекет орындауды қалайсыз?

3-D сілтеме жөнінде толық мәлімет

3-D сілтемелер жұмыс парақтарын жылжыту, көшіру, кірістіру не жою кезінде қалай өзгеретіні жөнінде толық мәлімет

3-D сілтеме құру

3-D сілтемеге ат тағайындау

Келесі?

3-D сілтеме жөнінде толық мәлімет

3-D cілтемені Сату, Кадрлар бөлімі және маркетинг үш бөлімшесі аралығындағы қаржылық тағайындалымды қосу үшін қолдана аласыз. 3-D сілтеме келесідей кейіп танытады:

=ҚОСЫЛЫМ (Сату:Maркетинг!B3)

Тіпті өзге жұмыс парағында қоса аласыз. Формалаңыз сілтеме жасайтын аумаққа оны жылжытыңыз. Мысалы, Мүмкіндіктер жұмыс парағындағы B3 ұяшығына сілтеме қосу үшін келесі мысалда көрсетілгендей Мүмкіндіктер жұмыс парағын Сатулар мен Кадрлар бөлімі жұмыс парақтарының ортасына қойындысын апару арқылы жылжытыңыз.

Тұтастыққа өзге парақты кірістіру

Формулаңыздың құрамында дұмыс парақтар ауқымына сілтеме жасайтын 3-D сілтеме болғандықтан, Сату:Maркетинг!B3, ауқымдағы барлық жұмыс парақтары жаңа есептеуге енгізіледі.

Беттің жоғарғы жағы

3-D сілтемелер жұмыс парақтарын жылжыту, көшіру, кірістіру не жою кезінде қалай өзгеретіні жөнінде толық мәлімет

Құрамында 3-D сілтеме бар жұмыс парақтарын жылжытқанда, көшіргенде, кірістіргенде не жойғанда қандай өзгеріс байқалатынын келесі мысалдар түсіндіреді. Мысалда 6-жұмыс парағы арқылы 2-жұмыс парғындағы A2 ұяшығына A5 арқылы ұяшықтар қосу үшін =SUM(Бет2:Бет6!A2:A5) формуласы қолданылған.

Кірістіру не көшіру    Егер Бет2 мен Бет6 арасына жұмыс парақтарын кірісітіретін не көшіретін болсаңыз (мысалда үндестіруші), Excel бағдарламасы есептеуге қосылған жұмыс парағындағы A2 ұяшығынан A5 ұяшығына дейінгі мәндердің бәрін қосады.

Жою     Егер Бет2 мен Бет6 арасындағы жұмыс парақтарын жоятын болсаңыз, Excel бағдарламасы олардың мәндерін есептеуден жояды.

Жылжыту     Егер Бет2 мен Бет6 арасындағы жұмыс парақтарын сілтеме жасалған жұмыс парағы акқымынан тыс жерге жылжытатын болсаңыз, Excel бағдарламасы олардың мәндерін есептеуден жояды.

Синхрондаушіні жылжыту     Егер Бет2 мен Бет6 парақтарын дәл сол жұмыс парағында өзге орынға жылжытсаңыз, Excel бағдарламасы олардың арасындағы жаңа жұмыс парақтарын қосу үшін сіз үндестірушілер ретін нақтылағанға дейін есептеуді реттейді. Егер үндестірушілер ретін орнатсаңыз, 3-D сілтеме үндестіруші жұмыс парағына өзгеріс енгізеді. Мысалы, Бет2:Бет6: парақтарына сілтеңіз бар делік, егер сіз Бет2 парағын жұмыс кітабында Бет6 парағынан кейін орналасатындай етіп жылжытсаңыз, формула Бет3:Бет6 парағын реттейді. Егер Бет6 парғын Бет2 парағының алдына жалжытсаңыз, формула Бет2:Бет5 парағын реттейді.

Синхрондаушіні жою     Егер Бет2 не Бет6 жұмыс парақтарын жоятын болсаңыз, Excel бағдарламасы олардың мәндерін есептеуден жояды.

Беттің жоғарғы жағы

3-D сілтеме құру

  1. Функцияны енгізуді қалайтын ұяшықты басыңыз.

  2. = (теңдік белгісі) белгісін теріп, функция атын енгізіңіз де, содан соң ашық жақша теріңіз.

    3-D сілтемесінде келесі функциядарды қолдануға болады:

Функция

Сипаттама

ОРТАША фунциясы

Сандардың арифметикалық ортасын есептейді.

ОРТАША функциясы

Сандардың арифметикалық ортасын есептейді, мәтін мен логикалық мәндерді қосады.

САНАУ функциясы

Құрамында сандар бар ұяшықтарды санайды.

ДӘЛСАНАҚ функциясы

Бос емес ұяшықтарды санайды.

HARMEAN функциясы

Оң сандар дерек жиынының орташа геометриялық мәнін - кері шамалардың орташа арифметикалық мәндеріне кері шаманы қайтарады.

KURT функциясы

Деректер жиынының эксцесін қайтарады.

LARGE функциясы

Деректер жинағындағы k-ші ең үлкен мәнді қайтарады.Мысалы, бесінші ең үлкен мән.

MAX функциясы

Мәндер жиынындағы ең үлкен мәнді табады.

MAXA функциясы

Мәндер жиынындағы ең үлкен мәнді табады, мәтін мен логикалық мәндерді қосады.

MEDIAN функциясы

Орташа мәнді не белгіленген сандардың орташасын береді.

MIN функциясы

Мәндер жиынындағы ең кіші мәнді табады.

MINA функциясы

Мәндер жиынындағы ең кіші мәнді табады, мәтін мен логикалық мәндерді қосады..

PERCENTILE

Ауқым мәндері үшін k-процентильді береді, бұл жердегі k 0 мен 1 арасындағы санға тең. Бұл функция Excel бағдардамасының ескірек нұсқаларында да үйлесімді қолдау тапқан.

PERCENTILE.EXC функциясы

Ауқым мәндері үшін k-процентильді береді, бұл жердегі k 0 мен 1 арасындағы санға тең (осы сандарды қоспағанда).

PERCENTILE.INC функциясы

Ауқым мәндері үшін k-процентильді береді, бұл жердегі k 0 мен 1 арасындағы санға тең (осы сандарды қосқанда).

PERCENTRANK

Деректер жиынында мәннің дәрежесін деректер жиынының пайызы түрінде береді (0..1). Бұл функция Excel бағдардамасының ескірек нұсқаларында да үйлесімді қолдау тапқан.

PERCENTRANK.EXC функциясы

Деректер жиынында мәннің дәрежесін деректер жиынының пайызы түрінде береді (0..1, қоспағанда).

PERCENTRANK.INC функциясы

Деректер жиынында мәннің дәрежесін деректер жиынының пайызы түрінде береді (0..1, қоса есептегенде).

QUARTILE

0..1 арасындағы пайыз мәндерінің негізінде деректер жиынының квартилін береді. Бұл функция Excel бағдардамасының ескірек нұсқаларында да үйлесімді қолдау тапқан.

QUARTILE.EXC функциясы

0..1 қоса санамағанда пайыз мәндерінің негізінде деректер жиынының квартилін береді.

QUARTILE.INC функциясы

0..1 қоса санағанда пайыз мәндерінің негізінде деректер жиынының квартилін береді.

PRODUCT функциясы

Сандарды көбейтеді.

RANK

Сандар тізіміндегі сан дәрежесін қайтарады: оның тізімдегі басқа мәндерге салыстырғандағы өлшемі. Бұл функция Excel бағдардамасының ескірек нұсқаларында да үйлесімді қолдау тапқан.

RANK.EQ функциясы

Сандар тізіміндегі сан дәрежесін қайтарады: оның тізімдегі басқа мәндерге салыстырғандағы өлшемі.

RANK.AVG функциясы

Сандар тізіміндегі сан дәрежесін қайтарады: оның тізімдегі басқа мәндерге салыстырғандағы өлшемі.

SKEW функциясы

Орташа мәнге қатысты таратылым ассиметриясын қайтарады.

SMALL функциясы

Деректер жиынындағы ең кіші мәнді қайтарады.

STDEV.S функциясы

Үлгіге негізделген стандартты ауытқуды есептейді.

STDEV.P функциясы

Жалпы халықтың стандартты ауытқуын санайды.

STDEVA функциясы

Үлгіге негізделген стандартты ауытқуды есептейді, мәтін мен логикалық мәндерді қосады.

STDEVPA функциясы

Жалпы халықтың стандартты ауытқуын есептейді, мәтін мен логикалық мәндерді қосады.

TRIMMEAN функциясы

Дерек жиынының ішкі бөлімінің орташа мәнін қайтарады.

SUM функциясы

Сандар қосады.

VAR.S функциясы

Үлгіге негізделген дисперсияны бағалайды.

VAR.P функциясы

Жалпы халық үшін дисперсияны санайды.

VARA функциясы

Үлгіге негізделген дисперсияны бағалайды; мәтін мен логикалық мәндерді қосады.

VARPA функциясы

Жалпы халық үшін дисперсияны санайды, мәтін мен логикалық мәндерді қосады..

  1. Сілтеме жасалатын бірінші жұмыс парағының қойындысына өтіңіз..

  2. Shift пернесін басып тұрып, сілтеме жасалатын соңғы жұмыс парағының қойындысына өтіңіз.

  3. Сілтеме жасалатын ұяшықты не ұяшықтар ауқымын таңдаңыз.

  4. Формуланы теруді аяқтағын соң, Енгізу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

3-D сілтемеге ат тағайындау

  1. Өрнектер қойындысыныңАнықталған атаулар тобында Атауды анықтау түймешігін нұқыңыз.

  2. Жаңа ат диалогтық терезесінің Ат ұяшығына осы сілтемеге арналған атты енгізіңіз. Аттың ұзындығы 255 таңбадан тұруы тиіс.

  3. Сілтеме жасайды ұяшығында (=) теңдік белгісін және сілтемені таңдап, Backspace пернесін басыңыз.

  4. Сілтеме жасалатын бірінші жұмыс парағының қойындысына өтіңіз.

  5. Shift пернесін басып тұрып, сілтеме жасалатын соңғы жұмыс парағының қойындысына өтіңіз.

  6. Сілтеме жасалатын ұяшықты не ұяшықтар ауқымын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Келесі?

Жұмыс кітабы ішінде жұмыс парақтарын жылжыту жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Жұмыс парағын жылжыту не көшіру бөлімін қараңыз. Анықталған аттарды құру және қолдану жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Формулалардағы аттарды анықтау және қолдану бөлімін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×